Эндокринология» блогы бойынша рубежді бақылау өткізуге арналған тесттік тапсырмалар 1 страница

!Гипоглекемия қандай жағдайда БАРЫНША болуы мүмкін:

* Катехоламиндерді енгізгенде

* Глюкокортикоидтарды қабылдағанда

* Инсулиннің аз дозасын қабылдағанда

* Тиреоидты препараттарды қабылдағанда

* +Шамадан тыс физикалық жүктемеде

! 25 жастағы қыз қант диабетімен 8 жылдан бері аырады. Тәулігіне 38 Бірлік ленте инсулин қабылдайды. Соңғы 3 аптада басынан өткізген ЖРВИ кейін шөлдеу, полиурия, әлзіздік сезімі күшейді. 3кг салмақ жоғалтты. Объективті: терісі құрғақ, қасынған іздері байқалады. Қандағы глюкоза - 19 ммоль/л.

Қандай көмірсу алмасуының бұзылысы болуы БАРЫНША мүмкін ?

* Қант диабет 2 типі, субкомпенсация сатысы

* Қант диабет 1 типі, субкомпенсация сатысы

* +Қант диабет 1 типі, декомпенсация сатысы

* Қант диабет 2 типі, декомпенсация сатысы

* Қант диабет 1 типі, компенсация сатысы

! Ер кісі 47 жаста, жұмыстан келе салысымен шаршауға шағымданды. Диванға жатып, ұйықтап қалды. Анамнезінен: қант диабетімен 5 жылдан бері зардап шегеді, инсулинотерапия қабылдайды. Бір сағаттан кейін әйелі күйеуінің бозарған бетінен тер тамшысын, шынайы емес ұйқысын байқады.

Осы жағдайда қандай емдік тактика БАРЫНША мақсатқа сай ?

* Регидратация жүргізу

* Адреналинді тері астына енгізу

* Тері астына 10 Б Актрапид енгізу

* +30 мл 40% Глюкоза к/т ішіне ағызып ерітіндісін енгізу

* 20 мл 1% метилен көгі ерітіндісін к/т ішіне тамшылатып енгізу

! 65 жастағы ер кісіде диабеттік нефропатия ісінумен, артериалді гипертензиямен көрінеді. Тексеруде: протеинурия тәулігіне 500 мг-нан көп, гипопротеинемия, шумақтық фильтрацияның жылдамдығының төмендеуі анықталды.

Диабеттік нефропатияның қай сатысына тән?

* Уремия

* Бүйректің гиперфункциясы

* +Айқын нефропатия

* бастапқы нефропатия

* бастапқы құрылымдық өзгерістер сатысы

! Қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқас түнгі уақыттағы балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде перифериялық қан тамырлардың пулсациясы сақталуына қарамастан, ауырсынулық және вибрациялық сезімталдығы төмендеген.

Осы асқынуды емдеу үшін қандай дәрілік препаратты енгізу БАРЫНША мақсатқа сай ?

* Трентал

* +Мильгамма

* Метфогамма

* Токоферол ацетаты

* Аскорбин қышқылын

! Қабылдау бөлімшесіне 35 жастағы ЖРВИ-ден кейін ішінде ауыру сезімі, жүрек айну, жалпы әлсіздік пайда болған. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, сұр түсті. Аузынан ацетонның иісі шығып тұр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 105/70 мм.с.б.б. ЖСЖ- 100 в мин. Іші қатайған, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Тексеру барысында гликемия - 20 ммоль/л, кетонурия .

Төменде келтірілген диагноздардың ішінде қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* Қант диабеті 1типа, кетоацидоздық кома

* Қант диабеі 2 тип, ауыр ағымды, компенсация

* Қант диабеті 1 тип, ауыр ағымды, компенсация

* +Қант диабеті 1 тип, алғаш анықталған, кетоацидоз

* Қант диабеті 1 тип, алғаш анықталған, компенсация

! 30 жастағы науқас 5 жылдан бері 1 тип қант диабетімен ауырады. Тауға серуенге шыққаннан кейін мұрнының бітелуіне, жұтыну кезіндегі тамағының қышуына,ауруына,дене қызуының 38º С жоғарылауына шағымданады. Аш қарыеға гликемия глюкометрмен – 12 ммоль/л, постпрандиальды – 19 ммоль/л, зәрінде ацетон .

Науқасты жүргізудің қандай тактикасы БАРЫНША мақсатқа сай ?

* Инсулинді тоқтату

* Көмірсуді қабылдауды шектеу

* Инсулиннің тәуліктік дозасын төмендету

* +Инсулиннің тәуліктік дозасын жоғарылату

* Пероральды қант тқмендететін препараттарды тағайындау

! 18 жасар қызда басынан өткерген ЖРВИ-ден кейін шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды. Объективті: бойы 165 см, салмағы 60 кг.тері жамылғылары құрғақ,Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр. Теексеру барысында: гликемия – 20 ммоль/л, глюкозурия - 5%, кетонурия .

Төменде келтірілген диагноздардың ішінде қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* Қант диабеті 2 тип

* +Қант диабеті 1 типі, кетоз.

* Екіншілік қант диабет

* Жастартағы 2 тип қант диабеті(MODY)

* 2 тип қант диабеті, инсулин талап ететін фазасы

! 37 жастағы ер кісіні әлсіздік, ұйқышылдық,жүрек айну мазалайды. Жағдайының нашарлағанын 2 күннен бері байқайды. Қарап тексергенде: Тежелген,сұрақтарға қиыншылықпен жауап береді. Тері жамылғылары құрғақ,бұлшықеттер тонусы төмендеген, көз алмалары жұмсақ, шығарған тынысында ацетонның иісі байқалады. АҚҚ-80/50 мм.с.б.б. ЖСЖ-110 мин. Анализдерінде: гликемия – 30 ммоль/л, кетонурия .

Алғашқы сағатта 0,9% натрии хлориді ерітіндісін қанша мөлшерде енгізу БАРЫНША мақсатқа сай ?

* 200 мл

* 400 мл

* 600 мл

* 800 мл

* +1000 мл

! Ер кісі 56 жаста тәбетінің жоғарылауына,аузының құрғауына,аздаған шөлдеуге,АҚҚ до 140/90 мм с.б.б. жоғарылаған. Қарап тексергенде: бойы 178 см, салмағы 98 кг. Жүрек тондары тұйықталған,ЖСЖ -76 мин. Анализдерінде: Ашқарынндағы гликемия – 8,2 ммоль/л, жалпы холестерин – 6,5 ммоль/л, триглицеридтер – 3,3 ммоль/л.

Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ішіндегі емдеу тактикасындағы ең БАРЫНША МӘЛІМЕТТІ зерттеу әдісі қайсысы ?

* СРБ-ны анықтау

* Кетонурияны анықтау

* С-пептидті анықтау

* липофракцияларын анықтау

* +Гликозилирленген гемоглобинді анықтау

!Қандай көрсеткіштер кезінде компенсирленген 1 тип қант диабеті туралы БАРЫНША айтуға болады?

* Ашқарынға гликемия -8,0 ммоль/л

* Тамақтан 2 сағат кейінгі гликемия - 7,7 ммоль/л

* Тамақтың қантты құндылығына байланысты тәуліктік глюкозурия 8%

* Холестерин 6,9 ммоль/л

* +Гликолизирленген гемоглобин-6.5%

!Қандай көрсеткіштер кезінде декомпенсирленген 2 тип қант диабеті туралы БАРЫНША айтуға болады ?

* постпрандиалды гликемия 11,25 дейін

* Ашқарынға гликемия 8,2 ммоль/л

* глюкозурия 15%

* гликолизирленген гемоглобин 7%

* +жоғарыда келтірілгендердің барлығы

!Қандай науқастарда гипогликемиялық жағдай тәж артерияларының қан айналуның нашарлауын БАРЫНША шақырады?

* 2 типті қант диабеті, нефропатиямен асқынған

* 1 типті қант диабеті,, ретинопатиямен асқынған

* Гестационды қант диабетінде

* +2 типті қант диабеті, макроангиопатиямен асқынған

* Қант диабетінде, перифериялық нейропатиямен асқынған

!Қант диабетінің 2 типінің декомпенациясын дәлелдейтін критерилерді анықта :

* постпрандиалды гликемия 7,5 дейін

* гликемия 3,2 ммоль/л

* Глюкозурияның іздері

* + гликолизирленген гемоглобин 8%

* Қалыпты дене салмағының 5% жоғарылауы

!Қант диабетінің қандай асқынуы кезінде тиоктацидті тағайындайды?
* +микроангиопатияда

* ангиопатияда

* макроангиопатияда

* нейропатияда

* ретинопатияда

! 51 жастағы науқаста аяғындағы ауру сезіміне байланысты ангиохирургта тексерілу барысында ашқарынға гликемия 5,9 және 5,7 ммоль/л (капиллярлы қанда), дәрігер қалыпты көрсеткіш деп бағалады. Бірақ науқас эндокринологқа алдын ала күрт көмірсулы тамақтарды шектеп қаралды.Анамнезінен: созылмалы панкреатит. Ашқарынға гликемия 5,3 ммоль/л, глюкозотолеранттылық тест қалыпты.

Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін болуы мүмкін?

* Көмірсу алмасу бұзылмаған

* Қант диабеті 2 тип

* Панкреатогенді диабет

* Науқас диабет бойынша қауіп қатер тобына жатады

* +Ашқарынға гликемияның бұзылысы

! Постпрандиалды гликемия дегеніміз:

* Аш қарындағы қандағы қант деңгейі

* Түнгі уақыттағы қандағы қант деңгейі

* 1 сағ астан кейінгі қандағы қант деңгейі

* +2 сағ астан кейінгі қандағы қант деңгейі

* 3 сағ астан кейінгі қандағы қант деңгейі

! Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы анықталады:

+ глюкозотолерантты тестті жүргізу арқылы

* гликозирленген гемоглобин деңгейін анықтау арқылы

* фруктозаминнің деңгейінің анықталуы арқылы

* қанда және зәрде кетон денелерінің деңгейінің анықталуы арқылы

* С-пептидтің деңгейінің анықталуы арқылы

! 2 типті қант диабетінің даму қаупі жоғары:

* панкреатэктомиядан соң

* орта жаста

* әйел жыныста

* + гестационды қант диабеті немесе анамнезінде ірі нәрестенің туылуы

* жоғары физикалық белсенділікте

! Мына препараттардың қайсысы ДПП -4 ингибиторына жатады:

* сиофор

* +янувия

* глибомет

* протафан

* амарил

! Қысқа әсерлі инсулин:

* +актрапид НМ

* лантус

* новомикс

* глюренорм

* левемир

! Ұзақ әсерлі монопикті инсулин:

* хумулин R

* + лантус

* протофан НМ

* актрапид НМ

* новомикс

! Гестационды қант диабеті дегеніміз:

* абсолютті исулин жетіспеушілікпен сипатталатын диабет

* инсулинорезистенттілікпен сипатталатын диабет

* диетотерапиямен және физикалық жүктемемен компенсирленеді

* дене салмағы жетіспеген әйелдерде дамиды

* + жүктілік кезінде дамыған немесе анықталған қант диабеті

! Қант деңгейін төмендететін сульфонилмочевина препараттарының әсер ету механизмі:

* эндогенді инсулинге инсулинтәуелді тіндердің сезімталдығын жоғарлатады

* ішекте глюкоза абсорбциясын төмендетеді

* анаэробты гликолизді күшейтеді

* глюконеогенезді тежейді

* +эндогенді инсулин секрециясын белсендіреді

! Қант диабеті кезіндегі ЖИА ерекшелігі:

* көбінесе ер адамдарда дамиды

* көбінесе науқастың жасы 55 жастан жоғары болғанда дамиды

* миокард инфарктымен сирек асқынады

* +ЖИА бірдей жиілікте ерлерде де және әйелдерде де дамиды

* көбінесе әйелдерде дамиды

! Гликемияның қандай көрсеткіштерінде қант диабеті компенсацияланған болып саналады:

* ашқарынға 7,5ммоль\л; тамақтан кейін 2 сағаттан соң 9,1ммоль\л

* ашқарынға 6,6 ммоль\л; тамақтан кейін 2 сағаттан соң 8,6ммоль\л

* +ашқарынға 6,1ммоль\л; тамақтан кейін 2 сағаттан соң 7,8 ммоль\л

* ашқарынға 8,0ммоль\л; тамақтан кейін 2 сағаттан соң 10,2ммоль\л

* ашқарынға 6,7ммоль\л; тамақтан кейін 2 сағаттан соң 8,8ммоль\л

! Гликозилирленген гемоглобиннің қандай көрсеткіші көмірсу алмасуының оптимальді компенсациясы туралы айтады

* 8,2%

* <8%

* <7,5%

* 9%

* +7.0%

! Қант диабеті бар науқастарда жалпы холестериннің мақсатты көрсеткіштері:

* <6 ммоль/л

* <5ммоль/л

* + <4,5ммоль/л

* 5 ммоль/л

* 6 ммоль/л

! Қант диабетіне тән спецификалық бүйрек зақымдалуының аты:

* Менкеберг артериосклерозы

* Мориак синдромы

* Нобекур синдромы

* Сомоджи синдромы

* +Киммельстил-Уилсон синдромы

! Диабетикалық автономды кардиопатияның қауіпті көріністері:

* тұрақты емес тахикардия

* +ауру сезімсіз миокард ишемиясы

* ригидті жүрек ырғағы

* ортостатикалық гипотензия

* тұрақты тахикардия

! Қант диабеті және артериальді гипертониясы бар науқастарда АҚ-ның мақсатты көрсеткіші:

* +АҚ< 140\85

* АҚ < 130\80

* АҚ < 160\90

* АҚ < 120\80

* АҚ < 125\75

! Көз түбінде: преретинальді және интравитреальді қан құйылулар, көз жүйкесінің неоваскуляризациясы – бұл неге тән:

* пролиферативті емес диабетикалық ретинопатияға

* препролиферативті диабетикалық ретинопатияға

* +пролиферативті диабетикалық ретинопатияға

* диабетикалық катарактаға

* конъюктивитке

! Ересектерде пероральді глюкозотолерантты тест жүргізіледі:

* Көк тамырға 5% глюкоза енгізу арқылы

* Көк тамырға 10% глюкоза енгізу арқылы

* 1-2 нандық бірлік жеңіл сіңірілетін көмірсу қабылдау

* +75г құрғақ глюказаны 300 мл суда ерітіп ішу

* 300 мл суда ерітілген 1,75г құрғақ глюказа/ кг дене салмағына

(бірақ 75г нан артық емес.)

! Диабетикалық табанның ишемиялық түрінің сипаты:

* + жаралық дефекттер саусақ пен өкшеде орналасқан (акральды некроз)

* Табан артериясында пульсация сақталады

* шектен тыс жүктемелік қысым аймағындағы құрғақ

тері, гиперкератоз

* қант диабетіне тән спецификалық табан деформациясы

* шектен тыс жүктемелік қысым аймағындағы жаралық дефекттер

! Диабеттік табанның нейропатиялық түрінің көрінісі :

* Бозарған тері, цианозды немесе атрофияланған

* +Құрғақ тері, шектен тыс жүктемелік қысым аймағындағы гиперкератоз

* Табан артериясында пульсациясы төмендеген немесе жоғалуы

* бірден ауру сезімі, акральді некроз

* ауыспалы ақсаңдау

! Әйел адам 35 жаста, 12 жыл бойы қант диабетінің 1 типімен науқастанады. Соңғы жылда – артериалдық қан қысымы 160/90 мм.рт. ст. көтерілді. Тексеру барысында: ЖЗА – патологиялық өзгеріссіз. МАУ ға тест – екі рет оң. Науқасқа аталған препараттарың қайсысын тағайындау керек?

* гипохлортиазид

* бисопролол

* + рамиприл

* амлодипин

* индапамид

! Науқас 17 жаста 2 ай ағымында ауыздың құрғауы, шөлдегіштік. ДСИ 26 кг/м2. Аш қарынға гликемия 8-10 ммоль/л, тамақтан соң – 8-12 ммоль/л. Осы науқаста диабет типін қандай анализ нақты анықтауға мүмкіндік береді ?

* ИРИ (иммунно-реактивті инсулин) қан анализі

* С-пептидқа аш қарынға қан анализі

* глюкоза толеранттылығына пероральды тест

* С-пептидқа жүктемеден кейінгі қан анализі

* +GAD –антиденесіне қан анализі

! Науқас 45 жаста қант диабетінің 2 типімен 2 жыл бойы ауырады, метформин, репаглинид қабылдайды. ДСИ – 26 кг/м2, аш қарынға және тамақтан соң гликемия, үшглицеридтер және жалпы холестерин деңгейі қалыпты; ЛПЖТ деңгейі аздап төмендеген, ЛПТТ - жоғарылаған. Мына науқасқа тиімді ем тактикасы?

* + статиндермен терапия тағайындау

* фибраттармен терапия тағайындау

* омега–3майлармен терапия тағайындау

* метформин дозасын жоғарылату

* жүргізіліп жатқан емді өзгертпеу

! Қант диабетінің 2 типі бар науқаста - семіздік және артериальды гипертония, күніне 3000 мг метформин қабылдайды, соңғы 2-3 айда постпрандиальды гликемияның жоғарылауы байқалды. Қанттүсіруші емді немен күшейтуге болады?

* Метформин дозасын жоғарлату

* пиоглитазон қосу

* +репаглинид енгізу

* пролонгирленген инсулиннің кешкі инъекциясын енгізу

* микс-инсулин қосу

! Науқас Д., 34 жаста, қант диабетінің 1 типімен 8 жыл ағымында ауырады, 24 Б новорапид және 38 Б хумулин НПХ таңғы ас алдында қабылдайды. Гликемия: 8сағ – 16,2 ммоль/л, 13 сағ – 6,8 ммоль/л, 16 сағ – 6,4 ммоль/л, 24 сағ – 3,2 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз?

* жалған инсулинге резистенттілік

* инсулинге резистенттілік

* гипогликемия

* лабильді қант диабеті

* +Сомоджи синдромы

! Науқас 48 жаста 5жыл бойы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Қалыпты дене салмағымен. Метформин 1500 мг /тәу, гликлазид 90 мг/тәу қабылдайды. HbA1C – 9,5%, қанда креатинин деңгейі - 160 ммоль/л. Соңғы жылда 4 кг арықтаған. Дәрігердің тактикасы?

* Глибенкламид дозасын көбейту

* дозасын көбейту

* екі препарат дозасын көбейту

* +инсулинотерапияға көшіру

* пиоглитазон қосу

!Қысқа уақыт әсер ететін инсулинге жатады:

* лантус

* детемир

* протафан

* хумулин НПХ

* + инсуман рапид

! 19 жастағы ер адам реанимация бөліміне кома жағдайында түсті. Қарап тексеруде: АҚ - 130/80 мм.сын.бағ., ЖСЖ -67 уд/мин., қандағы глюкоза деңгейі - 26,6 ммоль/л, 2 сағ. кейін -7,8 ммоль/л.

Естүссіз жағдайдың барынша мүмкін себебі?

* + Мидың ісінуі

* Кетоацидоз

* Лактацидоз

* Гипогликемия

* Ми қан айналымының жедел бұзылысы

! 60 жастағы артық салмағы бар ер кісіде 2 рет гликемияның жоғары деңгейі анықталды, ашқарынға 8,9-дан 10,9 ммоль/л-ға дейін. Емхана Эндокринологымен алғаш рет қант диабет 2 типімен ауыратыны анықталды. Патогенетикалық мақсатпен барынша тиімді терапия болып саналады :

* Ішекте глюкозаның сіңірілуін азайту

* экзогенді инсулиннің қимылын потенцирлеу

* инсулин рецепторларының сезімталдығын төмендету

* Лангерганс аралшығының бета-жасушасының қызметін стимулдеу

* + Шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарлауы

! Нефропатия кезінде қолданылатын сульфанилмочевина препараты:

* манинил

* диабетон

* хлорпропамид

* предиан

* + глюренорм

!Инсулинотерапия көрсеткішіне жатады:

* компенсирленген қант диабетінің 1 типі

* + гипергликемиялық кома

* Кетленің төмен индексі

* көмірсуға толеранттылықтың бұзылысы бар науқастардағы жоғары Кетле индексі кезінде

* қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқастарда ауыз-іші операциясы кезінде

! 55 жастағы ер кісі 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады және манинил қабылдайды. Соңғы 10 күнде алғаш рет әдеттегі физикалық жүктемеде төсті қысатын, тыныштықта басылатын ауру сезімі мазалады. ЭКГ-де тыныштықта патологиялық өзгерістер жоқ. Қандағы қант деңгейі –13 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 2 г/л.

Қайсы емдеу әдісі барынша тиімді?

* + инсулинге ауыстыру

* бигуанидке ауыстыру

* манинилдің дозасын ұлғайту

* Қатаң емдәм және рационалды физикалық жүктеме

* секретагогты бигуанидтермен комплексті қолдану

! Әйелдер консультациясына жүкті әйел физикалық жүктеме кезінде күшейетін іштің төменгі аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жүктілік 28-29 апта, 6 жыл бойы қант диабетімен зардап шегеді. 14 ЕД инсулин алады.. Об-ті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық. Жүрек тоны тұйықталған, ЖСЖ-80 мин. АҚ-110/60 мм.сын.бағ. Қандағы қант деңгейі -10 ммоль/л, зәрдегі қант 0,5%.

Босану уақытысында БАРЫНША АУЫСТЫРҒАН ТИІМДІ?

* сульфанилмочевина препараты

* + жай инсулинге

* бигуанидтерге

* инкретиндерге

* тиозолидиндиондерге

! 65 жастағы ер кісі тәбетінің жоғарлауын, жалпы әлсіздікті, жиі шөлдеуді байқайды. Дене салмағының индексі - 35 кг/м2. Қарап тексеруде: ашқарынға гликемия - 6,7 ммоль/л, постпрандиалді – 11,9 ммоль/л.

Қай әдіс науқасты жүргізуде БАРЫНША ТИІМДІ?

* +Бигуанидтерді тағайындау

* Жай инсулинді тағайындау

* Инсулинді қоспаны тағайындау

* Сульфаниламидтерді қосу

* емдәмді анықтау 1200 ккал/тәул

! Семіздіктің 3 дәрежесімен зардап шегетін әйелде, тексеру кезінде гликемия – 12,5 ммоль/л болды. Қайта тексеруде гликемия 2 сағ.кейін таңғы астан соң 15,5 ммоль/л құрады.

Осы жағдайда алдыңғы қатарлы препарат болып БАРЫНША ТИІМДІ саналады:

* Глипизид

* Гликлазид

* +Метформин

* Пиоглитазон

* Глибенкламид

!60 жастағы ер кісі жара бойынша ем қабылдаған, ем нәтижесіз. Бір жыл бойы манинил қабылдайды. Терісі құрғақ, ісіну жоқ. АҚ - 135/80 мм.сын.бағ. ЖСЖ - 82 мин. Status lokalis: оң жақ аяғы гиперемирленген, әлсіз ісінген, үстіңгі жағында дұрыс емес пішінді жара бар, өлшемі- 4,5 х 6,1 см. Оң жақ табанының шеткі қан тамырларының пульсациясы әлсіреген. Қандағы қант деңгейі – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 29 г/л.

Қай жүргізу әдісі БАРЫНША ТИІМДІ?

* +инсулинге ауыстыру

* бигуанидке ауыстыру

* сульфонилмочевина препаратының дозасын ұлғайту

* Қатаң емдәм және рационалды физикалық жүктеме

* секретагогті бигуанидтермен бірге комплексті қолдану

!30 жастағы ер кісі кенеттен жұмыс орнында есін жоғалтты. Қасындағылардың айтуы бойынша инсулин қабылдайды. Объективті: терісі ылғалды. Бұлшықет тонусы жоғары. Қарашығы кеңейген, жарықты сезбейді. Тілі ылғалды, алқызыл. АҚ - 125/80 мм.сын.бағ. Пульсі - 96 рет/мин.

Аталған команың қайсы түрі науқасқа БАРЫНША ТӘН?

* Бауырлық

* Гиперосмолярлық

* Кетоацидоздық

* Лактацидемиялық

* + Гипогликемиялық

!47 жастағы ер кісі қимылдық және психикалық қозудан кейін кенеттен есін жоғалтты. Қарап тексеруде: тері жабындысы ылғалды, терісінде инъекция іздері бар. Бет бұлшықетінің тартылуы, қарашықтың кеңеюі білінеді. ТАЖ - 32 минутына.

Қай препаратты тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?

* + Глюкагонның 40%

* Натрии хлоридінің 0,9% еріт.

* Натрий хлоридінің 0,45% еріт.

* Натрий бикарбонатының 2% еріт.

* Қысқа әсерлі инсулиннің 30 Бірлігі

!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын ер кісіде кенеттен пайда болған қозуы қысқа кезеңді кома мына аталғандардың ҚАЙСЫ ТҮРІНЕ ТӘН:

* бауырлық

*сүтқышқылды

* гиперосмолярлық

* кетоацидоздық

* +гипогликемиялық

! 19 жастағы ер кісі реанимация бөліміне кома жағдайында түсті. Қарап тексеруде: АҚ - 130/80 мм.сын.бағ., ЖСЖ -67 уд/мин., қандағы глюкоза деңгейі - 26,6 ммоль/л, 2 сағ. кейін -7,8 ммоль/л болды.

Естүссіз жағдайдың БАРЫНША МҮМКІН себебі?

* +Мидың ісінуі

* Кетоацидоз

* Лактацидоз

* Гипогликемия

* Ми қан айналымының жедел бұзылысы

!47 жастағы ер кісі қимылдық және психикалық қозудан кейін кенеттен есін жоғалтты. Қарап тексеруде: тері жабындысы ылғалды, терісінде инъекция іздері бар. Бет бұлшықетінің тартылуы, қарашықтың кеңеюі білінеді. ТАЖ - 32 минутына.

Қай препаратты тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?

* +40% Глюкоза ерітіндісі

* Натрии хлоридінің 0,9% еріт.

* Натрий хлоридінің 0,45% еріт.

* Натрий бикарбонатының 2% еріт.

* Қысқа әсерлі инсулиннің 30 ЕД-ы

! 16 жастағы қыз 4 жыл бойы қант диабетімен зардап шегеді, инсулинотерапия қабылдайды. Ол дене шынықтыру сабағы кезінде есін жоғалтты, қысқа уақыт тырысулар болды. Терісі ылғалды.

Наши рекомендации