Іштен қанкету ( өңештен, асқазан – ішектен, жатырдан).Геморрагиялық шок.

1. Ненің зақымдану нәтижесінен перитонит дамиды?

A. аналь тесігі

B. көкбауыр

C. бүйрек

D. бауыр

E. ішек

  1. Жедел холецистит симптомы

  1. құлаған тамшы
  2. Пастернацкий
  3. Ситковский
  4. Ортнер
  5. Кохер

3. Геморрагиялық синдромның ауырлығы қандай факторға тәуелді

  1. жүрек жеткіліксіздігінен
  2. қан жоғалту дәрежесінен
  3. айқын тыныс жеткіліксіздігінен
  4. зәр шығару жүйесінің травмасынан
  5. омыртқа бағанасының травмасынан
  1. Геморрагиялық синдром кезінде қан жоғалтудың қанша деңгейін ажыратады
  1. 3 деңгейі
  2. 2 деңгейі
  3. 4 деңгейі
  4. 5 деңгейі
  5. 6 деңгейі
  1. Геморрагиялық синдромның ауырлық дәрежесі неге байланысты
  1. организмның фондық жағдайына байланысты
  2. симптомдардың айқындылығына байланысты
  3. қан жоғалтудың жылдамдығына байланысты
  4. науқастың жасына байланысты
  5. жарақаттың ауырлығына
  1. Ер кісі 39 жас, 12 елі ішек ойық жарасымен зардап шегеді жедел жәрдем дәрігерінің тексеру барысында: тері жабындысы бозарған, бас айналу, әлсіздік, нәжісі қара түсті.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. ұйқы безінің пенетрациясы
  2. пилородуоденальді стеноз
  3. малигнизация
  4. перфорация
  5. қан кету
  1. Әйел 30 жас. 103 шақырды. Кенеттен болатын іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, бас айналу. Анамнезінен: 6 ай бұрын сол жақ аналық безі ісігі анықталған. 2 ай көлемінде оральді контрацептивтер қабылдаған. Соңғы етекірі 15 нен 20 шы мартта келген. Тері жабындысы мен шырышты қабаты бозарған, температурасы 37.0 С. АД 70/40 мм рт ст., Ps 130 минутына, ритмі қалыпты әлсіз толады .Тілі құрғақ. Іші: пальпация кезінде іштің төменгі бөлігі ауырсынады. Құрсақ тітіркендіру симптомы оң. Жыныс жолынан бөлінділер жоқ.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. аналық без апоплексиясы. Геморрагиялық шок 1
  2. аналық без апоплексиясы. Геморрагиялық шок 2
  3. аналық без апоплексиясы. Геморрагиялық шок 3
  4. жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шок 1.
  5. жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шок 2.
  1. 16 жасар қызда 3 ай кешікен етеккірден кейін 8 күннен бері жыныс жолынан қанды бөлінді пайда болды.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. жұмыртқаның гормон продуцирлейтін ісігі
  2. дисфункциональді жатырдан қан кету
  3. жатыр түтігінің полипы
  4. эндометрии полипозы
  5. жатыр түтігінің рагы
  1. Әйел 30 жаста 10 күн бойы жыныс жолынан жылы қанды бөліндіге шағымданады, 1,5 ай етеккірі кешыкеннен, әлсіздік. 25 жасынан периодты түрде осындай қан кету қайталанады. Туу саны-2, аборт – 1. Қарап тексеру кезінде тері жабындысы бозарған, тахикардия, АД 100/60 мм.рт.ст. Бөлініс қанды, жылы.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. дисфункциональді жатырдан қан кету
  2. жатырдан тыс жүктілік
  3. ювенильді қан кету
  4. аборт

E. түсік

  1. Ер кісі 45 жаста. Науқастың шағымдары жалпы әлсіздік, қан құсу. Айтылған шағымдары 2 сағат бұрын пайда болған. Анамнезінде: 5 жыл бұрын гепатит С мен ауырған, соңғы 2 жыл алкогольді салынып ішу. Қарап тексеру кезінде: тәбетінің төмендеуі, тері жабындысы субиктерилді. Кеуде тұсының тері жабындысында қан тамырлық жұлдыздар бар. Іш өлшемі ұлғайған, латеральді бөлігінде перкуторлы дыбыс. Бауыры ұлғайған,нервтік доғалары тығыз.

Ең мүмкін болатын қан жоғалту түрі?

  1. өңеш венасының варикозды кеңеюі
  2. он екі ішектің пиязшығың жарасы
  3. асқазан жедел ойық жарасы
  4. Мэллори-Вейс синдромы
  5. Кея ойық жарасы

11. Ер кісі 38 жаста. Гепатит В мен ауырған, кездейсоқ кофе қойыртпағы тәрізді құсық, мелена, әлсіздік, жүрек айну. Қазіргі қарап тексеру кезінде тері жабындысы бозғылт, пальпация кезінде бауыр сол жақ бөлігінің ұлғаюы, төмпешік консистенциясы тығыз, перкуссия кезінде іш қуысында аздаған мөлшердегі сұйықтық. Аускультация кезінде ішек перистальтикасының күшеюі. Нәжіс түсі қара түсті .

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. бауыр циррозы өңештен қан кетумен жүретін
  2. асқазан ойық жарасы қан кетумен
  3. портальді жүйе тромбозы
  4. геморроидальді қан кету
  5. асқазандық қан кету
  1. Әйел 50 жас. Жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданады. 3 күннен бері ауырады, психотравмадан кейін пайда болған эпигастридегі ауырсыну, сосын нәжісі қара түсті. 5 жыл бұрын науқас жедел эрозивті гастритпен емделген. Бірақ қазіргі уақытқа дейін өзін сау сезінген. Тері жабындысы бозғылт. Жүрек ұшынан систоликалық шу. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. асқазан ойық жара ауруы қан кетумен
  2. бауыр циррозы қан кетуімен
  3. геморроидальді қан кету
  4. асқазандық қан кету
  5. ішектік қан кету
  1. Ер кісі 40 жаста. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында науқас жағдайы ауыр болды. 12 сағат бұрын мелена мен қанмен құсық пайда болды . Есі шатасқан. АҚ 60/40 мм.рт.ст. Пульс 128 мин.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. анафилактикалық шок
  2. геморрагиялық шок
  3. малигнизация
  4. перфорация
  5. қан жоғалту
  1. Ер кісі 20 жас. Шағымдары температура жоғарылауы 37,3 0, нәжісі сұйық малина тәрізді желе. «Крон ауруы» мен «Д» есепте тұрады .

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. асқазан ойық жарасы ауруы қан кетумен
  2. бауыр циррозы қан кетумен
  3. геморроидальді қан кету
  4. асқазанан қат кету
  5. ішектен қан кету
  1. Ер 60 жаста. Шағымдары жалпы әлсіздік, эпигастрий аймағында ауырсыну, жүрек айну, қара түсті нәжіске шағымдады. Екі апта бұрын іштегі ауру сезімен басталған. Үш күн бұрын жалпы әлсіздік және дегте тәрізді нәжіс. Бұдан кейін ауырсыну аздап басылған. Ертеректе аш қарынға және түнде іштегі ауру сезімі байқалған. Іші желденбейді, симметриялы, тыныс алуға қатысады. Пальпация кезінде жұмсақ, эпигастрий аймағы аздап ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы бойымен, көкбауыр пальпацияланбайды.

Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

  1. асқазан ойық жарасы ауруы қан кетумен
  2. бауыр циррозы қан кетумен
  3. геморроидальді қан кету
  4. асқазанан қат кету
  5. ішектен қан кету
Іштен қанкету ( өңештен, асқазан – ішектен, жатырдан).Геморрагиялық шок.
E
D
B
A
C
E
B
B
A
D
A
A
B
E
A

Наши рекомендации