Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары. Медициналық симуляция сценариі

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай:«Бүйректің жедел зақымдалуы»

Ситуациялық есеп:Сіз– аудандық аурухананың инфекциялық балалар бөлімшесінің дәрігерісіз. 1,5 жастағы қыз бала түсті, госпитализацияның 2-ші күні.

Ø Зертханалық-аспаптық тексеру мәліметтеріне интерпретация жасаңыз

Ø Диагнозын тұжырымдаңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеу тактикасын анықтаңыз

Ø Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз

Соңғы нәтиже:

1. Тексеру мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан талдауын; биохимиялық қан талдауын; жалпы несеп талдауын; несеппен белоктық тәуліктік экскрециясын; ШСЖ есептеу және бүйрек қызметін бағалау.

2. Бүйрек УДЗ мәліметтерін интерпретациялау

3. Клиникалық диагнозды негіздеу

4. Науқасты жүргізу тактикасы мен емдеу қағидалары

Бағалау парағы (check-list)

«Бүйректің жедел зақымдалуы» клиникалық жағдай бойынша

Емтихан тапсырушының коды ______________Емтихан тапсыратын күні ___________________

Экзаменатор _______

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдары
Толығымен жасай біледі Толық жасай білмейді Жасай білмейді
1. Тексеру жоспарын тағайындау 1,0 0,5
2. Жалпы несеп талдауын интерпретациялау 1,0 0,5
3. Қан талдауларын интерпретациялау 1,0 0,5
4. ШСЖ есептеу және бүйрек қызметін бағалау. 1,0 0,5
5. ШФЖ-ң пайыздық төмендеуін есептеп, БЖЗ сатыларын анықтау 1,0 0,5
6. Бүйрек УДЗ интерпретациясы 1,0 0,5
7. Қорытынды диагнозды негіздеу және қалыптастыру 1,0 0,5
8. Емдеу қағидаларын анықтау 1,0 0,5
9. Диуретиктер 1,0 0,5
10. Болжамы және науқасты ары қарай жүргізу тактикасы 1,0 0,5
  Ұпай ЖИЫНТЫҒЫ 10,0 5,0

Жасар қыз бала

Шағымдары: кешегі күннен бері зәрінің болмауы, дене қызуының 38,50С-қа дейін жоғарылауы.

Анамнез: 3 күн бұрын суықтанудан кейін тұмауратып, мұрны бітеліп және дене қызуы 37,50С –қа дейін жоғарылады. 2-ші күні 2 рет құсу байқалып, 10 ретке дейін іші өтті – сулы, көп мөлшерде, шырыш және қан жоқ. Жедел жәрдем шақырып, балалар жұқпалы ауруханасына жеткізілді. ЖІИ, ротавирусты инфекция, гастроэнтерит, 1-ші дәрежелі эксикоз диагнозы қойылды. Кешеден бері несеп бөлмей қалды.

Объективті:Салмағы 10 кг, бойы 70см, t-37,20C. Жалпы жағдайы интоксикация және эксикозға байланысты ауыр. Тері қабаттары таза, бозғылт, құрғақ. Шырышты қабаттары құрғақ, балада айқын шөлдегіштік. Тері қатпарлары баяу қалпына келеді. Жұмсақ тін тургорлары төмендеген. Өкпесінде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Жүрек тондары шамалы тұйықталған. АҚҚ - 80/50 мм с.б. Іші аздап кебіңкі, ішектер бойымен шұрылдайды. 11 сағат болды зәрі жоқ. Үлкен дәреті күніне 8 рет, сулы, шырыш жоқ.

Түскендегі жалпы несеп талдауы

Көлемі – аз мөлшерде

Несептің түсі – қою сары

Тұнықтығы – тұнық

Салыстырмалы тығыздығы – зәр аз

Реакциясы – қышқыл

Белок – 0,0330/00 г/л

Лейкоциттер – 5-7 к/а

Эритроциттер – 2-3 к/а

Лабораторные данные:

Жалпы қан талдауы Гемоглобин – 128 г/л Эритроциттер - 5,5х1012 /л Түсті көрсеткіш 0,95 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер – 12,5х109/л Таяқша ядролы нейтрофиллер – 1% Сегментті ядролы нейтрофилдер – 28% Эозинофилдер – 3 Базофилдер - 0 Моноциттер – 6 Лимфоциттер – 62% ЭТЖ – 15 мм/сағ Биохимиялық қан талдауы Мочевина – 15 ммоль/л Креатинин – 70 мкмоль/л Белок – 70 г/л Альбумин 38г/л Жалпы холестерин – 4,1 ммоль/л, К – 5,8 ммоль/л Натрий – 145 ммоль/л

ШСЖ:Шварц бойынша есептеу әдісімен::

40 х бойы

қандағы креатинин мкмоль/л

Аспаптық зерттеу мәліметтері:

УДЗ –оң бүйрек 13,0*5,3 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, біртектес, АТЖ 1,6 см, тығыздалған. Сол бүйрек 13,1*5,4 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см. Қорытынды: бүйрек өлшемдері ұлғайған, несептің іркілуі және конкрементер жоқ.

УДЗ –оң бүйрек 5,2х3,1 см, біртектес. Сол бүйрек 5,3х3,2 см. Қорытынды: Патологиялық өзгерістер жоқ.

Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары

«Бүйректің жедел зақымдалуы»

 
1. Тексеру жоспарын тағайындау ЖҚТ; ЖНТ; БХҚТ: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбумин, холестерин, калий, натрий; ШСЖ есептеп, бүйрек қызметін бағалау. Бүйрек УДЗ
2. Жалпы несеп талдауын интерпретациялау Өзгеріссіз
3. Қан талдауларын интерпретациялау Шамалы лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы; Мочевина, креатинин жоғарылаған және гиперкалиемия
4. ШСЖ есептеу және бүйрек қызметін бағалау. ШФЖ 40х70 = 40 мл/мин. Бүйректің фильтрациялық қызметі төмендеген
ШФЖ-ң пайыздық төмендеуін есептеп, БЖЗ сатыларын анықтау (RIFLE бойынша) ШСЖ >50%-ға төмендеген, бұл БЖЗ-ң 2-сатысына сәйкес келеді (RIFLE бойынша I)
Бүйрек УДЗ интерпретациясы Бүйрек өлшемдері ұлғайған (паренхима ісінуі)
7. Қорытынды диагнозды негіздеу және қалыптастыру 1,5 жастағы балада ЖІИ (вируспен шақырылған гастроэнтерит): - Айқын эксикоз гиповолемиямен және АҚҚ-ң төмендеуімен - Анурия 11 сағат болды - ШСЖ 40 мл/мин, яғни >50%-ға төмендеуі - Шамалы гиперкалиемия – 5,8 ммоль/л - Бүйрек УДЗ және ЖНТ қалыпты Диагноз: ЖІИ, пререналды БЖЗ ОПП, II сатысы (RIFLE бойынша I)
8. Емдеу қағидаларын анықтау - Жиі, аз-аздан тамақтандыру - ЖІИ емдеу - Оральды регидратация
9. Диуретиктер Көрсетілмеген
10. Болжамы және науқасты ары қарай жүргізу тактикасы Дұрыс емдегенде болжамы қолайлы Динамикада ЖНТ, ЖҚТ, креатинин, калий, натрийді бақылау АҚҚ бақылау

Наши рекомендации