Тақырыбы. Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі ережелері.

2. Мақсаты:нейрондар мен нерв талшықтарының регенерация ерекшеліктерін оқып үйрену бойынша білімді бекіту;

күрделі және қарапайым рефлекторлық доға жайлы ұғым қалыптастыру;

рефлекторлық доғаның «поляризациясында» синапстардың рөлін оқып үйрену бойынша білім қалыптастыру және бекіту;

нейрондық теорияның негізгі ережелерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.

3. Тапсырма:9.1. Нерв талшығының регенерация сызбасын салу.

Тапсырма 9.1. жеке орындалады.

Тапсырма 9.2. Соматикалық және автономдық рефлекторлық доғаның буындарының сипаттамасы бойынша салыстырмалы кесте құру.

Тақырыпша 9.1. Кесте «Соматикалық және автономдық рефлекторлық доғаның буындарының сипаттамасы».

Соматикалық рефлекторлық доға
Доға буындары Нейрондармен түзілген Нейрондар денесі Нейрондар дендриттері Нейрондар аксондары
Рецепторлық буын        
Ассоциативтік буын        
Эффекторлық буын        
Автономдық рефлекторлық доға
Рецепторлық буын Нейрондармен түзілген Нейрондар денесі Нейрондар дендриттері Нейрондар аксондары
Ассоциативтік буын        
Эффекторлық буын        
         

4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 9.1. кестені толтыру;

тақырыпша 9.2. кестені толтыру.

5. Орындау белгісі(тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі:№3 аралық бақылаудан 3 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін жағдайлар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Тақырыбы. Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі ережелері. - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

8. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

Негізгі

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.

Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Нейрондар мен нерв талшықтарының регенерациясы.

2. Рефлекторлық доға жайлы ұғым. Олардың түрлері.

3. Рефлекторлық доғаның «поляризациясында» синапстардың рөлі.

4. Нейрондық теорияның негізгі ережелері. ( Роман-си-Кахаль, Б.И.Лаврентьев)

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған сұрақтар:

1. Нерв талшықтары зақымданған кездегі регенерация процесін сипаттап жазыңыз.

2. Рефлекторлық доға дегеніміз не?

3. Рефлекторлық доғаның қандай түрлерін ажыратады?

Тақырыбы. Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі ережелері. - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

4. Нейрогистолог С.Рамон-и-Кахальдің еңбегі. Ол нерв тіні дамуына қосқан үлесі үшін қандай сыйлықпен марапатталды?

5. Нейрондық теорияның негізгі ережелерін атаңыз.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттілер:

1.Нерв талшықтарының дегенерация мен регенерация процестерінде негізгі рөлді атқарады:

1) эпендимоциттер

2) талшықты астроциттер

3) протоплазматикалық астроциттер

4) нейролеммоциттер

5) микроглиялар

2. Нерв талшығы зақымданған кездегі дегенерация процесіне тән емес белгіні көрсетіңіз:

1) нерв талшығығы ұшының бөлінуі

2) тигролиз

3) миелиннің бұзылуы

4) Шванн жасушаларының өлуі

5) зақымданған нерв талшығының фрагменттерінің фагоцитозы

3. Перифериялық нервтің локальді компрессиясынан кейін қандай процестер жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. Білікті цилиндрдің бұзылуы және перифериялық кесіндінің ұзына бойы миелиннің бөлектенуі

Б. орталық кесіндінің терминалдық бөлігінде нерв талшығының дегенерациясы

В. орталық кесіндіден перифериялыққа қарай аксонның өсуі

Г. шванн жасушаларының тізбегі бойынша регенерацияланатын аксондардың бағытталуы

4. Нервті кескеннен кейін дегенерацияланады:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. өсінділері нервтің құрамында өтетін нейрондар

Б. нервтің түзілуіне қатысатын, нейрондардың перикариондары айналасындағы глиалды жасушалар

Г. нерв талшықтарының перифериялық кесінділері

5. Перифериялық нерв талшығының бүтіндігін бұзған кезде болады:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. білікті цилиндрдің дисталдық кесіндісінің дегенерациясы мен резорбциясы

Б. дистальді кесіндіде леммоциттердің сызық тәрізді жіптің пайла болуы

В. леммоциттердің жігі бойынша білікті цилиндрдің орталық кесіндісі

Г. соңғы түзінділердің – рецепторлар мен эффекторлардың қалпына келуі

6. Кесілген нерв талшығының регенерациясы жүреді:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. кесілген ұштарының өсуі есебінен

Б. перифериялық кесіндідегі леммоциттердің тәжісі бойымен орталық кесіндінің білікті цилиндірінде өсуі есебінен

В. леммоциттердің өсуі есебінен

Г. білікті цилиндрдің жылдам өсу жылдамдығымен

Наши рекомендации