Медициналық симуляция сценарийі
Клиникалық жағдай:
Негізгі диагноз:«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған.
HbA1C мақсаттық деңгейі <7% .
Қосалқы диагноз: Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі
Жағдайлық тапсырма: Сіз– Жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Қабылдауға 45 жастағы ер кісі келді.
Ø Шағымдары, анамнез жинап, науқасты қарап-тексеріңіз
Ø Зертханалық-аспаптық мәліметтердің нәтижелерін талдаңыз
Ø Диагноз құрастырыңыз
Ø Науқасты жүргізу мен емдеу тастикасын анықтаңыз
Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін талқылау:
Шағымдары: аузының құрғауына, шөлдеуге, әліздікке, жұмысқа қабылетінің төмендеуіне, артық салмаққа;
Сұрақтың мәні | Әртіске қойылатын сұрақтар | Жауаптары |
Ауызының құрғауының ұзақтығын анықтау | Қай уақыттан бері ауызыңыздың құрғауы мазалайды? | 2 жыл бойы |
Әлсіздік пен жұмысқа қабылетінің төмендеуінің ұзақтығын анықтау | Әлсіздік пен жұмысқа қабылетілігіңіздің төмендеуі қай уақыттан бері мазалайды? | 2 жыл бойы |
Салмақ қосудың ұзақтығын және сипатын анықтау | Қай уақыт аралығында және қанша салмақ қостыңыз? | 10 жыл аралығында 27 кг салмақ қостым |
Ықпал етуші факторлар | Аурудың басталуын немен байланыстырасыз? | Отырып жасайтын жұмыс, артық тамақтану, жұмыстағы күйзелістер, |
Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылықты анықтау | Қант диабетімен ауыратын туыстарыңыз бар ма? | Анам қант диабетінің 2 типімен және семіздікпен ауырады |
Анамнезінде:Өзін соңғы 2 жыл көлемінде аурумын деп санайды. Жоғарыда аталған шағымдарының үдеуімен жағдайының нашарлауы соңғы 2 айда.
Қарап-тексеру:Жағдайы қанағаттанарлық. Бойы 172 см, салмағы 109 кг. Бел аумағы- 135 см. ДСИ 37. Тері жабындысы құрғақтау, табиғи қатпар аймағында гиперпигментация. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ - 125/80 мм с.б.б. ЖСЖ 80 минутына. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Науқастың айтуынша, зәр шығаруы жиі, еркін. Шеткері ісінулер жоқ.
Status localis: Аяқтары ұстағанда жылы. Аяқ терісінің түсі өзгермеген. Табан гиперкератозы. Аяқтың тактильді сезімталдылығы мен a.dorsalis pedis-те пульсация сақталған.
Зерттеу жоспары:
Жалпы зәр талдауы:
көлемі | 150,0 мл |
түсі | сары |
Салыс тығыздығы | |
белок | жоқ |
лейкоциттер | 2- 3 көру аймағында |
глюкозурия | 1% |
кетонурия | жоқ |
Қанның биохимиялық талдауы:
Жалпы белок | 72 мкмоль/л | Қалыптыда 45-60 мкмоль\л |
креатинин | 92 мкмоль/л | Қалыптыда 50-115 мкмоль\л |
мочевина | 6,3 ммоль/л | Қалыптыда 4,2-8,3 ммоль\л |
глюкоза | 13,2 ммоль/л | Қалыптыда 4,2-6,0 ммоль\л |
билирубин | 11, 5 ммоль/л | қалыптыда 8,5-20,5 ммоль\л |
амилаза | 76 ед/л | қалыптыда <120 ед\л |
холестерин | 6,9 ммоль/л | қалыптыда 3,2-5,6 ммоль/л |
ТГ | 1,2 ммоль/л | қалыптыда 0,41-1,8 ммоль/л |
ТТЛП | 2,1 ммоль/л | қалыптыда 1,71-3,5ммоль/л |
ЖТЛП | 1,4 ммоль/л | қалыптыда <0.9 ммоль/л |
Гликемиялық профиль:сағат08.00 -9,7ммоль/л, сағат 11.00 - 14,2 ммоль/л
Гликозилирленген гемоглобин –7,9 % (4,5-6,5%)
Құрсақ куысының УДЗ:
Бауыр: оң бөлігі – 10,9см, сол бөлігі – 7,8 см, эхотығыздығы майда ошақтар түрінде аздап жоғарылаған. Өт қабы – 1,1 х 4,0 см, қабырғасы қалңдамаған 4 мм дейін, контуры анық.
Ұйқы безі: басы - 28 мм, денесі – 18 мм, құйрығы – 20 мм. Эхогенділігі аздап жоғарылаған, біртекті емес, контуры дұрыс. Ұйқы безінің диффузды өзгерістері.
Бүйрек оң: 55 х 42 мм, тостағанша диаметрі – 2 мм, сол: 53 х 40 мм, тостағанша диаметрі – 1,5 мм.
Қорытынды: Майлы гепатоз белгілері. Созылмалы панкреатит.
ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 85 минутына. ЖЭО горизонталды.
Соңғы нәтиже:
Ø Науқасты сұрастыру және қарап-тексеру
Ø Қант диабетінің 2 типінің диагностикасы
Ø Қант диабетінің 2 типінің ажырату диагностикасы
Ø Қант диабетінің емдеу ұстанымдары
«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған. HbA1C мақсаттық деңгейі <7% .
Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі» клиникалық жағдай бойынша
Бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды: __________________________Күні_______________
Емтихан қабылдаушы: ___________________________________________________
№ | Қадам бағаларының критерийлері | Ұпайы | ||
Толық меңгенрген | Толық емес меңгенрген | маңгермеген | ||
1. | Шағымдары мен анамнез жинау | 1,0 | 0,5 | |
2. | Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылау | 1,0 | 0,5 | |
3. | Қарап-тексеру | 1,0 | 0,5 | |
4. | Бел аумағын өлшеу | 1,0 | 0,5 | |
5. | Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу | 1,0 | 0,5 | |
6. | Артериалдық қысымын өлшеу, пульс жиілігін анықтау | 1,0 | 0,5 | |
7. | Аяқты қарап-тексеру | 1,0 | 0,5 | |
8. | Болжама диагнозды құрастыру және негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
9. | Зертханалық зерттеулерді тағайындау жоспары | 1,0 | 0,5 | |
10. | Аспаптық зерттеулерді тағайындау жоспары | 1,0 | 0,5 | |
11. | биохимиялық анализді интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
12. | Жалпы зәр анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
13. | Гликемияны интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
14. | HbA1C (гликолизирленген гемоглобинді) интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
15. | Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
16. | Ажырату диагностикасын жүргізу. | 1,0 | 0,5 | |
17. | Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. | 1,0 | 0,5 | |
18. | Медикаментозды емес емдеу тәсілі | 1,0 | 0,5 | |
19. | Медикаментозды емдеу тәсілі | 1,0 | 0,5 | |
20. | Науқаспен оптималды қарым-қатынас орнату | 1,0 | 0,5 | |
Қорытынды ұпай | 20,0 | 10,0 |
«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған.HbA1C мақсаттық деңгейі <7% . Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі»