Күн өту және ыстық ұру. Электрожарақат. Суға бату. Тұншығу.

1. Шынайы суға батудың ЕҢ негізгі себебі:

A. мұзды шок

B. дауыс байламдарының тарылуы

C. жүректің рефлекторлы тоқтауы

D. су астындағы затқа басын ұрып алу

E. тыныс алу жолдарының суйықтықпен аспирациясы

2. Асфиксиялық суға батудың ЕҢ негізгі себебін көрсетіңіз

A. мұзды шок

B. дауыс байламдарының спазмы

C. жүректің рефлекторлы тоқтауы

D. су астындағы затқа басын ұрып алу

E. тыныс алу жолдарындағы судың аспирациясы

3. Синкопальді суға батудың ЕҢ негізгі себебін көрсетіңіз

A. мұзды шок

B. дауыс байламдарының спазмы

C. жүректің рефлекторлы тоқтауы

D. су астындағы затқа басын ұрып алу

E. тыныс алу жолдарындағы судың аспирациясы

4. Странгуляциялық жүлгенің мына орналасуында өлім жағдайы ӨТЕ тез дамиды:

A. жұтқыншақ деңгейінде

B. жұтқыншақ деңгейінен төмен

C. жұтқыншақ деңгейінен жоғары

D. мойынның артқы беткейінде

E. мойынның бүйір беткейінде

5. Асфиксияның КӨБІНЕ осы түрінде тыныс алу қозғалысы тырысу ұстамасы түрінде көрінеді

A. механикалық

B. асфиксиялық

C. аспирациялық

D. травматкалық

E. странгуляциялық

6. Қай кезеңнің ағымы ілмектің қысылуының ұзақтығына байланысты?

A. агония

B. агония алды

C. клиникалық өлім

D. биологиялық өлім

E. асфиксиядан кейінгі

7. Үсік шалудың ЕҢ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:

A. тар аяқ киім кию

B. желдің үлкен жылдамдығы

C. ауаның жоғары ылғалдылығы

D. төмен температураның әсері

E. аяқ – қол қан тамырларының аурулары

8. Қызу кезінде оральді регидратация жүргізу ӘБДЕН мүмкін:

A. діріл кезінде

B. ауыр сатысында

C. құсу болмағанда

D. есінің болмауында

E. тұзды ерітінділердің болмауында

9. Балаларға тән жылулық соққының ЕҢ мүмкін белгілері:

A. салқын тер

B. жүрегі айнуы және құсу

C. естің тежелуі

D. қатты бас ауруы

E. мұрыннан қан кету

10. Электр жарақатынан болған қарыншалық фибрилляциясы бар науқасқа НЕҒҰРЛЫМ тиімді препарат?

A. метопролол

B. коргликон

C. эпинефрин

D. кордарон

E. изоптин

11. Тынысымен гемодинамикасы қалыпты, электр жарақатынан болған аритмиясы бар науқасқа жедел жәрдемді бастау керек

A. ӨЖЖ

B. оттегімен ингаляция

C. антиаритмиялық препарат

D. толық схема бойнша реанимация

E. трахеобронхиалді ағаштың ішіндегіні сорып алу

12. Ер адам 31 жаста,қалалық су қоймасының жағасында ес-түссіз жатыр.Тері жабындылары суық,тез көгереді.Магистральды тамырларда пульсация әлсізденген,тынысы беткей,тризм және ларингоспазм.Жалған респираторлық тыныс байқалады.Аузыны және мұрнынан қызғылт түсті,көбікті сұйықтық ағып жатыр.Айналасындағы адамдардың айтуынша судан құтқарушылар шығарған.Достарымен алькогольды ішімдік ішкен.Зардап шегуші суға батудың қай сатысында екенін табыңыз. Өкпені жасанды желдендіруді жасауға ЕҢ кедергі жасайтын симптом қандай:

A. беткейлік тыныс

B. тризм және ларингоспазм

C. жедел көгеретін тері жабындылары

D. аузынан көбік тәрізді сұйықтықтың ағуы

E. магистральды тамырларда пульстың әлсізденуі

13. Ер адам 39 жаста,қалалық су қоймасының жағасында ес-түссіз жатыр.Тері жабындылары суық,тез көгереді.Магистральды тамырларда пульсация әлсізденген,тынысы беткей,тризм және ларингоспазм.Жалған респираторлық тыныс байқалады.Аузыны және мұрнынан қызғылт түсті,көбікті сұйықтық ағып жатыр.Айналасындағы адамдардың айтуынша судан құтқарушылар шығарған.Достарымен алькогольды ішімдік ішкен..Науқаста қандай ЕҢ қауіпті асқынулар байқалады :

A. өкпенің ісінуі

B. клиникалық өлім

C. бас миының ісінуі

D. жүрек ритмінің өзгеруі

E. респираторлық дистресс синдромы

14. Қыз бала 18 жаста,Ыстық-Көл көлдің жағасында демалып жатыр. Ес-түссіз, тері жабындылары бірден бозғылттанған. Магистральды тамырларда пульсация және тынысы анықталмайды.көз қарашығы кеңейген,жарыққа реакциясы жоқ.Достарының айтуы бойынша күннің астында 5 сағ жатқан,одан соң волейбол ойнап суға түскен.Суға батқанын байқаған,судан шығарған соң,жүрекке тікелей емес массаж жасаған. Зардап шегуші суға батудың ЕҢ мүмкін қай сатысында:

A. бастапқы

B. агональды

C. терминальды

D. асфиксиядан кейінгі

E. клиникалық өлім

15. Қыз бала 20 жаста,Ыстық-Көл өзенінің жағасында демалып жатыр.Ес-түссіз,тері жабындылары бірден бозғылттанған. Магистральды тамырларда пульсация және тынысы анықталмайды.көз қарашығы кеңейген,жарыққа реакциясы жоқ.Достарының айтуы бойынша күннің астында 5 сағ жатқан,одан соң волейбол ойнап суға түскен.Суға батқанын байқаған,судан шығарған соң,жүрекке тікелей емес массаж жасаған. Зардап шегушіде суға батудың ЕҢ мүмкін қай түрі :

A. шынайы

B. астматикалық

C. синкопальды

D. «судағы өлім»

E. асфиксиялық

Наши рекомендации