Тәжірибелік жұмыс. Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.

№ 1 тапсырма. № 1 сызбанұсқаны зерттеу. ««Жауаптың жедел кезеңі» дамуында цитокиндердің маңызы».

Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.

Қан моноциттерінің , тіндік макрофагтардың, нейтрофилдердің, лимфоциттердің, фибробластардың, эндотелийдің ж.б жасушалардың белсенденуі ↓
Жасушалардан «жауаптың жедел кезеңі» және қабыну дәнекерлерінің босап шығуы ↓ ЦИТОКИНДЕР ( ИЛ – 1, ИЛ -6, ӨТЖФ –а, интерферон –ү ж.б.) Тәжірибелік жұмыс. Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б. - student2.ru Тәжірибелік жұмыс. Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б. - student2.ru Жүйелік әсер жергілікті әсер ↓ ( қабыну)
Жүйкелік эндокриндік реттеудің, зат алмасудың, ағзалар мен жүйелер ( гипоталамустың, гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесінің, иммундық жүйенің, қан түзу жүйесінің, қан плазмасы, бауыр ж.б) қызметінің қайтадан құрылуы

Ил-1 – интерлейкин-1, ИЛ-1 қабылдағыштары организмнің барлық жасушаларында бар.

ИЛ – 6 - интерлейкин - 6

ӨТЖФ –а - өспе тіршілігін жоятын фактор - әлфа

№ 2 тапсырма. №2 сызбанұсқаны зерттеу. «Жедел кезең жауабының» негізгі әсерлері»
Гипоталамус Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)  
Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)  
Зат алмасу Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.  
Иммундық жүйе Т және В лимфоциттерінің белсенділенуі  
Қан плазмасы - Калликреин – кинин, комплемент, қан ұю, ұюға қарсы жүйелердің белсенділенуі - Диспротеинемия - Сиал қышқылдарының көбеюі ( гли-копротеидтердің құрамбөлшектері) - ЭТЖ –ң жоғарылауы  
Қан түзу жүйесі ( сүйек кемігі) Нейтрофилдік лейкоцитоз Ретикулоцитоз  
Нейтрофилдер Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия  
Бауыр «Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз ( қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының Ү11, 1Х факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин 111, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің ж.б.лығы 30 жуық). «Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің қызметі: . антиоксиданттық ( церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин) . микробтарға қарсы ( с - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады --- бактериялардың өсіп - өнуі↓ . гемостазға қатысуы ( қан ұйытқыш және уюға қарсы факторлар).  
       
№3 тапсырма. Егеуқұйрықтардың дене қызуына жіті қозғалтпаулық стрестің әсері.

Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.

№ 4 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

№ 5 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

№ 6 тапсырма. Есепті шешу

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.

3. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

5. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96

Қосымша

7. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

9. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

10. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

11. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

12. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

13. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

14. http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.

БАҚЫЛАУ

(тест тапсырмаларын орындау)

1. «Жауаптың жедел кезеңінің» патогенезінде маңызы бар (4)

A) жауаптың жедел кезеңідәнекерлерінің (цитокиндердің) жүйелік әсері

B) жауаптың жедел кезеңідәнекерлерінің жергілікті әсері

C) гипоталамус-гипофиза-бүйрек үсті безі жүйесінің белсенділенуі (стресс)

D) АКТГ сөлденісінің жоғарылауы

E) глюкокортикоидтар сөлденісінің жоғарылауы

2. «Жауаптың жедел кезеңінің» дәнекерлері (4)

A) интерлейкин – 1

B) интерлейкин – 6

C) өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)

D) интерферон-γ

E) гистамин

F) арилсульфатаза

3. Жедел кезеңнің нәруыздарының қызметтері (4)

A) МАТ белсенділеу

B) антиоксиданттық

C) микробқа қарсы

D) фагоцитозды белсенділеу

E) организм үшін қауіпті тіндік протеазаларды ыдырату

4. «Жедел кезең жауабының» мүмкіндік жағымсыз салдарлары (5)

A) жүйелік қабынулық жауап

B) сілейме

C) жедел кезең нәруыздары түзілуінің белсенділенуі

D) миокардтың жиырылулық қызметінің төмендеуі

E) көп ағзалық жеткіліксіздік

5. Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық нышандары (4)

A) дене температурасы 380 жоғары немесе 360 төмен

B) жүрек жиырылуының саны минөтіне 90-нан жоғары

C) тыныс жиілігі 20 көп немесе артериялық гипокапния 32 мм рт.ст аз

D) лейкоцитоз 12 х 109 /л артық немесе лейкопения 4х109 /л төмен немесе лейкоциттердің жетілмеген түрлерінің 10% артық болуы

E) дене температурасы 370

6. Жалпы адаптациялық синдром сатыларының бірізділігі

A) төзімділік – қалжырау – үрей

B) үрей – төзімділік – қалжырау

C) төзімділік – үрей – қалжырау

D) үрей - қалжырау -төзімділік

7. Стресс-дамытатын жүйеге жатады (4)

A) симпатикалық-адреналдық жүйе

B) гипоталамус

C) гипофиз

D) бүйрек үсті бездерінің қыртысы

E) ГАМК-ергиялық жұйе

8. Стресс-шектейтін жүйеге жатады (4)

A) симпатикалық-адреналдық жүйе

B) ГАМК-ергиялық жұйе

C) антиоксиданттық жүйе

D) апыйын-ергиялық жүйе

E) серотонин-ергиялық жүйе

9. Стресс қалыптасуы кезінде патогенездік тізбектер қосылуының бірізділігі :

A) организмге стрессордың әсері → гипофиздің алдыңғы бөлігінің АКТГ сөлденісінің күшеюі → гипоталамуста кортиколиберин өндірілуінің белсенділенуі → қанға глюкокортикоидтардың шығарылуы → глюкокортикоидтардың нысана жасушаларға әсері

В) организмге стрессордың әсері → гипоталамуста кортиколиберин өндірілуінің белсенділенуі → гипофиздің алдыңғы бөлігінің АКТГ сөлденісінің күшеюі → қанға глюкокортикоидтардың шығарылуы → глюкокортикоидтардың нысана жасушаларға әсері

10. Жалпы адаптациялық синдромның сілейме кезеңіне тән (4)

A) гипотензия

B) гипотермия

C) гипертензия

D) гипогликемия

E) адинамия

11. Жалпы адаптациялық синдромның сілеймеге қарсы кезеңіне тән (4)

А) гипергликемия

В)гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің белсенділенуі

С)глюкокортикоидтардың артықтығы

Д) гипертензия

Е) бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметінің қалжырауы

12. Жалпы адаптациялық синдромның төзімділік сатысына тән (3)

A) бүйрек үсті безі қыртысының гиперплазиясы

B) қанда АКТГ деңгейінің төмендеуі

C) қанда глюкокортикоидтардың төмен деңгейі

D) глюконеогенездің күшеюі

Е) глюкокортикоидтар сөлденісінің жоғарылауы

13.Стресс кезінде бейнақты төзімділіктің жоғарылауы байланысты (3)

A) қажым қорларын жұмылдыру және қайтадан бөлуге

B) иондық сораптар жұмысының қуаты және тұрақтылығының жоғарылауына

C) жасушалық мембраналардың тұрақтануына

D) симпатикалық-адреналдық жүйенің белсенділігі төмендеуіне

Е) фагоцитоздың белсенділенуіне

14 . Ұзақ стрестің аса тән салдарлары (4)

A) бүйрек үсті бездері қыртыс қабатының гипо- және дистрофиясы

B) иммунитеттің гуморалдық және жасушалық буындарының тежелуі

C) асқазан және ішектің шырышты қабығының жалақ жарасы

D) аденогипофиздің гипертрофиясы

E) артериялық гипертензия

15. Дезадаптациялық ауруларға жатады (3)

A) артериялық гипертензия

B) дизентерия

C) ЖИА

D) асқазанның ойық жара ауруы

E) пневмония

16. Жарақаттық сілейме патогенезінің негізгі тізбектері (3)

A) гиповолемия

B) ауырулық тітіркену

C) жүректің жиырылулық қызметінің төмендеуі

D) жүрек ырғақсыздығы

E) токсемия

F) аллергиялық әсерленістің анафилаксиялық

17. Сілейме кезінде қанның қорға дерттік жиналуы басымырақ байқалады (1)

A) сүйек кемігінде

B) жүректе

C) аяқ қан тамырларында

D) өкпеде

E) іш қуысы ағзаларында

18. Сілейме кезінде АҚ деңгейінің үдемелі төмендеуі байланысты (4)

A) қанның қорға дерттік жиналуына

B) тегісеттік жасушалардың миолизіне

C) жүрек шығарылымының азаюына

D) қылтамыралдылық қысқыш межеқуатының жоғалуына

E) резистивтік қан тамырларының жиырылуына

19. Кома патогенезінде маңызы бар (4)

A) мый нейрондары гипоксиясы және қажым тапшылығының

B) уыттанудың

C) қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы

D) электролиттік гомеостаздың бұзылуы

E) гемдік-энцефалиялық тосқауыл бүтіндігінің сақталуы

20.Кома кезінде ОЖЖ қызметі бұзылыстары дамуының бірізділігі

A) психикалық мазасыздану, сана-сезімнің шатасуы, ессіздену, сана-сезімнің терең жоғалуы

B) сана-сезімнің терең жоғалуы, ессіздену, сана-сезімнің шатасуы, психикалық мазасыздану

C) сана-сезімнің шатасуы, сана-сезімнің терең жоғалуы, ессіздену, психикалық мазасыздану

D) психикалық мазасыздану, ессіздену, сана-сезімнің шатасуы, сана-сезімнің терең жоғалуы

E) сана-сезімнің терең жоғалуы, сана-сезімнің шатасуы, ессіздену, психикалық мазасыздану

Наши рекомендации