СҰРАҚ: Клиникалық эпидемиологияның негізгі принциптері қандай?

  • КЭ-нің негізгі принципі – бұл зерттеуде белгілі бір клиникалық нәтижені бағалау. Клиникалық нәтиже төмендегідей болады: өлім (Death), ауру (Disease), дискомфорт (Discomfort), инвалидизация (Disability), қанағаттанбағандық (Dissatisfaction)– (ағылшын тілінде – 5 D). Клиникалық нәтиже жанама (суррогаттық) және тікелей болып бөлінеді. Жанамаға қандай да бір зерттелген көрсеткіштердің оң нәтиже беруі жатады (мысалы, төмендеген артериялық қысымның жоғарылауы,), қандағы биологиялық субстанцияның деңгейі қалыпты жағдайда болуы, ферменттердің белсенділігінің қалпына келуі

және т.б.). Суррогатты соңғы нүкте клиникалық тиімділіктің немесе терапиялық іс-шара зияндылығының тура көрсеткіші болмайды, бірақ сирек кездесетін және соң болатын нәтижені болжауы мүмкін.

  • Тікелей критерийге мыналар жатады: сауығу, өлім-жітімнің азаюы және асқынуы, ауруханада емделу мерзімінің қысқаруы, өмір сүру сапасының жақсаруы, асқынудың алдын алу.
  • Клиникалық эпидемиологияда клиникалық құбылысты зерттеу үшін сандық тәсіл қолданылады. Сандық тәсіл дәлелді нәтиже береді, яғни ол қателерді бағалауға, клиникалық нәтижені цифрлық эквивалентте білдіреді. Зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет: статистикалық әдістердің мәліметтерін дұрыс пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс рандомизация әдісі

КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір ерекшелігі бар популяцияны таңдау болып табылады.

Популяция (population) –дегеніміз белгілі бір географиялық регионда тұратын адамдар тобы немесе белгілі бір ортақ белгісімен топтастырылғандар ( мысалы; жасы 65-тен асқандар).

Популяция халықтың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы белгілі бір клиникаға жатып шыққан немесе белгілі бір аурумен ауыратын адамдар тобы, сонымен жалпы популяция , госпитальдық популяция немесе белгілі бір нақты ауруы бар пациенттер популяциясы деп айтуға болады.Зерттеудің нақтылық дәрежесін жоғарылату үшін зерттелушілер белгілі бір демографиялық немесе ұқсас клиникалық белгілерімен топтастырылады.Зерттеуге алу немесе шығарудың критерийлері анық болуы керек және міндетті түрде орындалуға тиісті.

Іріктеу (Sample) –сұрыптау арқылы алынған популяцияның бір бөлігі. Клиникалық зерттеулер әдетте іріктеумен басталып жүргізіледі де ,содан кейін популяцияның практикалық себептерінің сипаттамасы беріледі.

Сонымен қатар, зерттеуге алу және шығу критерийлері анық белгіленіп, әбден сипатталып және қатаң сақталу керек. Критерийді күнделікті тәжірибеде қолданып жүрген қол жетімді құралмен бағалау керек.

Жүйелі қатенемесе ауытқу (bias) – қорытындының шынайы мағынасынан жүйелі (кездейсоқ емес, тұрақты) түрде ауытқуы.

Айталық А дәрісі Б дәрісінен жақсы әсер етеді десек, ал осы ұғым қате болса, сол қатенің жүйелі түрде ауытқуына қандай қорытындылар әсер етуі мүмкін?

А дәрісі аурудың жеңіл түрлеріне тағайындалуы немесе А дәрісінің дәмі Б дәрісінен тәттілеу болуы, әйтпесе, А дәрісі жаңадан шыққан болса, науқастар мен дәрігер оны жақсы әсерлі деп ойлаулары мүмкін. Міне,жүйелі қателердің пайда болу мүмкіндігі анықталды. Жүйелі қателердің барлық зерттеулерде болуы шарт емес, сондықтан оның бар-жоқтығын анықтап және олардың зерттеудің нәтижесіне қалай әсер ететінін білу керек

Клиникалық бақылаудағы жүйелі қателер

  • Іріктеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырып отырған топтағы науқастардың негізгі белгісі бірдей емес.
  • Өлшеуге байланысты жүйелі қате.Мысалы: салыстырмалы топтардағы науқастардың көрсеткіштері әртүрлі өлшемдер арқылы анықталған.
  • Әсер ететін факторларға байланысты жүйелі қате.Мысалы: әсер ететін бір фактор, екінші фактордың әсерін өзгертіп жіберуі арқылы туындайды.

Зерттеушілер жүйелі қатемен күресу және оның әсерін болдырмау үшін қатені қайдан және қалай іздеуді білуге тиісті.

Кездейсоқ қате

Популяцияны іріктеу кезінде шынайы маңызды бірлі-жарым кездейсоқ қорытындының ауытқуын кездейсоқ вариация дейді, ол клиникалық бақылаудың кез келген сатысында кездеседі.

Теориялық тұрғыдан алғанда, кездейсоқ қатені жөндеуге болады. Ол үшін клиникалық бақылауды дұрыстап жүргізу керек.,Кездейсоқ қатені болдыртпау кейде мүмкін болмайды , бірақ дұрыс жоспарлау мен зерттеулер арқылы оның әсерін төмендетуге болады.

Сонымен, клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты- барлық медициналық деректердің жиынтығын, жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге ең соңғы жаңалықтарға сүйене отырып, (дәлелді медицинаға) жеткізу арқылы көмектесу

Зерттеудің нақтылығы мен дұрыстығын анықтаудың

«3 киті»:

  • жасырын рандомизация- зерттеуге алынатындар кездейсоқ жасырын іріктеледі,
  • жеткілікті іріктеу –зерттеуге алынатындардың саны көп болу қажет,
  • жасырын үш жақты зерттеу

Дұрыс ұйымдастырылған зерттеу жүйелі қатенің болмауын қамтамасыз етеді.

Зерттеудің қорытындысын жалпылау- сыртқы сипаттама, басқа топтағыларға зерттеудің нәтижесін қолдану жиілігі қаншалықты екенімен анықталады.

Наши рекомендации