Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

ДӘРІС

«КӨКТЕМГІ-ЖАЗҒЫ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ»

Семей қаласы

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

Анықтама.Көктемгі-жазғы кене энцефалиті - вирусты, ОНЖ зақымдайтын және трансмиссивті жұғу механизмді табиғи-ошақтық ауру.

Өзектілігі.Қазақстанда споралық жағдайлар түрінде кездеседі. Кең тараған, көп жерлерде кездеседі. Соның ішінде Қазақстанда табиғи ошақтары бар жерлерде, Шығыс Қазақстанда.

Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:

- әлсіз салдану

- бұлшық ет атрофиясы

- дискинезия

- интелектің төмендеуі

- кейде эпилепсия

- Этиология. Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз.

Вирустың 3 түрі ажыратылады:

- алыс шығыс энцефалит қоздырғышы

- орталық Европалық энцефалит қоздырғышы

- қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы

Вирусқа нейротроптылық тән.

- Эпидемиология. Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады.

Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:

- кеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук, егіс тышқаны)

- құстар

- жыртқыштар (қасқыр)

- үй жануарлары (сиыр, ешкі, қой)

Кене энцефалитімен ауыратын адам тасымалдаушысы ретінде қауіпсіз.

Берілу жолдары. Негізгі-иксодо кенесі арқылы трансмиссивті:

- шаққанда

- -мыжығанда

Ошақтарда инфекцияланған кенелер 1-5%-тен 15-20%-ке дейін. Вирус өмір бойы сақталады. Бұл жолға 80% жатады. Басқа жолдармен де жұғуы мүмкін:

- алиментарлы жол – шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой)

- лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін. Маусымы көктем-жаз.

Жастық фактор 20-40 аралығында, ересектер жиі ауырады:

- қала тұрғындары

- қонақтаушылар.

- жергілікті тұрғындар азырақ ауырады.

Патогенез.Вирустың кіру қақпасы-зақымдалған тері;

- алиментарлы шағу кезінде асқазан-ішек жолының шырышты қабықтары. Ену жерінде вирустың локальды көбеюі байқалады. Вирус қанға өтіп вирусемия және токсинемия дамиды.

- гематогенді және лимфогенді вирус

- - лимфа түйіндеріне

- ішкі ағзаларға

- ОНЖ-не өтеді. Онда жүйке жасушаларына тура әсерін көрсетеді (нейротропты). Әсіресе жергілікті сегмент жасушалары және бульбарлы бөлімінде таралады.

- кейде вирус жүйке-жүйесіне перевертебральді кеңістік арқылы өтеді.

- көбінесе, өзгерістер ОНЖ-да дамиды, бірақ басқа ағзалар мен тіндер де зақымданады.

- морфологиялық тұрғыдан жедел қабыну дамиды. Тамырлық өзгерістер көбінесе нерв жүйесінде келесі түрде пайда болады:

- -геморрагия

- эритро- және лейкостаздар

- периваскулярлы инфильтрат

- периваскулярлы және перицеллюлярлы ісіну

- патоморфологиялық өзгерістер негізінен:

- -бас миы және жұлынның сұр затында (негізінен бас миының жұлын бөлігінде қозғалтқыш бөлігінде), сонымен бірге:

- ортаңғы ми

- таламустық және гипоталамустық аймақтар

- бас ми қыртысы

- мишық

- перифериялық нейрон қыртыстары, мұнда интерстициальды неврит дамиды

- мидың жұмсақ қабаттары

Некротикалық процесстер келесі жерлерде көрінеді:

- жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері

- бас сүйек нервтерінің ядролары

- ретикулярлы субстанциясында

Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады:

- интоксикация синдромы

- әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы

Осыған байланысты клиникалық түрлері бар:

1) қызбалы

2) менингеальды

3) менингоэнцефалитикалық

4) менингоэнцефалополиомиелитті

5) полирадикулонневритті

Клиникалық түріне қарамастан ауру жедел басталып, жалпы интоксикация синдромымен өтеді.

Байқалады:

- қалтырау

- дене қызуының өте тез жоғарлауы 38-39С

- бас ауруы

- жүрек айнуы

- құсу

Науқастың бет әлпетіне тән: бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Көз коньюктивасы тамырының иньекциясы, кейде жас ағуы жақсы көрінеді.

Науқастар:

- апатиялы әлсіз

- сұраққа баяу жауап береді

- үрей және қорқынышты сезеді, аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін.

Ішкі ағзалар бойынша:

- ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін.

Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы.

Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады.

Перифериялық қан:

- нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде

- СОЭ жоғарлаған

Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады.

Кейде болуы мүмкін:

- ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика

Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:

- плеоцитоз 30-600 жасуша 1 мкл, лимфоцитарлы түрде

- ақуыздың жоғарлауы 1-2 г/л

Ликвордың өзгерісі ұзаққа созылады: 2-3 аптадан бірнеше айға дейін. Нәтижесі жағымды.

Менингоэнцефалитикалық формасы 15% кездеседі және аса ауыр ағыммен сипатталады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы ошақты немесе диффузды сипатта болады. Ошақты менингоэнцефалитте клиникалық белгілері бас миының зақымдалу аймағымен анықталады. Бас миының жарты шарларының біреуінің ақ заты зақымдалуында болуы мүмкін:

- оң және сол жақ аяқ қолдың спастикалық салдануы

- беттің және тіл асты нервтерінің бір жақты зақымдалуы

Сол жақ жарты шарлардың зақымдалуында бұзылыстар сирек кездеседі. Мидың бағаналы бөліміндегі ақ заттың зақымдалуында:

-альтернациялық синдром дамиды, яғни қабыну ошағындағы бас ми нервтерінің салдануы және дененің қарсы жағындағы аяқ-қолдың салдануы.

Бас невртерінің ішінде жиі ІХ; Х; ХІІ жұп, мынандай көріністер береді:

- жұмсақ маңдай зақымдалуы

- дауыс өзгеруі

- сөздің бұзылуы

- афония

- жұтынудың бұзылуы

- сілекей бөлінудің жоғарлауы

- ¼ науқастарда бульбарлы бұзылыстардың дамуы

Коповников немесе Джексон түріндегі эпилепсия ұстамалары болуы мүмкін.

Диффузды менингоэнцефалитте негізінен жалпы ми бұзылыстары белгілері байқалады:

- естің бұзылысы

- эпилепсиялық ұстамалар

Сонымен қатар мидың ошақты зақымдалуы болуы мүмкін: науқаста жиі байқалады:

- қол треморы

- бет және аяқ қол бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы

- терең рефлекстердің тежелуі

- бұлшықет тонусының төмендеуі

Менингоэнцефалополиомиелиттік формасы науқастардың 1/3 кездеседі. Бұл формаға мына синдром тән:

- менингиальды

- энцефалиттік, ошақты не диффузды

- полиомиелиттік (жұлынның, мойын және жоғарғы кеуде бөлімінің алдыңғы мүйізінің таңдамалы зақымдануы).

- мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіз зақымдалуы, кейде зақымдалады қабырға аралық бұлшықеттер және диафрагма.

Бұл формаға тән симптом «кеудеге салбыраған бас»-бас вертикальды ұсталынбайды және кеудеге салбырайды. Бұл формада қолдың әлсіз парезі және спастикалық (пирамида-белгісі) аяқ парезінің үйлесуі мүмкін.

Қозғалыстың бұзылуы 7-12 күн ішінде өседі, ал аурудың екінші, үшінші аптасында зақымдалған бұлшықеттердің атрофиясы дамиды.

Полирадикулоневритті форма 2-4% жағдайда кездеседі. Бұл формаға интоксикация және менингеальды синдром тән:

- қыртыстардың және перифериялық нервтердің зақымдалуы, келесі белгілермен көрінеді:

- «құмырсқаның жыбырлаған сезімі» сияқты парестезияның болуы

- терінің әр түрлі аймақтарындағы шаншуы

- нерв бағаналарының бойындағы ауырсыну

- «тартылымның» оң симптомы

- аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде «қолғап, носки» түріндегі сезімталдықтың бұзылуы

Әлсіз салдану әдетте аяқтан басталып, дене және қол бұлшық еттеріне тарайды.

Кейбір науқастарда прогридиентті (созылмалы) форма дамиды. Бұл кезде жедел форма вирустың элиминациясымен аяқталмай вирус орталық жүйке жүйесінде сақталады. Бұл аурудың прогридиентті (созылмалы) ағымына әкеледі.

Қос толқынды кене энцефалит. Алиментарлы зақымдалуына байланысты қос толқынды сүт қызбасымен байланысты. Қос толқынды қызба тән: бірінші 3-5 күн, содан кейін апераксия кезеңі 3-8 күнде болады, содан кейін менингоэнцефалит дамиды. Бұл форманың ағымы қатерсіз болады.

Диагностика негізделеді:

- клиникалық

- эпидемиологиялық мәліметтер

- лабораторлы

- вирусологиялық

- серологиялық әдістер: РСК, РПГА, ИФА, РТГА, жұп сарысуда бейтараптау реакция, 2-3 апта интервал аралығында алынады.

Емі. Госпитализациялау міндетті түрде жүргізіледі. Емі комплексті және оған кіреді:

- төсектік режим (интоксикация синдромдары кеткенге дейін)

- энцефалитке қарсы арнайы донорлық иммуноглобулин, күніне 3-12 мл мөлшерінде 3 күн ішінде. Ауыр формасында күніне 2 рет 6-12 мл-ден, аралығы 12 сағат иммуноглобулинді неғұрлым ерте енгізу қажет.

Этиотропты терапия. Рибонуклеаза гематоэнцефалитикалық барьер арқылы өтіп, вирустың көбеюін тежейді. Әр 4 сағат сайын 30 мг дозасында бұлшық етке физиологиялық сұйықтықпен (180 мг тәулігіне), 4-5 күн уақыт аралығында енгізіледі. Бірінші дозаны Безредко бойынша десенсибилизациядан кейін енгізеді.

Сонымен қатар интерферон препараттар қолданады:

- реоферон

- лейкинферон және басқа интерферон индукторы:

- амиксил

- циклоферон

Патогенетикалық терапия:

- дезинтоксикациялық

- дегидратациялық

- гормонтерапия

- симптоматикалық терапия

Реконвалесценция кезеңінде:

- витамин В тобы

- прозерин

- дибазол

- антигистаминді препараттар

2-3 аптадан кейін температура қалыпқа келгеннен кейін (ауру) науқастар шығарылады. Реконвалесценттерді ұзақ уақыт диспансерлеу керек.

Профилактика:

- кенелерден қорғау

- вакцинация 1-1,5 ай. Тірі және инактивирленген вакцина -1 мл тері астына күніне 3 рет енгізеді

Наши рекомендации