Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай:«Жедел стрептококктан кейінгі гломерунефрит»

Клиникалық жағдай:«Жедел стрептококктан кейінгі гломерунефрит»

Ситуациялық есеп:Сіз –ОАА терапия бөлімшесінің дәрігерісіз. 21жастағы ер адам түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз

Ø Мүмкін болатынасқынуларды атаңыз

Соңғы нәтиже (outcomes):

· Зәрлік синдромы бар науқастарды сұрастырып физикальді қарауды жүргізу

· Зерттеулер мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализін, жалпы белок және оның фракциясын, биохимиялық қан анализін; коагулограмма, жалпы зәр анализін; зәрде тәуліктік белоктың экскрециясын; бүйректің ШФЖ есебін және бүйрек қызметін;Зимницкий сынамасын

· Бүйректің УДЗ және ЭКГ интерпретациялау

· Науқастың жүргізу тәсілі және емдеу қағидалары

«Жедел стрептококктан кейінгігломерунефрит»

клиникалық жағдай бойыншабағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының аты-жөні ______________________ Емтихан күні____________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерилері Баллдық бағасы
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындамады
1. Шағымдарды жинау 1,0 0,5
2. Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау 1,0 0,5
3. Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау 1,0 0,5
4. Зәр шығару жүйесін зерттеу 1,0 0,5
5. ЖЗА интерпретациялау 1,0 0,5
6. Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
7. Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
8. Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
9. Жалпы қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5
10. Зәр анализдерін интерпретациялау (Зимницкий сынамасы) 1,0 0,5
11. Иммунологиялық анализдерді интерпретациялау 1,0 0,5
12. Кокрофт-Голтформуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеп және интерпретациялау 1,0 0,5
13. Бүйректің УДЗ және ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5
14. Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
15. Емдеу тәсілін анықтау 1,0 0,5
16. Этиотропты терапия 1,0 0,5
17. Диуретиктер және гепарин 1,0 0,5
18. Асқынулар 1,0 0,5
19. Науқастың келешек емдеу тәсілін анықтау 1,0 0,5
20. Науқаспен коммуникация нәтижелігі 1,0 0,5
  баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ 20,0 10,0

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары:самай аймағында қаттыбас ауыруына, артериальді қан қысымының 140/95 дейін көтерілуі, ісінулер, зәр түсінің өзгеруі, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік.

Үш апта бұрын суықтанып қалғаннан кейін дене қызуы 37,5°С дейін көтерілген, тамағы ауырған. Дәрігерге қаралған – баспа деп диагноз қойып, бисептол, аспирин тағайындап, тамағын шаю туралы ұсыныстар берген. Жағдайы шамалы жақсарған. Үш күн бұрын азанда ісінулермен оянған –суға батып кеткендей көздерінің ісінуі, әлсіздік, бас ауыру, жүрек айну, бел тұсындағы ауыру сезімі, дене қызуының 37,0 °С дейін жоғарлауы пайда болған. Зәрі – күңгірт, қызғылттау. Дәрігерге қаралған – ол ауруханаға жібереді.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Артериальді гипертензияның бұрын бар-жоғын анықтау Бұрын АҚҚ көтерілді ме? Қандай сандарға дейін көтерілді? Жоқ, бұл бірінші рет. Ең жоғары көтерілгені 140/95 мм рт ст.
Ісінулердіңпайдаболуынанықтау Ісінулер алғаш рет қай жерде пайда болды? Ісіну алғаш бетте кейін табан мен балтыр аймағында пайда болды
ГН дамуына бейімдеуші факторлар мен басқа ауруларды анықтау Сіз буын ауруларымен аурасыз ба? Анық себепсіз денеңізде бөртпелер, кезеңді дене қызуының көтерілуі болады ма? Жоқ бұрын ешқандай аурумен ауырмағанмын.  
Жанұялық анамнезді анықтау Сіздің туыстарыңызда бүйрек аурулары бар ма? Жоқ
Өмір анамнезі Сіз қант диабетімен, қандай да бір басқа созылмалы аурулармен ауырмайсыз ба? Сізде вирусты гепатит бар ма? Жоқ
Аллергоанамнез Сіз дәрілік заттарды қабылдадыңыз ба (СЕҚҚД, тырысуларға қарсы, антибактериальді және т.б.)? Сізде дәрілерге, тағам өнімдеріне аллергияңыз бар ма? Бисептолжәне аспирин қабылдадым   Аллергия жоқ
Егулер   Сізге егу жасалды ма? Қажетті егулердің барлығын алдым. Былтыр мектепте тағы бір егулер жасаған

Объективті:салмағы67 кг, бойы 175 см. Жалпы жағдайыинтоксикацияға байланысты орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозарған, беті ісінген. Өкпесіндевезикулярлы тыныс. ТАЖ – 20рет мин. Жүрек үндері анық, дұрыс. ЖСЖ –100 рет мин. АҚҚ - 140/90 мм сб.б. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Бүйрек проекциясын пальпациялағанда ауыру сезімді. Ұрғылау симптомы екі жақтан оң. Зәр шығаруы сирек, ауыру сезімсіз. Зәрдің түсі ет жуындысы сияқты. Тәуілік ішінде 500 мл зәр бөлген.

Наши рекомендации