Енеттен жүрек тоқтау кезіндегі көрсетілетін жедел медициналық көмек.

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Қадамдардыбағалаукритерийлері Балл бойынша бағалау
Есін анықтады. Көмекке шақырды. Қанайналым және тыныс алу жүйесін бағалады      
Науқасты дайындады: қатты тегіс жерге жатқызды, кеудесін қысып тұрған киімдерін босатты, аяқтарын 30-40 градус бұрыш жасай отырып көтерді.      
Жүрек ырғағын тексерді: дефибрилляторды қосты. Электродтарды дұрыс орналастырды, жүрек ырғағына баға берді.      
Кеуде торына қолын дұрыс орналастырды. Кеуде торының компрессиясын дұрыс көрсетті.      
Ауыз қуысын тексеріп тазалады. Басын артқа шалқайтты. Төменгі жағын алға шығарды. Аузын ашты. Арнайы құралды пайдаланды ( ларингеальды маска, ауа өткізгіш түтікше, амбу қапшығы )      
Өкпені жасанды желдендіру әдісін дұрыс орындады, минутына 10 рет      
Жүрек-өкпе реанимациясын бір кезең жүргізді (5 цикл 30:2)      
Шеткі көк тамырға перифериялық катетр қойды. Жағдайына баға берді: Жүрек ырғағы, оттегінің сатурациясы және капнография      
Эпинефрин 0,1% -1,0 мл + 10 мл натрий хлор изотониялық ерітіндісін тамыр ішіне әр 3-5 мин сайын енгізіп отырады.      
Көрсетілген іс-шаралардың дұрыстығын бағалау: ұйқы артериясында пульстың пайда болуы, тыныстың пайда болуы. Науқастың ары қарайғы маршрутын анықтады.      

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Зонд қою, асқазанды жуу

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Балл бойынша бағалау
1. Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау қажет: - қолғап, асқазан зонды, шпатель, - Жанэ шприц немесе воронка, - жуылған суға арналған ыдыс, - бөлме температурасына сәйкес жууға арналған су - клеёнкадан жасалған медициналық алжапқыш - суда ерігіш жағынды (гель) - бет перде - асқазан жууға арналған муляж      
2. Қолын жуып, маска, халат, алжапқыш киді      
3. Манипуляция жасау барысындағы науқасты дұрыс жатқызды: -бүйірімен жатқызды - отырғызды Науқастың отырған қалпын көрсетті. Науқастыңаяғының ортасына жуылған суға арналған ыдыс қойды.      
4. Енгізілетін зондтың ұзындығын өлшеді (еріннен құлаққа қарай, ал төменгі бөлімі құрсақтың алдыңғы қабырғасымен зондтың жоғарғы тесігі төстің семсер тәрізді өсіндісінен төмен орналасу керектігін айтып өтті).      
5. Зондтың тұйық ұшына жағындыны көптеп жақты. Науқастың ауызын шпательдің көмегімен ашу (өзі ашпаған жағдайда).      
6. Асқазан зондын енгізу жолдарын атап, біреуін көрсетті: - ауыз арқылы: науқастың ауызы арқылы зондты өңешке қарай енгізді. Зонды тілдің ортаңғы сызығы арқылы жай жылжыта белгілеген жерге дейін енгізді. - мұрын арқылы: науқастың басын қарама-қарсы жаққа қарай қисайтып, мұрын тесігі арқылы зондты жаймен енгізді. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжытты. Зондты жұтқаннан соң науқастың тыныс алуы еркін екеніне көз жеткізді, зондты белгілеген жерге дейін енгізді. Зондтағы жуындының пайда болуы, зондтың асқазанда тұрғанын білдіреді. Зондты енгізген кезде кедергінің болуы, құсық, жөтел және т.б гипоксия көріністерінің пайда болуы, зондтың кеңірдекке түскенін көрсетеді. Мұндай жағдайда зондты жылдам шығарып, қайта енгізеді.      
7. Жанэ шприцін немесе варонкасын тығынысыз зондқа жалғап, варонканы асқазан деңгейінен төмен түсіру қажет(варонканы сәл қисайтып), асқазанның жуынды суы пайда болғанша. Алғашқы жуынды суын залалданған ыдысқа жинап, зерттеуге жіберу.      
8. Воронкаға жууға арналған суды құю. Жаймен жоғары көтеріп, сұйықтықтың асқазанға түсуін қадағалау (сұйықтық воронканың түбіне жету қажет). Дұрыс және жылдам воронканы төмен түсіріп, жуынды суды төгу.      
9. Таза су пайда болғанша асқазанды жууды қайталау. Енгізілген және шығарылған сұйықтықтың көлемі шамамен тең болу қажет.      
10. Воронканы бөліп, зондты салфеткамен ұстап, жылдам шығару керек.      

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Гидроторакс кезінде плевра пункциясы

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Дағдыларды бағалау дәрежелері Балл бойынша бағалау
Барлығын дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Науқасқа манипулцияның маңызын түсіндіру.      
2. Құрал-жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру (резина катетерге жалғанған ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1 мм инелер, шприц 10 мл, қысқыш, йод, спирт)      
3. Наукасты дұрыс орналастыру.      
4. Пункция жасайтын жерді тандап алу (физикальдық және рентгенологиялық зерттеулер нәтижесінде)      
5. Хирург қолын және пункция жасалатын аймактың терісін антисептикалықерітіндімен тазалау      
6. Жергілікті инфильтрациялык анестезия арқылы 0,5% новокаин ерітіндісін пункция жасалатын жерге енгізеді (теріге, тері астына, қабырғааралық бүлшық етке, плевраға). Инені алдыға карай жылжыта отырып анестетикті де қоса жібереді.      
7. Анестезиядан 5 минуттан соң плевра пункциясы жасалады (новокаинмен шприц пункция жасалатын инемен жалғанып, тексеріліп, қысқаш салады).      
8. Пункция жасалатын ине жоғарғы 1/3 бөлігінен плевраға кіретін бөлігіне қол тигізбей ұсталынады. Анестезия жасалатын жерден тері тесіледі, тері асты клетчаткасында иненің ұшын қабырғааралықта жоғары немесе төменгі бағытта қозғайды және кабырғаның жоғарғы кыры бойымен инені ақырындап қарсыласу жоғалғанша жылжытады (ощущение "проваливания"). Содан соң иненін үшын жоғары бағыттап кеуде клеткасынын ішкі бетіне параллелъді 1-2 мм жылжытады.      
9. Катетерден кысқашты алып, 1-2 мл 0,5% новокаин ерітіндісі жіберіледі (ерітіндіге карсыласудың болмауы иненің плевра қуысында екендігін дәлелдейді). Шприцтің поршенін тарта отырып плевра қуысындағы сұйыктыкты сору шприц толғанша жүргізіледі, содан соң катетерге кысқаш салынады Шприцті ажыратып босатады. Манипуляция плевра қуысы тазарғанша қайталанады.      
10. Пункцияны аяқтау: ине манайындағы теріні кысып тұрып инені тез тартып алады, пункция жасалған аймактың терісін антисептикалықерітіндімен сүртіп, таңғыш салынады. Пункциядан кейін кеуде клеткасынын рентгенографиясы жасалады.      

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Футлярлы новокаинды блокада

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Дағдыларды бағалау дәрежелері Баллмен бағалау
1. Өзін таныстырды.      
2. Науқасқа манипуляцияны түсіндірді.      
3. Футлярды блокадасы көрсеткіштерін атап өтті      
4. Новакаинды блокада жасауда құралдарды дұрыс таңдады (спирт, иодонат, стерильді материалдар, шприц, 0,5% новокаин ерітіндісі, ұзын іне).      
5. Шаншитын жерді дұрыс көрсетті (саннын немесе иықтын алдынғы бетінде бұлшық еттердін суйекке байланған жерінде суйек-бұлшықет футлярына).      
Қолын жуып, дұрыс өңдеді. Стерильды қолғапты дұрыс киді.      
Шаншитын жерді антисептикалық ерітінділермен дұрыс өңдеді.      
Теріні новокаинмен «лимон қабығы» тәрізді жансыздандырды .      
Жансыздандырылған жерге ұзын інені суйекке дейін енгізіп айналдыра 100-150 мл 0,5% новокаин ерітіндісін еңдірді. Санда үш жерден, иықта екі жерден.      
Егу жұмысы біткен соң инені алып, асептикалық таңғызды қойды.      

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Коникотомия жасау әдісі

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Дағдыларды бағалау дәрежелері Баллмен бағалау
2,0 1,0
Қажетті құрал жабдықтарды дайындап алды: қолғап,70% этил спирті,Труссо кеңейткіші,трахеостомиялық канюла, скальпель,қайшы,пластикалық пакет өңделген заттарға, бинттер,мақта медициналық,лейкопластырь, фонендескоп      
Стерильді қолғапты киді: стерильді орамалдағы қолғапты алып, ораманы ашамыз;саусақтарымыз қолғаптың ішкі бетіне тимес үшін қолғапты оң қолымызға терісінен аламыз; оң қолымыздың саусақтарын жинап қолғапқа кигіземіз; оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен қолғаптың ішкі беткейіне тимей аламыз; сол қолғаптың саусақтарын жинап қолғапқа саламыз; сол қолдағы қолғаптың қайырылған жерін түзулейміз, сосын оң қолдыңкін.      
Науқасты манипуляцияға дайындады:Науқасты горизонтальді қалыпта жатқызып, жауырын астына жастықша қойып, басын барынша артқа шалқайтты.      
Мойынның алдыңғы бөлігін 70% спирт ерітіндісімен өңдеді. Коникалық байламды пальпациялады:кесетін аймақты, яғни қалқанша және сақина тәріздіес шеміршектерінің аралығындағы коникалық жалғаманы пальпациялаймыз. Ол үшін қалқанша шеміршегін қолмен табыңыз (ер адамдарда «адам алмасы» немесе кадык), орта сызықтың үстінен қолын сырғытты. Келесі шығыңқы бөлім сақина тәріздес шеміршек, формасы сақина тәріздес болып келеді.      
Тері және тері асты шел майы клетчаткасын скальпелмен кесті:трахеяның артқы қабырғасын перфорациясын болдырмау үшін бір қолдың саусақтарымен скальпелдің өткір ұшынан жоғары 2 см ұстап, теріге және тері асты май қабатына орта сызық бойынша көлденең (1см) кескін жасады      
Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектің арасындағы коникалық жабық байламды шұңқырды пальпациялады:қалқанша және сақина тәріздес байламдардаң аралығындағы коникалық жалғамамен жабық тұрған шұңқыршаны пальпациялап, скальпелді ұшымен ашты.      
Қалқанша және сақина тәрізді байлам арасындағы шұңқырды тілді.      
Жараның шетінТруссо кеңейткішімен керді. Трахеостомиялық канюляны енгізді.      
Канюла орналасуын бағалады:канюля орналассуын бағалаймыз:егер канюля қозғалмаса, оның дұрыс тұрғанын білеміз. Өкпе желденуінің дұрыстығын бағалады :өкпе желденуінің қалыптылығын бағалаңыз; Іс-шараның дұрыстығын канюлядан ысқырық тәріздес демнің кіріп шығуына көреміз, муляжда трахеостомалық конюляның кіргені сезіледі.      
Канюляны бекітіп,асептикалық таңғыш тақты.      

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Наши рекомендации