Медициналық микробиология, вирусология, иммунология

Астана 2016ж

Жоспар:

v Қайталама сүзек

v Этиологиясы

v Асқынуы

v Диагностика

v Емі

v Лайм ауруы

v Этиологиясы

v Эпидемиологиясы

v Симптомдары

v Диагноз қоюы

v Алдын алу,емдеуі

v Пайдаланған әдебиеттер

АЙТАЛАМА СҮЗЕК – жедел басталатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы – ирек пішінді спирохетабактериялары. Алғаш рет Қайталама сүзек қоздырғышын 1868 ж. неміс ғалымы О.Обермейер науқас адамның қанынан тапқан. Аурудың бит арқылы жұғатынын орыс ғалымдары Г.Н.Минх 1874 ж. және И.И.Мечников 1881 ж. өздеріне жұқтыру тәжірибесін жасау арқылы дәлелдеген. Бұл індет кенелердің кейбір түрлері арқылы жұғатыны анықталған (Д.Ливингстон, 1857; Ф.Росс, 1904; Дж. Десттон, 1905). Қайталама сүзектің бит арқылы жұғатын түрін эпидемиялық не еуропалық, ал кене арқылы тарайтынын – эндемиялық не ортаазиялық, парсылық Қайталама сүзек деп атайды. Ауру адамды шаққанда спирохеталар биттің организміне еніп, онда өсіп-өнеді де, 6 күннен 40 күнге дейін мұндай биттер ауру жұқтыру қаупін сақтайды. Осындай биттер сау адамды шаққанда спирохеталар адамның қан тамырлары арқылы ретикулды-эндотелиальды органдар жүйесінде өсіп-өніп, қанға көптеп түседі де ауру қоздырады. Кенелер жануарлардың өзіне спирохеталар жұқтырады да, адамдарды шаққанда эндемиялық Қайталама сүзек қоздыруға себепкер болады. Қоздырғыш жұққаннан ауру белгісі басталғанға дейінгі жасырын кезеңі 3 – 14 күн, көпшілік жағдайда 7 – 8 күндей болады. Қайталама сүзектің екі түрінде де ауру белгілері бірдей. Ауру жедел басталады, науқас қалтырайды, дене қызуы 40 – 41°С-қа дейін көтеріледі. Науқастың басы ауырады, белі, бұлшық еттері, әсіресе балтыры сырқырайды, әлсізденеді, құсады, мұрны қанайды, сол жақ бүйірі шаншып, бауыры мен тамағы ісінеді, көзінің ағы және денесі сарғыштанады. Мұндай жағдай 6 – 8 күнге созылады, бұдан кейін дене қызуы қалыпты температураға дейін күрт төмендейді, 6 – 7 күннен кейін дене қызуы тағы да бірден көтеріліп ауру қайталанады. Осылайша 3 – 4 рет, кейде одан да көбірек қайталануы мүмкін. Қайталама сүзектің халық арасында таралуына әлеуметтік жағдайлар әсер етеді.

Этиологиясы.

Боррелий ұзындығы 10-20 мкм, қалыңдығы 0,2-0,5мкм. Денесі иірілген, саны 5-10 Боррелий айналу, жиырылу қимылдарын жасай алады. Грамм теріс. Ромоновский-Гимзамен бояғанда көгілдір-күлгін түске боялады. Боррелий культуралары ауаның шектелген көзіндегі (қоректі ортада) ақуызы бар, өсіріледі. Соңғы жылдарда культура алу үшін тауық эмбрионы алынады, облигатты паразит, адам ағзасында, биттерде және басқа да жануарларда өмір сүреді. Ағзадан тыс цитратты қанда, 8-5 тәулік өмір сүреді. Сыртқы орта әсеріне өте тұрақсыз.

Асқынуы.

Ең қауіпті асқынуы қанға толған көкбауырдың жарылуы. Жедел операциялық көмек қажеті бар. Асқынуларға тағы паратифобациллез жатады, ол 2 паратиф: сальмонелла инфекциясының қосылуымен жүреді. Іріңді микрофлоралы асқынуларға пневмония, плевриттер, көкбауырдың абсцесі, флегмонасы жатады. Көздің зақымдалуы, құлақтың, буындар мен шеміршектің зақымдалуы болады.

Диагностика.

Бірінші ұстама кезінде клиникасына көңіл аудару керек. Қайталанған ұстамалар диагнозды жеңілдетеді. Жағындыларда және ұстама кезінде алған қанның үлкен тамшыларында боррелий анықталады, ол клиникалық диагнозды негіздейді. Боррелиді қанда анықтаудың бірнеше түрі бар;

1. қараңғы микроскоппен иілген тамшыны қарау

2. борридің негативті әдісі, зерттелетін қанның тушьпен араласқан тамшысы;

3. жағындылар мен мүшелерден алынған таңбаларда боррелидің күмістелінуі

Перифериялы қаннан боррелиді анықтау үшін, көктамырдан алынған қанды центрифугадан өткізіп, тұнбасынан үлкен

тамшы препаратын жасайды, Романовский-Гимза бойынша бояп, микроскоппен қарайды. ЭҚС-тің диагностикасынгда комплемент байланыстыру реакциясы қолданылады. Боррелидер ошағында оларды спирохеталы қайталама сүзектен ажырату қажет. Осы кезде лабораторлы жануарларға биопробалар жүргізеді. Мысалы.: кенелі боррелиозбен теңіз шошқасы, ал спирохеталы қайталама сүзекпен ақ тышқандар және крысалар тез зақымдалады. ЭҚС безгектен, крупозды пневмониядан, лептоспироздан, бөртпелі сүзектен, кенелі боррелиозден ажыратады. Безгек кезінде апирексия кезеңі мен ұстама кезеңі заңды мінездеме береді, қанда плазмодиялар анықталады. ЭҚС-тің жедел басталуы крупозды пневмониямен жақындастырады, бірақ крупозды пневмонияда, өкпеде айқын өзгерістер, “тат түсті қақырық” рентгенологияда айқын зақымдалған ошақтар көрінеді. Лептоспироз көптеген симптомдармен ұқсас болған, тек қызба кезеңінің үзақтығы, бүйрек қызметінің өзгерістерімен, қанда лептоспирлер болуымен және арнайы иммунологиялық реакциялармен ерекшеленеді. Эпидемиялық бөртпе сүзекте 4-6 күні полиморфты розеолезді-петехиальді бөртпелер. Бульбарлы симптомдар, есінің бұлдырауы, қозу, сандырақ байцқалады. Типті сүзекті жағдай сирек кездеседі. Кенелі боррелиозбен салыстырудың нәтижелі лабораторлы көрсеткіш болып саналады.

Емі.

Этиотропты ем: антибиотиктер: пенициллин, терациклин, левомицетин, эритромицин. Пенициллинді тәуліген 2000000УД: 5-6 күн қабылдау, ұстамаларды басып, рецидивті алады. Тетрациклин 0,2-0,4г күніне 4 рет 5-7 күн. Паратифобасциллез байқалса левомицетинді 0,5г немесе ампициллинді 0,5-0,75г күніне 4 рет қабылдау керек. Патогенетикалық емде: плазма, витаминдер, глюкоза, жүрек-тамыр препараттарын тағайындайды.

Лайм ауруы.

Нозологиялық түрі ретінде Лайм-ауруы 1975 жылдан бері белгілі. АҚШ-тың Коннектитут штатының Лайм қаласындағы бір топ тұрғындарында иксод тұқымдас кенелердің шағуына байланысты артропатияның қабынған түрлері байқалған. Оларды жинақтап, суреттеген А.Стиир деген ғалым. Бірақта, 1922, 1944 жылдары бір қатар ғалымдар кене шағу себебіне байланысты эритема, ауырсыну, парестерялармен қатар неврологиялық бұзылыстар болу мүмкіншілігін айқын көрсеткен болатын. 1982 жылы У.Бургдорфер Zxodes dammini деген кенелерден – борролиз деген қоздырғышты бөліп алды. Оның құрметіне қоздырғышы – Borrelia burdborferi деп аталатын болды. Жүйелі түрінде боррелиоздың зерттеуі 1984 жылы басталды. 1991ж нозологиялық түрлерінің ресми тізіміне енгізілген. Қазіргі күнде кенелік инфекциялардың ішінде Лайм ауруы 1-ші қатарда.

Лайм ауруы- спирохетта тұқымдастың боррелия деген қоздырғышымен шақырылатын; трансмиссивты жолмен тарайтын, патогенезінде токсико-инфекциялық және аллергиялық реакцияларымен өтетін, клиникасында эритема түріндегі тері зақымымен, интоксикациямен және ОНЖ, тірек-қимыл аппаратын және жүрек-тамыр жүйе мүше жағынан әр түрлі клиникалық көріністерімен созылмалы және латентті түрінде өтетін табиғи-ошақты зоонозды инфекция болып табылады

Этиологиясы:

Қоздырғышы – Қазіргі күнде жер бетінде кене арқылы тарап, жануарлар мен адамдарда ауру тудыратын боррелиялардың саны 30-дан астам. Қазіргі клиникалық тәжірибе бойынша- боррелийлардың түріне байланысты адам организміндегі қабынулар әр түрлі болады. Мысалы: B darinii тудырған жағдайда-неврологиялық көріністер алға шығады; B. b.s.s-артриттер, B afzelii-созылмалы атрофиялық дерматит. Сондықтан, мүмкін Лайм ауруы бір топ дербес иксод кенелер тарататын боррелиоздар құрылымы. Боррелиялар-бұл спираль түрді қозғалмалы грамтеріс микроорганизмдер.

Эпидемиологиясы: Лайм ауруы-табиғи-ошақты инфекция. Көбінесе иксод тұқымдас кенелер тарайтын орманды жерлерде тарайды. Ресейде кең жайылған инфекция. Балтикадан-Тұнық мұхитқа дейін. Ауру сырқаулық көрсеткіші 1000000 халыққа 5-6 оқиға. Табиғи ошақтарында кенелер жануарлардың 330 түрлерінде, құстардың 100 түрінде тіршілік етеді. Көбінесе боррелиялар тасымалдаушылар әр түрлі жабайы кемірушілер. Кенелер боррелияларды жануарлар арасында және адамға жұқтырады. Адам баласының осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары болып есептеледі, бірақта адамнан адамға Лайм аруы жұқпайды. Табиғи ошақтарында инфекцияланған кенелердің үлес салмағы 10/70% арасында. Эндемиялық ошақтарда иксод кенелері бірнеше қоздырғышпен инфекцияланған болуы мүмкін (кенелік энцефалит). Инфекция тарау мерзімі-көктем-жаз айлары (мамыр-тамыз). Эндемиялық ошақтарда серопозитивты адамдардың саны 40%-ке дейін жетеді.

Симптомдары: Лайм ауруының ерте сатысының симптомдары (1- саты) жұқпаланғаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткенде пайда болады. Ол тұмаудың симптомдарына ұқсайды, мысалы:

  • қалтырау
  • температураның жоғарылауы
  • жалпы әлсіздік
  • бастың ауырсынуы
  • буынның ауырсынуы
  • бұлшық еттің ауырсынуы
  • мойын бұлшық етінің сіресуі

Диагностикасы: Клиникалық көрсеткіштері: эпидемиологиялық мәліметтері лабораторлы: микроскопиялық әдіс (әр түрлі биологиялық бөлінділерін тексереді, бірақта концентарциясы төмен болғандығынан – жиі теріс нәтижелері) серологиялық әдістер (РИФ, РСК, РНГА)- ИФА, иммуноблот (ИФР, КБР, ТЕГАР) Антиденелер сырқаттың 3-6 аптасында айқындалады.

Алдын алу

Кененің шағуының алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдаңыз. Әсіресе, жылдың жылы уақытында абай болыңыз. Мүмкіндігінше, орманға жорыққа барудан және биік шөпте серуендеуден алшақ болу қажет.

Жорықтарда және жаяу қауіпті саналатын жерде серуендеуде кененің шағуының алдын алу шараларын қабылдаңыз:

  • Ашық түсті киім кию қажет, сонда кенені байқау оңай болады.
  • Жеңі ұзын киім кию қажет, шалбардың шетін шұлыққа салған жөн.
  • Дененің ашық бөліктеріне жәндіктерге қарсы спрейді себу қажет.
  • Үйге келгеннен кейін денеңізды мұқият қараңыз, оның ішінде, бастың терісін де. Байқалмаған кене болса, шайып тастау үшін тезірек душ астында шомылыңыз.

Денеңізге кене жабысса, оны алып тастау үшін келесі шараларды қабылдау қажет:

  • Кенені қысқышпен басына немесе құйрықшасына қарай ұстаңыз. Жалаңаш қолмен ұстамаңыз, мата немесе қағаз сүлгіні қолданыңыз.
  • Баяу түрде айналдыра отырып, кенені мұқият шығарып алыңыз. Оны қыспаңыз және жармаңыз. Теріде кененің басын немесе құйрықшасын қалдырмаңыз.
  • Зақымданған тұсты сабынды сумен жуыңыз. Қолыңызды да мұқият жуыңыз.
  • Кенені банкеге салыңыз.
  • Келесі бірнеше апта бойы Лайм ауруының симптомдарының пайда болуын бақылау қажет.
  • Кененің барлық бөліктерін алып тастмаған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Емдеуші дәрігерге кене салынған банкені беріңіз.

Емі:

ауруханада және үйде емдеуге болады. этиотропты ем-пенициллин, тетрациклин, эритромицин, левомецитин, цефалоспарендер патогенетикалық ем симптоматикалық ем.

Пайдаланған әдебиеттер:

Медициналық микробиология, вирусология, иммунология

Наши рекомендации