Интерн-акушер- гинекологтардың кешенді емтиханына арналған клиникалық анатомия мен оперативтік хирургия бойынша тесттер
!Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасы горизонтальды және вертикальды сызықтар
көмегімен қанша аймаққа бөлінеді?
* аймаққа
*+9 аймаққа
* 10 аймаққа
* 11 аймаққа
* 12 аймаққа
! Іштің сыртқы қиғаш бұлшық ет талшықтарының бағыты қандай?
* төменнен жоғары, сырттан ішке қарай
* жоғарыдан төмен, іштен сыртқа қарай
*+жоғарыдан төмен, сырттан ішке қарай
* көлденең
* ұзына бойы
! Құрсақтың алдыңғы-бүйір бөлімінде іштің ішкі қиғаш бұлшық ет талшықтарының
бағыты қандай?
* сыртқы қиғаш бұлшық ет талшықтарымен бағыттас
*+төменнен жоғары, сырттан ішке қарай
* көлденең бағытта
* бұлшық ет талшығы ұзына бойы бағытта
* бағыты жоғарыдан төмен, сырттан ішке қарай
! Іштің ақ сызығы қай элементтер есебінен түзілген?
* іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозымен
* іштің ішкі қиғаш бұлшық етінің апоневрозымен
* іштің көлденең бұлшық етінің апоневрозымен
*+іштің алты жалпақ бұлшық еттерінің апоневроздарымен
* құрсақ іші шандырмен
! Шап жарықтары жиі кімде кездеседі?
*+ер адамдарда
* әйел адамдарда
* балаларда
* қарттарда
* заңдылық жоқ
! Сан өзегінің қанша элементі бар?
* 2 тесігі және 2 қабырғасы
*+2 тесігі және 3 қабырғасы
* 2 тесігі және 4 қабырғасы
* 3 тесігі және 2 қабырғасы
* 3 тесігі және 3 қабырғасы
! Құрсақ қолқасының бұтақтары қандай топтарға бөлінеді?
* латеральды және медиальды
* жоғарғы және төменгі
* алдыңғы және артқы
* біріншілік және екіншілік
*+қабырғалық және висцеральдық
! Құрсақ қуысының жоғарғы қабатын төменгі қабаттан не бөледі?
* қабырға доғаларының төменгі шетін қосатын горизонталь жазықтық
* кіндік арқылы өтетін горизонталь жазықтық
* кіші шарбы
* үлкен шарбы
*+көлнең тоқ ішек шажырқайы
! Соқыр ішек ішпердемен көп жағдайда қалай қапталады?
* соқыр ішек ішпердемен жабылмайды
* ішпердемен бір жағынан жабылады
* ішпердемен екі жағынан жабылады
* ішпердеден тыс жайғасады
*+ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады
! Көлденең тоқ ішек ішпердемен қалай қапталады?
* көлденең тоқ ішек ішпердемен қапталмайды
* ішпердемен бір жағынан қапталады
* ішпердемен үш жағынан қапталады
* ішпердемен екі жағынан қапталады
*+ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады
! Жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен қалай қапталады?
* ішпердемен қапталмайды
* ішпердемен бір жағынан қапталады
* ішпердемен екі жағынан қапталады
*+ішпердемен үш жағынан қапталады
* ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады
! Қандай белгі көлденең тоқ ішекті тоқ ішектің басқа бөлімдерінен ажыратуға мүмкіндік
береді?
* май салпыншақтарының көп болуы
*+үлкен шарбының бекуі
* бағытының көлденең болуы
* ішпердемен интраперитонеальды қапталуы
* бұлшық ет таспаларының болуы
! Жуан ішекті жіңішке ішектен қандай абсолютті белгілер бойынша ажыратуға болады?
*+май салпыншақтарының болуы
* ішпердеге қатысы бойынша
* жуандығы бойынша
* түрі бойынша
* қабырғасының қалыңдығы бойынша
! Құрсақ қуысының қан ағу қөзін анықтау үшін мүшелердің ревизиясын жүргізу әрекетін
қай ретпен жасаған дұрыс?
* тексеруді жоғарыдан төмен бағытта жүргізеді
*+оң жақ бүйір өзек, сол жақ бүйір өзек, сол жақ шажырқай қойнау, оң жақ шажырқай
қойнау ретімен тексеріледі
* тексеру қан ең көп жиналған жерден басталады
* тексеру төменнен жоғары қарай өтеді
* тексеру оңнан солға қарай жүреді
! Ортаңғы лапаротомия кезінде кіндікті қай жағынан айналып кескен дұрыс?
* оң жағынан
*+сол жағынан
* қай жағына болса да айырмасы жоқ
* жоғарғы жағынан
* төменгі жағынан
! Асқазанның алдыңғы қабырғасындағы ойық жарасы тесілгенде асқазанның ішіндегі заты
құрсақ қуысының қай жағына тарайды?
*+төмен қарай тарайды
* асқазан алды саңылауы тұйық, сондықтан бұл жолмен тарау мүмкін емес
* бұл бағытта тарау тек қана үлкен шарбының пішіні шағын үшбұрышты болғанда ғана
мүмкін
* оң жақ бауыр қойнауына тарайды
* сол жақ бауыр қойнауына тарайды
! Жіңішке ішектің шажырқай түбірінің бағыты қалай орналасқан?
* солдан оңға қарай көлденең
*+қиғаш, жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай
* ұзына бойы
* қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай
* жіңішке ішектің шажырқай түбірінің айқын бағыты жоқ
! Аш ішек ішпердемен қалай қапталған?
* экстраперитонеальды
* мезоперитонеальды
*+интраперитонеальды
* жабылмайды
* іш пердеден тыс орналасады
! Мықын ішек ішпердемен қалай қапталған?
* экстраперитонеальды
* мезоперитонеальды
*+интраперитонеальды
* жабылмайды
* іш пердеден тыс орналасады
! Жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен жиі қалай қапталады?
*+мезоперитонеальды
* интраперитонеальды
* экстраперитонеальды
* ішпердеге қатысы анық емес
* жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен қапталмаған
! Тоқ ішекті қанмен қамтамасыздауға қай артериялар қатысады?
* төменгі шажырқай артериясының бұтақтары
* жоғарғы шажырқай артериясының бұтақтары
* құрсақ діңінің бұтақтары (көк бауыр артериясы)
*+жоғарғы және төменгі шажырқай артерияларының бұтақтары
* құрсақтық діңі мен жоғарғы шажырқай артерияларының бұтақтары
! Құрсақтың қуыс мүшелері қабырғасының қай қабатының механикалық төзімділігі
мықты?
* сір қабаты
* бұлшық ет қабаты
*+кілегей асты қабаты
* кілегей қабаты
* сір асты қабаты
! Құрсақтың қуыс мүшелері қабырғасының қай қабатында артериялық және веналық
торлар айқын дамыған?
* сір қабатында
* бұлшық ет қабатында
*+кілегей асты қабатында
* кілегей қабатында
* сір асты қабатта
! Қай автор ішектің сір қабаттарына тігіс салу арқылы ішекті қосуды ұсынды?
* Черни
*+Ламбер
* Пирогов
* Шмиден
* Кирпатовский
! Соқыр ішектің қандай айырмашылық белгілерін Сіз білесіз?
* шажырқайы жоқ
*+май салпыншақтары жоқ
* бұлшық ет таспаларының бар
* май салпыншақтары бар
* бұлшық ет таспалары жоқ
! Аппнедэктомия кезінде құрт тәрізді өсіндінің мобилизациясы қалай жасалады ?
* жасалмайды
*+шажырқай құрт артериясын байлағаннан кейін өсіктен ажыратылады
* бір лигатура көмегімен өсіндіні шажырқаймен бірге байлайды
* өсіндіні шажырқайдан тұйық жолмен ажыратады
* тек қана құрт тәрізді өсіндіні байлаған кезде жасалады
! Жуан ішекке тігістің қай түрін салған тиімді?
* бір қатарлы тігіс
* екі қатарлы тігіс
*+үш қатарлы тігіс
* кисет тігісі
* тігіс қатарының саны патологиялық процесстің сипатына байланысты
! Ұйқы безінің басына доға құрайтын артерияларды атаңыз?
*+жоғарғы ұйқы он екі елі ішек артерия
* артқы ұйқы он екі елі ішектік артерия
* алдыңғы ұйқы он екі елі ішектік артерия
* ішкі ұйқы он екі елі ішектік артерия
* сыртқы ұйқы он екі елі ішектік артерия
! Үйқы безінің құйрығына қандай артерия келеді?
* жоғарғы шажырқайлық - a.mesenterіca superіor
* төменгі шажырқайлық - a.mesenterіca іnferіor
* сол жақтық асқазан – a.gastrіca sіnіstra
* асқазан шарбылык сол – a.gactero-epіploіca sіnіstra
*+көк бауыр артериясы бұтақтары – r.pancreatіca a.lіenalіs
! Құрсақ қабырғасының алдыңғы – бүйір жағына қандай артериялар келеді?
* жоғарғы 6 қабырға аралық артерия
*+төменгі 6 қабырға аралық артерия
* жалпы мықын артериясының тармақтары
* сыртқы мықын артериясының тармақтары
* ішкі мықын артериясының тармақтары
31. Құрсақ қабырғасының әлсіз жерлерін көрсетіңіз?
* қабырға асты аймағы
*+кіндік аймағы
* бүйірлік аймақтар
* шат аймағы
* сан аймағы
! Қақпа венасы бауыр -12 елі ішек байламында қалай орналасқан?
* беткей сол жақта
* беткей оң жақта
*+бауыр артериясы мен өт өзегінің арасында, терең
* терең оң жақта
* терең сол жақта
! 12-ішектің қай бөлімінде үлкен бүртік орналасқан?
* жоғарғы бөлімде
* төмендейтін бөлімнің жоғарғы 1/3 -де
* төмендейтін бөлімнің ортаңғы 1/3 -де
* горизонтальдық бөлімде
* жоғарлайтын бөлімде
! Тоқ-ішектің қай бөліктерінде шажырқай бар?
* соқыр ішекте
* жоғары көтерілетін ішекте
*+көлденең ішекте
* төмен тусуші ішекте
* тік-ішекте
! Тік-ішекті қанша артерия қанмен жабдықтайды?
* бір
* екі
* үш
* төрт
*+бес
! Бауыр 12-елі ішек байламында не өтеді?
* Вирсунг өзегі
*+жалпы өт өзегі
* шажырқайлық вена
* бауыр венасы
* асқазанның сол жақ артериясы
! Қақпа венасын құрастыруға қай веналар қатысады?
* жоғарғы қуыс венасы
* төменгі тік-ішек венасы
* төменгі қуыс венасы
* бауыр венасы
*+көк-бауыр (талақ) венасы
! Кіші шарбыны қандай байламдар түзеді?
*+бауыр-асқазан байламы
* асқазан-бүйрек байламы
* асқазан- талақ байламы
* асқазан-тік ішек байламы
* бауырдың жұмыр байламы
! Құрсақ ағзалары қай нервтермен нервтеледі?
* қабырға аралық
* тіл-жұтқыншақ
* мықын-құрсақ асты
*+кезбе
* мықын-шап
! Қақпа венасы қанды қайда құяды?
* төменгі қуыс венасына
* жоғарғы қуыс венасына
* жоғарғы шажырқай венасына
* талақ венасына
*+бауырға
! Жалпы бауыр артериясының бұтақтарын атаңыз?
* сол жақ асқазан артериясы
*+асқазан -12 елі ішектік артерия
* оң жақтық асқазан шарбылық артерия
* сол жақтық асқазан шарбылық артерия
* өт артериясы
! Талақ артериясының бұтақтарын көрсет?
* оң жақ асқазан артериясы
* сол жақ асқазан артериясы
* оң жақтық асказан-шарбылық артерия
*+сол жақтық асқазан-шабылық артерия
* сол жақтық асқазан шарбылық артерия
! Асқазанның үлкен иінінен шығатын байламды қалай атайды?
* асқазан-көк еттік
* бауыр-асқазандық
*+асқазан-тоқ ішектікв
* бауыр-12-ішектік
* бауыр-қақпақтың
! Іштің төменгі қабатында қай ағза орналасады?
* бауыр
*+жуан ішек
* ұйқы безі
* бүйрек
* асқазан
! Іштің жоғарғы қабатында қай ағза жоқ?
*12-ішектің жоғарғы бөлігі
* көк-бауыр (талақ)
* асқазан
* өт қапшығы
*+жіңішке ішек
! Аш ішектіңқай артерия қоректендіреді?
* truncus coelіacus
*+a.mesenterіca superіor
* a.mesenterіca іnferіor
* a.hepatіca communіs
* a.renalіs
! Бауырдың қай байламын білесіз?
*+орақ тәрізді
* бауыр-өкпе
* қиғаш
* жалпақ
* бауыр-тоқ ішек
! Кіндік аймағының құрылымдық қабатын атаңыз:
* өзіндік шандыр (фасция)
*+кіндік шандыры
* висцералдық ішперде
* тері асты май қабаты
* іш перде алды кеңістігі
* Кіші шарбыны бауырдың қай байламы құрайды?
* орақ тәрізді
*жұмыр
* көлденең
*+бауыр-асқазандық
* үшбұрышты
* Жалпы өт өзегінде неше бөлім бар?
* бір
* екі
* үш
*+төрт
* бес
! Фатеров бүртігі қайда орналасады?
* асқазанда
* 2-ішектің жоғарылаушы бөлімінде
* аш ішекте
*+12-ішектің төмендеуші бөлімінде
* соқыр ішекте
! Кіндік аймағындағы қабат саны:
* 2 қабат
*+3 қабат
* 4 қабат
* 5 қабат
* 6 қабат
! Ұйқы безінің басының артынан қандай вена өтеді?
* төменгі қуыс венасы
* талақ венасы
* жоғарғы шарбының венасы
*+қақпа венасы
* асқазан тәждік вена
! Төменгі қуыс вена ұйқы безіне байланысты қалай жайғасады?
* без басының алдында
* без басының арасында
* без басының үстінде
* бездің басынан май қабатымен ажырайды
*+без денесінің артында
! Гастростомия қандай көрсеткіште жасалады?
* ас қазанды тазартуда
* ас қазаннан бөгде затты алуда
* асқазан ішіндегі затты алуда
* ісікті алу үшін
*+ауруды тамақтандыру үшін
!Гастроэнтеростомия - қандай көрсеткіште жасалады?
* асқазан – ішек жолын тазарту үшін
* бөгде затты алу үшін
*+асқазаннан қоймалжыңды ішекке өткізу үшін
* ісіктерді алып тастау үшін
* асқазан жарақатында
! Аппендэктомияда қандай тілім қолданылады?
* жоғарғы ортаңғы лапаратомия
* төменгі ортаңғы лапаротомия
* оң-қабырға доғасы асты қиғаш тілімі
*+оң мықын-шап аймағында қиғаш ауыспалы тілім
* сол мықын-шап аймағында қиғаш ауыспалы тілім
! Еюностомия қандай көрсеткіште жасалады?
*+ауруды тамақтандыруға
* ішекті тазартуға
* ішек іші заттарын шығаруға
* бөгде заттарды алуға
* ішек ішіндегі қоймалжыңды өткізуге
! Жасанды артқы тесікті қандай көрсеткіштерде жасайды?
*+тік ішек ісігінде
* Сигма ісігінде
* жоғары өрмелеуші тоқ ішектің ісігінде
* көлденең тоқ-ішек ісігінде
* жіңішке ішек ісігінде
! Бауырдың қан кетуде қай тігістер қолданылады?
*+Кузнецов-Пенский
* Альберт
* Кисет тігісі
* Оппель
* Ламбер
! Шап өзегінің жоғарғы қабырғасын көрсет?
* шап байламы
* іштің сыртқы қиғаш етінің апоневрозы
* іштің ішкі қиғаш еті
*+іштің қиғаш және көлденең еттерінің төменгі жиегі
* көлденең ет
! Оң жақ тоқ ішектік артерия қай артерияның тармағы:
* төменгі шажырқайлық артерияның
*+жоғарғы шажырқайлық аретрияның
* құрсақ діңгегінің
* асқазан – 12-елі ішектік артерияның
* қолқаның
! Сигма тәрізді ішектің артериясы қай артериядан басталады?
*+төменгі шажырқайлық артериядан
* жоғарғы шажырқайлық артериядан
* жалпы-мықын артериясынан
* құрсақтық діңгектен
* қолқадан
! Ішкі мықын ішектік артерия қамтамасыздайды:
* тоқ ішектің жоғарлаушы бөлігін
* төмендеуші тоқ ішекті
* қөлденең тоқ ішекті
* сигмалық ішекті
*+тік ішектің ортаңғы бөлімін
! Ортаңғы және медиалдық іш перде қатпарының арасында қандай түзіліс бар?
* сыртқы шап ойығы
* ішкі шап ойығы
* сан сақинасы
*+қуық үстілік ойық
* кіндік сақинасы
! Медиалдық және латералдық кіндік қатпарының арасында қандай түзіліс бар?
* сыртқы шап ойығы
*+ ішкі шап ойығы
* сан сақинасы
* қуық үстілік ойығы
* кіндік сақинасы
! Латеральды кіндік қатпарының сыртқы жағынан қандай түзіліс орналасқан?
*+сыртқы шап шұңқыры
* ішкі шап шұңқыры
* сан сақинасы
* қуық үсті шұңқыры
* кіндік сақинасы
! A.mesenterіca іnferіor қандай қан тамырлар береді?
*+a.sіgmoіdea
* a.jejunalіs
* a.colіca dextra
* a.colіca medіa
* a.leocolіca
! Асқазан- тоқ ішек байламында қандай қан тамырлар өтеді?
* қысқа асқазандық
* сол жақ асқазандық
* оң жақ асқазандық
*+сол жақ асқазан шажырқайлық
* көкбауырлық
! Шап өзегінің артқы қабырғасы немен түзілген:
* шап байламымен
* іштің сыртқы қиғаш бұлшық етімен
*+көлденең шандырмен
* іштің ішкі қиғаш етімен
* іштің көлденең етімен
! Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы немен түзілген:
* шап байламына
*+іштің сыртқы қиғаш етінің апоневрозымен
* көлденең шандырмен
* іштің ішкі қиғаш етімен
* іштің көлденең етімен
! Асқазан – 12 елі ішек артериясы ненің тармағы?
* қолқаның
* төменгі шажырқай артериясының
* жоғарғы шажырқай артериясының
*+жалпы бауырлық артерияның
* меншікті бауырлық артерияның
! Ұйқы безінің кұйрығы немен қанданады?:
* жоғарғы шажырқайлық артериямен
* төменгі шажырқайлық артериямен
* сол жақтық асқазан артериясымен
* сол жақтық асқазан-шарбылық артериямен
*+көк бауырлық артериямен
! Колостомия қай көрсеткіштерде орындалады?
*+ішекті тазарту үшін
* ішек ішіндегіні сыртқа шығару үшін
* ісіктерді алып тастау үшін
* бөгде заттарды алу үшін
* ішек жарақаттарында
! Апппендэктомия кезінде қандай тілім жасалады?
* Черни тілімі
* Бергман-Израэль тілімі
* Федоров тілімі
*+Волкович-Дьяконов тілімі
* Рио-Бранк тілімі
! Асқазан резекциясында қолданалатын тілімді көрсет:
*+жоғарғы ортаңғы лапаротомия
* ортаңғы орталық лапаратомия
* төменгі ортаңғы лапаротомия
* оң қабырға доғасына параллель тілу
* сол қабырға доғасына параллель тілу
! Ішек анастомоздарына салынатын тігісті көрсет:
* тек қана сірі-ет тігісі
* тек қана Шмиден тігісі
* тек қана айналма тігісі
* тек қана Мультановский тігісі
*+2 қатарлық Альберт тігісі
! Пневмония кезіндегі іштегі ауырсыну сезімін немен түсіндіруге болады?
* іштің диафрагмалық нервтермен нервтенуімен
* іштің кезбе нервпен нервтенуімені
* іштің 6 төменгі қабырға аралық нервтермен нервтенуімен
* іштің симпатикалық нервпен нервтенуімен
*+іштің құрсақтық (күн) өріммен нервтенуімен
! "Медузаның басы" симптомы қайда анықталады?
* кеуденің қабырғасында
* бас сүйек күмбезінде
* мойын аймағында
*+кіндік маңында, іштің алдыңғы қабырғасында
* аяқта
! Тік ішекте қандай веналық анастомоздар бар?:
* кава-кавальдық анастомоз
*+порто-кавальдық анастомоз
* жоғарғы және төменгі қуыс веналар анамтомозы
* төменгі қуыс вена мен кіндік вена анастомозы
* анастомоз жоқ
! Жамбастың негізгі артериясы:
* сыртқы мықын артериясы
*+ішкі мықын артериясы
* ішкі жыныс артериясы
* төменгі шажырқай артериясы
* жалпы мықын артериясы
! Ішкі жыныс артериясы қай жерде тармақтар береді? :
* үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегінде
* алмұрт асты тесітің төменгі жиегінде
* жапқыш өзектен жоғарғы жиегінде
* бұлшық ет лакунада
* қан тамыр лакунада
! Төменгі шажырқайлық артерия жүйесінен қай қан тамыр басталады?
* аналық без артериясы
* аталық без артериясы
*+жоғарғы тік ішек артериясы
* ортаңғы тік ішек артериясы
* төменгі тік ішек артериясы
! Тік ішекті қанмен қамтамасыздандырады:
*+төменгі шажырқай артериясы
* жоғарғы шажырқай артериясы
* сыртқы мықын артериясы
* жапқыш артериясы
* жалпы мықын артериясы
! Бүйрекке жету үшін жасалатын тілім:
*+Федоров бойынша қиғаш тілу
* Кохер бойынша қиғаш тілу
* Черни бойынша қиғаш тілу
* Мак-Бурней бойынша қиғаш тілу
* Кер бойынша қиғаш тілу
! Несепағарға жету үшін жасалатын тілім:
* Рио-Бранко бойынша қиғаш тілу
* Бергман-Израэль бойынша қиғаш тілу
* Кохер бойынша қиғаш тілу
* Кер бойынша қиғаш тілу
*+Израэль –Бергман бойынша қиғаш тілу
! Несепағардың жамбас бөліміне жету үшін жасалатын тілім:
* Рио-Бранко бойынша қиғаш тілу
* Бергман-Израэль бойынша қиғаш тілу
* Кохер бойынша қиғаш тілу
*+шап аймағында Пирогов бойынша қиғаш тілу
* Кер бойынша қиғаш тілу
! Қуықтың келесі бөлімдері бар:
* басы
*+денесі мен түбі
* несепағарға өтетін бөлігі
* мойынша бөлімі
* шәует көпіршіктері
! Жамбастың қабырғалық бұлшық етіне жатады:
* мықын еті
* үлкен бөксе еті
* кіші бөксе еті
*+алмұрт тәрізді ет
* үлкен бел еті
! Жамбас жарғағын түзетін бұлшық ет:
* аралықтың терең көлденең еті
* аралықтың беткей көлденең еті
*+артқы тесікті көтеретін ет
* ішкі жапқыш еті
* шонданай еті
! Несеп-жыныс жарғағы етіне жатады:
*+аралықтың терең көлденең еті
* аралықтың қиғаш еті
* артқы тесікті көтеретін ет
* ішкі жапқыш ет
* шонданай еті
! Жатыр артериясын беретін қан тамырды көрсет:
* сыртқы мықын артериясы
* жалпы мықын артериясы
* сан артериясы
*+ішкі мықын артериясының алдыңғы тармағы
* құрсақтық қолқа
! Қуықтың төменгі артериясы басталады:
* жапқыш артериясынан
*+ішкі мықын артерияның алдыңғы тармағынан
* жалпы мықын артериясынан
* сыртқа мықын артериясынан
* құрсақтық қолқада
! Қуықтың жоғарғы артериясы басталады:
* жапқыш артериясынан
* ішкі мықын артерияның алдыңғы тармағынан
* жалпы мықын артериясынан
* сыртқа мықын артериясынан
*+кіндік артериясына
! Төменгі тік ішек артериясы басталады:
* сыртқы мықын артериясынан
* жалпы мықын артерияынан
*+ішкі жыныс артериясынан
* қуық артериясынан
* ішкі мықын артериясынан
! Жамбас қуысы немен шектелген?
*+жамбас сүйектерімен
* шат сүйектерімен
* ортан жілікпен
* сан сүйектермен
* бел омыртқалармен
! Жамбас қуысы немен шектелген?
*+сегіз көзбен
* шат сүйектерімен
* ортан жілікпен
* сан сүйектермен
* бел омыртқалармен
! Үлкен және кіші жамбас қуыстарын бір-бірінен қай жазықтық бөліп тұрады?
*+шекаралық сызық арқылы өтетін жазықтық
* қасағаның төменгі жиегі арқылы өтетін жазықтық
* отырғыш бұдырлары арқылы өтетін жазықтық
* мықын қанаты арқылы өтетін жазықтық
* жапқыш тесіктер арқылы өтетін жазықтық
! Жамбас диафрагмасын қай бұлшық ет құрастырады?
*+m.levator ani
* m.transversus profundus
* m.obturatorius internus
* m. coccygeus
* m. sphincter ani externus
! Жамбас диафрагмасының бұлшық еттері қандай қызмет атқарады?
* несеп түтігін бекітіп тұрады
* қуықты бекітіп тұрады
* қанның жамбас веналары арқылы ағуына жағдай жасайды
*+тік ішекті бекітіп тұрады
* тік ішектің шат аралық иілу бұрышының мөлшерін сақтап тұрады
! Жапқыш артериясы жапқыш өзегінің ішінде зақымдалғанда қанның көп кетуін немен
түсіндіруге болады?
* жапқыш артерияның ірі клибрімен
*+артерияның сыртқы қабырғасы шандырлы қынаппен тығыз бітісуімен
* артерияның қасында дамыған анастомоздар торы болуымен
* артерияның иірімделген сипатымен
* анастомоздардың жақсы дамуымен
! Әйел босанған кезде жапқыш өзектің кіре беріс деңгейінде жапқыш нервін не қысып
қалуы мүмкін?
*+нәрестенің басы
* жатыр мойнының ісігі
* сигма ішегінің ісігі
* қабынған және ұлғайған құрт тәрізді өсінді
* нервті ештеңе қыспайды
! Жоғарғы бөксе артериясына тән қандай ерекшеліктер бар?
* үлкен диаметрінің болуы
* жамбастан тыс бөлігінің ұзын болуы
* жамбастан тыс бөлімінің қысқа болуы
*+бұтақтарының көп болуы
* артерия қабырғасының айқын жиырылғыш қасиетінің болуы
! Жоғарғы бөксе артериясының зақымдануы немен қауіпті?
* бөксе аймағының ишемиясымен
*+артерия жамбас қуысына қарай жиырылып кетіп, жамбас қуысына қатты қан кету
мүмкіндігімен
* дамыған гематоманың шонданай нервін қысып қалуымен
* жыныс нервінің компрессиясымен
* жалған аневризма түзілу мүмкіндігімен
! Сол жақ несепағар жамбас қуысына өткен жерінде қай артериямен қиылысып өтеді?
* сыртқы мықын артериясын
* ішкі мықын артериясын
*+жалпы мықын артериясын
* құйымшақ артериясын
* аталық без артериясын
! Оң жақ несепағар жамбас қуысына өткен жерінде қай артериямен қиылысып өтеді?
* ішкі мықын артериясын
* жалпы мықын артериясын
*+сыртқы мықын артериясын
* құйымшақ артериясын
* аталық без артериясын
! Бөксе аймағында қанша бұлшық ет қабатын ажыратуға болады?
* бір
* екі
*+үш
* төрт
* бес
! Қай бұлшық ет үлкен шонданай тесігін екі бөлімге бөледі?
* ішкі жапқыш бұлшық ет
*+алмұрт тәрізді бұлшық ет
* егіз бұлшық ет
* сыртқы жапқыш бұлшық ет
* санның шаршы бұлшық еті
! Пудендальды өзек (Алькок өзегі) қай шандырдың жапырақшаларға бөлінуінен түзілген?
* сыртқы жапқыштық
*+ ішкі жапқыштық
* мықын-бел
* алмұрт
* жалпақ
! Алмұрт асты тесікте қай түзіліс медиальды орналасқан?
* шонданай нерві
* төменгі бөксе артериясы
* санның артқы терілік нерві
*+жыныс нерві
* төменгі бөксе нерві
! Алмұрт асты тесікте қай түзіліс латеральды орналасқан?
* төменгі бөксе артериясы
*+шонданай нерві
* жыныс нерві
* санның артқы терілік нерві
* төменгі бөксе нерві
! Жыныс нерві алмұрт асты тесіктен шыққаннан кейін қайда бағытталады?
*+кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек шұңқырына
* жапқыш өзегіне
* сан өзегіне
* шап өзегіне
* бөксе аймағының тері асты шелінде тармақталады
! Алмұрт асты тесіктен шыққаннан кейін шонданай нервтің проекциясын қай нүктеде
анықтауға болады?
* шонданай бұдырының медиальды жиегіндегі нүктеде
* шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың медиальды және
ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында
*+шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың ортасында
* шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың сыртқы және
медиальды ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында
* үлкен ұршықтан 4 см сыртқа қарай
! Ішкі мықын артериясының проекциялық сызығын анықтайтын сызық қай нүктелерді
қосады?
* кіндікті алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен
* екі жақтық алдыңғы жоғарғы мықын қылқандарын
* шат бұдырын кіндікпен
*+шап байламының ортасын кіндікпен
* шонданай бұдырын үлкен ұршықпен
! Ішкі мықын артериясын ішпердеден тыс жолмен жалаңаштау кезінде қандай тілім
жасалады?
* тек мықын тамырларының проекциялық сызығы бойымен
* шап байламына параллель және одан жоғары: тілімнің ортасы +артерияның
проекциялық сызығын кесіп өтетіндей болу керек
* кіндіктен шат симфизіне дейін
* ортаңғы сызық бойымен кіндіктен шат симфизіне дейін
* алдыңғы жоғарғы мықын қылқанынан жоғары, XII қабырғаның бос ұшына дейін
! Школъников— Селиванов—Цодекс бойынша анестезия қай жерден жасалады?
* шап байламының ортасынан
* үлкен ұршықтан 1 см ішке қарай
*+алдыңғы жоғарғы мықын қылқанынан 1 см ішке қарай , мықын сүйегінің бойымен
* алдыңғы жоғарғы мықын қылқанынан 1 см сыртқа қарай
* шап байламының сыртқы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында
! Школъников — Селиванов—Цодекс бойынша жамбас ішілік анестезияны жиі қай
жағдайда қолданады?
* бала босану қиындаған кезде
* жүктілік токсикозы кезінде
* жатыр ішіндегі жүктілік кезінде
*+жамбас сүйектерінің сынғанда
* жатырдан тыс жүктілік кезінде
! Жамбастың қай веналарында тромбоздар мен тромбофлебиттер жиі кездеседі?
* алдыңғы сегізкөз веналарында
* жамбастың оң жақтағы париетальды веналарында
* жамбастың сол жақтағы париетальды веналарында
*+жамбас мүшелерінің веналық торларында
* жамбастың оң жақ және сол жақ қабырғалық веналарында
! Мықын сүйек қанатының алдыңғы үштен бір бөлігі сынған кезде сынықтар қай бағытта
жылжижы?
*+сыртқа қарай
* ішке қарай
* жоғарыға қарай
* төменге қарай
* төменге және медиальды жаққа қарай
! Жатырдың жалпақ байламы қай жазықтықпен бағыттас?
* горизонтальды жазықтықпен
* сагиттальды жазықтықпен
*+фронтальды жазықтықпен
* бағдары белгісіз
* жатырдың жалпақ байламы екі жағында да алдынан артына қараы бағытталып
! Ішкі мықын артериясын байлау үшін Дешан лигатуралық инесін қай жақтан салған
дұрыс?
* лигатураны салу жағының маңызы жоқ
*+медиальды жақтан (ішкі мықын венасы жақтан)
* латеральды жақтан
* артерияны венамен бірге байлайды
* байлауға болмайды
! Жамбастың шелді кеңістігі қандай бөлімдерге бөлінеді?
* беткей және терең
*+ қабырғалық және висцеральдық
* алдыңғы және артқы
* алдыңғы және висцеральды
* латеральды және медиальды
! Қуықтың қабырғасын тіккенде кілегей қабатына тігіс салуға болады ма?
* міндетті түрде
*+ешқандай жағдайда тігіс салуға болмайды
* қуық қабырғасындағы дефектінің мөлшеріне байланысты болса ғана тігіс салуға болады
* қуықтың ұшында орналасқан дефектіні жою кезінде ғана кілегей қабатына тігіс
салынбайды
* тіндерде сіңетін жіптер қолданған кезде тігіс салуға болады
! Несепағар кіші жамбасқа өткен жерінде шекаралық сызықтың қай бөлігін қиып өтеді?
*+ортаңғы және артқы үштен бір бөлігінің шекарасында
* сызықтың ортасында
* алдығы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында
* несепағардың қиылысу сызығы өте ауыспалы
* шекаралық сызықтың алдыңғы үштен бір мен артқы үштен екі бөліктерінің
шекарасында
! Ішкі мықын венасы қай деңгейде қалыптасады?
* жапқыш өзекке кіре беріс жерде
*+үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегінде
* үлкен шонданай тесігінің төменгі жиегінде
* сегізкөз-мықын буыны деңгейінде
* кіші шонданай тесігінің жоғарғы деңгейінде
! Несепағар жатырдың жалпақ байламының қай жерінен өтеді?
* байламның жоғарғы бөлігінде
* жалпақ байламның орта тұсынан
* жалпақ байламның жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің тұсынан
* байламның төменгі және ортаңғы үштен бір бөліктерінің тұсынан
*+жатырдың жалпақ байламының негізінде
! Жатырдың жұмыр байламы қандай өзек арқылы өтеді?
* жапқыш өзек арқылы
* сан өзегі арқылы
*+шап өзегі арқылы
* пудендальды өзек арқылы (Алькок өзегі)
* әкелгіш өзек арқылы
! Шонданай-тік ішек шұңқырының жоғарғы қабырғасын не құрайды?
*+артқы тесікті көтеретін бұлшық ет
* шонданай сүйегі
* мықын сүйегі
* шат аралықтың беткей шандыры
* артқы тесік
! Шонданай-тік ішек шұңқырының ішкі қабырғасын не құрайды?
* артқы тесікті көтеретін бұлшық ет
* шонданай сүйегі
* мықын сүйегі
* шат аралықтың беткей шандыры
*+тік ішек
! Шонданай-тік ішек шұңқырының сыртқы қабырғасын не құрайды?
а) артқы тесікті көтеретін бұлшық ет
*+шонданай сүйегі
* мықын сүйегі
* шат аралықтың беткей шандыры
* тік ішек
! Жамбас қабырғасы мен мүшелерін қанмен қамтамасыздау көзі қандай топтарға бөлінеді?
*+ негізгі және қосымша
* біріншілік және екіншілік
* беткей және терең
* тұрақты және тұрақсыз
* магистральды және шашыранды
! Ішкі мықын артериясы қандай негізгі тармақтарға бөлінеді?
* беткей және терең
*+ алдыңғы және артқы
* латеральды және медиальды
* сыртқы және ішкі
* оң жақ және сол жақ
! Дуглас кеңістігіне қынаптың артқы күмбезіне тілім жасау кезінде скалпельді қалай
өткізу керек?
*+сагиттальды жазықтықта
* қатаң түрде горизонтальды бағытта
* төменнен жоғары бағытта
* жоғарыдан төмен бағытта
* сагиттальды жазықтықтан сыртқа қарай 15-30° бұрыш жасап
! Қай тармақты ішкі мықын артериясының висцеральды тармағына жатқызуға болады?
* жоғарғы тік ішек артериясын
*+ жатыр артериясын
* төменгі тік ішек артериясын
* ішкі жыныс артериясын
* жапқыш артериясын
! Қай тармақты ішкі мықын артериясының висцеральды тармағына жатқызуға болады?
* жоғарғы тік ішек артериясын
*+ төменгі қуық артериясын
* төменгі тік ішек артериясын
* ішкі жыныс артериясын
* жапқыш артериясын
! Қай тармақты ішкі мықын артериясының висцеральды тармағына жатқызуға болады?
* жоғарғы тік ішек артериясын
*+ортаңғы тік ішек артериясын
* төменгі тік ішек артериясын
* ішкі жыныс артериясын
* жапқыш артериясын
! Қай тамырларды ішкі мықын артериясының париеталъды тармақтарына жатқызуға
болады?
* мықын артериясын
* ортаңғы сегізкөз артериясын
*+жоғарғы бөксе артериясын
* жатыр артериясын
* төменгі қуық артериясын
! Қай тамырларды ішкі мықын артериясының париеталъды тармақтарына жатқызуға
болады?
* мықын артериясын
* ортаңғы сегізкөз артериясын
*+жапқыш артериясын
* жатыр артериясын
* төменгі қуық артериясын
! Қай деңгейде ішкі мықын артериясы алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді?
* сегізкөз-мықын буынының орта тұсында
* сегізкөз-мықын буынының жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында
* сегізкөз-мықын буынының ортаңғы және төменгі үштен бір бөліктерінің шекарасында
*+алмұрт тесігінің жоғарғы жиегінде
* шекаралық сызық деңгейінде
! Жамбастың веналары қандай топтарға бөлінеді?
* алдыңғы және артқы
*+париетальды және висцеральды
* беткей және терең
* сыртқы және ішкі
* жоғарғы және төменгі
! Қай деңгейде жалпы мықын веналары қосылып төменгі қуыс венасын қалыптастырады?
* мүйіс деңгейінде
*+ ІУ-У бел омыртқалар деңгейінде
* III—IV бел омыртқалар деңгейінде
* сегізкөздің орта тұсында
* II—III бел омыртқа деңгейінде
! Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы кезінде қандай асқыну жиі болады?
*+инемен тік ішек қабырғасын тесіп алу
* инемен жатыр қабырғасына түсу
* инемен жамбас сүйектерін жарақаттау
* инемен қуық қабырғасын тесіп алу
* инемен жамбас шелін тесіп алу
!Жамбас қуысы қандай сүйектермен қоршалады?
*+жамбас сүйектерімен
* қабырғалармен
* құйымшақпен
* сан сүйегімен
* бел омыртқаларымен
! Үлкен және кіші жамбасты бөлетін жазықтық?
*+шекаралық сызық деңгейіндегі жазықтық
* қасағаның төменгі жиегі арқылы өтетін жазықтық
* шонданай төмпешікпен өтетін жазықтық
* жамбас сүйегінің қырымен өткізілген жазықтық
* запқыш тесік деңгейіндегі жазықтық
!Жамбас диафрагмасын қандай бұлшық ет түзейді?
* m. iliopsoas
*+ m. levator ani
* m. transversus profundus
* m. transversus superficialis
* m. obturatorius interims
! Сол жактык несепағар жамбас бөлігіне өткенде қандай артериямен қиылысады?
* сыртқы мықын
* ішкі мықын
*+жалпы мықын
* құйымшақ
* барлық айтылған артериялармен
! Оң жактык несепағар жамбас бөлігіне өткенде қандай артериямен қиылысады?
* ішкі мықын
* жалпы мықын
*+сыртқы мықын
* құйымшақ
* барлық айтылған артериялармен
! Үлкен бөксе бұлшықетіндегі іріңдіктің таралуы?
* шектеулі
* жайылмалы
*+жамбас куысына
* бел аимағына
* құрсақ қуысына
! Үлкен шонданай тесікті қандай бұлшық ет екіге бөледі?
* ішкі жапқыш бұлшық ет
*+ алмұрт тәрізді бұлшық ет
* егіздер бұлшық еті
* сыртқы жапқыш бұлшық ет
* санның шаршы бұлшық еті
! Алмұртасты тесіктің медиальды жағында не өтеді?
* шонданай нерві
* төменгі бөксе артериясы
* санның артқы терілік нерві
*+жыныстық нерв
* төменгі бөксе нерві
! Алмұрт асты тесіктің латеральды жағында не орналасқан?
* төмнегі бөксе артериясы
*+отырғыш нерв
* жыныстық нерв
* санның артқы терілік нерві
* төменгі бөксе нерві
! Жыныстық нерв алмұрт асты тесіктен шыққан соң қайда барады?
*+кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек ойығына
* жапқыш өзекке
* Альков өзегіне
* шап өзегіне
* бөксе аймағының тері асты шеліне тармақталады
! Ішкі мықын артерияның проекциялық сызығы қай нүктелер арқылы өтеді?
* кіндік
* алдыңғы жоғарғы мықын қылқаны
*+үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегі
* шап байламының ортасы
* жамбас сүйегінің қыры
! Ішкі мықын артериясын жалаңаштау кезінде тілім қай жерден жасалады?
* мықын қан тамырларының проекциялық сызығы бойымен
* шап байламынан жоғары артерияның проекциялық сызығының ортасынан өтетін тілім
* кіндіктен қасағаға дейін
*+ортаңғы сызық бойымен кіндіктен қасағаға дейін
* мықынның алдыңғы жоғарғы өсіндісінен 12 қабырғаның бос ұшына дейін
! Школьников - Селиванов – Цодыкс әдісімен жансыздандырғанда иненің тесетін нүктесі
қайда орналасады?
* шап байламының ортасында
* үлкен ұршықтан 1 см ішке қарай
*+мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан 1 см ішке қарай
* мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан 1 см сыртқа қарай
* шап байламының сыртқы және ішкі үштен бір бөлігінің түйіскен жерінде
! Школьников-Селиванов-Цодыкс әдімен жансыздандырғанда иненің ұшы қандай
сүйекпен жылжып отырады?
* қасаға сүйегінің жоғарғы тармағымен
* жамбас сүйегінің қанатының сыртқы бетімен
*+мықын сүйегінің қанатының ішкі бетімен
* шонданай сүйектің ішкі бетімен
* сан сүйегінің ішкі бетімен
! Школьников – Селиванов – Цодыкс әдісімен жансыздандыру қандай жағдайда жиі
қолданылады?
* босану ауыр болғанда
* жүктілік токсикозында
* жатыр жүктілігінде
*+жамбас сүйекткрінің сынуында
* жатырдан тыс жүктілікте
! Қандай жамбас веналарының тромбозы мен тромбофлебиті жиі кездеседі?
* алдыңғы сегізкөз веналарының
* оң жақтағы париетальдық веналардың
* жамбастың сол жақтағы париетальдық веналарының
*+висцералдық веналық торларда
* жамбастың оң және сол жақ қабырғалық веналарының
! Жатырдың жалпақ байламасы қай жазықтықта жайғасады?
* горизонтальді жазықтыққа
* сагитальді жазықтыққа
*+фронталдық жазықтыққа
* белгісіз жазықтыққа
* жатырдың жалпақ байламасы алдан артқа қарай және сыртқа қарай 45° бұрышқа
бағытталған
! Ішкі мықын артериясын байлағанда Купер инесін қай жағынан енгізеді?
* кез келген жағынан
*+ішкі мықын вена жағынан
* сырт жағынан
* төменгі жағынан
* жоғарғы жағынан
! Жамбастың шелді кеңістіктері қандай топтарға бөлінеді?
* беткей және терең
* қабырғалық және терең
* алдыңғы және артқы
*+париетальді және висцеральді
* латеральді және медиальді
!Ішкі жамбастық шандыр қандай жапырақтар береді?
* беткей және терең
* қабырғалық және терең
* алдыңғы және артқы
*+париетальді және висцеральді
* латеральді және медиальді
! Ішкі жамбастық шандырдың жамбас қуысын бөлетін неше перделері бар?
* 1
* 2
*+3
* 4
* 5
! Ішкі жамбастық шандырдың жамбас қуысында қай пердесі тік ішекті жатырдан бөліп
тұрады?
* сагиталдық
* фронталдық
*+Денонвиль апоневрозы
* бүйірлік
* көлденең
! Жамбастың пердеастылық қабаттағы шелді май кеңістіктерін атаңыз:
* ішперде алдындағы
* қуықартындағы
*+тік ішек артындағы
* қабырғалық
* жатыр алдындағы
! Жамбастың париеталдық шелді кеңістіктеріне не жатады?
* ішперде алдындағы шел
* қуықартындағы шел
*+бүйірлік шел
* қабырғалық шел
* жатыр алдындағы шел
! Қуыққа тігіс салғанда шырышты қабатын алуға бола ма?
* міндетті түрде
*+болмайды
* қуықты кескен тілім үлкен болған жағдайда шырышты қабаты тігіске аланады
* қуықтың жоғарғы жағында болатын дефектіні тіккенде шырышты қабат тігіске
алынбайды
* денеге сіңіп кетпейтін тігіс салғанда шырышты қабат қосылып аланады слизистая
! Қуыққа тігіс салғанда шырышты қабатыннеге тігуге болмайды?
* шырышты қабат қабынады
* шырышты қабат жарақаттанады
* шырышты қабат жыртылады
*+шырышты қабаттағы тігіске тас жиналады
* шырышты қабат іріңдейді
! Несепағардың тарлығына байланысты қай жерлерінде тас тұрып қалады?
* қуықмаңы бөлігінде
*+интрамуральдық бөлігінде
* несепағардың қуыққа ашылған жерінде (шырышты бөлігінде)
* несепағардың орта тұсында
* несепағардың аналық артериясымен түйіскен жерінде
! Несепағар кіші жамбасқа өткен кезде қай қай сызықты кесіп өтеді?
* көлденең
* ортаңғы
* латералдық
*+шекаралық
* медиалдық
! Ішкі мықын вена қай жерде құралады?
* жапқыш өзегінің кіре берісінде
*+үлкен шонданай тесіктің жоғарғы жиегінің деңгейінде
* үлкен шонданай тесігінің төменгі жиегі деңгейінде
* сегізкөз-мықын буыны деңгейінде
* кіші шонданай тесіктің жоғарғы жиегінің деңгейінде
! Аналық бездің шажырқайы жалпақ байламасының қай жапрақшасына бекітілген?
* алдыңғы
*+артқы
* жоғарғы
* төменгі
* сыртқы
! Несепағар жатырдың жалпақ байламның қай деңгейінде өтеді?
* байламның жоғарғы жиегінен
* байламның ортасынан
* байламның жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінен
* байламның ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігінен
*+жатырдың жалпақ байламының төменгі жиегінің
! Қай каналдың ішінен жатырдың жұмыр байламы өтеді?
* жапқыш өзектен
* сан өзегінен
*+шап өзегінен
* жыныстық өзектен
! Ішкі мықын артериясы қандай тармақтарға бөлінеді?
* беткей және терең
*+париеталдық және висцералдық
* латеральді және медиальді
* сыртқы және ішкі
* оң және сол
! Қынап күмбезінің артқы бөлігі арқылы Дуглас кеңістігіне пункциясы кезінде инені қалай
жүргізу керек?
* сагитальді жазықтықта
* горизонтальді жазықтықта
*+төменнен жоғары
* жоғарыдан төмен
* сагитальды жазықтықтан 15-30 ° сыртқа қарай
! Ішкі мықын артериясының висцеральды тармақтарын атаңыз:
* жоғарғы қуық артериясы
*+жатыр артериясы
* жоғарғы тік ішектік артериясы
* ішкі жыныс артериясы
* жапқыш артериясы
! Ішкі мықын артериясының висцеральды