Тақырып №3 Перзентхана үйі: босану бөлімшесі.

Түсініктеме жазба

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқу барысында ұйымдастырылған оқу өндірістік тәжірибе «Емдеу ісі» мамандығын игеретін студенттерге арналған.

Тәжірибе жоспары мамандық бойынша құрастырылған жалпы оқу бағдарламасына сәйкес. Тәжірибе барысында теориялық сабақта өткен тақырыптар бойынша үйренген іс-әрекеттер бекітіледі. Мамандық бойынша тәжірибеге келесі тараулар кіреді:

- Босану. Босанудың басталу себептері. Босанудың клиникалық ағымы. «Қауіпсіз ана». Қынап арқылы босанудың технологиясы

- Іштегі нәресте гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Отбасын жоспарлау.

- Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы.

- Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілер гестозы. Ерте және кеш дамитын гестоздарды емдеу принциптері, босандырып алу мерзімдері.

- Жүктілік және экстрагениталдық аурулар.Жүктілік пен босану ағымының және оларды жүргізудің ерекшеліктері.

- Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен аурулары. Жүктілікті көтере алмаушылық. Ұзаққа созылған жүктілік. Көп ұрықты (іштегі нәресте) жүктілік.

Тәжірибелік бөлім екі кезеңде өту жоспарланған: әйелдер кеңесінде-поликлиника және перзентханада-стационар. Яғни, әйелдер кеңесінде студенттер жүкті әйелдерді жүктілігі бойынша есепке алу, жүктілік мерзімін анықтауды, әйелдерді қарап-тексеруді, оларға ашылған құжаттарды толтыруды, жүктілікті жүргізуді, зертханалық қорытындыларды оқуды жән сәйкес мамандардың кеңесіне жібере білуді игеруі керек. Сонымен қатар, әйелдерді босануға көмек ретінде психопрофилактикалық кеңес беру және жүкті әйел арасындағы қауып-қатер топтарын анықтау да студенттер үшін өте маңызды болып табылады.

Перзентхана үйінде босану әрекетіне қатысып, толғақты, ұрықтың жүрек соғысын бақылау, босану ағымын қадағалай білуі керек. Жылулық тізбек, теріге терінің жанасуын қадағалауды үйрену керек. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу туралы, қан кетудің алдын алуға тигізер пайдасы туралы білу керек, сонымен қатар босанғаннан кейінгі ерте кезеңде әйел мен нәресте жағдайын қадағалау.

Оқу-өндірістік жұмыс бағдарламасы Орблыстық Перинаталдық орталық Директоры Жұмашев Қ.Қ. талқыланып келісілді.

Тақырыптық жоспар

Жұмыс орны Күндер Сағат саны
  Әйелдер кеңесі:
Перзентхана үйі: Қабылдау бөлімі
Босану бөлімшесі
Жүкті әйелдер патология бөлімшесі
Босанғаннан кейінгі бөлімше
  Жалпы  

Тақырып №1 Жүкті әйелді есепке алу, жүктілікті анықтау, қадағалау, жүргізу, психопрофилактикалық кеңес беру, қауып-қатер топтарын анықтау, қосыша тексеру әдістері-УДЗ, доплерометрия.

Әйелдер кеңесінде жүкті әйелдерді есепке алу. Жеке бас картасын (№111 форма) және алмасу картасын толтырады. Анамнез жинайды (аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орны, жолдасы туралы мәлімет, нешінші жүктілік, нешінші босану, экстрагенитальді аурулары және т.б), акушердің қадағалауымен қынап айнасымен, қос саусақпен тексеріс жүргізеді, жағынды алады.

Медициналық қызметкердің қадағалауымен іштегі ұрықтың орналасуын, позициясын, жүрек қағысын табады. Теккірдің тоқтауы бойынша жүтілік мерзімін және босану мерзімін анықтайды. Жүктілік кезіндегі психопрофилактикалық сабақтарды өткізеді, босануға әйелді дайындады, таблица бойынша қауіп-қатер тобындағы әйелдерді анықтайды. Зертханалық анамнездердің тексеріс қорытындысын анықтауды үйренеді.

Тақырып №2 Перзентхана үйі

Қабылдау бөлімі. Жүкті әйелдердің құаттарымен танысу, салмағын өлшеу, қан қысымын анықтау, RW –ға және ВИЧ-ке, қан тобын және резус факторын анықтауға қан алу, босану тарихын толтыру. Акушер-гинекологтың қадағалауымен сыртқы акушерлік тексерісті жүргізу, жағынды алу, әйелді алғашқы тазалықтан өткізу.

Тақырып №3 Перзентхана үйі: босану бөлімшесі.

Толғақты қадағалау, ұрықтың жүрек соғысын бақылау, қан қысымын өлшеу, жалпы босанушы әйелдің жағдайын қадағалау. Толғатқан әйелге дұрыс кеңес беру: уақытында зәрге отыруға, дәретке баруына мән беру.

«Қауыпсіз ана» туралы мағлұмат беру, патограмма жүргізу, босануға серіктес адамының болуына қолдау көрсету, массаж жасау, әйелдің ауырсынуын жеңілдетеді. Босануға және босану әрекетінің үшінщі кезеңіне қатысып, белсенді жүргізуін үйреніп, білу. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде (2 сағ) әйелді бақылау.

Наши рекомендации