Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

ЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Туберкулез ауруының алдын алу»

Орындаған: Тұрсынбай Мереке

Медбикелік іс» мамандығы қолданбалы ғылым бакалавры

Топ студенті

ЫЗЫЛОРДА 2016 Ж

Туберкулез ауруының алдын алу» диплом жұмысы

Түйін сөздер:

Жөтел

Қан түкіру

Терлеу

Арықтау

Тәбеттің төмендеуі

Мазмұны:

1. Тақырып өзектілігі -1 бет

2. Зерттеудің мақсаты,міндеті -2 бет

3. Теориялық негізі -3-24 бет

4. Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері-5-9бет

5. Тыныс алу жүйесінің аурулары-10 бет

6. Туберкулез анықтамасы,патогенезі,клиникалық белгілері -10-13бет

7. Туберкулезге карсы дәрілер 13-16

8. Туберкулездің алдын алу шаралары-17 бет

9. Диагностикасы-17-23 бет

10. Туберкулезбен ауыратын науқастарды үйретудегі мейірбике рөлі 24-27 бет

11. Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау-28-32 бет

12. Зерттеуді жүргізу-32 -33 бет

13. Анализдеу-34-41 бет

14. Қысқартылған сөздер-42 бет

15. Ақпарат көзі-43

Тақырыптың өзектілігі

Бұл тақырыпты таңдаған себебім- қазіргі таңда әлемдік статистика бойынша дүние жүзінде туберкулез ауруының алдын алу қажет. Неліктен туберкулез ауруымен ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің м.а 2014 жылғы 22 тамызда №19 бұйрығы «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітілді (who.int/mediacentre/factsheets/).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны туберкулез микобактериясы инфекциясын жұқтырады. Жыл сайын әлемде 8 миллион 400 мың адам туберкулезбен ауырып, 2 млн. адам өмірімен қоштасады екен. Ем қабылдамайтын әpбip науқас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұқтырып үлгереді десек, дүниежүзінде әрбір минут сайын 1 адам осы кеселдің құрығына ілігіп жатады. Бірақ инфекцияны жұқтырғандардың 5-10 пайызының ағзасында ғана туберкулез бактериялары дамуы мүмкін. Республика медицинасын туберкулезге шалдыққандардың 75 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар құрайтыны алаңдатып отыр.( http://www.gazeti.kz/?p=19205)

Дүние жүзі бойынша 2013 жылы 1,5 млн әлемдегі туберкулез ауру 9 миллион адам қаза тапты.Соңғы 2 жыл көлемінде өлім саны азайған.

II.Зерттеудің мақсаты?

Қазіргі таңда «Туберкулез –әлемдік проблема» екендігін, өкпе ауруының пайда болуы,аурудың алғашқы белгілері,таралу жолдары мен сақтану жолдары туралы түсінік бере отырып , алдын алу,жеке бас гигиенасын сақтауға денсаулықты түзетуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

III.Зерттеудің міндеті

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

Зерттеу жүргізу объектісі

Анализдеу

Зерттеу қорытындысы

Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Жоспар:

Кіріспе

Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Негізгі бөлім

І.Туберкулездің анықтамасы

ІІ Адамда туберкулездің дамуына әсер етуші факторлар

ІІІ.клиникалық белгілері

ІV.Диагностикасы

V.Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер

VI.Туберкулездің алдын алу шаралары

Орытынды

Туберкулезбен ауыратын пациенттермен жұмыс жасаудағы мейірбикенің рөлі

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Қараған кезде тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт екені анықтала

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді. Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта – екі бөлік (жоғары және төмен). Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей: алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта – жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді ); оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін; артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Наши рекомендации