Интерннің өзіндік жұмысы.

CИЛЛАБУС

«Нефрология» модулі бойынша

Мамандығы:5В130100 «Жалпы медицина»

Ішкі аурулар бойынша интернатура дайындығына бағытталған

Практикалық сабақ: 90 (сағат)

ИӨЖ: 45 (сағат)

Емтихан: 13-14 семестр

Барлығы: 135 (сағат)

Курс: 7

Семестр: 13-14

Астана 2016 ж.

Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты- жөні Дәрежесі және лауазымы Басты ғылымдық қызығушылықтары
1. Айнабекова Баян Алькеновна Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор нефрология  
2. Туребеков Думан Кажибаевич Доцент, №1 қалалық аурухананың нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д. нефрология
3. Гаипов Абдужапар Эркинович «ҰҒМО» АҚ экстракорпоральды гемокоррекция бөлімінің басшысы , м.ғ.к, ассоциирленген профессор нефрология
4. Магзумова Гульвира Ерсаиновна №2 қалалық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ассистент нефрология

Байланыс ақпараты:Кафедра «ҚР ІІМ Орталық госпиталі емханамен» ММ базасында орналасқан, мекенжайы: Кабанбай батыр даңғылы, 66; телефон: 704958; e-mail [email protected]

Оқытудың қорытынды нәтижелері:

А. Интерн білуі керек және түсінуі керек:

1. Терапиялық негізгі аурулардың клиникалық симптоматикасы;

2. Ішкі аурулардың синдромальды диагностикасын;

3. Ішкі аурулардың патогенезін.

В. Интерн өзінің білімі мен түсінігін қолдана білуі керек:

1. Науқастың шағымдарын, анамнезін жинау кезінде;

2. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауда;

3. Ішкі аурулардың синдромальды диагностикасы, жетекші синдромды бөлумен;

4. Жетекші синдром бойынша ажыратпа диагностика жүргізу.

С. Интерн өзінің білімі мен түсінігін қолдану арқылы тұжырым жасай білуі керек:

1. Синдромдарды негіздеуде;

2. Жетекші синдромды бөлу және негіздеу кезінде;

3. Жетекші синдром бойынша ажыратпа диагностика жүргізу барысында нозологияларды таңдап алуды негіздеуде.

4. Науқаста зерттеу жоспарын негіздеуде.

D. Интерн коммуникативті қабілетті меңгеруі керек:

1. Альтуризм, мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік, шынайылық, дәрігерлік құпияны сақтау сияқты кәсіптік құндылықтарды құрметтеуді дамыту;

2. Науқастармен, дәрігерлермен, әріптестерімен, жұмыс істеу барысында дәрігерлік этика және деонтология ережелерін сақтай білуі керек;

3. Командада жұмыс істей білуі керек және көсбасшылық қасиетке ие болуы керек.

Е. Интерн оқуға қабілетін көрсете білуі керек:

  1. Ажыратпа диагностика жүргізуге қажетті материалды өздігімен оқи білуі керек;
  2. Этиологиялық мүмкін себептер тізімін жасай білуі керек;
  3. Науқастағы аурудың патогенезін негіздей білуі керек;
  4. Науқасты зерттеу алгоритмін жасай білуі керек;
  5. ИӨЖ сабақ уақыты кезінде толық орындауы керек.

Модульге енетін пәндердің тізбесі және әрбір пәннің сағат саны:

Модульге енетін пәндер атауы Сағат саны Аудитория-лық сабақтар ИӨЖ Межелік бақылау түрі
1. Клиникалық зертханалық диагностика 1 кезең: билет бойынша ауызша сұрау 2 кезең: науқасты қарау бойынша клиникалық кезеңді өткізу
2. Визуальды диагностика
3. Клиникалық фармакология
4. Нефрология

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Өткізу түрі Сағат
Клиникалық зертханалық диагностика
1. Бүәректердің функциясын зертханалық анықтау әдістері: ЖҚА, қанның биохимиялық анализі, ЖЗА, альбумин/креатининдік индекс, тәуліктік протеинурия, Зимницкий, Нечипоренко сынамалары, креатининнің тәуліктік клиренсі, ақуыз-жүктемелік сынама. Қанның су-электролиттік және қышқыл-негіздік күйі (гипо/гипернатремия, гипо/гиперкалиемия, ацидоз/алкалоз). Бүйректің жіті зақымдануының маркерлері (Cystatin-C, KIM-1, NGAL, IL-18). ANCA, ANA, ENA, AntiGBM. ауызша сұрау, сұхбаттасу, шағын топта жұмыс істеу, науқастарды зерттеу нәтижелерін талдау
2. Бүйрек ауруларының диагностикасында қолданылатын микробиологиялық, морфологиялық, молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері: зәрдің бактериологиялық анализі, бүйрек тінінің морфологиясы, жарықты, иммунды-флюоресцентті және электронды микроскопия (нефриттердің морфологиялық варианттары) ауызша сұрау, сұхбаттасу, шағын топта жұмыс істеу, науқастарды зерттеу нәтижелерін талдау, кері байланыс
Визуальды диагностика
1. Бүйрек аурулары кезінде қолданылатын ультрадыбыстық радиоизотопты зерттеу әдістері: бүйректі УДЗ, бүйрек қан тамырларын УЗДГ, зәр шығару жүйесін КТ және МРТ, экскреторлы урография, бүйректердің сцинтиграфиясы. Бүйректің биопсиясы, жүргізу әдістемесі, көрсетілімі және қарсы көрсетілімі, науқастарды биопсияға дайындау және биопсиядан кейін бақылау (болуы мүмкін асқынулар және оның алдын алу). ауызша сұрау, сұхбаттасу, шағын топта жұмыс істеу, науқастарды зерттеу нәтижелерін талдау, кері байланыс
Клиникалық фармакология
1. Бүйрек ауруларын емдеудің негізгі қағидалары. Нефротоксикалық препараттар. Шумақшалық фильтрация жылдамдығын ескерумен мөлшерлеуді қажет ететін препараттар. Диуретиктер, жіктемесі, әсер ету механизмі, көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері. Бүйрек аурулары кезіндегі антибактериялық терапия. Көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, жағымсыз әсерлері, енгізу жолдары. Емдеуге және алдын алуға арналған мөлшерлемелері. ауызша сұрау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу, пікірталастар
2. Бүйрек аурулары кезіндегі патонездік терапия. Иммуносупрессиялық препараттар, жіктемесі, әсер ету механизмі, көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, жағымсыз әсерлері, енгізу жолдары. Емдеуге және алдын алуға арналған мөлшерлемелері. Индукциялық және сүйемелдеуші терапия. ауызша сұрау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу, пікірталастар, кері байланыс
Нефрология
1. Бүйректің және зәр шығару жолдарының қалыптыдағы және патологиядағы анатомиясы және физиологиясы. Нефронның анатомиясы және гистологиясы, “macula densa” және каналшалардың физиологиясы. Зәртүзудің және зәрдің қоюлануының физиологиясы (бүйректің ағымға қарсы-көбейтуші каналшалық жүйесі), су-электролиттік алмасу, гормондар және бүйрек. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі. Минеральды-сүйектік алмасудың реттелуі (фосфор-кальций алмасуы). Су-электролиттік алмасудың реттелуі. Қышқыл-негіздік баланстың реттелуі. ауызша сұрау, кезекшідік бойынша баяндама жасау, шағын топта жұмыс істеу, науқастарды зерттеу нәтижелерін талдау
2. Бүйректің созылмалы аурулары: анықтамасы, жіктемесі, қауіптердің стратификациясы, диагностикасы. Біріншілік және екіншілік пиелонефриттер. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талдау
3. Жіті және созылмалы тубуло-интерстициальды нефриттер. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу
4. Диабеттік нефропатия. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. Подагралық нефропатия, подагра кезінде бүйректің зақымдану түрлері. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, зерттеу нәтижелерін талдау
5. Нефротикалық синдром. Этиологиясы, патогенезі. Екіншілік амилоидоз, парапротеинемиялар және қатерлі ісктер, инфекциялық эндокардит кезіндегі ерекшеліктер. Клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талдау
6. Жіті және тез үдемелі гломерулонефриттер, нефротикалық синдром. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, зерттеу нәтижелерін талдау
7. Созылмалы гломерулонефрит. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, зерттеу нәтижелерін талдау
8.. Жүктілік кезіндегі бүйрек физиологиясының ерекшіліктері. Жүктілердегі бүйрек аурулары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Гестоздық пиелонефрит, жүктілердегі гипертония. Бүйректің созылмалы аурулары. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, ситуациялық есептерді шешу, шағын топта жұмыс істеу, науқастарды зерттеу нәтижелерін талдау
9. Бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі. Этиологиясы, патогенезі, жаңа жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. Контрастпен туындатылған нефропатия, алдын алуы, диагностикасы, емі. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, ситуациялық есептерді, тест тапсырмаларын шешу, шағын топта жұмыс істеу
10. Бүйректің функциясының созылмалы жеткіліксіздігі. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық-диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. Гемодиализ. Перитонеальды диализ. Бүйрек трансплантациясы. Жүргізу әдістемесі. Көрсетілімі, қарсы көрсетілімі, асқынулары. ауызша сұрау, кезекшілік бойынша баяндама жасау, клиникалық талдауға қатысу, шағын топта жұмыс істеу
  Межелік бақылау    
  Барлығы:  

Интерннің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Өткізу түрі Тапсыру мерзімдері Сағат
Клиникалық зертханалық диагностика
1. Шумақтық фильтрацияны анықтау, диагностикалық маңызы презентация, курация, зертханалық зерттеу нәтижелерін талдау, медициналық құжаттарды толтыру модуль компоненттің аяқталуына дейін
2. Гломерулонефриттің морфологиялық ажыратпа диагностикасы презентация, курация, зертханалық зерттеу нәтижелерін талдау, медициналық құжаттарды толтыру модуль компоненттің аяқталуына дейін
Визуальді диагностика
1. Бүйректерді және қуықты рентгендік зерттеу әдістері презентация, курация, рентгендік зерттеу нәтижелерін талдау, медициналық құжаттарды толтыру модуль компоненттің аяқталуына дейін
Клиникалық фармакология
1. Подагралық нефропатияның емі презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру науқасты доценттің, бөлім меңгерушісінің қарауына дайындау, зертханалық, аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
2. Нефротоксикалық препараттар презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, консилиумдарға қатысу, зертханалық, аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
Нефрология
1. Зәр синдромының ажыратпа диагностикасы презентация, курация, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
2. Бүйрек туберкулезі. Этиологиясы, патогенез,.жіктемесі, клиникалық- диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
3. Бүйректің қатерсіз және қатерлі ісіктері. Этиологиясы, патогенез,.жіктемесі, клиникалық- диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
4. Жүйелі аурулар кезіндегі бүйрек. Этиологиясы, патогенез,.жіктемесі, клиникалық- диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
5. Нефротикалық синдромның ажыратпа диагностикасы презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
6. Бүйректердің биопсиясы. Көрсетілімдері, жүргізу әдістемесі. презентация, курация, науқасты клиникалық талдауға дайындау, функциялық диагностика бөлімшесінде жұмыс істеу модуль компоненттің аяқталуына дейін
7. Бүйрек амилоидозы. Этиологиясы, патогенез,.жіктемесі, клиникалық- диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
8. Бүйректердің паранеопластикалық зақымдануы. Этиологиясы, патогенез,.жіктемесі, клиникалық- диагностикалық, ажыратпа диагностикалық критерийлері. Емі. презентация, курация, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау модуль компоненттің аяқталуына дейін
9. Бүйрек трансплантациясы. Көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, науқасты дайындау, асқынулар презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау, арнайы функциялық диагностика кабинеттерінде жұмыс істеу модуль компоненттің аяқталуына дейін
10. Бүйрек трансплантациясы жасалған науқасты бақылау презентация, курация, медициналық құжаттарды толтыру, қосымша зерттеу нәтижелерін талдау, модуль компоненттің аяқталуына дейін
  Барлығы:    

Интерннің өзіндік жұмысы.

· Интерннің оқу уақыты кезіндегі өзіндік жұмысы:

- бөлімщеде жұмыс істеу: науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патолоанатомиялық конференцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде және жансақтау бөлімінде дамыған шұғыл жағдайларда науқасқа көмек көрсету, ауруханада кезекшілік атқару, консилиумдарға қатысу;

- клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты дайындау;

- конференцияға тақырыптық баяндамалар дайындау;

- медициналық құжаттарды толтыру (соның ішінде электрондық медициналық статистикалық жүйені);

- санитарлық-ағарту жұмысына дәрігерге қажетті көлемде қатысу;

- кафедрада студенттердің ғылыми ұйымына қатысу, ғылыми конференцияларда баяндама жасау;

- ғылыми-практикалықконференцияларға, симпозиумдарға және т.б. қатысу;

- функциялық диагностика жасаудың мамандандырылған кабинеттерінде жұмыс атқару (УДЗ, МРТ, КТ, рентгенкабинетте, эндоскопия кабинетінде немесе бөлімшесінде);

· Интерннің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы:

- арнайы медициналық әдебиетті оқу;

- электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде Ғаламтордағы медициналық порталдармен, жұмыс жасау;

- медициналық статистика және есеп беру негіздерін зерттеу;

- жеке компьютерлермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- интерндердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары бойынша дайындалған презентацияларды орындау.

Саясаты және іс шаралары:

Интернатура бұл медициналық білім берудің жоғары ұйымдары орындайтын, белгілі бір мамандық бойынша, медициналық жоғарғы оқу орындары студенттерінің 2 жылдық оқуы.

Жалпы талаптар: тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті түрде болып табылады. Жіберілген сабақ саны 72 сағаттан көп болса, интерн оқу тәртібін бұзғаны үшін интернатурадан шығарылады. Жіберілген сабақтар сабақтардың сынағымен, мұғалімнің келісімімен өтеледі.

Оқушылар тақырып алдында оқу материалын тауып, жазбаша түрде өтетін сұрастыруға дайындалып келу керек.

Білім мен тәжірибелік дағдыны бағалау ағымдық және қорытынды бақылау арқылы жүргізіледі. Жазбаша түрде сұрастыру сабаққа қатысу мен білімді ағымдық бақылауды құрайды.

Межелік бақылау ауызша сұрастыру және науқас бойынша клиникалық кезеңнен өткізу түрінде өтеді. Межелік бақылаудың кез-келген кезеңінде қанағаттанарлықсыз баға алынса, қорытынды баға «0» болады. Жазбаша сұрастыру кезінде қолданылатын бақылау сұрақтары емтихан сұрақтары болып табылады. Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері (сәйкес бөлімді қараңыз ).

Жұмыс бөлімдері орындалмаған кездегі айып шаралары: қайта тапсыру 2 реттен көп емес. Қайта тапсыру білім беру ұйымының саясатына сәйкес жүргізіледі. Дәрігер-интерн себепсіз сабақты босатып, конференцияларға қатыспай, түнгі кезекшілік пен тестілеуден өтудің жоспарын орындамаса ішкі аурулардың ағымдағы циклі бойынша автоматты түрде журналға «қанағаттанарлықсыз» (0 балл) қойылады.

Межелік бақылау бағасын апелляциялау ережелері

Межелік бақылау нәтижесімен келіспеген білім алушы нәтиже жарияланған күні комиссиялық қарауға қажетті сұрақты көрсете отырып, Университеттің интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканаттың деканына апелляция беруге құқығы бар.

Өтініште модуль оқытушысының визасы болуы керек:

Оң шешім қабылданған жағдайда пәндік апелляциялық комиссия құрамы және апелляцияға жіберілген білім алушылардың тізімі туралы нұсқау беріледі. Нұсқаулықта апелляцияның өткізілу күні белгіленеді.

Пәндік апелляциялық комиссияның шешімі кафедра мәжілісінің хаттамасымен бекітіледі. Апелляция қорытындысы бойынша алынған баға білім алушының жеке емтихандық тізіміне енгізіледі.

Пәндік аппеляциялық комиссияның хаттамасы деканатта, көшірмесі кафедрада сақталады, жеке емтихан тізім парағы офис тіркеушіге өткізіледі. Апелляцияға беруге болатын критерийлер:

- сұрақтар оқу бағдарламасынан тыс;

- сұрақтардың құрастырылуы дұрыс емес.

Ескерту: Студенттің жауап парағында студеттің және емтихан алушының қолы болуы керек. Жауап парағына студенттің және емтихан алушының қолы қойылмаған болса, өтініш қарастырылмайды.

Дебиеттер

а) негізгі:

1. Струтынский А.В., Баранов А.П., Ройтберг Г.Е., Гапоненков Ю.П. Основы семиотики заболеваний внутренних органов: атлас. – М., 1997.

2. Делягин В.М., Румянцев А.Г. Дифференциальная диагностика внутренних болезней в практике семейного врача. – М.: МАКС Пресс, 2001.

3. Внутренние болезни по Т.Р. Харрисону в 10 т. под ред. Э.Фаучи, Ю.Браунвальда. – М., Практика, 2005.

4. Хили П.М., Джекобсон Э.Дж. Дифференциальный диагноз внутренних болезней: алгоритмический подход. – М.: Бином, 2003.

5. Внутренние болезни в 2-х т. / под ред. Н.А.Мухина, В.С.Моисеева, А.И.Мартынова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

6. Справочник практического врача / под ред. А.И.Воробьева. – М., 2002.

7. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия: руководство для врачей. – М.: Универсум, 1993.

8. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск VIII. – М., 2007.

9. Терапевтический справочник Вашингтонского университета: пер. с англ. – СПб, 1995.

10. Сборник клинических протоколов по профилю терапия, разработанный в 2014г. Издание 1/ РЦРЗ МЗ и СР РК. – ТОО «Литера», 2015.

б) қосымша:

1. Нефрология. Клинические рекомендации. Под ред. Шилов Е.М., Смирнов А.В., Козловская Н.Л. – М.: ГЭОТАР-Медиа. – 2016. - 816 с.

2. Интервенционная нефрология. А. Азиф, А. К. Агарвал, А.С. Евзлин – М.: Дестион. – 2015. - 768 с.

3. Нефрология и водно-электролитный обмен. Руководство. В. Оу, Ж-П. Гиняр, Ш.Баумгарт – М.: Логосфера. – 2015. - 344 с.

4. Нефрология. Руководство для врачей. В 2-х томах. Том 1: Заболевание почек. Рябов С.И., Ракитянская И.А. – СПб.: СпецЛит. – 2013. - 767 с.

5. Нефрология. Руководство для врачей. В 2-х томах. Том 2: Почечная недостаточность. Рябов С.И. – СПб.: СпецЛит. – 2013. - 232 с.

6. Нефрология. Национальное руководство. Под ред. Н.А. Мухина. — М.:ГЭОТАР-Медиа. — 2009. - 720 с.

7. Рациональная фармакотерапия в нефрологии: Руководство для практикующих врачей / Под общей ред. Н.А.Мухина, Л.В.Козловской, Е.М.Шилова. — М.: Литера — 2006. - 896 с.

8. Наглядная нефрология. Каллагхан К.А., Перевод Е.М.Шилова. М.: ГЭОТАР-Медиа — 2009.- 128 с.

Наши рекомендации