Балалар жұқпалы аурулары__ каз

Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз

$$$001

Балада АКДС екпесінен кейін алғашқы екі тәуліктен соң аллергиялық бөртпе, дене қызуының 38 градустан жоғарлауы, «милық айғай» пайда болған. Иммунизация жалғасуы мүмкін:

А) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС-М анатоксинімен

В) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС анатоксинімен

С) Кеш дайындықпен АКДС-екпесімен

D) Кеш дайындықсыз АКДС-екпесімен

Е) Күнтізбе бойынша дайындықсыз АКДС-екпесімен

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(приказ № 636 Перечень временных и постоянных медицинских противопоказаний к проведению профилактических прививок)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$002

3 айлық бала, салмағы 5,0 кг, ЖРА басынан өткерді, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С дейін жоғарылаған. Дене қызуын төмендету үшін, нені тағайындау қажет:

А) Сулы тәртіп, парацетамол - 0,01г

В) Физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,025г

С) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,05г

D) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 0,9% физ.ерітінді, парацетамол - 0,1г

Е) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$003

8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты қаралуға келді. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тістері жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде шаштары қырқылған, қабырға шеттері айқындалған. Балғашамен асық жіліктің басын ұрғылау кезінде табанның еріксіз бүгілуі оң болды, ол бір сәтте аяқтың сыртқа бүгілуіне әкелді және балғашамен ұру кезінде жауап ретінде бет нервісінің жиырылуы да байқалды.Осы кездегі шұғыл шаралар:

А) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 1,8 мл к/і

В) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 2,5 мл к/і

С) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,2 мл к/і

D) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,8 мл к/і

Е) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 0,5 мл peros

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$004

2 жастағы бала, салмағы 12 кг. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептеңіз:

А) 80 мг

В) 100 мг

С) 120 мг

D) 140 мг

Е) 160 мг

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

Неонатология_каз

$$$005

Нәрестелердің жетілу дәрежесі қай межемен бағаланады:

A) Апгар

B) Сильверман

C) Довнес

D)Крамер

E) Баллард

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$006 Баланың туғанына 1 күн болған. Қарау кезінде тері жабындыларының сарғыштығы анықталды. Анамнезінен бала 3-ші жүктіліктен, 2- жедел босанудан екені анықталды.1-я жүктілік – медициналық аборт, 2-ші жүктілік – босану, 3-ші жүктілік – қазіргі. Анасының қан тобы А (II), резус-теріс. Осы жүктілік кезінде анти-Rh-антиденелерінің титрі 1/64 болған. Қосымша зерттеу барысында анықталды: қан анализінде – Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет . – 26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э – 2 %, т.я. – 1 %, С – 62 %, Л – 27 %, М – 8 %. Нормобласттар 2 нің 100 қатынасы. Қан анализін билирубинге тексеру: кіндік қанындағы тура емес билирубин деңгейі 80 мкмоль / л, Туғаннан кейін 6 сағаттан соң жалпы билирубин деңгейі – 160 мкмоль / л, тура емес – 158,4 мкмоль /л, тура – 1,6 мкмоль / л.Баланың қан тобы - B(III), резус – оң. Кумбс сынамасы тура оң. Баланы жүргізудегі тактикаңыз:

A) Фототерапия, инфузионды терапия

B) Қанды ауыстырып құю

C) Фенобарбитал, адсорбенттер

D)Инфузионды терапия, фенобарбитал

E) Өт айдаушы препараттар, фенобарбитал

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$007 Нәрестенің сол жақ қолы денесіне жабысқан, шыңтағы жазылған, ішке бұрылып, иық буынында ротацияланған, білекте пронацияланған, қол басы алақандық бүгілуде артқа және сыртқа бұралған қалпында жатыр. Басы бүйіріне бұрылған, мойны қысқа сияқты, көп көлдеңен қатпарлармен, айқын суланумен. Қандай патология орын алған:

A) Дежерин—Клюмпке салдануы

B) Кофферат синдромы

C) Бернар—Горнер синдромы

D)Дюшенн—Эрб салдануы

E) Жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$008 Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды.Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалтыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Бұл ауруды қандай жағдаймен ажырату керек:

A) Тромбоцитопениялармен

B) ДВС-синдроммен

C) Жұтылған қан синдромымен

D)А,В гемофилиясымен

E) Ішек инвагинациясымен

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$009 Ұл бала 32 аптасында дене массасы 1600 г. салмақпен туды.Тыныс алудың қиындау бірден басталып, біртіндеп өсе бастады.Нәрестенің анасы (3-ші жүктілік, 2-ші босану, анамнезінде қолдан түсік жасау болған жоқ) алдындағы баладан гиалинді мембраналар ауруына байланысты айырылып қалды. 6 сағат өткен соң баланың тыныс алу жиілігі минутына 60 рет болды. Қарау кезінде: сырылды тыныс алу, қабырғааралықтың ішке кірігуі, мұрын қанаттарының керілуі және айқын цианоз байқалады. Бұндай ауытқулар көрсетілген мәліметтермен қатар кездеседі:

A) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, сол жақ- оң жақ шунт

B) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, оң жақ-сол жақ шунт

C) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің көбеюі, сол жақ- оң жақ шунт

D)өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің азаюын, сол жақ- оң жақ шунт

E) өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің көбеюі, оң жақ-сол жақ шунт

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$010 Нәрестеде туғаннан кейін 1 минуттан соң ретсіз тыныс, ЖСЖ 100 рет минутына, қалпы жартылай флексия, акроцианоз байқалды. Табанында тітіркенуге жауап береді. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

A) 1 балл

B) 3 балл

C) 5 балл

D)7 балл

E) 9 балл

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

Пульмонология_каз

$$$011

Муковисцидоз кезінде бездің шығару өзегінің артық шырышының тұтқырлығы немен байланысты?

A)Клеткаларда мукополисахаридтердің жиналуы

B)Клеткаларда гликозаминогликандардың жиналуы

C) Клеткаларда сутегі иондарының жиналуы

D)Клеткаларда калий иондарының жиналуы

E)Клеткаларда хлор иондарының жиналуы

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$012

Өкпенің тума ақауы дамуымен созылмалы бронхөкпелік ауруымен ауыратын 14 жастағы балада дәрігер өкпенің төменгі шекарасындағы ұсақ терілік венаның кеңеюін анықтады. Дәрігер қандай симптом анықтағанын көрсетіңіз:

A) Дамуазо сызығы

B) Домбровский симптомы

C) Гарленд симптомы

D) Франк симптомы

E) «Медуза басы»

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$013

Балаға 1,5 ай. Ол жөтеледі, дене температурасының 37,5 0С дейін жоғарылауы байқалады. Тыныс жиілігі 62 рет минутына. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде тарылу барына дәрігер назар аударды. Аускультация кезінде – өкпеде айқын ылғалды сырылдар естіледі. «Сұйық нәжіс бар ма?» деген сұраққа анасы теріс жауап берді. Сіздің шараңыз:

A) Стационарға госпитализациялау

B) Қажет антибиотикты тағайындау және үйде қалдыру

C) Парацетамол тағайындау және үйде қалдыру

D) Кеуде клеткасының рентгенографиясын жасау

E) Сальбутамол беру және үйде ем тағайындау

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Карманный справочник ВОЗ оказание стационарной помощи детям, 2009 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$014

Балаға 2 жас. Қазіргі салмағы 13 кг. Оральді регидратация көлемі қандай:

A) 750 мл

B) 1300 мл

C) 1000 мл

D) 1150 мл

E) 1350 мл

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Карманный справочник ВОЗ оказание стационарной помощи детям, 2009 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$015

Жаңа туған 5 күндік сәбиде өт аралас құсу байқалады. Бала мазасыз, іші кеңейген, тері жабындылары құрғақ және бозғылт. ТАЖ-70 рет минутына, тыныс алғанда кеуде клеткасының төменгі бөлігінің тарылуы байқалады. Өкпедегі тыныс әлсіреген, екі жақтан да ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Туғаннан кейін меконийдің шығуы болған жоқ, осыған байланысты тазарту клизмасы жүргізілді, нәжісі тұтқыр, жабысқақ. Осы ауруда асқазан-ішек жолының зақымдану себебі қандай:

A) Ащы ішектің шырышты қабатының ишемиясы

B) Механикалық ішек өтімсіздігі

C) Трипсиннің болмауы

D) Қалтқы иннервациясының бұзылысы

E)Өт шығару жолдарының атрезиясы

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$016

Балаға 5 жас, стационардан 4 күн бұрын шығарылған, онда 10 күн бойы пневмониямен емделген. Жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы 39 0С дейін мазалайды. ТАЖ 40 рет минутына, ЖСЖ 100 рет минутына. Vқабырғааралығында жауырын сызығы бойынша перкураторлы дыбыстың қысқаруы, осы жерде әлсізденген тыныс, сырыл жоқ. Рентгенографияда – үшбұрыш формалы гомогенды біртекті қараю бар, синусы бос. Сіздің диагнозыңыз:

A) Ауруханаішілік ошақты-қосылған пневмония, жедел ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған.

B) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, жедел ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған.

C) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, созылыңқы ағым, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған.

D) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, жедел ағым, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған.

E) Ауруханаішілік ошақты-қосылған пневмония, созылыңқы ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған.

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Гастроэнтерология_каз

$$$017

Жара ауруы бар науқаста ауырсыну ас қабылдаудан біраз уақыттан кейін байқалады, ауырсынудың орналасуыөсемсе тәрізді өсіндісінің астында,сонымен қатар осы жерде Мендель симптомы оң. Құсу байқалмайды. Жараның орналасу жерін көрсет:

A) Асқазанның кардиальді бөлімі

B) Асқазанның антральді бөлімі

C) Ұлтабар буылтығы

D) Он екі елі ішектің постбульбарлы бөлімі

E) Асқазанның кіші иілімі

{Дұрыс жауап}= A

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$018

Іш өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

A) Муковисцидозға

B) Лактаза жетіспеушілігіне

C) Целиакияға

D) Экссудативті энтеропатияға

E) Созылмалы энтероколитке

{Дұрыс жауап}=D

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$019

10 жастағы қыз балаға асқазанды фракционды зондтау зерттеуін жүргізді. тұз қышқылы базальді секрециясының дебит уақыты- 3,5 ммоль/л, қоздырушы фракциялары – 4,0 ммоль/л. Асқазанның қышқыл түзу қызметін бағала:

A) Сақталған

B) Жоғарлаған

C) Төмендеген

D) Базальді фракцияларында төмендеген, қоздырушы фракцияларында

сақталған

E) Осы сұраққа жауап беру үшін берілген мағлұматтар аз болып келеді

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$020

Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жастағы балада стрессті жағдайдан кейін (мектептегі бақылау жұмысы), іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен белдемелі ауырсыну,жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Іштің пальпациясында Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң болды. Биохимиялық қан анализінде амилаза мөлшері жоғарлаған. Патологиялық процесстің негізінде жатқан маңызды патогенетикалық механизмі болып не табылады:

A) Асқазан сөлінің гиперсекрециясы

B) Протеолитикалық ферменттердің активациясы

C) Өттің гиперпродукциясы

D) Май қышқылдар синтезінің жоғарлауы

E) Гюкагонның гиперпродукциясы

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$021

13 жастағы қыз бала іштің өтуі- күніне 4-5 рет, қан араласқан, жалған сезім, дене салмағының төмендеуі, тізе және жамбас-сан буындарының ауырсынуына шағымданады. Ауырғанына 2 ай болды. Бала тітіркеніш, эмоциональді тұрақты емес, осы симптомдары байқалады. Іш пальпациясында сол жақ мықын аймағында алдыңғы құрсақ қабырға бұлшықеттерінің ауырсынуы мен қатаюы байқалады. Фиброколоноскопияда: шырышты қабаты қызарған, ісінген, аздап қанайды, тамыр суреті жоқ, фибринмен жабылған эрозиялар, жалған полиптер, жаралар. Бұл ауруды гранулематозды колиттен ажырататын басты симптом:

A) Эрозиялардың болуы

B) Қабынулық процесстің жайылмалығы

C) Шырышты қабаттың лимфоциттермен инфильтрациясы

D) Тамырлар васкулиті

E) Шырыш түзілуінің тежелуі

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

Эндокринология_каз

$$$022

Глюкозо-толерантты стандартты тест жасау кезінде. (ГТСТ) 14 жастағы балада келесі нәтиже алынды: аш қарында қанда қант – 5,5ммоль/л, 30мин кейін – 11,2ммоль/л, 60мин кейін – 12,5ммоль/л, 120мин кейін – 9,6ммоль/л. Баладағы қанттың қисық сызықтық типі:

A) Нормогликемиялық

B) Гипергликемиялық

C) Гипогликемиялық

D)Күмәнді

E) Гиперинсулинемиялық

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$023

Бала 13 жаста стационарға дене салмағын жылдам қосуға, бой өсуінің тоқтауына, бетінің қызаруына, денесінде жыртылу жолақтары пайда болуына және менструацияның жоқ болуына шағымданып түсті. Қарау кезінде терісі құрғақ, жұқарған, сыдырылған. Беті мен аяқ-қолдарын шектен тыс түктелген. Санының цианозы, ішінің терісінде қызғылт стриялар анықталады. Теріасты май қабаты жоғары дамыған, әсіресе, кеудесі мен ішінде көп тараған. АҚҚ 140/100 мм с.б.б. Қанында: гипокалиемия, гипернатриемия, гиперхолестеринемия. Зәрмен 17-ОКС бөлінуі 36,5 мкмоль/с (қалыпты жағдайда 10,8 мкмоль/с), 17-КС экскрециясы — 21,6 мкмоль/с (қалыпты жағдайда 18,4 + 2,6 мкмоль/с). Болжам диагнозыңыз:
A) Иценко-Кушинг синдромы

B) Иценко-Кушинга ауруы

C) Адиссон ауруы

D)Гипоталамиялық синдром

E) Крон синдромы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$024

Қыз бала 14 жаста бойдың артта қалуы мен менструальды циклдың болмауына шағымданып келді. Қарау кезінде: дене бітімінің феминизациясының болмауы, мойны қысқа, шашы қысқа, емізіктерінің гипертелоризмы, құлақ қалқанының диспластикалығы мен төмен орналасуы, тістенуінің дұрыс болмауы. Жүрек шекарасы 1,0 см оңға ығысқан, жүрек тондары ырғақты, систоликалық шу төстің сол жақ қырымен II – III қабырғааралықта. Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс қалыптасқан, қыз бала типті. Екіншілік жыныс белгілері жоқ. Бұл ауру патогенезінің негізінде не жатыр:

A) Тестостеронның дегидротестостеронға айналуының бұзылуы

B) Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтардың синтезінің толық

тежелуі

C) Жыныс хромосомаларының сандық және сапалық ақаулары

D)Лютеинизирлеуші гормонның рецепторлық байланысуының ақауы

E) Гормондарға сезімталдықтың және пролактин мөлшерінің төмендеуі

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$025

Науқас 14 жаста, тұрақты шөлдеу, ауырсынатын зәр зындыру, зәрді ұстамау эпизодтарымен қаралған. Анамнезінен 2 жыл бұрын бассүйек-ми жарақатын өткерген. Қарау кезінде тері жабындылары құрғақ, апатиялық. Зерттеу кезінде: Зимницкий сынамасы кезінде тәуліктік диурез - 4000 мл,максимальды тығыздығы 1.005. Аш қарынға гликемия 3,5 ммоль/л, тамақтан кейін- 5,6 ммоль/л. Бассүйек-түрік ертоқымы рентгенографиясы кеңіген.Науқастағы су-электролитті алмасу бұзылысының дамуы механизмі және себептерін көрсетіңіз:

A) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормонға дистальды бүйрек

каналшаларының эпителиінің сезімталдығы төмендеген

B) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормонға проксимальды бүйрек

каналшаларының эпителиінің сезімталдығы жоғарылаған

C) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормон синтезі төмендеген

D)Бүйректік қантты емес диабет; вазопрессинге рецепторлардың болмауы

E) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормон синтезі жоғарылаған

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

Кардиология_каз

$$$026

Қан айналу жетіспеушілігінің ерте белгісі:

A) Ентігу

B) Цианоз

C) Гепатомегалия

D) Көпіршікті қақырықпен жөтел

E) Тахикардия

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$027

6 жасар ұл балада – шаршағыштық, сол қарынша түрткісінің күшеюі, сол жақтан 2-ші қабырғааралықта діріл, төстен солға қарай 2-ші қабырғааралықта систоло-диастолиялық шуыл, ЭКГ- да сол жақ қарыншаның жүктемесі, рентгенограммада - кіші қанайналым шеңберінің гиперволемиясы, сол жақ қарыншаның ұлғаюы. Сіздің болжам диагнозыныз:

A) Өкпе артериясы стенозы

B) Қарыншааралық перде дефектісі

C) Жүрекше аралық перде дефектісі

D) Субаортальды стеноз

E) Ашық артериальды өзек

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$028

5 жастар бала кардиология бөлімінде емделуде. Объективті қарау кезінде жүрек бүкірі, ұйқы артерияларының пульсациясы байқалады. Перкуторлы жүрек шекарасы солға кеңейген, аускультация кезінде жүрек ұшында систоликалық шуыл және бірен-сараң эксрасистолалар естіледі. Жоғарыда айтылғанның қайсысы бала жүрегінің органикалық зақымдануының абсолютті белгісі болады:

A) Кардиомегалия

B) Жүрек ұшындағы систоликалық шуыл

C) Жүрек бүкірі

D) Тамырдың патологиялық пульсациясы

E) Жүрек ырғағының бұзылысы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$029

Бала 1 айда. Өмірінің 15 күнің пневмониямен ауырды. Түскен кездегі шағымы еңтігу, цианоз және жөтел ұстамасы. Объективті: өкпеде ылғалды сырылдар, жалпы цианоз, бауырдың ұлғаюы, аяқтарының ісінуі. Жүрек шекарасы ұлғайған, солға қарай көбірек, тондары тұйықталған, систоликалық шуыл, тахикардия. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі ұлғайған, өкпе сіретінің күшеюі, тоқырау белгілері. ЭКГ - да QRS комплексінің жоғары вольтажы, сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы, теріс Т тісшесімен SТ сегментінің төмендеуі, тахикардия. Қандай препаратты және қандай мақсатпен тағайындау керек:

A) Магнеротты миокард клеткаларының қызметін жақсарту үшін

B) Дигоксинді миокардтың жиырылуын жақсарту үшін

C) Рибоксинді миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

D) Капотенді өкпелік тамырлық кедергіні азайту үшін

E) Анаприлинді жүрек ырғағын жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$030

Шала туған 3 күндік нәресте, салмағы - 2100 г. Терісі бозғылт. Еңтігу 70 рет/мин, пульс – 170 рет/мин, қолы мен аяғында жақсы анықталады, биік және тез. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, таралған. Жүрек шекарасы көлдеңен кеңейген. Төстен солға қарай II-ші қабырғааралықта дөрекі систолодиастоликалық шуыл естіледі, жауырынаралық аймаққа беріледі. ЭКГ-да жүректің электрлік осінің солға қарай ауытқуы байқалады. Сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы анықталады. Балаға қандай препарат және неліктен тағайындау керек:

A) Индометацинді артериальды өзекті жабу үшін

B) Простогландиндерді коммуникациялар қызметін жақсарту үшін

C) Дигоксинді миокардтың жиырылуын жақсарту үшін

D) Фуросемидті айналымдағы қан көлемін азайту үшін

E) Рибоксинді миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$031

6 жасар балада аяқ астынан қорқыныш сезімі, мазасыздану, айқын әлсіздік, суық тер пайда болған. Жағдайы ауыр, бозғылт, мойын тамырлары пульсациясы көрінеді. Пульс 180 рет/ минутына. Жүрек тондары қатты, 180 рет/ минутына жиілеген. Жүрек, бауыр өлшемі қалыпты. Ісіну жоқ. Науқастқа тез арада қалай және қандай мақсатпен көмек көрсету керек:

A) Дигоксин беру, жүректің жиырылу қабілетін жақсарту үшін

B) Анаприлин беру, жүрек ырғағын жақсарту үшін

C) Милдронат ішкізу, миокард жиырылуын жақсарту үшін

D) Ашнер сынамасын жүргізу, кезбе нервті қоздыру үшін

E) Рибоксин беру, миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Нефрология_каз

$$$032

Ұл бала 5 жаста. Бірінші рет ауырған. Бетінде, сирақ пен ұмасында айқын ісіну. Ішін пальпациялау кезінде оң флюктуация белгісі, бауыры қабарға доғасынан 3,5 см шығып орналасқан. Зәр шығаруы сирек, зәр түсі қою сары түсті. Жалпы қан анализінде: Нв- 90 г/л, эритроциттер- 3,2×1012/л, лейкоциттер- 10,2×109/л, ЭТЖ- 55 мм/с. Жалпы зәр анализінде: түсі- қою сары тұсті, салыстырмалы тығыздығы- 1032, белок- 2,35 г/л, эритроциттер- 2-3 к/а, балауызды цилиндрлер- 6-8 к/а. Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 51 г/л, альбуминдер- 42%, мочевина- 8,2 ммоль/л, креатинин- 55,0 мкмоль/л, СРБ +++. Сіздің ем тактикаңыз:

A) Преднизолон 60 мг/м2 /24 сағат парентеральды 4-8апта

B) Преднизолон 40 мг/м2 /24 сағат энтеральды 6-8 апта

C) Преднизолон 60 мг/м2 /48 сағат энтеральды 4-6 апта

D) Преднизолон 40 мг/м2 /48 сағат энтеральды 4-6 апта

E) Преднизолон 60 мг/м2/24 сағат энтеральды 4-6 апта

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$033

Науқас 2 жаста. Қарау кезінде: қозғыштық, бұлшық ет гипотониясы, аяқтарының О-тәрізді деформациясы. Биохимиялық қан анализінде: жалпы кальций- 2,25 ммоль/л, фосфор- 0,60 ммоль/л, калий- 3,8 ммоль/л. Биохимиялық зәр анализінде: глюкоза- 5 мг/тәу, фосфаттар- 244 ммоль/тәу, кальций- 1,2 ммоль/тәу, калий- 36 ммоль/тәу, натрий- 65 ммоль/тәу. Рентгенограммада: метафизарлы өсу зонасының зақымдалуымен остеопороз. Сіздің диагнозыңыз:

A) Де Тони – Дебре – Фанкони синдромы

B) Тұқым қуалаушы фосфат-диабет

C) Витамин «Д» - дефицитті рахит

D) Витамин «Д» - тәуелді рахит

E) Бүйректік тубулярлы ацидоз

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$034

Науқас 14 жаста. Қабағы мен сирағының ісінуі байқалады. ҚҚ- 165/110 мм.с.б, гипотензивті терапияға дурыс көнбейді. Жалпы зәр анализінде: түсі- сарғыш, салыстырмалы тығыздығы- 1020, белок- 0,65 г/л, эритроциттер- 10-12 к/а. Биохимиялық қан анализінде: жалпы белок- 72 г/л, мочевина- 10 ммоль/л, креатинин- 130,0 мкмоль/л. Кіндіктің оң жақ және сол жағынан мезогастрий аймағында систолалық шу естіледі. Допплерографияда екі жақтанда екі бүйректің қан айналымы төмендеген. Сцинтиграммада изотоптың екі жақ бүйрекке түсуі төмендеген және шығарылуы да төмендеген. Емінде келесі препаратты тағайындауға болмайды:

A) Нифедипин

B) Атенолол

C) Моноприл

D) Дилтиазем

E) Миноксидил

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$035

Науқас 5 жаста. Шағымдары дене қызуының 380С дейін жоғарлауы, жүрек айну, ішінің ауруы. Қарау кезінде: әлсіз, тәбетенің жоғалуы, денесінде папулезді-дақты бөртпе, сирағының ісінуі, ҚҚ- 80/50 мм.с.б.. Жалпы қан анализінде: Нв- 102 г/л, эритроциттер- 3,34х1012/л, ТК- 0,92, лейкоциттер- 12,2х109/л, сегменттер- 37%, эозинофилдер- 9%, лимфоциттер- 54%, СОЭ- 36 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы- 1004, глюкоза++, белок- 0,99 г/л, лейкоциттер- 14-16 к/а, эритроциттер- 20-25 к/а, бактериялар+. Уроцитограммада: лимфоцитарлы лейкоциттер- 60%. Осы ауру мен пиелонефритті ажырататын лабораторлы белгіні атаңыз:

A) Энзимурия

B) Зәр тұңбасында нейтрофилдер

C) Анти-Tamm-Horsfall антидене

D) Зәрде β2- микроглобулиндер жоғарлауы

E) Зәр осмолярлығының төмендеуі

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$036

Науқас 14 жаста. Қарау барысында: іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, кіші дәретке ауырсынумен жиі отыру. Жалпы қан анализінде: Нв- 126 г/л, эритроциттер- 3,68х1012/л, лейкоциттер- 8,6х109/л, с/я- 84%, лимфоциттер- 16%, ЭТЖ- 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: түсі - сары, мөлдірлігі - лайлы, салыстырмалы тығыздығы - 1027, лейкоциттер – көп мөлшерде, бактериялар +++. УДЗ: қуықтың қабырғасы қалыңдаған, тегіс емес, қуық ішінде гомогенді емес қоспа. Аталған аурумен созылмалы пиелонефритке тән ортақ белігіні табыңыз:

A) Гипостенурия

B) Реттелмейтін лейкоцитурия

C) Антиденелермен қапталған бактериялар

D) Ацидоамонигенездің бұзылуы

E) Нейтрофиллез

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

02_01_08_Гематология_каз

$$$037

Дені сау балалардың лейкограммасындағы екінші физиологиялық «қиылысу» қай жаста байқалады:

A) 5 күнде

B) 1,5 аптада

C) 5 аптада

D) 1,5 айында

E) 5 жаста

{Дұрыс жауап}= Е

{Қүрделілігі}=1

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$038

Науқас 8 жаста. Екі апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырған, содан кейін тобық буындарында ауырсыну, тізе және табандарында симметриялы петехиальды геморрагиялық бөртпе, ішін пальпациялаған кезде кіндік маңайындағы ауырсыну пайда болды. Қан анализінде: гемоглобин - 105 г/л, эритроциттер - 3,55 х 1012/л, лейкоциттер - 11,2 х 109/л, тромбоциттер - 412 х 109/л, ЭТЖ - 29 мм/сағ, Дьюке бойынша қан ағу ұзақтығы – 2 мин 30 сек. Емдік ұстанымдарды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер қажет:

A) Қан ұйындысының ретракциясын анықтау

B) Сүйек-милы пункцияны жасау

C) Антистрептолизин-О анықтау

D) Ли – Уайт сынамасын жасау

E)Буындардың УДЗ жүргізу

{Дұрыс жауап}= D

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$039

Стационарға жаңа туған нәресте жеткізілді. Қарау кезінде кеудесінде бірен-саран геморрагиялық петехиальды бөртпе бар. Қабылдау бөлімінде қанның кеңейтілген анализі жасалынды және тромбоцитопения анықталды. Баладағы бұл жағдай келесі факторлармен байланысты болуы мүмкін, ТЕК:

A) Анасындағы идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл

B) Жаңа туған нәрестеде шыбык сүйегінің болмауы

C) Туа пайда болған цитомегаловирусты инфекция

D) Перинатальды аспирациялық синдром

E) Анасының аспиринді қабылдауы

{Дұрыс жауап}= E

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$040

Науқас 4 жаста. Анамнезінде: тағамдық аллергия. Қараған кезде: бөксе, сан, балтыр және табандарында симметриялы дақты-папуллезді және петихиальды геморрагиялық бөртпелері бар, қолдары және табандарының сыртқы беткейлері ісінген, ішін пальпациялаған кезде кіндік маңайында ауырсыну сезімі байқаладыҚан анализінде: лейкоциттер - 18 х 109/л, тромбоциттер - 528 х 109/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок – 0,33 г\л, эритроциттер – 3-5-7 к/а. Ли-Уайт сынамасы: 3 мин 15 сек. Нәжісті жасырын қанға тексеру сынамасы: оң. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

A) Геморрагиялықваскулит, терілік-абдоминальды түрі, жедел ағым,

белсенділік 2 дәрежелі

B) Геморрагиялық васкулит, терілік-буындық-бүйректік түрі, жедел ағым,

белсенділік 3 дәрежелі

C) Геморрагиялық васкулит, терілік-буындық-абдоминальды түрі, жедел

ағым, белсенділік 3 дәрежелі

D) Геморрагиялық васкулит, терілік-абдоминальды-бүйректік түрі, жедел

ағым, белсенділік 3 дәрежелі

E) Геморрагиялық васкулит, терілік-буындық-абдоминальды-бүйректік түрі,

жедел ағым, белсенділік 3 дәрежелі

{Дұрыс жауап}= D

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$041

Келесі ауруларға тән ажыратушы лабораторлы белгіні табыңыз: Виллебранд ауруы және Бернар-Сулье аномалиясы:

A) Тромбоциттердің қалыпты мөлшері

B) Ристоцетин-агрегациясының әлсіреуі

C) Коллагенге адгезиясының төмендеуі

D) Шыныға адгезиясының төмендеуі

E) Мегатромбоциттердің болуы

{Дұрыс жауап}= E

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$042

Келесі ауруларға тән ажыратушы лабораторлы белгіні табыңыз: Бернар-Сулье аномалиясы және Мея-Хеглин аномалиясы:

A) Мегатромбоциттердің болуы

B) Тромбоциттер мөлшерінің азаюы

C) Гранулоциттер аномалиясының болуы

D) Шыныға адгезиясының төмендеуі

E) Қан ұйюының VIII факторы қалыпты мөлшерде

{Дұрыс жауап}= C

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Ревматология__каз

$$$043

Қабылдауда 5 жасар қыз бала, дене температурасы 37,6 0С, ірі буындардағы ауырсынуға шағымданады. Анасының айтуы бойынша ауру үш апта бұрын басталған. Қыста және көктемде бала үш рет баспамен және бірнеше рет ЖРА ауырып, мүлдем бала-бақша бара алмаған. Қазіргі кезде оң жақ тізе және сол жақ сирақ-табан буынындағы ауырсыну мазалайды, оның үстіндегі тері қызарған, ісінген, қызуы көтерілген; буын қозғалысы ауырсыну әкеледі. Сіздің диагноз:
A) Инфекционды-аллергиялық полиартрит
B) Ревматикалық артрит
C) Лайм ауруы
D) Ревматоидты артрит
E) Склеродермия

{Дұрыс жауап}= B

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$044

Науқас 14 жаста, басынан өткерген баспадан кейін ұзақ субфебрилитет, еңтігуге, жүрек соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға, қан түкіруге шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттар цианозы, жүрек шекарасы барлық жаққа қарай ұлғайған, өкпеде ылғалды сырылдар. Пульсі 126 соққы мин., ырғақты емес. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшелердің жыпылық аритмиясы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар:

A) митральды клапан стенозы

B) митральды клапан жетіспеушілігі

C) аортальды клапан жетіспеушілігі

D) аортальды клапан стенозы

E) қосарланған ақау

{Дұрыс жауап}= A

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$045

Клиникаға14 жастағы бала дене температурасының 39о С көтерілуі, буынында ауырсыну, бас ауруы, аяғындағы ауырсыну. Соңғы екі ай ішінде 3 кг арықтап, шашының күрт түсе бастағанын байқаған, АҚ 150/90 мм с.б.б. ЖҚА: Эр. – 3,4х1012/л, гемоглобин – 106 г/л, лейк. – 3,0х109/л, тромб. – 110х109/л, П – 7%, С – 62%, Л – 23%, М – 8%, СОЭ – 40 мм/с.
ЖЗА: түсі – сабан-сары, тығыздығы – 1028, белок – 3,2 г/л, лейкоциттер – 2-4 к/а, эритроциттер – 1-2 к/а, түйіршікті цилиндрлер. Диагноз қойыңыз:

A) Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит, белсеңділігі I, жедел ағым

B) Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит, белсеңділігі II, жедел ағым

C) Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит, белсеңділігі III, жедел ағым

D) Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит, белсеңділігі III, жеделду ағым

E) Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит, белсеңділігі II, созылмалы ағым

{Дұрыс жауап}= C

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$046

Стационарға 13 жасар бала әлсіздік, арықтау, буындардың аз қозғалуы, периодты түрде «бозару» және саусақтардың сууы бар. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тамақтануы төмен, жылтыр, құрғақ, атрофияланған және гиперпигментация терінің, кеуде, оң жақ тізе буыны контрактурасы; физикалық жүктеме кезінде еңтігу. Аускультация кезінде қатқыл тыныс. Жүрек ұшында I тон әлсіреген, систоликалық шуыл, 5 нүктеде жақсы естіледі. ЖСЖ- 98 рет 1 минутына, АҚ - 140/100 мм с.б.б. бауыры +1,0 см, ауырсынған пальпациякезінде, сирақтың пастоздығы. Жіктеме бойынша диагноз қойыңыз:

A) Жүйелі склеродермия, жедел ағым, II дәрежелі белсеңділік, бастапқы кезең

B) Жүйелі склеродермия, жедел ағым, III дәрежелі белсеңділік, кезең

генерализация

C) Жүйелі склеродермия, жедел ағым, III дәрежелі белсеңділік, кезең

генерализация

D) Ошақты склеродермия, жедел ағым, III дәрежелі белсеңділік, бастапқы кезең

E) Жүйелі склеродермия, жеделдеу ағым, I дәрежелі белсеңділік, бастапқы кезең

{Дұрыс жауап}= C

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Фтизиатрия__ каз

$$$047

БЦЖ-ға ревакцинация жасауға кері көрсеткіш болып табылады:

A) Ата- анасының туберкулезбен ауырғаны

B) 2 ТЕ Манту сынамасының теріс көрсеткіші

C) Анамнезінде қант диабетінң болуы

D) 2 ТЕ Манту сынамасының оң көрсеткіші

E) Қанда туберкулезге қарсы антиденелердің болмауы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$048

Науқастың қақырығын микроскопиялық зерттеу кезінде 10-99 ТМБ 100 көру аланыңда анықталады. Бір бөлмелі квартирада жалғыз тұрады. Фтизиатрдың қарауын және эпидемиологиялық тобын анықтаңыз:

A) I; айына 1 рет

B) I; 3 айда 1 рет

C) I; 6 айда 1 рет

D) II; айына 1 рет

E) II; 6 айда 1 рет

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$049

Бала, 4 жаста. Туберкулинді сынама динамикасы: 1жастан 3 жасқа дейін– теріс; 4 жаста – 16 мм. Сол жақ иығында БЦЖ тыртығы 3мм. Кеуде клеткасының шолу рентгенограммасында өкпе тінінде өзгеріс жоқ, оң жақ түбір кеңейген, деформацияланған. Томографиялық тексеруде оң жақ бронх проекциясы анықталмайды. Бронхтардың шайынды суының микроскопиясында ТМБ табылған жоқ. Клиникалық жіктемеге сай диагноз қойыңыз:

A) Оң жақ өкпенің кеуде ішілік лимфа түйндерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, 1 категория, IA диспансерлік бақылау тобы

B) Оң жақ өкпенің кеуде ішілік лимфа түйндерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

C) Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, 1 категория, IA диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, ыдырау фазасы, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

E) Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, инфильтрация фазасы, басқа жағдай, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$050

Бала 2 жаста. Дене температурасының 37,60С-қа дейін көтерілуіне, тез шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Туберкулин сынамаларының динамикасы: 1 жаста – 8 мм; 2 жаста – 14 мм. Оң жақта парастернальді бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Рентгентомографиялық: өкпе суретінде өзгерістер жоқ, оң жақ өкпе түбірі ұлғайған, структурасы мен шеттері анық емес, бронхтар байқалмайды. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоциттер 11,2х109/л, лимфоциттер 18%, ЭТЖ 28 мм\ч. Диагноз қойыңыз:

A) Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, инфильтрация сатысы, жаңа жағдай, 1 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

B) Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы,тығыздалу сатысы, жаңа жағдай, 3 категория, IВ диспансерлік бақылау тобы

C) Оң жақ өкпенің кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтрации сатысы, жаңа жағдай, 3 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, тығыздалу сатысы, рецидив, 3 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

E) Оң жақ өкпенің кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, IВ диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$051

Бала, 8 жаста. Әкесімен туб.қатынаста болғандықтан тексеруден өтті. Туберкулинді сынама динамикасы: 1 жастан 6 жасқа дейін – теріс; 7 жаста – 6 мм; 8 жаста - 16 мм. Сол жақ иығында БЦЖ тыртықтары 5 мм; 6 мм. Рентгенологиялық: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде аз интенсивті, гомогенді құрамды, ұлғайған түбірмен жол арқылы жалғасқан, өлшемі 1,5–2 см қарайған фокус анықталды. Қақырық микроскопиясында ТМБ анықталған жоқ. Клиникалық жіктемеге сай диагноз қойыңыз:

A) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, 1 категория, IA диспансерлік бақылау тобы

B) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, ыдырау фазасы, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

C) Сол жақ өкпенің туберкулезді бронхоадениті, инфильтрация фазасы. жаңа жағдай, 1 категория, IA диспансерлік бақылау тобы

D) Сол жақ өкпенің туберкулезді бронхоадениті, ыдырау фазасы, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

E) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы, тығыздалу фазасы, жаңа жағдай, 3 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$052

Жасөспірім дәрігерге қан түкіруге, түнгі тершеңдікке, салмағының азаюына шағымданды. Тері жабындылары таза, бозғылт. Кеуде қуысының оң жақ бөлігі тыныс алу актісінде қалып отырады, оң жақ иық өрімінің бұлшық етінің тартылу және ауырсынуы байқалады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде мөлшері 3×2см ағаруы бар массивті қараю алаңдары анықталады, сыртқы шеттері айқын емес, шеті аз интенсивті ошақтармен. Қақырықта микроскопиялық бойынша ТМБ табылып, дәрілерге сезімталдық тестісі HRES-ке төзімділігін анықтады. Диагноз қойыңыз:

A) Оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау және инфильтрация фазасында, полирезистенттілік, жаңа жағдай, II санат. IВ диспансерлік бақылау тобы

B) Оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі, себілу және инфильтрация фазасындағы, мультирезистенттілік, жаңа жағдайы, I санат, IА диспансерлік бақылау тобы

C) Оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің кавернозды туберкулезі, себілу және инфильтрация фазасындағы, мультирезистенттілік, жаңа жағдайы, IV санат, IВ диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі, себілу және ыдырау фазасындағы, мультирезистенттілік, жаңа жағдайы, IV санат. IВ диспансерлік бақылау тобы

E) Оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің ошақты туберкулезі, себілу және ифильтрация фазасындағы, мультирезистенттілік, жаңа жағдайы, I санат, IА диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Фтизиатрия/ Игембаева К.С, Игембаева Р.С. – Семей.: 2007г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Балалар жұқпалы аурулары__ каз

$$$053

Дельта-вирустың ерекшелігі:

A) HBs Ag болмаса, HDV реплицирленбейді

B) Вирусты гепатит «В»-да HDV суперинфекция процестің хронизациясына әкелмейді

C) HDV қанда HCV болса реплицирленеді

D) HDV қанда HЕV болса реплицирленеді

E) HDV HBV репликациясын төмендетпейді

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$054

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Қызылша

В) Риновирусты инфекция

С) Аденовирусты инфекция

D) Респираторно-синцитиальды инфекция

Е) Тұмау

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$055

Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, дене температурасы 37,50С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз:

А) Ауыр пневмония және өте ауыр ауру

В) Пневмония

С) Пневмония жоқ, жөтел не суық тию

D) Пневмония жоқ, астмоидты тыныс

Е) Мүмкін бактериальды инфекция

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$056

Қыз бала 8 жаста гипертермия 400С дейін, қайталамалы құсу, бас ауруы, тырысу. Эпидемиологиялық анамнез – баланың анасында катаральды белгілер. Объективті: температура 400С, жүрек тондары тұйықталған. Араңында – гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктелуі . шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлдеңен саусаққа; тізе және жамбас-сан буынында бүгілген аяқты пассивті жазу мүмкін емес. ЖҚА: лeйкоцит-25х109/л, п-15%, сег-70%, м-5%, л-10%, СОЭ-35 мм/сағ. Болжам диагноз қойыңыз:

A) Энтеровирусты инфекция, оқшауланған түрі: менингит, орташа дәрежелі

ауырлықта

B) Энтеровирусты инфекция, комбинирленген түрі: менингит, герпангина,

орташа дәрежелі ауырлықта

C) Менингококкты инфекция, генерализденген түрі: менингит, ауыр дәрежелі

D) Менингококкты инфекция, комбинирленген түрі: менингоэнцефалит,

назофарингит, ауыр дәрежелі

E) Тұмау, токсикалық түрі. Асқынуы: Нейротоксикоз

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$057

Науқас О., 12 жаста, жедел ауырған, ауруы дене температурасының 39-40оС жоғарлаған, қалтырау, басының қатты ауруы, қайталамалы құсу. Эпид. анамнез: 2 апта бұрын Зырьяновскке апайына барған, орманда болған, мойнынан кенені алған. Объективті: мойнының, кеудесінің терісі гиперемияланған, склералары инъекцияланған, жарықтан қорқады, көз алмаларында ауырсыну, 2 рет сұйық нәжіс, ішінде, бұлшықеттерінде ауырсыну. Бүгін жұтыну бұзылыстары, дауысының өзгеруі, афония, қылилық байқалған. Үйде бір реттік тырысулар болған. Болжам диагноз қойыңыз:

a) Жапондық энцефалит

b) Кенелік энцефалит

c) Герпетикалық энфцефалит

d) Энтеровирусты энцефалит

e) Экономо Энцефалит

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$058

4 жастағы балада 4 апта бойы балада жабысқақ, құрғақ жөтел, соңғы 5 күнде жөтелі ұстама тәрізді сипатта. Өзін-өзі сезінуі ұстамадан тыс кезеңде қанағаттанарлық. Дене температурасы қалыпты. Қарау кезінде араңында: бөбешікте жара және склерасына қан құйылу. ЖҚА: лейкоциттер -17,0* 109/л, т/я-3%, с/я-14%, л – 83%, ЭТЖ – 5 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

А) Көкжөтел

В) Бронхопневмония

С) ЖРВИ, ларинготрахеобронхит

D) Тыныс алу жолдарында бөгде зат

Е) Туберкулезды бронхоаденит

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

Семестр}=14

$$$059

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды. Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз:

A) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 4-сағат ішінде

B) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

C) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

D) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

E) Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$060

Науқас Н, 15 жаста, мойнындағы фурункулға шағымданып кел

Наши рекомендации