Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:

1. ауру қоздырғышы (микроб),

2. сыртқы орта және

3. қабылдаушы сезімтал организм.

Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.

Жұқпалы аурулар

· жасырын (инкубациялық),

· күмәнді (продромалдық),

· ауру дамуы және

· айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады.

Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады.

20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.

Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.

Инфекциялық аурулардың берілу факторлары Берілу факторлары-қоздырғыштық бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар. Берілу факторларына жатады; ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынақтылар. Су арқылы-егер су арқылы инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен ластанған болса, инфекцияның су арқылы таралуына мүмкіндік туады. Оларға: ашық су қоймаларының сулары, қалдық сулармен, жаңбыр сулары, қардың еріген суларымен малдарды суарудан болуы мүмкін. Инфекциялық аурулардың су арқылы таралуы ластанған суды ішкенде, ыдыстарды қолданғанда, кір жуғанда болуы мүмкін. Су арқылы көбіне ішек инфекциялары таралады,мысалы, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, вирусты А, Е гепатит. Тағам арқылы инфекциялық аурулардың таралуы да өте жиі кездеседі; сүт және сүт өнімдері (қаймақ, ірімшік, балмұздақ) жұмыртқа ет және ет өнімдері жеміс -жидектер нан, ұн тағамдары.

Тамақ өнімдерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары көпке деиін сақталып қана қоймай, онда көбеюі де мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр немесе орташа ауыр түрінде өтеді, аурудың инкубациялық кезеңі қысқа болады.

Тамақ өнімдері. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен бастапқыда және кейіннен ластануы мүмкін.

Бастапқыдан ластану – ауру малдың сүті, еті, жұмыртқасы арқылы таралады. Мысалы: туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, күйдіргі. Кейіннен ластану ауру адамның лас қолы арқылы немесе ластанған ыдыс арқылы. Кейіннен ластану тамақ өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау, тарату барысында болуы мүмкін.

Тұрмыстық заттармен-қоздырғышпен ластанған қол арқылы және түрлі тұрмыста қолданылатын заттар арқылы жұғуы мүмкін.

Тікелей жанасу-арқылы тері венерологиялық аурулары, қотыр және кейбір зоонозды инфекциялар таралады.

Ауа – тамшылы жолмен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары түшкіру, жөтелу, сөйлесу, тыныс шығару арқылы таралады. Ауа шаң арқылы қоршаған ортада төзімді қоздырғыштар таралады, өйткені тамшылар түрлі заттардың үстінде кеуіп шаңмен таралады. Еден сыпырғанда төсек ауыстырғанда, киім қаққанда шаңдар көтеріліп тыныс алу жолдарына түседі. Ауа шаң арқылы туберкулез, дифтерия, туляремия, аурулары таралады.

Орытынды

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік — табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.

Наши рекомендации