Трахеобронхоскопия. Санационная бронхоскопия.

Трахеобронхоскопия- бронх пен кеңірдек қуысындағы шырышты заттарды зерттеуге арналған аспап. Бұл манипуляция медициналық оптикалық құрал бронхоскоптың көмегімен жүзеге асырылады.

Зерттеу көрсеткіштері кеңірдекпен бронхтың көптеген аурулары: ісіктер, дивертикулдар, туберкулез, интерстициалдық пневмония, өкпедегі жұқпалар, саңырауқұлақ және паразиттік процестер, өкпеденқан кету. Процедура барысында мынадай алдын-алу шараларын жүргізуімізге болады: қан тоқтату, қақырықты сору, шрамдарды жою, шеткі органдардан биопсия алу, шырышты кептелу және ісіктерді жою.

Қарсы көрсеткіштер: ауыр аритмия, соңғы инсульт немесе инфаркт, өткір сатысындағы демікпе. Ол жүйке-психикалық ауытқушылығы бар адамдарға зерттеу жүргізу үшін ұсынылмайды.

АСқыну болып табылады: пневмоторакс, қан кету, бронхоспазм, көмекейдің ісінуі.

Трахеобронхоскопияға дайындық: Дәрігер алдын ала кеуде қуысын рентгенге түсіреді, ЭКГ және зертханалық қан анализі. Бронхоскопия аш қарынға жүзеге асырылады. Науқасқа тынышталдыратын дәрі –дәрмектер береміз. Ауыз қуыысындағы протезді шешуін сұранамыз.

Трахеобронхоскопияны жүргізу:

Бронхоскопия жергілікті анестезия немесе жалпы анестезия бойынша жүзеге асырылады. Ол науқастың жасына, оның жай-күйi мен пациенттегі патологиялық процестерге байланысты. Науқастың мұрын арқылы демалуын сұрайды, содан кейін аузына немесе мұрын арқылы бронхоскопты енгізеді. Егер қажет болса, дәрігер мұрын катетерлер арқылы қосымша ауа ағынын ұсынады.

Трахеобронхоскопия нәтижелерін транскриптеу:Бронхоскопии барысында дәрігер кеңірдектің және бронхтың шырышты қабатының жай-күйін, қабынуды, ісіктерді, шеткі органдарға қатынасын зерттейді. Қан кету аймағын , интенсивтілігін дер кезінде анықтап оны тоқтатуға мүмкіндік береді.

Санациялық бронхоскопия- дезинфекциялық ерітінділермен бронхтарды жууға мүмкіндік береді. Клиникалық тәжірибеде пенициллинді(пенициллин ерітінді 50 000-100 000) енгізу өкпедегі іріңді ауруларды жоюға мүмкіндік береді, бронхоэктазы бар науқастарды операцияға дайындаут кеңінен қолданылады.

19 ,Панкреатит,этиологиясы,клиникасы,диагностикасы,еми-Панкреатит — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы Ұйқы безі — грек тілінен аударылғанда –«барлығы еттен» деген мағына береді. Ұйқы безі ұзынша келген ағза, асқазанның артында орналасқан. I-II бел омыртқасының алдында, ал құйрығы X-XI қабырға маңайына барып бітеді. Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр. Оның түтігі 1642 ж. Вирсунг, 1720 ж. Одди суреттеуі бойынша 75 процент үлкен еміздікшеге ашылады (12 елі ішектің). 4 процент жағдайда Вирсунг түтігі 12 елі ішекке өздігінен ашылады. Вирсунг түтігі холедохпен бірге –Фатер түтігіне 33,6 процент ашылады. 2 түтікте қосылып жалпы ампуланы және Одди сфинктерін 5 проц. құрайды. 2 түтікте Фатер бүршігі мен Одди сфинктерімен алыс орналасқан. Вирсунг түтігі – холедохқа түседі. Ұйқы безін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар: А Gastroduodenalis, a. Hepatica communis А.Pancreatoduodenalis inferior, a. mesenterica superior A. Lienalis – көбінесе бездің денесімен құйрық жағын қамтамасыз етеді Панкреатикалық шырынның құрамы: Амилаза – активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады. Липаза – жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары – майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады. Протеаза – белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер –трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т.б.

Этиологиясы мен патогенезі Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары: Холецистит, өт тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б. Асқазан және ұлтабар аурулары: Созылмалы гастрит, ойық жара аурулары т.б. Алкогольдың жедел панкреатитке әкелу себебі. Этанол асқазанға барғаннан кейін оның секрециясын көбейтеді және ұлтабардың секретин деген ферментінің көбеюіне әсер етеді, ал секретин ұйқы безінің панкреатикалық сөлін көп шығуына мәжбүр етеді. Артық ішкен тағам және зат алмасудың бұзылуы: И.П.Павловтың жұмыстарымен дәлелденген — әсіресе ащы, майлы тағам ішкеннен панкреатикалық сөл көп бөлінеді. Кейбір адамдарда май алмасуының бұзылуынан қан тамырында патологиялық өзгерістер (атеросклероз) және қан тамырының қысымының жоғарлауы, іш қуысы ағзаларында қанның көбеюі ұйқы безінің қан айналысын және паренхимасын бұзады Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы Аллергиялық реакциялар әсерінен Жарақаттардан соң: nVIII. Жүктілік және босанғаннан кейінгі уақыт: Жатырдың ұлғайғандығынан іш қуысындағы қысым жоғарлайды, соның салдарынан өт және ұйқы безінің өзектері қысылып панкреатикалық сөлдің ұлтабарға құюлуы бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан. Химиялық заттармен улану: Қышқыл, сілті, фосфор және т.б. Жұқпалы аурулар: Іш сүзек , қызамық(скарлатина), сепсис, вирустық гепатит және т.б. Панкреатит патогенез: 1-ші трипсинді кезең (протеолиз) активтенген трипсин өзектерден бездің паренхимасына кіріп калликреинді шығарады, ол барып безде ісіну шақырып және қан құйылтады – ұйқы безінде геморрагиялық ісік пайда болады. 2-ші липазалы кезең – процесс арықарай өршігенде бездің бұзылған клеткаларынан липаза шығады, оның белсенділігін трипсин мен өт қышқылдары арттырады. Липаза майларды ыдыратады, ұйқы безінде майлы некроз – майлы немесе стеаринді некрозды дақтар пайда болады. Патогенезінің негізінде – без өз ферменттері (трипсиноген, химотрипсин және липаза) активтенуі салдарынан тіндері зақымдалады. Жедел панкреатиттің жіктелуі: (1978 жылы Свердловск қаласындағы V-ші жалпыодақтық хирургтар съезді бойынша) Ұйқы безі ісігі Деструктивті: а) геморрагиялық некроз б) майлы некроз Іріңді панкреонекроз Жедел холецисто-панкреатит Панкреатит классификациясы (хирургтардың ХХҮІІІ съезді, 1965ж.) Бездің интерстициальді тінінің ісінуі Жедел геморрогиялық панкреатит Жедел панкреанекроз Созылмалы: Рецидивті және рецидивсіз Кезеңдері бойынша: ремиссия, субремиссия, өршу Ужасное ждет Казахстан в январе, но 3 знака начнут неожиданно богатеть Доход для сайтов Панкеатит клиникалық көрінісі: Жедел панкреатиттің клиникалық ағымы жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр болуы мүмкін. Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ. Жедел панкреатиттің орташа ауырлығында ауырсыну қаттырақ болады, тіпті кейде науқас еңкейіп шынтағын тізесіне дейін жеткізеді; жеңілдік бермейтін көп құсу байқалады. Тері жабындысы ақшыл түсті, ps-90-120, қан қысымы 100/60-90/50с.б.б. Тілі құрғақ, іші кепкен, басқанда ұйқы безі маңайы қатты ауырсынады. Ішек перистальтикасы естілмейді. Іш пердесінің тітіркену белгісі оң. Панкреатиттің осы түрінде дененің әр жерінде ақшыл-көк дақтар пайда болады; Олигоурия байқалады, зәр тәулігіне 1000мл-ден аз; 3-4 ші тәулікте эпигастрий аймағында инфильтрат байқалады, сарғаю пайда болуы мүмкін. Жедел панкреатиттің ауыр түрі тез, аздаған уақыт ішінде байқалады: Науқастың жағдайы ауыр болады; Ауырсыну күші қатты болғандығы сондай, тіпті наркотикалық аналгетиктер қысқа уақытқа ғана көмек береді; Гемодинамика: қ/қ-90/50с.б.б., ps-120 және одан жоғары, тұрақсыз; Тілі құрғақ, іші кепкен, іштің барлық аймақтарында қатты ауырсыну байқалады, іш пердесінің тітіркену белгісі анық оң; Олигурия: зәр тәулігіне 500-600мл және одан кем болуы мүмкін; Жедел панкреатиттің клиникалық ағымының ауыр түрі тұтас панкреонекроздың болуына байланысты болады. Жедел панкреатиттің клиникалық ағымында 3 сатыны ажыратады: ауырсыну шогі (гемодинамикалық өзгерістер) динамикалық илеус, жедел ішек өтімсіздігі перитонит Панкреатит диагностикасындағы маңызды сынамалар: Мондора белгісі — денеде және бетте күлгін (фиолетовый) түсті дақтар пайда болуы; Грея-Турнера белгісі — іштің шеткі аймақтарында цианоз байқалуы: — бұл белгілер ферменттердің әсері және гемодинамиканың бұзылуынан деп түсіндіріледі. Хольстед (1901 ж.) – іш терісінің цианозы Керте белгісі— кіндіктен 6-7см жоғары эпигастрий аймағында көлденең сызық болып ауырсыну. Воскресенский белгісі – эпигастрий аймағының пальпация кезінде қолқа тамырының пульсациясының әлсіреуі немесе анықталмауы. Мейо-Робсон – сол жақ омыртқа-қабырға бұрышын саусақтың үшімен басқанда ауырсыну. Махов белгісі – кіндіктің жоғары жағында тері гиперэстезиясы. Чухриенко белгісі – алақанды кіндіктен төмен көлденең қойып түрткілегенде эпигастрий аймағында ауырсыну. Кача белгісі-спонтанды ауырсыну,І-ҮІІІаймақ гиперестезиясы Күлен-кіндік айналасының сарғыштанып тұруы Грюнвельд – кіндік маңындағы петехиялар Гобье – көлденен тоқ ішектің кебуі Гусенбауэр – асқазанның жоғарғы ығысуы, көлденең тоқ ішектің төменге ығысуы – панкреас кистасы. Джанелидзе – панкреатиттің инфарктан айырмашылығы – ауырсыну басқанда күшееді. Шоффар – оң жақ ұшбұрыштағы ауырсыну – ұйқы безі басының проекциясы Фитц – жедел геморрагиялық панкреатит Перитонит кезіндегі іштің жұмсақ болуы Динамикалық илеуіс — ішектердің парезы Іштің жоғарғы бөлігіндегі белдеуленген ауырсыну Жедел панкретиттің диагностикасында дененің әртүрлі сұйықтықтарында ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі (активность) маңызды роль атқарады. Әсіресе жиі болатын қандағы амилазаның жоғарлауы (90%), сирек зәр амилазасы (75%) болады. Бірақта безде некроз болғанда амилазаның мөлшері әдеттегі қалпына дейін төмендейді. Амилазаның Каралея әдісі бойынша нормасы: қанда 3,3-8,9 мг/сек/л. Зәрде — 44мг/сек/л.-ға дейін Диференциальді диагностикасы Іш қуысының аурулары (перфоративті жара, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел аппендицит) Іш астар арты аурулары (бүйрек патологиясы, паранефрит, флегмона) Кеуде клеткасының аурулары (миокард инфарктісі, плеврит, пневмония) Инфекциялық аурулар – іш сүзегі Қан аурулары – Шенлейн-Генох ауруы. Емі: Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: к/т-ға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмолитиктер енгізу; Функциональдық тыныштық және ұйқы безінің секреторлы-ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар, Н2-рецепторларының блокаторлары (циметидин 1таб х3рет немесе 2мл х 4рет к/т), протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10 күн), цитостатиктер (5-фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет. Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал, цалол, гордокс т.б.) тәуліктік дозасын жіберу. Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылысытарын жою, белок және заталмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б. Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапороскопиялы перитональді диализ, плазмоферез. Аурудың іріңді асқынуларының алдын алу: кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының преператтары және т.б.). Жедел панкреатит 2 бағыт бойынша өтеді: асқынбаған ағым асқынған ауыр ағым. Асқынған жедел панкреатиттің жиі кездесетін симптомдары: ауырсыну, құсу, паралитикалық илеус, шок, коллапс. Ұйқы безінің некрозы 7-11 процент жағдайда кездеседі. Ауыр интоксикация, жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылыстары, іш қуысындағы сұйықтық, қандағы Са деңгейінің төмендеуі (майлы некроз). Өлім – 50 проц. кездеседі. 1-2 күні шоктан, 5-6 күні перитонитпен, интоксикациядан қайтыс болады. Панкреатит кезінде операцияға көрсеткіш: Без деструкциясы, перитонитпен бірге Жедел панкреатит деструкивті холециститпен бірге Панкреатиттің асқынған формалары. терапиялық ем нәтижесізболған жағдайда Панкреатит кезіндегі жасалатын операция түрлері: Құйрық, денесінің резекциясы, некроз ошақтарын алып тастау. Панкреатэктомия (тотальді панкреанекроз) Іш шарбысын дренаждау және тампондалау Өт шығару жолдарын декомпрессиялау Ұйқы безін ашып көрінуі үшін кіру тәсілі 2-топқа бөлінеді: Алдыңғы іш қабырғасы арқылы Бел аймағы арқылы (жедел іріңді панкреатитте) Жедел панкреатит асқынулары: Жалпы: гемодинамикалық шок өкпенің жедел асқыну синдромы (бронхит, пневмония, плеврит) асқазан – ішектен жолдарынан қан кету сепсис екіншілік анемия Уремия механикалық сарғаю алиментарлы дистрофия Тетания диабет Жергілікті асқынулар: холецистопанкреатит бездің абсцесстенуі (ошақты, субтотальді, бездің тотальды некрозы) перитонит іш астары арты флегмонасы киста (жалған, шынайы) жыланкөздер (ішкі, сыртқы) — тері мацерациясы аррозивті қан кетулер

18,Асқазан он екі елі ішектіңойық жарасының тесілуі,эти,кли,диаг,емі-Асқазан жара ауруы. Он екі елі ішектің жарасы Жара ауруы-полиэтиологиялық ауру. Патогенезі көп факторлы. Жара ауруына әкелетін факторлар: 1.Тұқым қуалаушылық. 2.Өмір салты. 3.Стресстік бұзылыстар. 4.Химиялық және физикалық факторлар. 5.Дәрілік препараттар. 6.Жастық нейроэндогенді өзгерістер. Жара ауруының этиологиясында Helicobacter pilori бактериясының орны өте маңызды. НР-70-79%-созылмалы гастрит ауруында 70%-асқазан жарасы 90%-дуоденальді жара ауруларында кездеседі.НР тек асқазан эпителиінде ғана өмір сүре алады.Олар асқазанның антральді бөлігінде орналасып,созылмалы қабыну туғызады. 12-елі ішек жара ауруы бар науқастардың бәрінде асқазан эпителиінде ошақтар болады, олар клетка метоплазиясынан, яғни асқазан сөлінің көп бөлінуінен пайда болады. Бұл жерлерде микроорганизмдер көбейіп,шырышты қабатқабынуын тудырады.НР қышқыл ортада тіршілік ету ерекшелігі уреаза-ферментін бөлуі,ол мочевинаны ыдырата алады.НР айналасына көмірқышқылы мен аммияктан тұратын қабат түзеді,ол асқазан тұз қышқылын нейтролиздейді. Асқазан және он екі елі ішек жарасының патогенезі: Қышқыл-пептикалық фактор, моторика мен қышқыл түзудің бұзылуы, шырышты қабат регенерациясы мен морфологиялық қайта құрылу жатады. Жара ауруында стресс факторы маңызды орын алады Гастродуоденальді зонаға стрессор әсері 2 жолмен өтеді: Нервті жол: бас ми қыртысы- аралық ми-кезбе нерв орталығы-кезбе нерв-гастродуо-денальді зона. Гормональді жол: ми қыртысы-гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без қыртысы-глюко-кортикоидтар-гастродуаденальді зона. Жара дефектісі асқазан мен 12 елі ішекте агрессия және шырыш қабат қорғанысының ди-намикалық тепе-теңдігі бұзылғанда дамиды. Негізгі агрессия факторы тұз қышқылы мен пепсин. Тұз қышқылы тіндерге зақымдаушы әсер етеді, пепсин некрозға ұшыраған тіндерді қорытады. Шырышты қабаттың резисттентілігін қамтамасыз етуде муциннің маңызы зор,ол жапқыш эпителий клеткаларын шығарады. Буферлік жүйеге байланысты муцин қышқылдар мен негіздерді нейтрализдейді. Жара ауруының негізгі
симптомдары: Ауырсыну -мезгілге байланысты(күз,көктем) күшейеді. Эпигастрий аймағында “қанжар сұққан тәрізді” ауырсыну болады. Асқорыту немесе аш кезінде қатты ауырсыну болады. Ауырсыну ас қабылдаған соң 15-40мин кейін болса,ерте ауырсыну деп аталады. 1.5-3сағаттан соң болса, кеш ауырсыну дейді. Ас қабылдағанға байланысты,құсудан соң жеңілдік болады. Құсу-құсық тамақ,өт,қан,нәжіс аралас бола-ды.Құсық тамақ аралас болса-асқазан қорыту қабілетінің бұзылуы, өт аралас болса-дуо-деногастальді рефлюкс, нәжіспен болса-асқазан мен көлденең тоқ ішек арасында жыланкөздің болуына байланысты. Жара ауруында қан кету анық және жасырын болуы мүмкін. Қан кету қанды құсықпен (hаematomеsis)немесе қанды нәжіс (mellaena) ретінде болуы мүмкін. Қыжылдау-эпигастрий аймағында немесе төс артында жағымсыз әсер болады. Ас, антоцид қабылдаған соң басылады. Оның пайда болуы асқазан ішек рефлюксіне байланысты. 12- елі ішек жара ауруы: Жара 94% науқастарда 12 елі ішек басында орналасады. Екі жара қатарынан болуы мүмкін. Алдыңғы және артқы қабырғада (“целующиеся язвы”) және басынан тыс жара болады. Клиникасы. Жас, орта жастағы адамдар, көбіне ер адамдар ауырады. Ауырсыну эпигастрий аймағында, ас қабылдағанға байланысты. Ауырсыну ритмі: аштық-ауырсыну-ас қабылдау-жеңілдік-аштық-ауырсыну. Құсу жеңілдік әкеледі. Ренгенологиялық зерттеуде “рельефнишаны” көруге болады. Дифференциальды диагноз:12 елі ішек жара ауруының клиникасында ауырсыну оң жақ қабырға астында ұстама болса, өт-тас ауруымен, холециститпен салыстырады. Жара ауруы кезінде ауру мезгілге байланысты асқынады, құсудан соң ауырсыну басылады, пальпация жасағанда оң түзу бұлшықет аумағы ауырса, өт-тас ауруында оң жақ қабырға асты ауырсынады. Созылмалы панкреатитпен салыстырмалы диагноз жасау керек, ауырсыну іштің жоғарғы бөлігінде, ас қабылдаудан соң болады, құсудан соң жеңілдік жоқ, ауырсыну иррадиация береді. Малахов высказался о погибших в Ту-154: заявление шокировало Доход для сайтов Жара ауруының емі: Консервативті ем — қышқыл өндіруді тежеуші, антацит, седативті, шырышты қабаттың қорғаныс қызметін жақсартатын заттар. Консервативті ем әсері болмаса, оперативті ем қолданылады. Ваготомия және дистальді асқазан резекциясы жасалады. Асқазан резекциясы кезінде гастрин өндіретін антральді бөлімді алып тастайды, Билирот І әдісін қолданады. Бағаналық Ваготомия, селективті асқазан Ваготомиясы, проксимальді селективті Ваготомия, Джадду бойынша пилоропластика,Жабулэ бойынша гатродуоденостомия, Финей бойынша пилоропластика, гастроеюностомия жасалады. Асқазан жара ауруы. Джонсон классификациясы бойынша 3-типке бөлінеді: медиогостральі жара, асқазан денесінде орна-ласады. асқазан мен 12 елі ішек біріккен жара ауруы. пилорикалық каналдың және препилорика-лық жара. Асқазан медигостральді жара ауруы дуоденальді жара ауруынан 4 есе жиі кездеседі. Патогенезі. Дуоденогастральді рефлюкс-созылмалы антральді гастрит-шырышты қабаттың қышқыл-пептикалық әсерге қарсы тұруының төмендеуі. Клиникасы. 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ауырсыну эпигастрий аймағында. Ас қабылдағаннан кейін немесе 15-45 мин соң бас-талады. Ауырсыну тамақ асқазаннан шыққан кезде басылады. Ауырсыну семсер тәрізді өсінді-ден кіндік аймағында, орта сызықтан солға қарай болады, төс артына, сол кеуде бөлігіне, арқаға таралады. Қыжылдау мен кекіру жиі болады. Ауырсыну күшейгенде құсу болады, жеңілдік береді. Емі: оперативті ем. Асқазанның дистальді резекциясы антральді бөлімді алу, гастродуодено-анастомоз Билирот I әдісі қолданылады. Асқазан мен 12 елі ішек біріккен жарасы. Ең алдымен 12 елі ішек жарасы пайда болып, 1-неше жылдан соң асқазан жара ауруы дамиды. Клиникасы. 2 периодтан тұрады: 12 елі ішек жара ауруы дамиды; асқазан жара ауруы дамып клиникасы өзгереді. Ауырсыну симптомы жалғасады, асқыну ұзарады,жара баяу тыртықтанады, асқыну жиілігі 60%. Емі: оперативті. Пилорикалық каналдың және препилорикалық жара. Клиникалық ағымы 12 елі ішек жара ауруымен бірдей, ерекшелігі малигнизация (3%) болады. Диффенринциальды диагноз: қатерсіз және малигнизацияланған жара ауруымен жүргізіледі. Гастроскопия мен биопсия жасалады. Емі: оперативті. Асқынулар: Перфорация. Жіктелуі: бос іш қуысына перфорация; жабық перфорация; 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасы мен препи-лорикалық жаралар жиі перфорацияға ұшырай-ды. Тесік диаметрі 2мм-2см. Жара перфорациясы перитонитке әкеледі. Бос іш қуысына жараның перфорациялануы 3 кезеңнен тұрады: І. алғашқы шок-3-6сағат; ІІ. “жалған жақсару” -6 сағатқа дейін; ІІІ. жайылған перитонит-6 сағаттан кейін; 1 кезеңде ауырсыну қатты, ұзақ,эпигастрий ай-мағында.Ауырсыну нәтижесінде ауыр абдомин-альді шок дамиды.Ауырсыну бүкіл ішке,оң және сол жауырынға бұғана аймағына таралады.Құсу немесе жүрек айну,температура төмен,пульс нормадан 50-60 ретке баяулайды,қан қысымы тө-мендейді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Бос газ іш қуысында (пневмоперитонеум)-газ бауыр не-месе диафрагма астында жиналады. 2 кезеңде “жалған жақсару” болады. Науқас өзін жақсы сезінеді, іш қуысындағы тұз қышқылы эксудатпен араласып, тітіркену азаяды, ауырсыну азаяды. Тыныс алу, температура, қан қысымы нормаға келеді. Құсу, жүрек айну, тілі құрғақ, газ шықпайды. Іші ауаға толы, метиоризм, пери-стальтика әлсіз. Пальпация кезінде ауырсыну, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, іш қуысында газ, сұйықтық көбейеді. Лейкоцитоз, аздап лейкоцитарлы формула солға жылжыған. 3 кезеңде науқас жағдайы ауыр. Көп рет құсу, темпера-тура жоғары немесе төмен, пульсі жиі (110-120), қан қысымы төмен, коллапс. Тыныс алу беткей, жиі, тілі құрғақ, іші үлкейген, ішек парезі, перистальтикасы жоқ, іш қуысында бос сұйықтық бар. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Диурез азайған. Лаборо-ториялық зерттеулер: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, гемоглобин мен гемото-крит жоғарлаған, гиперкалиемия, метоболикалық ацидоз. Дифферинциальды диагноз: жедел холециститпен , Майлы тағам жеген соң, оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну болады. Құсу жеңілдік әкелмейді. Жедел панкреатит-эпигастрий аймағында ау ырсыну, майлы тағам немесе алкоголь қабылда-ған соң, көп рет құсу, құрамы өт, іш бұлшық етінің қатаюы жоқ. Жедел аппендицит- ауырсыну эпигастрий аймағына беріледі. Бұлшық ет қатаюы айқын болады, температура жоғары болады. Емі: операциялық ем –жараны тігу, пилора- антрумэктомиямен ваготомия, экономды асқазан резекциясы жасалынады. Бильрот I, гастро-дуоденоанастомоз Бильрот II тәсілі Рейхель-Полиа бойынша өзгерген Ваготомия Асқазан резекциясы Бильрот I, Бильрот II тәсілі бойынша Пилородуоденальды стеноз Даму себебі 12 елі ішек жара ауруы, сирек пилорикалық каналдың және препилорикалық жаралары. Клиникасы: 3 кезеңде өтеді: 1. компенсациялық; 2. субкомпенсациялық; 3. декомпенсациялық; 1-ші кезеңде науқас жағдайы орташа. Тағам тарылған саңылаудан ауырсынып өтеді. Эпигас-трий аймағында ауырсыну сезімі, қыжылдау, кекіру, құсу болады. Құсудан соң жеңілдік, ау-ырсыну басталады. Рентген зерттеуде асқазан үлкейген, перистальтика күшейген, пилородуа-денальді канал тарылған. 2-ші кезеңде эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі күшейеді, сасық кекірік, көбірет құсу, құсық массасы тамақ аралас, құсу жеңілдік әкеледі. Асқазан перистальтикасы күшейген. Науқас жағдайы әлсіз, жүдеу, су-тұз алмасуы және қышқыл-негіздік жағдайы бұзылған. Рентген зертеуде асқазан кеңіген, перистальтика әлсіз, аш қарында сұйықтық бар, пилородуаденальді канал тарылған. 3-ші кезеңде эпигастрий аймағында қатты ауырсыну сезімі, күнделікті құсу ұзақ сақталған тамақпен. Диурез сусыздану нәтижиесінде азаяды, перистальтика әлсіз. Науқас жағдайы әлсіз, жүдеу, терісі құрғақ. Дифферинциальды диагноз: жаралы пилородуоденальды стенозбен асқазанның ісікті стенозы. Жара ауруының анамнезі ұзақ созылмалы рецидивті ауру, ал ісікті ауру кезінде анамнез қысқа, науқас өте тез жүдейді, пальпа-циялағанда ісікті сезуге болады. Емі: операциялық ем және консервативті ем. Жара пенетрациясы Жара пенетрациясының дамуында 3 кезең бар: 1. Қабырға ішілік жара пенетрациясы. 2. Фиброзды өсу кезеңі. 3. Көрші органдарға жара пенетрациясының аяқталуы. Жиі жағдайда жара пенетрациясы кіші шарбы-ға, ұйқы безі басына, бауыр, 12 елі ішек байламына шығады. Жара пенетрацясы бауырға, өт қабына, көлденең тоқ ішекке және оның шажырқайына шығады. Клиникасында қатты ауырсыну синдромы дәрілік емдеуге жатпайды, ауырсыну таралады. Арқаға таралу жара пенетрациясы ұйқы безіне өткенде болады. Зерт-теуде бұлшық ет қатаюы (висцеро-моторлы рефлекс), локальды ауырсыну. Қан анализінде лейкоцитоз, СОЭ жоғарылайды. Рентген зерт-теуде ниша көрінеді. Органға жара пенетрациясы органмен асқазан (12 елі шек) арасында патологиялық фистула пайда болады. Ол арқылы жара органға өтеді. Фистула дамуы ауырсынумен, температура жоғарлауымен, лейкоцитозбен көрінеді. Құрсақ арты кеңістікке жара пенетрациясының ашылуы, іш пердесімен жабылған жерде орна-ласқан жаралар кезінде болады. Асқыну құрсақ арты флегмонасына әкеледі. Жара ауруының қайталануы Жара ауруына операциядан соң асқыну жара-ның рецидив беруі. Операциядан соң 2 жыл өт-кен соң қайталануы мүмкін. Негізгі шағым іштің жоғары бөлігінде ауырсыну, ас қабылдаған соң күшейеді. Жара пенетрациясы себебінен ауыр-сыну жалғасып, күшейеді. Қан кету, гематоли-зис, мелена түрінде болады. Нәтижиесінде анемия дамиды. Емі: Операциялық ем- диафрагма асты бағаналық ваготомия. Жара ауруының асқынған түрлері ғана абсолютті көрсеткіші бойынша хирургиялық емдеуге жатады. Олар: 1. Перфоративті жара. 2. Пенетрацияланған жара. 3. Пилоро-дуоденальді стеноз 4. Жарадан қан кету. 5. Малигнизацияланған жара.

u Эндоскопиялық папиллосфинктератомияны алғаш рет Германияда Л.Демлинг және М.Классен шығарған.Операцияның болуы және оның жоғары тиімділігі көпшіліктің назарын аударды және бірнеше жылдан соң көптеген тәжірибелердің арқасында көптеген операциялар клиникада эндоскопиялық операциялармен жасала бастады. ЭПСТ операциясы диатермиялық папилломаны пышақпен кесіп алып тастау,ағмдағы жоғарғы жиіліктің қайнар көзі және басқа құралдармен чреспапиллярный операция жасау туралы.Папиллома әр түрлі қол жетімді фирмалармен және әр түрлі жобалаулары бар,ерекшеленетін жері (жанынан,механикалық) шығатн металл электрод жолдар оның ұзындығ 15-30 мм,катетер еркін соңында болуы ,электродтың формасы.ЭПСТ көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері-ЭПСТ өз бетінше жасалатын операция,стеноздық тарылу болады т.б.

u 20. Аппендицит кезінде науқасты операцияға дайындау. Операциядан кейінгі асқынулары.

u Операцияға дайындау:

u 1) ота жасалынатын аймақтың гигиенасы (іштің алдынғы аймағымен түктерден тазарту)

u 2) асқазанды астан босату( соңғы 2-3 сағат ішінде ас өабылдаған жағдайда асқазанды жуу)

u 3) қуықты зәрден босату

u 4) премедикация (1% промедол — 1 мл; 0,1 % атропин — 1 мл; 1 % димедрол — 2 мл).

u Перитониттің клиникалық белгідері анықталса операцияға дайындық өз ішіне дезинтоксикациялық терапияны қамтиды. Жедел аппендицитке күдік туған жағдайда клизма жасауға және ішке мұйық қоюға болмайды.

u Операциядан кейінгі асқынулар:

u Аппендэктомияның асқынулары жергілікті, құрсақ ішілік және жұйелік болып бөлінеді.

u Жергілікті асқынуларға – гематома, іріңдеу, қабынулық инфильтраттар және жыланкөздер жатады. Гематомалар операциядан кейінгі алғашқы күндері байқалады.Тігіс орнында ауырсынудың болуы байқалады. Жараның іріңдеуі – ең көп кездесетін асқыну болып табылады. Аппендициттің түріне тауелді 1-6% жағдайда байқалады.

u Құрсақ ішілік асқынулар өмірге қауіпті және ауыр категорияға жатқызылып өз ішіне абцесстер (көкетастылық, ішекаралық), шектелген және жайылған перитониттер, пелифлебиттер, ішек өтімсіздігі, құрсақ ішілік қансырау және ішек жыланкөздерін алып жатады.

u Жүйелік асқынуларға – тромбоэмболия, пневмония, жедел миокард инфаркті және зір шығару жүйесінің бұзылыстары байқалады.

u

u 21. Спонтанды пневмоторакс және кеуде қуысының зақымдалуындағы торакоскопиялық хирургия.

Спонтанды пневмоторакс кезінде торакоскопиялық хирургияда плевра қуысындағы ауаны эвакуациялау және рецидивтің алдын алу ең басты мақсат болып табылады. Пневмоторакс кезінде бақылауға, ауаны катетер арқылы аспирациялауға және алып тастауға болады.Оптимальді ем тәсілі плевральді қуысты дренаждау болып табылады.

Видеоторакоскопия кезінде болады:

- Плевральді жабысуларды кесу

- Лазер арқылы метастазды ликвидациялау

- Бөліктік плеврэктомия

- Сегментэктомия

- Электрокоагуляция

- Өкпе тініне тігіс салу

- Пульмонэктомия

Торакоскопия кеуде қуысының жарақаттарының масштабымен характерін анықтауға көмектеседі. Жалпы жансыздандыру арқылы іске асырылады. Екіжақты интубациялық түтікті қолдану және жақсы вентиляцияны қамтамасыз ете отырып істеледі.

Пациенттісаужағыменорналастырады.Троакарды енгізу үшін қолтық асты сызығының 5 және 6 қабырғааралығы таңдап алынады. Торакоскопты енгізгеннен соң кеуде қабырғасына порт, манипуляторлар және инструменттер енгізу үшін қосымша 2-3 тілік жасалынады. Торакоскопия кеуде қуысының жарақаттары кезінде өте жақсы тәсіл болып табылады.

Диагностикалық, емдік және оперативті эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия, лапароскопия, бронхоскопияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.

Эзофагогастродуоденоскопия — өңеш, асқазан және он екі елі ішекті диагностикалық мақсатта тексеру әдісі болып табылады.

Көрсеткіштер:

 
а) іштің қайталанбалы ауырсынулары; б) дисфагия; в) жара ауруына күдік, гастрит, дуоденит және басқада ас қорыту органдарының жоғарғы бөлімдерінің ақаулары; г) он екі елі ішектің жара ауруы; д) емнің рациональді тактикасын таңдау үшін ісік ауруларын бақылау.

Қарсы көрсеткіштер:

а) жіті респираторлы аурулар, трахеобронхит, грипп, ангина;
б) жіті инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина, вирусты гепатит т.б);
в) орталық нерв жүйесінің органикалық бұзылыстары;
г) геморрагиялық диатездің барлық түрінде.

Колоноскопия.

Диагностикалық көрсеткіш: бариймен рентген жасаған кезде патологияның анықталуы, микроцитарлы анемия кезінде жасырын немесе жіті асқазан ішектік қансырауды анықтау, операциядан кейінгі ісікті түзілістердің бар жоғын анықтау мақсатында, ішектің қабыну дәрежесін анықтау.

Қарсы көрсеткіштер: шок, жіті миокард инфаркті, перитонит, ішек перфорациясы, дивертикулит, анамнезінде көп өткізілген операциялар, үлкен жарық.

Лапароскопия

Көрсеткіштер: жіті аппендицитке күдік; мезэнтериальді тромбозға күдік; ішек некрозы, іштің травмалары; жіті ішек өтімсіздігі; холецистит; перитонит; жіті панкреатит.

Қарсы көрсеткіштер: жіті миокард инфаркті, тыныс алумен қан айналымның декомпенсациясы, коллапс, нәжістік жыланкөздер, алдынғы құрсақ қуысының көптеген операциядан кейінгі тыртықтары.

Бронхоскопия

Көрсеткіштер: кеңірдекпен бронхтардың ісігіне күдік; бөгде заттың болуы; қан түкіру, өкпенің көптеген абсцестері, өкпе кисталары, рецидивтеуші пневмония; астмаға күдік.

Қарсы көрсеткіштер: кеңірдек және жұтқыншақтың 2 не 3 дәрежелі стенозы; 3 дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі; бронх астмасының жіті кезеңі; аорта аневризмасы; миокард және ми инфаркті; қан ұюының бұзылысы; анестезия препараттарын көтере алмаушылық; психикалық аурулар.

Наши рекомендации