Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы.

Улы сарғалдақтар

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы. - student2.ru

Улы сарғалдақтар (лат. Ranunculus sceleratus)-сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір және екі жылдық шөптектес өсімдік.

Биіктігі 5-60см. Сабағы тік, түксіз жылтыр, ұшынан тарамдалып бұтақталған. Жапырақтары тамырға жақын, сабақ түбіне орналасқандары ұзын сағақты, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталып салаланған. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағағы қысқара береді, жапырақ тақтасының пішіні де өзгеріп жіңішкереді. Жапырық тақтасы жалпақ және жіңішке болып 2 түрлі пішінге өзгереді.Гүлдері қос гүлсерікті- 5 сарғыш түсті тостағанша жапырақша, 5 алтын сары түсті күлте, көп аталық, көп аналықтан тұрады.Көктемнің соңында, жаздың басында гүлдейді.Жемісі- көпжаңғақша (многоорешек) әр жаңғақшасының ішінде бір тұқым болады. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдейді. Өсімдіктің барлық мүшесі улы. Мал жемейді. Улы сарғалдақтар- ылғалды шалғындықта, сазды жерлерде, өзендер мен бөгеттердің (тоғандардың) жағасында өседі. Жасуша шырынында әртүрлі алкалоидтар болғандықтан уы орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын), асқорыту жүйесіне және бүйрекке қатты әсер етеді. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің 2000-нан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі улы.

Алып балдырған. Алып балдырған жай ғана жанасудан соң-ақ ауыр жарақат әкеледі. Күн сәулесі түскен кезде қою шырын бөледі. Дәл сол шырын теріге тиген кезде химиялық реакцияға түсіп, терінің, ағзаның және жасушалардың өлуіне алып келеді. Алып балдырғанның шырыны бетке тисе, көздің көрмей қалу да мүмкін. Әдетте алып балдырғандардың биіктігі 2,5 метрге жетеді.

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы.

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы. - student2.ru

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы жанынан өткен адамның өзін өлтіруге қабілетті өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдіктің биіктігі 5 метрге дейін жетеді, бірақ басқа өсімдіктердің тасасында жасырынып өседі. Ол нейротоксин уын бөлетін ұзын инелермен қаруланған. Бірде өсімдік сабағына қолы тиіп кеткен бір аңшының жүйке жүйесіне зақым келіп, көз жұмыпты. Егер адам у әсерінен бірден қаза таппаса, психикалық ауруларға шалдығады.

Қатерлі камас. Камас Оук графтығындағы Солтүстік-Батыс Америка ормандарында өседі. Камастың түсі ашық келеді. Аталған өсімдіктің бірнеше түрі кездеседі. Солардың ішіндегі улысы – солғын түстісі. Камастың кішкене уының өзі ағзаға түссе, өлімге алып келеді. 5. Періштедей құбырлар.Бұл өсімдік Оңтүстік Америкада өсіп-өнеді. Өсімдік гипноздық қасиетке ие – адам естен танбайды, бірақ өз әрекеттеріне жауап бере алмай қалады.

Гималай қара бүлдіргені

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы. - student2.ru

Әдеттегі қара бүлдіргеннен айырмашылығы «Гималай» сабағының диаметрі 5 сантиметрге дейін жетеді және ол акуланың тісі тәрізді ұзын тікенектермен қапталған. Әдеттегі қара бүлдірген жеуге жарамды болса, Гималай қара бүлдіргені өте улы.

Джимпи-джимпи. Джимпи-джимпи деп аталатын аустралиялық осы бір ағаш аса қауіпті әрі улы. Джимпи-джимпи уының әсерінен болған азаптың қаттылығы сонша, уланғандар өз-өзіне қол жұмсауға дейін баратын кездер болған. Мәселен, ағаштың жапырағын қолданған бір ер кісі уланып қалып, азапқа шыдай алмай атылып өлген екен. Ағаш құрамындағы токсиннің әсерінен адам денесі екі жыл уақыт күйіп жүруі мүмкін.

Сүттіген Лорел.

Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы. - student2.ru

Бұл өсімдікке қарап отырып әдемі безендірілген саябақта өсетін өсімдіктердің бірі шығар деген ой келеді. Алайда, бұл алдамшы ой: өсімдік өте улы. Оның санаулы ғана жидегін жеудің өзі барлық ағза мүшелерінің зақымдануына әкеліп, шарасыз өлімге себепші болады. Бір қызығы, кей тайпалар сүттіген Лорельді жұқпалы ауруға шалдыққандарға дәрі ретінде қолданған екен.

Наши рекомендации