Астениялық әсерленіс.

ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.

№ 2 тапсырма. Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу мүмкіншілігін зерттеу.

Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).

Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетінадам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).

Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.

Зерттелетін көрсеткіштер Жүктемеге дейін Жүктемеден соң дереу
Штанге сынауы    
Генче сынауы    

Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.

Дені сау шынықпаған адамдарда:

Штанге сынауы -30- 40 сек.

Генче сынауы - 20-30 сек.

Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.

СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық

және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»

4. өлім сатысы

6. аурудың нышаны

8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі

10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым

12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі

15. клиникалық көріністердің қайталануы

16. сутегі ионы мөлшерінің артуы

18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен

(1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.

19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен

және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»

21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия

арқылы сұйықтықты енгізу әдісі

23. денсаулықтың өлшемі

26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай

Көлденеңінен:

1. ауру туралы жалпы ілім

3. өлімнің түрі

5. өлген организмді тірілту туралы ғылым

7. өлімнің түрі

9. аурудың аяқталуы

11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы

13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс

14. аурудың аяқталуы

17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі

20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы

22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы

24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша

25. қанағымының қалпына келуі

Астениялық әсерленіс. - student2.ru

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 3-8.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-19.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 3-11.

6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

7. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009ж 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

Қосымша

9. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.

10. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

11. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37

12. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

13. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

Бақылау

ü Тапсырмаларды орындау

ü Хаттамаларды толтыру

ü Тәжірибе нәтижелерін қорытындылау

ü Сөзжұмбақтың толтырылуын бақылау

№ 2 тақырып «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ»

Сабақ мақсаты:

· Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

· Теориялық материалдан алған білімдерін патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдану

· Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізуде коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

· Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

  • Теориялық материалды талдағанда 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру
  • Патогенездің сызбанұсқасын, негізгі тізбекті және кері айналып соғу шеңберін құрастырып үйрену

· Жалпы этиология мен патогенездің негізгі сұрақтарын талдағанда коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың негізгі сұрақтары:

1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

2. Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.

3. Пихогендік патогенді жайттар. Иатрогенді аурулар туралы түсінік. Денсулықты сақтау мен адам аурулары туындауындағы әлеуметтік жайттардың рөлі. Балалар патологиясындағы және балалар өлімін төмендетудегі әлеуметтік жайттардың маңызы.

4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

5. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының негізгі көріністері, патогенезі.

6. Ұрықтық даму патофизиологиясы: жіктелуі, этиологиясы, ұрықтық даму кезеңінде дерттік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтары.

Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері:

Сабақты талдау, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.

Бақылау әдістері:

Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша студент пен оқытушы арасында пікірсайыс жүргізу, биіктік ауруын үлгілеу бойынша бейнефильмді талқылау патогенездің сызбанұсқасын талқылау

Бақылау түрі: ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру, тестілеу

Наши рекомендации