Терінің лимфа жүйесі

Терінің лимфа жүйесі беткейлі және терең байланыстар түзеді. Беткейлі лимфатикалық жүйе арасында көптеген анастомоздары бар, емізікті қатардағы көрмейтін домалақ кеңейген капиллярлардан басталады. Лимфатикалық тамырдың екінші торы дерманың төменгі бөлімінде орналасқан.

Терінің жүйке- рефлекторлы аппараты

Тері көп көлемде арнайы жүйке аппаратының аяғымен немесе жүйке соңдарымен жүйке талшықтарына қаныққан, яғни оның барлығы терінің рецептивті үлкен аймағын құра отырып, сезім мүшесі қызметін атқарады.

Терінің иннервациясына цереброспинальді, вегетативті жүйке қатысады. Тері анализаторы екі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлігі- ядролы- бас миының қыртысында артқы орталық иілімінде орналасқан. Екінші бөлігі барлық қыртысқа жайылған жүйке жасушаларында орналасқан. Терінің перифериялық жүйкелері үш өрім құрайды:

1.теріасты қабатының терең бөлімінде

2.дерма және гиподерма шекарасында

3.емізікті қатардың тереңінде

Жүйке бағандары жалпы түрмен құрастырылған, яғни беткейі дәнекер тін- эпиневриеммен жабылған, одан терең қабатастында периневрий, ал әр жүйке бағаның қаптаушы эндоневрий.

Жүйке бағандары цилиндрлі белағашынан(аксон) және шваннлвскті қабықтан тұрады. Миелинді және миелинсіз бағандарды бөледі. Егер аксонды электронды микроскоппен қарасақ, аксолемма, аксоплазманы көруге болады.

Миелинді және миелинсіз талшықтар миелин қабығымен ажыратылады. Миелин қабығы арнайы кезеңді қыртысты құрылысына ие.

Тері рецепторлары сезімтал талшықтардың ақырғы аспаптары. Олар сырттан тітіркенуді қабылдайды. Рецепторлардың арнайы түрлері тітіркенудің арнайы түрлерін қабылдайды, олар механо-, хемо-, терморецепторлар, ауырсыну рецепторлары.

Терінің морфологиялық рецепторларын бос және инкапсуланған деп бөлеміз.

Функциональді қарым- қатынаста бос жүйке аяқшалары ең маңыздысы, олар көп, дерманың бүкіл бөлімінде қысқа және ұзын бұтақтары бар. Осындай рецепторлардың негізі түйіршіксіз жүйке талшықтары.

Капсулаланған жүйке аяқшалары құрылысы бойынша ұқсас. Олар ішкі колбалар мен оны қоршаған капсуладан тұрады, арнайы спецификалық қызметке ие.

Мейснер денешігіең қатты капсулаланған жүйке денешігі, ең көп мөлшерде алақан, қол саусақтарында, ерінде, қабақ, жыныс мүшелерінде, сүт бездерінің емізігінде, тілдің емізікті шырышты қабатында, яғни тактильді сезімталдық айқын жерлерде орналасқан. Олар көп бөлігі созылыңқы, дерманың емізікті қабатында орналасады, негізгі мембранаға тығыз байланысқан.

Краузе қолбаларықолдың саусақтарында, иық, бұғана, табан терісінде, сирақта дерма қабатында кездеседі. Суық сезімін қабылдайды.

Фатер- Пачинитерінің тегіссаусақтарында, сыртқы жыныс мүшелерінде, сүт безінің емізікшесінде орналасады. Олардың құрылысы қиын. Қысым сезімін сезеді.

Дерманың терең бөлігі- Руффини денешігі, жылу сезімін қабылдайды.

Теріасты май қабатында- пластинкалы Фатер- Пачини денешігіқысым сезімін жеткізеді.

Терінің безді аппараты.

Май бездері.

Май бездері сөл бөлу қасиетіне қарай голокринді, яғни май бездерінің сөл түзілуі физиологиялық дегенерация мен май бездері жасушаларының ыдырауымен байланысты.

Май бездері табан және алақан мен табаннан басқа барлық теріде орналасқан. Май бездері негізінен шаш фолликулаларымен байланысты және шаш фолликуласына өзінің қысқа шығарушы түтігін ашады. Тағы да тері беткейіне(бет, жыныс мүшесінің басы, сүт емізігі) ашылатын шығарушы түтігі бар бездер бар. Май безінің сөлі тері майы.

Май безінің сөл бөлігі біртипті. Перифериялық бөлімде бірнеше сөл бөлу жасушалары орналасқан. Цитоплазма ұяшықтарында май болады.Секретті жасушалар шығарушы түтікке жақындағанда шекаралары анық емес, май бөлшектерінің мөлшері үлкейеді, ядросы бозарады, цитоплазма құрылымы біркелкіленеді, без саңылауы бөлінеді.

Тер бездері

Секреция механизмі бойынша бойынша тер бездерін 1. Эккринді немесе бөлуші, секреция элементтерінің өлуінсіз жүреді.

2.апокринді, голокринді тип, сөл бөлу кезінде секреторлы жасушалар бұзылады.

Тер бездері қарапайым түтікті без, рефлекторлы сөл бөледі және терморегуляцияда маңызды. Адам терісінде 3млн. аса кездеседі. Сөл бөлуіне қарай эккринді және апокринді болып бөлінеді. Эккринді бездерде секреция кезінде жасушалар сақталады, ал апокринді –жоғарғы бөлігінің жасушалары бұзылып, секретке айналады. Тәулігіне тер бездері 300 ден 800 мл ге дейін, ал физикалық жаттығу кезінде 1 литр тер бөледі.

Эккринді немесе мерокринді бездереріннің қызыл қиюлары, кіші жыныс бездерінің терісі, жыныс мүшесінің басы және шеткі салдан басқа терінің барлық жерінде кездеседі.

Әсіресе алақан, табан, маңдай, сүт безі, іш терілерінде көп. Олар дерма мен теріасты май қабаты шекарасында орналасқан соңғы бөлімнен және шығарушы түтіктен тұрады.Соңғы бөлімі бір қабатты кубты немесе призмалы жасушалармен көрінетін спиральді оралған шумақшаларды ұсынады.

Ашық және қоңыр түсті экзокриноциттерді бөледі, ашық гликоген, қоңыр- сиаломуциннан тұрады. Гистиохимияда оларда РНҚ, қышқыл фосфатаза, аминопептидаза анықталады.

Эккринді бездің соңғы бөлімі базальді мембранамен оралған.Без түтігі дермальді және эпидермальді бөлікке ие, ол тер шыңына ашылады.Дермальді бөлігі базальді мембрана деңгейінде жатады және кубты эпителийден тұрады. Эпидермальді бөлігі бір қатарлы ішкі және көп қатарлы сыртқы жасушалардан тұрады. Бұл қатардың құрылымы ерекше құрылысты, тонофиламенттермен ерекшеленеді, беткейге жақындағанда кератиносома және кератогиалинді гранулалар пайда болады.

Жыныс бездерінің қызметі жыныс бездерімен байланысты, сондықтан жыныстық жетілуге дейін ол жетілмеген, ал қарттарда қызметі керісінше төмендеген.Апокринді тер бездері қолтық шұңқырларында, артқы өтіс аймағында, кіндік аймағында, шап және маңдайда орналасады.

Бұл бездер де соңғы бөлім, дермальді және эпидермальді түтік бөлігінен тұрады.

Шаштар.

Шаштардың бірнеше түрін бөледі:1. Ұзын(бастың шашты бөлігі, сақал, мұрт, қолтықасты шұңқыры, шат, жыныс мүшелері).

2.қылшықты(қас, кірпік)

3.мамықты(бет, дене, шеткі бөлімдер)

Шаш өзектен, теріден көтеріліп тұратын(шаштың бос бөлігі), және дерманы қоршаған түбінен тұрады.Шаштың ең терең кеңейген бөлігін шаш баданасы деген атқа ие, ол шаш өсуін қамтамасыз етеді.

Шаш түбі мен баданасы дәнекер тінді қалтамен қапталған дермада орналасқан ерекше эпителиальді қалтадан тұрады, ол шаш фолликуласы деп аталады. Шаш фолликуласы цилиндр формалы жіне өздігінен кеңейіп тері бетіне ашылады, оны шаш фолликуласының шұңқыры дейді, ол шаш өзегіне оңай өтеді.

Шаш баданасы үнемі бөлінуші және көп мөлшерде пигменттен тұратын полигональді жасушалардан тұрады.

Шаш өзегі кератинирленген жасушалардан тұрады. Шаш түбі 3 қабаттан тұрады: милы, қыртысты, кутикула.

Милы зат тек ұзын шаштарда болады және мүйізделетін жасушалар, ядро қалдықтарынан тұрады.Қыртысты зат- шаштың негізгі бөлігін құрайды, ұршық тәрізді мүйізгекті жасушалардан құралып, көп көлемде пигментке ие. Шаштың кутикуласы мүйізгекті пластиннен тұрады және пигмент болмайды.

Шаш фолликуласының дәнекертінді фолликуласы аз мөлшердегі эластикалық және аргирофильді талшықты жұмсақ дәнекер тінінен тұрады. Шаш фолликулалары көп мөлшерде жүйке аяқшаларымен қоршалған.

Шаш бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады, ол жиырып шашты көтереді, май бездері қысылып тері майының бөлінуіне әкеледі.

Наши рекомендации