Пластір жасауда қолданылатын шикізаттар

I. Кіріспе бөлім

Дәрілік заттардың түрлері,олардың жіктелуі

II. Негізгі бөлім

2.1.Дәрілік заттардың ішінде пластрлердің алатын орны

2.2.Әр түрлі пластрлердің жасалу технологиясы

2.3.Пластір жасауда қолданылатын шикізаттар

2.4Пластірлерге рецептік мысалдар

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиттер тізімі

Кіріспе

Фармакологияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады.Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды. Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болды. Заттардың химиялық құрылысы және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады. Дәрілік заттардың өзара әсерлесулері – ол дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолдануда және олар негізгі әсердің айқындығын, сипатын және жанама әсерлерін күшейте немесе әлсірете отырып бір – бірімен өзара әсерлесуін қарастырады.

II.Негізгі бөлім

1882 жылы неміс ғалымы Пауль Карл Бойерсдорф зығыр матаға табиғи каучук,қарағай шайыры мени мырыш тотығын жағып осылайша алғашқы пластірлерді ойлап тапты.

Пластірлер – кенепке жағып,терінің керекті жеріне жапсыратын балауызға ұқсас дәрілік зат формасы.Пластірлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейін теріге жабысып қалатын қабілеті бар сыртқы тәнге қолданылатын дәрілік зат формасы болып табылады.Олар теріден оңай ажырап,із қалдырмайды.Бұл бүкіл дүние жүзінің фармаопеяларына кірген өте ескі дәрілік түрлердің бірі.Қазіргі кезде пластірлердің номенклатурасы және қолданылу аясы жан-жақты.

Пластірлердің құрамына шайырлар,парафин,балауыз,жоғарғы май қышқылдарының тұздары (қорғасын сабыны),тоң майлар,каучук,шайырлы қышқылдардың тұздары,ланолин,вазелин,церезин,ұшқыр еріткіштер (эфир және этанол) және әртүрлі дәрілік заттар кіреді. Осы заттарды үйлестіріп қолдану пластірлерге тиісті құрылымдық-механикалық қасиеттер береді,бірте-бірте жұмсару,теріге жабысу және терапевтік әсер ету қабілетін қамтамсыз етеді.

1-сурет

пластір жасауда қолданылатын шикізаттар - student2.ru пластір жасауда қолданылатын шикізаттар - student2.ru

2-сурет

Пластірлер классификациясына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

· Тағайындалуына байланысты эпидермиялық,эндермиялық және диадерматикалық;

· Құрамына байланысты қарапайым жіне каучукті;

· Агрегаттық күйіне байланысты қатты және сұйық;

· Дайындалуына байланыты жағындысы бар және жағындысынсыз;

· Дисперсттік дәрежесіне байланысты қорытпа,ерітінді,суспензия,эмульсия немесе комбинирленен күйде

· Дозаланған және дозаланбаған болуы мүмкін.

Пластірлер қағаз немесе мата бетіне массаның жұқа қабаты жағылған түрде немесе бөлшектенген плиткалар, таяқшалар,цилиндрлер,флакондарға құйылған сұйықтықтар түрінде шығарылады.

Пластірлер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.Агрегаттық күйі бойынша қатты және сұйық болып бөлінеді.

Қатты пластірлер – бөлме температурасында тығыз,жағылмайтын, дене температурасында жұмсарып, жабысып қалатын платірлер.

Сұйық пластірлер – еріткіш ұшып кеткенне соң теріде пленке немесе жұқа қабықша қалдыратын сұйықтықтар.

Дисперстік дәрежесі бойынша пластірлер балқымалыр,ерітінділер,суспензиялар,эмульсиялар немесе аралас жүйелер болуы мүмкін.

Медициналық және ветеринарлық мақсаттарда қолданылуы бойынша пластірлер эпидермиялық,эндермиялық және диадермиялық болып үшке бөлінеді.

Эпидермиялық пластірлер жабысқақ болады және олардың құрамында дәрілік заттар болмайды.Олар байлау материалы ретінде,бйлауыштарды бекіту ,жаралардың шеттерін жақындастыруға,терінің кемшіліктерін жасыру,оны сыртқы ортаның жаралаушы,тітіркендіруші әсерлерінен қорғау,кйбір тері ауруларын емдеу үшін қолданылады.Эпидермиялық пластірлерді жабыстырғанда газ,ылғал,жылу алмасудың тоқтауы әсерінен пластір астындағы тері жұмсарып,осы жердегі қан айналымы күшейеді, патологиялық процесстердің таралу үдерісі жақсарады.

Эндермиялық пластірлердің құрамына дәрілік заттар кіреді және олар жапсырылған жердегі тері ауруларын (экзедерма,дерматит,фурункул-сыздауық т.б.) және басқа да хирургиялық жарақаттарын емдеу үшін қолданылады.

Диадермиялық пластірлердің құрамына тері арқылы өтіп кететін және тереңде жатқан ұлпаларға әсерін тигізетін дәрілік заттар кіреді.Сондықтан оларды терең қабатта орналасқанқабыну процесстерін емдеу мақсатында қолданылады.Мысалы,буын қабынулары,бұлшық еттің қабынуы,сіңідің созылуы.

Пластірлер әдетте зауыттық технологиямен жасалынады.Бұл дәрілік форма ұзақ уақыт сақтауға төзімді,әрі пайдалануға өте ыңғайлы.

Пластірлер құрамына байланысты қарапайым және каучукті болып бөлінеді.

Қарапайым пластірлер (Emplastra Ordinarid) олар қорғасынды,қорғасын-шайрылы,қорғасын-балауызды және шайырлы – балауызыд болып жіктеледі.Бұл аталған пластірлер құрамында міндетті түрде қорғасын сабыны болады. Себебі оның ластамайтын, шайырмен,балауызбен және басқада дәрілік заттармен әсер ететін қаситеті бар. Сондай-ақ ұзақ сақтауға жарамды.

Бірақ оның тиімсіз жағы ол енжар болып табылады.

Қарапайым қорғасынды пластір (Emplastrum Plumbi simplex) химиялық құрамы жағынан қорғасынды тұздар және май қышқылдарымен соның ішінде стеринді,пальмитті, олеинді қышқылдармен әрекеттескен.Пластірлердің құрамы өсімдік майы,тазартылғған май,қорғасын оксидінен және бірқалыпты пластикалық масса алу үшін дистилденген су қосылады.Пластр алу үшін маңызды рөлді май мен қорғасын оксидінің судың қатысында эмальді қазанда қайнауы болып табылады.Есте сақтайтын нәрсе пластір дайындаған кезде мыстан жасалған қазандар қлдануға болмайды. Қорғасынды пластірдің дайндалу технологиясын қарастырайық.Қазанды бу астына қойып онда майды ерітеміз.Содан кейін булауды тоқтатып үстіне қорғасын оксидін құямыз.Араластырғышты қосып 100-110*С –да 15 минут қайнатымыз.Әр бес минут сайын үстіне ыстық су құйып отырамыз.Қайнауының белгісі бетінде көпіршіктер пайда бола бастайды.Пластірді қайнату 2-3 сағатқа созылады.Алғашында қоспаның түсі қызыл болады кейін ақшыл-сұр ,қайнап бәтер алында ақшыл түсті бола бастайды.Пластірдің қайнауын біткнін сынама алу арқылы білуге болады.Ол масса қолға жабыспауы керек.Әрі қарай пластірді глицерининнен босатып алады.

Қорғасын-шайырлы пластірлер(Emplastrum Plumbi compositum).Бұл пластірдің құрамының 85% жай қорғасын пластірінен,10% канифолиден,5%терпетинді майдан тұрады. Оны дайындау үшін қорғасынды пластір мен канифольды балқытады.Содан кейін алынған массаны араластыра отырып үстіне терпентин қосады. Күрделі пластір таяқша тәрізді болып шығарылады. Оны терінің қабынуларында және сыздауықты емдеуде пайдаланды.

Шайырлы-балауызды пластір.Бұл пластірдің құраында аса маіызды компоненттер парафин,вазелин,петролатум, шайырмен балауыз майы болып табылады.Бұл пластірді дайындау кезінде жоғары аталған заттардың құрамында су болмауын мұқият қадағалау керек.Бұл пластірдің кең таралған түрінің бірі мозольге арналған пластірлер.Оның құрамында салицил қышқылы,канифол,парафин және петролатума болады.Қайнатпа қазанда барлығын қайнатады. Дайын қайнатпа 3 г болып құйылады.

Қорғасынды-балайызды пластірлер.Бұл топқа эпилинді,сынапты және акрихинді пластірлер жатады.

Акрихинді пластір (Emplastrum acrichini).Құрамының 10% акрихиннен, 15% метилсалицилаттан , 45% қорғасынды пластірден, 10% сусыз ланолин,10% этил спитрінен және 10% судан тұрады. Дайндау жолы метилсалицилатты спиртте ерітеді,ал акрихинді суда қыздыарды.Сосын екі ерітіндіні араласыра отырып қорғасын пластірі менланолин қосады.Акрихинді пластірлерді қызаруларға қарсы қолданады.

Сынапты пластір (Emplastrum hydrargyri).Құрамы концентірленген сынаптан, сусыз ланолиннен, щарапайым қорғасынды пластірден және сары балауыздан тұрады.Бұл пластірді дайндау үшін буланбалы қазанға қорғасынды пластірді,балауызды және ланолинді салып араластырады.Алынған суыған массаға сынапты жақпа майды қосады.Біркелкі масса алынғанша арластырады.Алынған массаны таяқша формаларға құяды. Сынапты пластірлерді сифилисті емдеу үшін және эпидемиялық паротитте қолданады.

Эпилинді пластір {Emplastrum Epilini). 4 % эпилиннен, 54% жай қорғасында пластірден, 5% балауыздан, 22% сусыз ланолиннен және 15%судан тұрады.Бұл пластірді жасау үшін қорғасынды пластірді балауыз және ланолинмен аралстырады.Сосын оны сүзгілейді.Эпилинді жай қызып тұрған дистилденген суда ерітеді.Алынған ерітіндініжылы күйінен суығанға дейін эмульсиялайды.Эпилинді пластірлер дерматологияда бастың терісінің грибокты ауруларында қолданылады.

Лейкопластірлер (Leucoplastrum).Негізінен әр түрлі жарақаттар алағанда таңу материалы болып табылады.Құрамы: 25,7 % табиғи каучуктен, 20,35% канофолиден, 32% мырыш оксидінен, 9,9% сусыз ланолиннен, 11,3% сұйық парафиннен және 0,75% неозон Д тұрады.Лейкопластір дайындау процесі бірнеше сатыдан тұрады.Алдымен табиғи каучукпен канифолды бензинде ерітеді. Оған ланолин мен парафинді қосады.Оларды мырыш оксидімен араластырады.Алынған пластірді матаға жағу үшін клейлегіш машина қолданылады. 5—6 рет қайталанылып жағылады. Лейкопластыірлі ленталар машина көмегңмен ұзындығы 1 м - 5,2 м болып кесіледі.

Бактерицидті лейкопластір (Emplastrum adhaesivum bactericidum).Бұл пластір дәрілік заттар қосу арқылы алынады.Олар антисептикалық еріткіштер сіңірілген маталы төсеніштерден тұрады.Антисептиктің құрамы: фурацилин — 0,02 %, синтомицин — 0,08 %, брилантті жасыл — 0,01 %.Сіңірілген төсеніштер лейкопластірлі лентаға орнатылады.Пластірдің үстін крахмалды мата және целлофанен қорғайды.Пластір әртүрлі көлемде шығарылады. Бактерицидті пластір терінің іріңді ауруларында, алғашқы көмек көрсету кезінде таптырмас құрал.

Лейкопластырь «Салипод» (Emplastrum adhaesivum ad clavos «Sali-podum») матаға құрамында дәрілік заттары бар лейкомассаны жағып дайындайды.Пластірлі масса құрамы келесі компонненттерден тұрады: салицил қышқылы — 32,8 г, күкіртті тұнба — 8,1 г, табиғи каучук — 22,4 г, сусыз ланолин — 9 г, қарағайлы канифоль — 17,7 г, басқа да заттар — 100 г. Алынған массаны матаға ұзындығы 10 см енін 6 немесе 2 см етіп жағады және қорғаныш целлофанмен жабады.

Бұрышты пластір (Emplastrum Capsici) өзіне тән иісі бар сарғыш түсті бірыңғай жабысқақ массасы бар,матаға жағылған целлофанмен қорғалған пластір. Қазіргі кезде әр түрлі көлемде шығарылады.Олар: 12x18 см, 10x18 см, 8x18 см, 10x15 см, 4x10 см, 6x10 см және т.б.

Бұрышты пластірдің құрамы: 8 % бұрыштың экстарктісі, 0,6 % белладонның экстрактісі, 0,6 % арник тұнбасы, 22 % табиғи каучук, 21 % қайың канифолиі, 18 % сусыз ланолин, 24 % вазелин майы және басқа да компоненттер.

Пластірлердің құрамына әртүрлі дәрілік заттар,майлар,шайыр,парафин, балауыз,май қышқылдарының тұздары енеді.Плстірлер әдетте зауыттық жолмен жасалынады.Бұл дәрілік форма ұзақ уақыт сақтауға төзімді,әрі пайдалануға өте ыңғайлы.

Қарапайым пластірлердің жасалу технологиясы : пластір құрамына кіретін заттар жоғарғы температурада ерітіліп,балқытылады да, бір-бірімен әбден араластырылады.Сонан соң қалыңдығы 1мм болатын кенеп матаға жағылады.Пластір құрамына кіретін дәрілік заттар көбінесе қабынуға қарсы,анальгетикалық,антисептикалық,антибактериалды және тітіркендіргіш дәрілір болып келеді.

Рецептерде жазғанда міндетті түрде пластірдің ұзындығын (longitudo), енін (latitudo) немесе матаға жазылатын жалпы көлемін (magnitudo) көрсетеді.

Агрегаттық күйіне байланысты пластірлерді 2 топқа бөлеміз. Олар қатты және сұйық.

Қатты пластірлер бөлме температурасында бірқалыпты тығыз конситенцияны ұстап тұрады.Денеге,теріге жабысқанда жібіп,жабысқақ болады.Мұндай пластірлер матаға жіңішке қаабат болып жағылады.

Сұйық пластірлер (Emplastra Liquida) немесе терілік желімдер ко — бұл теріге қолданылғанна кейін артынан эластинді жіңішке, мықты желім қалдыратын сұйықтықОлар терідегі әр т.рлі эпидермиялық байлауларға және теріде қалған әртүрлі тырналған жерлерді жазк үшін қолданылады.Мұндай пластірлердің құрамы аса күрделі емес.Оларды жасау үшін канифол немесе коллодий қолданылады. Сұйық пластір эластинді болу үшін көбінесе оған өсімдік майын қосады. Қазіргі кезде сұйық пластірлердің бірнеше түрі белгілі.Солардың бірі коллодий мен БФ-6желімі.

Коллодий (Collodium) — 20%-ы 4 %-дық этанолдың нитроклетчамен араластырылған ертіндісі және 76% эфир.Бұл пластір әртүрлі хирургиялық таңуларға және де жарақаттарды қорғау үшін қолданылады. Колллодий теріде жақсы ұсталуы үшін оған 2—10 % кастор майын немесе 2 % глицерина қосып тұтқыр етеді. Осындай жолмен эластинді коллодий (Collodium elasticum)пайда болады.

БФ-6 желімінің құрамында поливинилацеттің ситтік ертітіндісі фенолформальдегиті шайырмен араластырылады.Оны ір түрлі микротравмалар,сырылып, жырылуларға қолданады.БФ-6 қолданғанна кейін теріде 2-5 мин ішінде пленка түзіледі және ол теріде 2-3 күн бойы бекем тұрады. Барлық теріге арналған желімдер суық жерде оттан алшақ сақталуы керек.

Пластір жасау үшін қажетті заттардың сапалы болуы міндетті.Пластірді жасау үшін барлық заттар қыздырылады.Жоғарғы теператуарада қыздырылған заттардың құрамындағы бөгде заттар өледі.

Пластірлердің құрамына шайырлар,парафин,балауыз,жоғарғы май қышқылдарының тұздары (қорғасын сабыны),тоң майлар,каучук,шайырлы қышқылдардың тұздары,ланолин,вазелин,церезин,ұшқыр еріткіштер (эфир және этанол) және әртүрлі дәрілік заттар кіреді. Осы заттарды үйлестіріп қолдану пластірлерге тиісті құрылымдық-механикалық қасиеттер береді,бірте-бірте жұмсару,теріге жабысу және терапевтік әсер ету қабілетін қамтамсыз етеді. Пластірлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейін теріге жабысып қалатын қабілеті бар сыртқы тәнге қолданылатын дәрілік зат формасы болып табылады.Олар теріден оңай ажырап,із қалдырмайды.Бұл бүкіл дүние жүзінің фармаопеяларына кірген өте ескі дәрілік түрлердің бірі.Қазіргі кезде пластірлердің номенклатурасы және қолданылу аясы жан-жақты.

Пластір жасауда қолданылатын шикізаттар

Шайыр (Смола) — табиғи және синтетикалық түрлері бар. Табиғи шайырлар кейбір өсімдіктердің қалыпты физиологиялық алмасу кезінде бөліп шығаратын, мөлдірлігі мен бояуы әр түрлі аморфты өнімдері (янтарь, канифоль және т.б.). Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық еріткіштерге салғанда ериді немесе көпсиді, жұқа қабыршаққа айналуға икемді. Синтетикалық шайырлар поликонденсация арқылы алынатын олигомерлердің дәстүрлі атауы. Олар пластмасса, желім, жылтыр сыр өндірісінде шикізат, қымбат материалдар ретінде, қағаз өңдеуде қолданылады.

Парафин (лат. parum – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі. Одан басқа Парафинде изопарафинді, циклопарафинді және нафтенді-ароматты көмірсутектер кездеседі. Түссіз, иіссіз, дәмсіз, балауыз тәрізді балқығыш зат; балқу температурасы 40 – 65, тығыздығы 0,880 – 0,915 г/см3 (15ӘС-та). Органикалық еріткіштер мен минералды майларда ериді. Қатты Парафинді (балқу температурасы 45 – 70ӘС) парафині көп мұнайдан және парафин-май қоспасын (гача) айырудан алады. Оның жоғары мөлшері (15 – 20%) Маңғыстау түбегіндегі мұнайда кездеседі. Сұйық Парафин (қайнау температурасы 180 – 360ӘС) мұнай өнімдерін карбамидті депарафиндеу кезінде алынады. Алынған парафин қоспалардан тазартылады. Нашар тазартылған Парафин сары немесе қоңыр түсті және жарықта күңгірт тартады. Таза Парафин тамақ өнеркәсібінде (орағыш материал), медицинада, косметикада, сәндік бояу, иіс сулар мен иіс майлар дайындауда және электртехникада (оқшаулағыш материал) пайдаланылады. Парафин емдеу ісінде, майшам жасауда, жоғары май қышқылдарын, спирттер және жуғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.

Балауыз— араның балауыз безінен бөлінетін зат. Ара одан өздеріне кәрез салады. Балауыз ежелден шырақ жасау және бальзамдау үшін қолданылған. Қалыпты температурада балауыз ақ, ақшыл сары, қара қоңыр, не қара түсті зат. Құрамы күрделі, онда 70 — 74% спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, 15% май қышқылы, 12 — 15% көмірсутек бар. Балауыз — су тепкіш зат, спиртте және глицеринде ерімейді. 35°С-тан жоғары температурада жұмсара бастайды да, 60 — 65°С-та балқып сұйылады. Алыну әдісіне, өңделуіне қарай Балауыз бірнеше түрге бөлінеді. Омарта балауызы қайнатып немесе омартада арнаулы преспен сығып алынады. Ол өнеркәсіпте, медицинада қолданылады. Престелген балауыз арнаулы машинамен кәрезді престеу арқылы алынады. Сығынды балауызды кәрез қалдықтарынан алады. Бұл аяқкиім майын, бояу жасауға, т.б. пайдаланылады. Омарта балауызы мен престелген балауыз түсіне, қоспасына қарай 3 сұрыпқа бөлінеді: қоспасыз ақ не ақшыл сары түсті (1-сұрып), сары не ашық қоңыр (2-сұрып) және қара қоңыр, қара түсті (3-сұрып). Бір маусымда әр ара ұясынан 2—3 кг-ға дейін балауыз алынады.

Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2.Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады. Концентраттағы қорғасын көбіне полиметаллургия әдісімен алынады. Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданады.

Каучук(Көксағыз). Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс – салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау шыққан. Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттеу (ХVIII ғасырдың 20 – жылдарындағы Бразилияға экспидиция) каучуктың Heve ағашынан алынатынын анықтауға мүмкіндік береді. Каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады. Маталарға шырын сіңіртсе олар су өткізбейтін болады, қатып қалған щайырдан факелдер дайындалады және шашыратқы түріндігі арнайы шөлмектер алынады. Каучуктың негізгі қасиеті – оның майысқақтығы. Пішінінің түрліше өзгеруінен – қысу, созудан кейін каучук өзінің алғашқы пішініне қайта оралады. Табиғи каучук молекуласында СН2 – тобы қос байланыстың бір жағында (цисформа) орналасады, мұндай құрылыс стереоретті деп аталады. Осы құрылысы каучукке майысқақтық қасиет береді. Каучук сондай-ақ суды, газды және электр тогын өткізбейді. ХІХ ғасырдың басынан бастап каучук аяқ киім және су өткізбейтін киімдер өндірісінде қолданыла бастады. Бұл бұйымдардың пайдалылығымен қоса, айтарлықтай кемшіліктері де болады, олар салқын ауа райында қатты және морт болып, ал ыстықта жұмсарып, жабысқақ қасиетке ие болады.

Сынап (Hydrargyrum), Hg – элементтердің периодтық жүйесінің ҚҚ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 80, ат. м. 200,59. Табиғатта 7 тұрақты изотопы бар, олардың ең көп тарағандары Hg200 (23,13%) және Hg202 (29,8%) Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған.Бұдан 2000 жылдай бұрын Үндістан, Қытай, т.б. елдерде бояу, дәрі және косметик. зат ретінде сынап минералы – киноварь (HgS) қолданылған. Грек дәрігері Диоскорид (б.э. 1 ғасырда) киноварьды темір ыдыста қыздырып, оның ақ буын “сұйық күміс” деп атаған. Алғаш қатты сынапты И.Браун мен М.Ломоносов алған (1759).Табиғатта бос күйінде сирек, көбіне суда еріген және газ қалпында кездеседі. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5 10–6%, шашыранды элемент. Белгілі 35 минералының ішіндегі өндіріс үшін маңыздылары: киноварь, метацианобарит, ливингстонит. Бөлме темп-расында сұйық күйде болатын жалғыз металл; жарқылдаған күміс түсті ақ, ромбылық сингонияда кристалданады, буы улы, тығыздығы 13,52 г/см3 (20%-та), балқу t –38,89*С, қайнау t 357,25*С.Сынап Химиялық активтігі төмен, тотығу дәрежелері +1 және +2. Оттекпен әрекеттесіп екі түрлі оксид түзеді (Hg2O, HgO). Патша арағы, HNO3, ыстық H2SO4-терде ериді. Металдармен амальгама түзеді. Сынапты HgS-ті күйдіру арқылы немесе оны Na2S-те ерітіп, ерітіндіде түзілген Na2[HgS2]-ге Al-мен әсер етіп алады. Сынап тұздарынан Hg2Cl2 (каломель) дәрі ретінде, HgCl2 (алмас) дезинфекция ісінде пайдаланылады. Металл сынап NaOH, Cl2 өндіруде катализатор ретінде және радиотехникада, т.б. қолданылады. Сынап кен орындары Орталық Қазақстанда (Успен), Солтүстік Қазақстанда (Торғай) орналасқан.

1988 жылы Берлиндегі Императорлық патенттік ведомство тіркегеннен кейін жаңа дәрі «Аспирин» деген сауда маркасымен сатуға шығарылған. Дәрінің атауы екі сөзден құрастырылған: «а» - ацетил сөзі, ал «спир» - spiraea сөзі– алғаш рет химиялық жолмен салицилді қышқыл бөліп алынған тобылғы тал сөзінің латынша атауы.Салицил қышқылы - ароматты оксикарбон қышқылы. Табиғатта бос күйінде, (түймедағы гүлінде, кейбір жемістерде) және гликозид, гликозид эфирлері, (эфир майларында) түрінде кездеседі. Салицил қышқылының натрий тұзы және ацетилсалицил қышқылы, (аспирин) дәрілік зат ретінде қолданылады.[1] о-оксибензой қышқылы, HOC6H4COOH – монооксикарбон қышқылына жататын, ароматты оксиқышқыл; балқу t 157°С, қайнау t 211°С, түссіз ине типтес кристалдар түзетін ұнтақ, суда, күкірт карбидінде (CS2) нашар еріп, органик. еріткіштерде (спирт, эфир) жақсы ериді.

Наши рекомендации