Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.
Несеп жібергіш өзек(urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:
1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.
Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.
Ішкі аталық жыныс ағзасынааталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады.Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.
Аталық без(testis)жұп жыныс ағза ,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.
Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.
Шәует бездері (vesiculae seminales)– қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.
Қуықасты безі (prostata)– жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.
Буылтық-несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales)терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.
Ұма (scrotum)– тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna) ;7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis) ,ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.
Жыныс мүше (penis)- несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы , dorsum penis деп атайды.