Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;

1. Алиментарлық жағдай. Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор. Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.

2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,

3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.

4. Инфекциялық әсерлер. Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50% , ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.

Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.

1. Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.

2. Диспепсиялық синдром; «сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.

Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.

Диагнозы.

1. Анамнездің мәні аса зор;

2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.

3. Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.

Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.

1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.

7-10 күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.

2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 «а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 «б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).

Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.

Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

3. Медикаменттік ем.

1. (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал. Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия

2. Витаминді терапия.

3. Ауырсыну синдромы өте айқын жағдайда спазмолитик қосқан жөн (папверин, но-шпа).

4.Диспепсиялық синдромда /құсуда/ реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді

5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының шырышты қабатына трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.

6. ферменттер (фестал, панзинорм, мезим-форте) және өт айдайтын дәрілер беру пайдалы.

4. Физиоем. электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар

5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада қол жеткен игі өзгерістерді тұрақтандыру

Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру.

Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.

Клиникалық формалары:

І. Жараның орнына байланысты:

1. Асқазан жарасы

2. 12-елі ішек жарасы.

3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты:

1. Қышқылдығы қалыпты

2. Қышқылдығы жоғары

3. Қышқылдығы төмен

ІІІ. 1. Асқынған 2. Асқынбаған.

Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, аш қарында ауырсынулар /түнгі/.

Емі: Микробқа қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.

Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы — ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке қарсы ем, денешынықтырудан босату.

2-3ші жылы-квартал сайын бақылау, жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, дайындық тобында дене шынықтыру.

54. Мұрын қуысы кіреберіс бөлігі, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысы деп бөлінеді. Кіреберіс бөлігіне май бездері, тері бездері, вибристер кірсе, меншікті мұрын қуысы сыртқы мұрыннан және бет сүйектерінен тұрады. Меншікті мұрын қуысының 4 қабырғасы бар:

  1. Жоғарғы-оған кіреді: cartilage nasi lateralis, os nasale, lamina cribrosa, corpus ossis sphenoidales.
  2. Төменгі-о.к.: palatum durum, palatum molle.
  3. Латералді-о.к.: cartilage nasi lateralis,facies nasalis maxillae, lamina perpendicularis, os lacremale, concha nasals inferior.
  4. Аралық-о.к.:vomer, artilage nasi.

Латералді қабырғада мұрын жолдары болады(3).

  1. Жоғарғы,meatus nasi suprior, ол сына тәрізді сүйек қойнуымен,sinus sphenoidalis,байланысқан.
  2. Ортаңғы, meatus nasi medius,ол sinus frontalis, sinus maxillaries-пен байл.
  3. Төменгі, meatus nasi inferior, ол canalis nosolacremallis-ке ашылады да, күрек тіс өзегі,canalis incisivus,арқылы ауыз қуысымен байланысады.

Мұрын қуысының шырышты қабығы,tunica mucosa,топогр-қ орн.байланысты:иіс сезу аймағы,regio olfactoria, мен тыныс алу аймағы,regio respiraoria,болып бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы күрделі сараптан өткен ауа хоан тесігі, одан әрі жұтқыншақ арқылы көмейге бағыт алады.

Көмей, larynx

Мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар ж/е бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан.

Көмей шеміршектері - сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне байланысты:

  1. Тақ ж/е жұп
  2. Гиалин ж/е эластикалық шеміршектен тұратын болып бөлінеді.

1) Қалқанша шеміршек(cartilagо thyroidea)-көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқан тәрізді қоршап орналасуына байланысты аталады.Бұл төртбұрышты,жалпақ жұп табақшадан тұрады.

2) Жүзік тәрізді шеміршек(cartilagо cricoidea)-тақ гиалин шеміршектен тұрады.Бұл шеміршек алға қарап орналасқан доғасынан,arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналасқан табақшадан,lamina cartilaginis cricoideae, тұрады.

3) Ожаутәрізді шеміршек(cartilagо arytenoidea)-үшжақты пирамида тәрізді жұп гиалин шеміршегінен тұрады.

4) Мүйізтәрізді(cartilagо corniculata)-ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршек.

5) Сынатәрізді(cartilagо cuneiformis)-ожау-көмей қақпағы қатпарының қабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті,tuberculum cuneiforme,құраушы эластикалық шеміршек.

6) Көмей қақпашығы(epiglottis)-көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек.

Көмей бұлшықеттері қызметне қарай: 3 топқа жіктеледі.

  1. Дыбыс саңылауын кеңейтетін
  2. Дыбыс саңылауын тарылтатын
  3. Дауыс байламын керетін

Көмей қуысы(cavum laryngis)-көмей кірісі тесігінен,aditus laryngis,басталады. 3-ке бөлінеді:

  1. Жоғарғы кіреберіс бөлік,vestibulum laryngis
  2. Ортаңғы бөлік,cavum laryngis intermedium, құрылысы күрделі, себебі меншікті дауыс аппараты,glottis,орналасқан.
  3. Дауысасты қуыс,cavum infraglotticum, жіңішкеріп кеңірдекке жалғасады.

54. Сыртқы мұрын сүйегінен мұрын-маңдай шұңқыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде бірігіп мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын,alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен,nares,және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынан тұрады.

Мқрын аймағы топогр-қ орн. байланысты:сыртқы мұрын ж/е мұрын қуысы болып бөлінеді.Сыртқы мұрынға мұрын түбірі,қыры, ұшы, танау кіреді.

Сыртқы мұрын сүйектік ж/е шеміршектік болып бөлінеді. Сүйектік мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйектерінің маңдайлық өсіндісінен тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер арқылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады.

- Мұрынның лат.шеміршегі,cartilago nasi lateralis

- Қанаттың үлкен шеміршегі,cartilago alaris major

- Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor

- Қосалқы шеміршектер,cartilago nasals accessoriae

- Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi

67.Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.

Несепқуық,vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше ,несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп,тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып,симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған,одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері,ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып,ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.

Несепқуық қабырғалары:

-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.

-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.

-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.

-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.

Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.

Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.

Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.

Наши рекомендации