Тромбоз және эмболия 8 страница

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Көмей хондроперихондриті;

*Флегмонозды ларингит;

*Микотикалық ларингит;

*+Көмекей абсцессі;

*Көмей дифтериясы.

#895

*!45 жасар науқас стумэктомиядан кейін пайда болған тыныс алуының нашарлауыа, дауысының қарлығуына шағымданады. Ларингоскопия: көмейдің сол жақ бөлігінің қимыл қозғалысы жедел шектелген.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Көмейдің миопатикалық псалдануы

*+Төменгі көмейлік нервтің парезі

*Қыртыстасты ларингит

*Созылмалы ларингит

*Жедел ларингит

#896

*!25 жасар науқас түскі ас кезінде пайда болған жөтелге, жұтынғанда тамағындағы ауру сезіміне, даусының жоғалуына шағымданып келді. Ларингоскопияда: көмейжұтқыншақта, ожаутәрізді және ожаутәріздіаралық кеңістікте қою қызыл тусті түзіліс анықталды

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Көмей куйігі тыртықтық өзгерстермен

*+Көмей гематомасы

*Көмей ісігі

*бөгде зат

*Көмей полипі

#897

*!18 жасар науқас мойнының алдыңғы бөлігінің жарақатынан кейін дауысының қарлығуына шағымданады. Тыныс алуы еркін, тері жабындылары өзгермеген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Ларингоскопияда – көмейдің алдыңғы бөлігінде дауыс байламдарына дейін түсіп жатқан қою қызыл түсті ісіну анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Көмей куйігі тыртықтық өзгерстермен

*+Көмей гематомасы

*Көмей ісігі

*Бөгде зат

*Көмей полипі

#898

*!56 жасар науқас тамағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 40 C көтерілуіне шағымданады. 3 куннен бері ауырады. Кейін даусы түсініксіз болып кеткен, ентігу, үрей пайда болған. Объективті: науқас бозарған, айқын акроцианоз, тынысы шулы, стридорозды, кеуде торының бір жағы тыныс алуға қатысады. Көмейде: шырышты қабаты гиперемирленгена, ісінген, дауыс шелі тарылған, кемерінде іріңді бөлініс.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Жедел катаральды ларингит

*+Флегмонозды ларингит

*Көмей абсцессі

*Хондроперихондрит

*Эпиглотит

#899

*!7 жасар бала ауруханаға тыныс алуының қиындауы мен даусының қарлығуымен алып келінді. Жылағанда, жоғары тондарда даусы ашық, таза, жөтелі дауысты.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Жедел катаральды ларингит

*Көмей хондроперихондрит

*Флегмонозды ларингит

*Шынайы круп

*+Жалған круп

#900

*!77 жасар науқас төбелестен кейін пайда болған қан қақыруға, жузіктәрізді шеміршек тұсындағы ауру сізіміне, дем алуының қиндауына шағымданады. Қарап тексергенде: тықабаты бозарған, ісінген.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Көмейдің тіласты суйегінен ажырауы

*Көмейдің жұмсақ тіндерінің мыжылуы

*Тіласты суйегінің сынуы

*+Көмейдің шеміршектерінің сынуы

*Кеңірдектің жұлынуы

#901

*!40 жасар науқас 8 сағаттай тынысының қиындауына шағымданады. Жағдайы ауыр, басын шалқайтып жартылай отыр, тынысы жиі, беткей, тыныс алу актісіне кеуде бұлшықеттерінің барлыы қатысады. Акроцианоз.

Төменде көрсетілген дгноздардың қайсысы ең ықтималды?

*Көмей стенозы, 1 саты

*Көмей стенозы,2 саты

*+Көмей стенозы,3 саты

*Көмей стенозы,4 саты

*Көмей стенозы,5 саты

#902

*!Жедел жәрдем бригадасы тунде 3 жасар баланы тыныс тарылуы шағымымен алып келінді. Баланың анасы уйде жаны қиналарлықтай тынысы тарылып жөтелгеннен құсып та жіберген.

Төменде көрсетілген лариноскопиялық бейнелердің қайсысы ең ықтималды?

*Тарылған дауыс байламы, шынайы дауыс қатпарларының гиперемиясы

*+Шынайы дауыс байламдарының астынан шығып тұратын қызыл түсті вликтер

*Бозарған, қатпарасты кеңістігінің кілегей қабатының ісінуі

*Гиперемирленген, жалған дыбыс байламдарының домбығуы

*Қалыңдаған, инфильтрленген көмекей

#903

*!Науқас 15 жаста жөтелге, тамағының қышуына, даусының қарлығуына шағымданады. 3 кун алдын ауырған. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабаты жәе шынайы дауыс байламдары гиперемирленген, инфильтрленген, фонацияда қабыспайды.

Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы осы жағдайдың ең мумкін себебі болуы мумкін?

*Кеңірдек пен бронхтардың қаынуы

*Бауыр мен көкбауыр қабынуы

*Бронх-өкпе аппаратының қабынуы

*+Инфекциялық аурулар, қабыну жұтқыншақта орналасқанда

*Мұрын, қосалқыларының, есту тутігінің, дабыл қуысының қабынуы

#904

*!55 жасар Л кеуап жеп жатқанда шашалып қалды. Ол бірден көгерген,тынысы тоқтап қалды.

Бөгде дененің қай жерде орналасқан жерінде жоғарыдағы стеноздың дамуына әкеледі?

*+Дыбыс байламы

*Көмей кіреберісі

*Алмұрттәрізді қойнау

*Байламасты кеңістігі

*Орналасуы мәнге ие емес

#905

*!4 жасар бала стационарда қыртысасты ларингит диагнозымен ем алып жатыр.

Төмендегі симптомдардың қайсысы ең ықтимал?

*+Дөрекі урген тәрізді жөтел

*Қатты әлсіздік

*Құсу

*Тамақтағы ауру

*Дисфагия

#906

*!35 жасар Науқас., Д У пациента Д., 35 лет, интоксикация фонында кенеттен даусы жоғалған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсыс ең ықтималдысы?

*Көмей ісігі

*Жалған круп

*+Шынайы круп

*Жедел фарингит

*Вегенергранулематозы

#907

*!4 жасар бала урген тәрізді жөтелге, ентігуге шағымданып тусті. Кенеттен ауырған, Т-38° С. Төсасты, бұғанаусті ойықтарының тартылуына, тамыр соғысы жиіленген, терісі бозғылт, ерні көгерген. Риноскопия және фарингоскопияда:

шырышты қабаттың гиперемиясы. Ларингоскопияда дауыс саңылауының инфильтрация мен ісінудің салдарынан қыртысасты кеңістігінің 3 мм ге дейін тарылған.

Төменде көрсетілген жедел көмектердің қайсысы мақсатқа сай?

*Төменгі трахеостомия

*Жоғарғы трахеостомия

*+Ортаңғы трахеостомия

*Ларингофиксация

*Хордэктомия

#908

*! Науқас 47 жаста, сөздерінің дыбысталуы төмендеген, жәй сөйлейді. Ларингоскопия: көмейде қабыну өзгерістері анықталмайды, ортаңғы сызық бойынша дауыс байламдары толық жабылмайды . Болжамды диагноз қандай?

*Төменгі көмей нервінің парезі

*+Функциональды дистрофия

*Байлам астылық ларингит

*Миопатиялық паралич

*Көмей полипі

#909

*! Науқас 48 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, таңертең дауысының әлсіреуіне, тамағының құрғауына, көмейде бөгде дене тұрғандай сезімге шағымданды. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бірнеше ай бойы ауырады. Қарау кезінде: көмейдің шырышты қабаты құрғақ, жұқарған, кей жерлерде іріңді қабыршықпен жабылған. Дауыс байламдары әлсіз, босаңсыған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес?

*Созылмалы гипертрофиялық ларингит

*+Созылмалы атрофиялық ларингит

*Паппиломатоз

*Лейкоплакия

*Пахидермия

#910

*! Науқас 38 жаста, жарты жыл бойы дауысының тұрақты әлсіреуіне шағымданды. Ларингоскопия: дауыс байламының алдыңғы үштен бір бөлігінде «сүйіскен» құрылым анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес?

*+Әншілік түйіншелер

*Паппиломатоз

*Гиперкератоз

*Лейкоплакия

*Пахидермия

#911

*!Науқас 17 жастаЖРВИ ды бастан кешірген сон сол құлағындағы қаты ауру сезіміне, басының сол жағындағы ауру сезіміне, сол құлағының естуінің төменеуіне шағымданып келді. 4 куннен артық дене температурасы көтерілген. Оң жақтық отоскопияда- патоогия жоқ, сол жақтан-дабыл жарғағы гиперемирленген, ісінген, перфорация нуктесі көреінеді.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*+Жедел ортаңғы іріңді отит

*Сыртқы диффузды отит

*Экссудативты отит

*Адгезивті отит

*Тубоотит

#912

*!1 жасар Бала мазасыз, тамақтан бас тартады, нәжісі сұйық. сол жақтан отоскопия: құлақ қалқаны алдыға қарай қараған, сыртқы есту жолында іріңді бөлініс, сыртқы есту жолы тарылған, артқы-доғарғы қабырғасы төмен түскен. Оң жақтан-патология жоқ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Жедел ортаңғы іріңді отит

*Созылмалы мезотимпанит

*Созылмалы эпитимпанит

*Экссудативті отит

*+Отоантрит

#913

*!4 жасар құлап тусіп басының оң жағымен құлап тускен. 2 куннен кейін ата аналары ЛОР дәрігерге баласының оң құлағының құлақ қалқанының ісінуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: құлақ қалқанының жоғарғы жағында гиперемия байқалады, ісінген, пальпация кезінде ауру сезімі.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Құлақ қалқанының тілме тәрізді қабынуы

*Құлақ қалқанының хондроперихондриті

*Сыртқы отит

*+Отгематома

*Антрит

#914

*!3 жасар бала ойыншықпен ойнап жургенде құлақ қалқанын жарақаттап алады. Бір аптадан кейін анасы ЛОР дәрігерге баласының құлақ қалқанының улкеюі мен ауру сезіміне, мазасыздығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол құлақ қалқаны ісінген, айқын шекаралаы бар гиперемия, пальпацияда ауру сезімді.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*+Құлақ қалқанының тілме тәрізді қабынуы

*Құлақ қалқанының хондроперихондриті

*Сыртқы отит

*Отгематома

*Антрит

#1915

*!Балалар аурунасының қабылдау бөліміне 8 айлық баланың ата-аналары қаралды. бала мазасыздығына, жыауына шағымданады. Тамаққа байланысы жоқ бір рет құсық болған. 3 күн алды мұрны біткен, жөтел, жоғарғы дене температурасы. Педиатр ЛОР дәрігердің консультациясын тағайындаған. ЛОР-дәрігердің қарауында «кзелок» симптомы оң.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Тубоотит

*Отоантрит

*Мастоидит

*+Жедел ортаңғы отит

*Созылмалы ортаңғы отит

#916

*!Науқас Т, 43 жас, 3 кун бойы оң құлағындағы ауру сзіміне шағымданады. Қарап тексергендеЛОР-дәрігердің қарауында «козелок» симптомы оң.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Тубоотит

*Мастоидит

*+Жедел ортаңы отит

*Созылмалы ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#917

*!Науқас С, 43 жаста, бассейнде шомылғаннан кейін 3 кун бойы оң құлағының бітелуіне, естуінің нашарлауына шағымданады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтималдысы қайсысы?

*Тубоотит

*Мастоидит

*+Құлақ құлығы

*Жеделортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#918

*!Науқас С, 45 жаста, 3 куннен бері оң құлағының бітелуіне, естуінің төмендеуіне шағымданады. сонымен қатар, бөшкеде естіп жатқан сияқты екендігін айтады. Бұған дейін мұрын бітелуі, жөтел бір апта бойы мазалған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*+Тубоотит

*Мастоидит

*Құлақ құлығы

*Жедел ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#919

*!Науқас М, 45 жаста, 3 куннен бері құлаағының артының ауруына, естуінің төмендеуіне шағымданады. Бұған дейін мұрын бітелуі, бір аптаға жуық жөтел, құлағындағы ауру сезімі мазалаған. Қарап текергенде; құлақ қалқаны мыжылған, пальпацияда құлақ арты маңының ауру сезімі. Отоскопияда – оң жақ сыртқы есту жолының артқы-жоғарғы қабырғасының салбырауы мен гиперемиясы байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Тубоотит

*+Мастоидит

*Ортаңғы кептеліс

*Жедел ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#920

*!Науқас М, 33 жас, сол құлағынан іріңнің аққаны екі кун болғандығына шағымданып келді. Бұған дейін 3 кун бойы құлағында ауру сезімі болған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы

*Тубоотит

*Жедел ортағы отиттің I сатысы

*+Жедел ортаңғы отиттің II сатысы

*Жедел ортаңғы отиттің III сатысы

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#921

*!Науқас М, 33 жас, сол құлағынан іріңнің аққаны екі кун болғандығына шағымданады. Бұған дейін 3 кун бойы құлағында ауру сезімі болған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең Ықтималдысы?

*Тубоотит

*Отогематомалар

*+Жеделортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының экземасы

*Сыртқы сту жолының фурункулы

#922

*!ЛОР-бөлімшеге науқас тусті. Бірден төбелестен кейін (жарақат). Қарап тексергенде оң құлағынан туссіз сұйықтық табылды.

Төмендегі патологияларлың ең ықтималдысы?

*Бет суйегінің сынуы

*Шуйде суйегінің сынуы

*Маңдай суйегінің сынуы

*Самай суйегінің пиамидасының көлденең сынуы

*+Самай сүйегінің бойлық сынығы

#923

*!ЛОР-бөлімшесіне 19 жасар науқас В., тусті. Бірден төбелестен кейін (жарақат). Қарап тексергенде оң құлағынан туссіз сұйықтық табылды.

Төмендегі патологияларлың ең ықтималдысы?

*Бет суйегінің сынуы

*Шуйде суйегінің сынуы

*Маңдай суйегінің сынуы

*Самай суйегінің пиамидасының көлденең сынуы

*+Самай суйегінің бойлық сынығы

#924

*!Науқас М., 45 жаста, 3 куннен бері сол құлағының ауруы мен естуінің төменеуіне шағымданады. шағымарының мазалағанына 5 куннен бері мұрнының бітуімен байланыстырады.

Төмендегі патологияларлың ең ықтималдысы?

*Мастоидит

*Отоантрит

*Катаральды ортағы отит

*+Жедел іріңді ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#925

*!Науқас Т., 34 жаста, стационарға кеіп тусті. Дәрігер науқасты зерттеген соң парацентез жасады.

Төмендегі диагноздардың ең ықтималдысы?

*Отоантрит

*Адгезивті отит

*Катаральды ортаңғы отит

*+Жедел іріңді ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#926

*!28 жасар әйел стайонарлық емде лор бөлімшесінде жатыр. Бірінші күні парацентез жасалған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*Отоантрит

*Адгезивті отит

*Катаральды ортаңғы отит

*+Жедел іріңді ортаңғы отит

*Сыртқы есту жолының фурункулы

#927

*!Науқас С., 28 жас, ЛОР дәрігерге оң құлақ қалқанындағы ауру сезіміне шағымданып келді. 5 куннен бері ауырады, жарақатпен байланыстырады. Қарап тексергенде құлақ қалқаны жоғары уштен бірінде гиперемирленген, ісінген, флюктуация. Пункция кезінде қан алынды.
Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы ең ықтималды?

*Тубоотит

*Мастоидит

*Жедел ортаңғы отит

*Сыртқы диффузды отит

*+Құлақ қалқанының хондроперихондриті
#928

*!48 жасар әйел жүйелік бас айнулармен, құсумен, естудің нашарлауы мен шуммен жүретін жүйелі турдегі құрысуларға шағымданады. құысулар ұзақтығы 15-20 минут, 2-3 айда бір рет болады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

*Созылмалы мезотимпанит

*Созылмалы эпитимпанит

*Кохлеарлы неврит

*+Меньер ауруы

*Отосклероз

#929

*!33 жастағы әйел бірнеше жылдан бері естуінің нашарлауына шағымданады. Шумды ортада жақсы естетіндігін атап өтеді.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

*Созылмалы мезотимпанит

*Созылмалы эпитимпанит

*Кохлеарный неврит

*Болезнь Меньера

*+Отосклероз

#930

*!37 жасар әйел бірнеше жылдан бері оң құлағының естуінің төмендеуіне, іріңнің ағуына шағымданады. Жас кезінде басынан өткен отитпен байланыстырады. Оң жақтық отоскопияда – дабыл жарғағы күңгірт, жұлдызша тәрізді тыртық

Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

*Созылмалы мезотимпанит

*Созылмалы эпитимпанит

*Кохлеарлы неврит

*+Адгезивті отит

*Меньер ауруы

#931

*!Ауруханаға 46 жастағы науқас қатты бас ауруымен, жеңілдік алып келмейтін құсуымен, дене қызуының 39°С көтерілумен жеткізілді. Бас ауруы оқыс дыбыстардан күшейеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жалпы қарағанда: науқас тітіркенкіш, шүйде бұлшықеттерінің 3 көлденең саусаққа регидтілігі анықталды, Керниг және жоғарғы Брудзинский белгілері оң. Отоскопияда: оң жақтан дабыл жарғағының шеттік перфорациясы, жағымсыз иіспен іріңді бөліністер анықталады.

Төмндегі аурулардың қайсысы ең ықтимал ?

*Жедел гнойный средний отит

*+Созылмалы эпитимпанит

*Созылмалы мезотимпанит

*Экссудативті отит

*Буллезды отит

Бала хирургиясы

#932

*!Емханаға ана 2 айлық баламен келді. Негізгі шағымы–ұманың бір жағынан үлкеюі, мұны анасы баласы туылғаннан бастап байқаған. Анамнезден?бала жасына сай дамыған. Қарап тексергенде баланың жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы – 36,40С. Тәбеті бұзылмаған. Ұйқысы дұрыс. Қарап тексергенде ұма ассиметриялы оң жағы сол жағына қарағанда үлкейген, пальпациялағанда жұмсақ-эластикалық түзіліс анықталады. Диафаноскопияда сәулелер бірқалыпты жайылған. Екі жұмыртқа да ұмада орналасқан.

Аурудың АНАҒҰРЛЫМ себебін анықтаңыз?

*құрсақішілк қысымның көтерілуі

*төмен венозды кетуі

*шап-ұма аймағындағы жарақат

*+қынап өсіндісінің бітіспеуі

*зәр шығару жолдарының инфекциясы.

#933

*!Емханаға ана бір айлық баласымен келді. Ұманың бір жағынан үлкеюі, мұны анасы баласы туылғаннан бастап байқаған. Анамнезден: бала жасына сай дамыған. Қарап тексергенде баланың жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы – 36,40С. Тәбеті бұзылмаған. Ұйқысы дұрыс. Қарап тексергенде ұма ассиметриялы оң жағы сол жағына қарағанда үлкейген, пальпациялағанда жұмсақ-эластикалық түзіліс анықталады. Диафаноскопияда оң жағы сәулелер бірқалыпты жайылған. Екі жұмыртқа да ұмада орналасқан.

Аурудың АНАҒҰРЛЫМ себебін анықтаңыз?

*жедел ұма синдромы, жұмыртқаның айналуы

*оң жақты шап жарығы

*оң жақ шап аймағындағы липома

*ұманың оң жағындағы жұмсақ тінді түзіліс

*+оң жақ жұмыртқа қабының физиологиялық су шемені

#934

*!Емханаға ана алты айлық баласымен келді. Негізгі шағымы – оң жақ шап аймағында ауру сезімді шығыңқы түзіліс. Анамнезінен: ауру басталғаннан 10 сағат өтті.Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,40С. Ұйқысы тыныш. Қарап тексергенде оң жақ шап аймағында тығыз консистенциялы, гиперемирленген, пальпация кезінде қатты ауыратын, сипағанда жылы, ісікті түзіліс бар.

Науқаста АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын болжам диагнозды атаңыз?

*оң жақты шап лимфаденит

*оң жақ шап аймағының липомасы

*+оң жақты қысылған шап жарығы

*оң жақ шап аймағында жұмсақ тінді түзіліс

*оң жақ шап аймағындағы фурункул

#935

*!Емханаға 40 күндік баласымен ана келді. Қарап тексергенде баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы – 36,40С. Белсенді емеді. Ұйқысы тыныш. Қарап тексергенде кіндік сақинасының диаметрі 2см дейін үлкейген, сонымен қатар бұл жерден тез орнына келетін жұмсақ эластикалы шығыңқы түзіліс анықталады.

АНАҒҰРЛЫМ дұрыс диагнозды таңдаңыз?

*омфалоцеле

*гастрошизис

*бала сау

*+кіндік жарығы

*вентральды жарық

#936

*!3 жастағы балада үлкен дәретінде қан анықталады.Ректальды тексергенде және колоноскопияда өзгерістер анықталмады.

Қан кетудің АНАҒҰРЛЫМ себебін анықтаңыз?

*жедел аппендицит

*жіңішке ішек стенозы

*жіңішке ішек туберкулезі

*+Меккель дивертикулы

*жіңішке ішектің екі еселенуі

#937

*!10 жасар қыз баллада диагностикалық лапароскопия кезінде күрең-қызғылт түсті, ұзындығы 3см, ені 2см Мекккель дивертикулы анықталды.

Оның АНАҒҰРЛЫМ болжам асқынуын атаңыз?

*+дивертикулит

*обтурациялы ішек өтімсіздігі

*странгуляциялы ішек өтімсіздігі

*дивертикулдың айналуы

*қан кету

#938

*!2 күндік жаңа туылған нәрестеде құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясында көлденең деңгейлі сұйықтығы бар екі үлкен газды көпіршік анықталады.

АНАҒҰРЛЫМ болжам диагнозды атаңыз?

*пилоростеноз

*төмен туа біткен ішек өтімсіздігі

* Меккель дивертикулы

*жуан ішектің туа біткен екі еселенуі

*+жоғары туа біткен ішек өтімсіздігі

#939

*!3 күндік туылған нәрестеде құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясында көлденең деңгейлі сұйықтығы бар екі үлкен газды көпіршік анықталады.

АНАҒҰРЛЫМ болжам диагнозды атаңыз?

*Меккель дивертикулы

*жуан ішектің туа біткен екі еселенуі

*+жоғары туа біткен ішек өтімсіздігі

*пилоростеноз

*төмен туа біткен ішек өтімсіздігі

#940

*!Нерестеде құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясында көлденең деңгейлі сұйықтығы бар екі үлкен газды көпіршік анықталады.

Наши рекомендации