Бореллиялардың лабороториялық диагностикасы,алдын алу шаралары,емі.

Микробиологиялық диагноз қою. Микроскопиялық әдіс. Науқастың қан сарысуынан, қанынан дайындалған препаратты микроскопта қарғанда спирохеталар табылса, нәтиже оң болады. Препаратгы «қалың» және «ілінген» тамшы әдісімен дайындайды. Нәтижесінде «ілінген» тамшыны Бурри әдісі бойынша бояғанда түнек айдынды микроскопта күмістенген иректелген, жақсы қозғалатын жіпшеге үқсап көрінеді. «Қалың» тамшыны Романовский -Гимзе әдісімен бояйды, ауада кепкен соң фиксацияланбайды,ал жұқа жағынды болса спиртпен фиксацияланады.

Серологиялық сынама. Қан сарысуының бактериоцидтік әсері. Зат әйнегінің бетіне дені сау адамның рысуын және науқастың қан сарысуын тамызады. Бетін жабынды әйнекпен жауып, 45 мин. термостатта инкубациялайды, микроскопта қарайды. Қан сарысуындағы бактериоцидтік антиденелердің әсерінен боррелиялар өліп, қозғалғыштығын тоқтатады. Дені сау адамның қан сарысуында боррелиоздарға антиденелер жоқ, сондықтан спирохеталар өлмейді, сәйкесінше қозғалғыштығы жоғары. Иммобилизациялау реакциясы. Науқастың қан сарысуының және теңіз шошқасының цитраттық плазмасына бірдей мөлшерде боррелия суспензиясын қосады, араластырады, термостатта 37°С температурада 15 мин. инкубациялайды. Бір тамшысын жабынды әйнекке тамызып, түнек айдынды микроскопта қарайды. Оң нәтиже болғанда теңіз шошқасының тромбоциттері боррелиялардың үстіне қозғалғыштығын баяулатады (боррелияларға тромбоциттермен «салмақ» салынады). Басқасерологиялық реакциялар да (жанама иммундыфлюоресценттік реакция, иммунды ферменттік реакциясы. ПТР) қолданылады.

Жануарларға биологиялық сынама қою. Дифференциалды диагноз қою қажет болған жағдайда науқастың қанын теңіз шошқасының көк тамырына немесе тері астына енгізеді. Егер сынамада қоздырғыш болса жануар ауырмайды, себебі қоздырғышқа жануар сезімтал емес. Осындай жолмен эпидемиялық қайталама сүзекті басқа кенелі боррелиоздардан, лептоспироздан, борпе сүзегінен, круптық пневмониядан, безгектен және т.б. ажыратады.

Емдеу және алдын алу шаралары.Науқасқа левомицетин, тетрациклин, эритромицин, пенициллин, цефолоспорин, доксицклин, азитромицин және басқа антибиотиктер тағайындайды. Жүрек - қан тамырлар жүйесіне қосымша терапиялық ем жүргізіледі және глюкоза, плазма, витаминдер тағайындалады. Көк бауыр ісініп - жарылғанда операция жасалады.

Қайталама сүзектің (биттік) алдын алу шаралары ретінде ең бірінші кезекте тасымалдаушылармен 5және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу, қарым -қатынаста болғандарды 25 күн бойы бақылау, санитарлық жағдайды жақсарту т.б. шаралар анылады

Бруцелдердің биохимиялық және антигендік қасиеттері, алдын алу шаралары,емі.

Ферменттік белсенділігі. Бруцеллалардың биохимиялық белсендігі жоғары емес. Каталаза және оксидазасы бар, нитратты нитритке айналдырады, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзедіАнтигендік қасиеті. Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар, негізгі беткейлік антигендері - А және М. Бүл антигендердің түрге байланысты арнайылығы бар; , Вruсеllа теlіtепsis- М антигені басым, ал , Вruсеllа аbоrtus, Вruсеllа suis -те - А-антигені артығырақ болады. Бруцеллала термостабильді Vі- антиген анықталған.

Бруцеллалардың биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша, тионин және фуксин бояула қосылған қоректік орталарда өсу қабілеті бойынша түр ішінде биоварлары ажыратылады.

Емдеуі. Негізгі емі - кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықган арнайы иммунды емдеу - өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.Алдын алуы. Бруцеллезден сақтануда- санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл алады (соның де сүтті пастеризациялау). Қазақстан Республикасында 2002 жылга дейін эпидемиологиялық еткіштері бойынша бруцеллездік қүргақ тірі вакцина (Вruсеllа аbоrtus19 ВА сиыр типті вакциналық штамм) адамдарға қолданылды.

Г

Наши рекомендации