Медицина-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және зерттеу жүргізу

Медицина-биологиялық зерттеулерді келесі этаптарға ажыратуға болады: зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, алынған деректердің анализі, нәтижені бағалау және қорытындылау.

Жоспарланғанда зерттеудің мақсатын анықтау, арнайы жиынтықты бағалау, таңдаудың көлемін, кездейсоқ сұрыптауды, таныстыруды анықтау. Жүргізуге таңдауды жоспарға сәйкес істеу, файл немесе өлшеу нәтижесінің кестесін құру кіреді. Анализге жиналған деректердің дұрыстылығын тексеру мен статистикалық анализ кіреді. Соңғысы деректердің визуализациясын болжайды (гистограмма құру), таңдамалы үлестіру туралы гипотезаларды тексеру, үлестіру параметрлерін бағалау (дәлелді және интервалды бағалау), байланысы мен тәуелділігін табу. Қорытынды да зерттеудің және статистикалық анализдің нәтижесін бағалау толық жүзеге асырылады. Осы этаптарды анығырақ қарастырайық.

Жоспарлау кезінде зерттеудің мақсатын анықтау қажет, гипотезаларды анықтау, олардың мәнділік деңгейін анықтау, сондай-ақ, әсершілдік (күші) критерийді анықтау, гипотеза соңғысы бойынша тексеріледі. Еске түсірсек, критерий күші – мүмкін болатын қатенің бірлігі және ол дұрыс болса, альтернативті гипотезаны қабылдауы мүмкін.

Әсершілдік критерийлерге әсер етеді:

- неғұрлым мәнділік деңгейі аз болса, соғұрлым әсершілдік те аз. Бірақ сақ болыңыз, мәнділік деңгейінің жоғары болуы дұрыс нөлдік жормалды қайтару қатерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Мысалы, екі таңдаудың орташа мәнді бағасының арасындағы айырмашылық.

- неғұрлым әсердің мөлшері үлкен болса, соғұрлым әсершілдік критерий де жоғары. Әсердің мөлшеріне ықпал ету мүмкін емес.

Әсершілдік критерийді артқы санмен есептеу қиын емес, егер әсер мөлшері белгілі болса. Өкінішке орай, зерттеуді жоспарлау кезінде ондай параметрлерді білмейміз. Әсер мөлшерін білу мүмкін емес (әдетте оның бағасы зерттеудің мақсаты болып табылады), сондықтан әсершілдікті есептеу кезінде әсердің ең аз мөлшерін көрсету керек. Әсершілдікті алдын – ала сирек анықтайды, бңрақ оны міндетті анықтау керек, әйтпесе, зерттеу сәтсіз аяқталуы мүмкін.

Егер зерттеуден кейін әсер анықталса, онда әсершілдік маңызды емес. Қарама-қарсы жағдайда, егер әсер анықталмаса – ол бірінші дәрежелі мәнге ие. Шынында да, әсершілдіктің статистикалық мәнді айырмашылығы 80% табылса, онда шынымен де айырмашылық жоқ деп есептеуге болды. Басқа сөзбен айтқанда, теріс нәтиже алдық. Егер әсершілдік 25% құраса, онда біз ешқандай нәтиже алмадық деген сөз.

Көбінесе зерттеуді ірі клиникаларда жүргізеді, өйткені онда кез-келген науқастар емделе бермейді. Сондықтан клиникадағы науқастарды жақсы таңдау деп айту қиын. Бұл сәйкессіздікті міндетті түрде ескеру керек, өйткені, науқастардың жиынтығы алынған зерттеу нәтижесіне сәйкес таралуы мүмкін.

Кез-келген статистикалық әдіс жорамалдағандай нәтиже бермейді, таңдау жиынтықтан кездейсоқ нәтижеге өтеді ( ол таңдауды қамтамасыз етеді). Егер осы шарт орындалмаса, егер таңдау ұсынылмаған болса, онда статистикалық әдіс дұрыс нәтиже бермейді. Егер таңдау таныс болса, онда оның қандай жиынтықты ұсынылатын ескеру керек.

«Кездейсоқ шығу» мағынасы, барлық жиынтықтың мүшелері үшін таңдау бірдей болуы мүмкін. Мысалы, егер екі топ (зерттеу және бақылау) және олардың мөлшері бірдей болса, онда жиынтықтың кез-келген топқа түсуі мүмкін.

Кез-келген топтың тең мүмкіндігін қамтамасыз ету оңай емес. Алдымен адамның әр түрлі әсерін шектеу керек. Ол әдіс «рандомизация» деп аталады. Рандомизацияның шарты – бақылау тобындағы науқастардың айырмашылықтың болмауын қамтамасыз ету, емдеу әдісінен басқа. Нәтижені бағалау этапында зерттеу мен зерттеушінің әсерін шектеу керек. Ол соқыр әдіс жүргізіледі: науқас та, дәрігер де емнің қандай түрі жүргізілгенін білмейді. Екі түрлі соқыр әдісі көбінесе тиімсіз, сондықтан қарапайым соқыр әдісі (дәрігерде мәлімет бар, ал науқаста ешқандай мәлімет жоқ немесе керісінше) және жартылай соқыр әдісі( дәрігер де, науқас тажартылай хабардар). Кез-келген жағдайда зерттеуге қатысушылар білетін мәліметтер аз болуы керек. Егер қандай да бір зерттеу қатысушыларының топтың құрылуына әсер тигізуге мүмкіндігі болса, онда ол мүмкіндік қолданылуы тиіс.

Рандомизация үшін таңдаудың зерттеушіге байланыстылығы аз. Ол зерттеушілерден өзгеше және тәуелсіз болуы керек. Облыстық зертханлық зерттеулерден мысал келтірсек. Торда отырған 20 атжалмандарды 2 топқа бөлеміз. Тордан 10 атжалманды босатамыз да, оларды бақылау тобы деп атаймыз. Ол дұрыс па? Әрине, дұрыс емес. Себебі, тордан ең мықты және агрессивті атжалмандар шығып кетеді. Ол үшін кездейсоқ таңдауды алу үшін, кездейсоқ санды қолдану керек. Зерттеу неғұрлым жақсы жүргізілсе, соғұрлым оның нәтижесі зерттеу әдісіне тиімді.

Статистикалық әдістің деректеріне талдауды дұрыс жүргізу үшін бізді қызықтыратын белгілерді (сандық, сапалық) және үлестіру түріне назар аудару керек.

Статистикалық критерийлерді таңдауда сандық белгілер жағдайды түсіндіруді қажет етеді. Егер жиынтықтың үлестіру белгілері қалыпты болса, онда параметрлік әдісті қолдануға болады.

Әсері жоқ нөлдік жорамал табылса, онда оның не үшін олай болғанын табу қажет. Ол үшін әсершілдік критерийлерді анықтау керек, егер ол аз болса, онда оның себебі таңдау көлемінің аз болғаны. Бірақ егер әсершілдік үлкен болса, онда әсер шынымен де жоқ.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Медицина-биологиялық зерттеулер не үшін жүргізіледі?

2. Медицина-биологиялық зерттеулер қандай кезеңдерден тұрады?

3. Әсершілдік критерийлерге нелер әсер етеді?

4. «Кездейсоқ шығу» дегеніміз не?

Наши рекомендации