Р АИТВ-инфекциясының жыныстық және парентеральдық берілу жолдарының үлесі % 2001-2010ж аралығы.

Диагностика әдістері:

1. ИФА әдісі- жаппай АИТВ-инфекциясын тексеру үшін қолданылады.

2. Иммуноблот әдісі-референс зертханада Республикалық ЖИТС орталықта жасалады.

3. ИТР әдісі-провирусты ДНҚ мен РНҚ геномы анықталады.

4. Тест-жүйе әдісі.

Алдын алу шараларыМемлекеттік көлемде және жеке адамдарды қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс.Бұл аурудың кең таралуына шек қою үшін еліміз бойынша 78 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды,мемлекеттік бағдарлама қабылданып іске асырылады.

ЖИТС пен күресу орталықтарының жұмыс бағыттары:

1. Вирус кездесуіне мүмкіндігі бар қауіп топтарын тексеріп,вирус жұқтырған адамдарды тауып,емдеу

2. Аурудың ошағын көлемдеу,бақылау,вирустың ары қарай тарауына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру

3. Санитарлық-ағарту жұмыстарын,жастар арасында жыныстық тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер:қан кету,қан аралас қақырық бөліп шығару,туберкулездің ашық түрі.

АИТВ инфекциясын тексеру түрлері

Ерікті тексеру-АИТВ –ға медициналық куәландырудың өтуге ықылас білдірген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары,шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар тексерілушінің еркі бойынша құжаттарын көрсетпей тексерілед.

Аты-жөнін атамай тексеру-адамдардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпей тексерілуі.

Құпия түрде тексеру-нәтижесі туралы тек тексерілуші мен оған тікелей көмек көрсететін медицина қызметкері ғана біледі.

Мәжбүрлеп тексеру-құқық қорғау қаулысы бойынша тексеру.

Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру-

-вирусты В,С гепатиттері

-қатерлі ісіктер

-энцефалопатия

-кахексия

-1 айдан астам қызба

-1 айдан астам диарея

-Себореялы дерматит

-Стоматит

-Хейлиг

-Жоғары тыныс алу жүйесінің инфекциялық аурулары

-Туберкулез

-Терең микоздар

-Тілдің түкті лейкоплакиясы

-Сепсис

-Бас миының лимфомасы

Паренхималық механизмдермен берілетін вирусты гепатиттер

Вирусты В гепатит-парентеральді механизммен таралатын,бауырдың зақымдалуымен,сарғаю белгілерімен өтетін, зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталатын антропонозды вирусты инфекциялық ауру.

Қоздырғышы –ДНҚ-лы гепадновирус,көлемі42нм.Сыртқы ортаның физикалық,химиялық әсеріне өте төзімді,бөлме температурасында 3 ай,тоңазытқышта 6 ай,кептірілген плазмада 21жылға дейін сақталады.Қайнатқанда 30мин,1-2 % хлораминде 2сағатта,автоклавта температура 120° градуста 45 мин өледі.қанның сары суында 30-32°С температурада 6 ай ,-20°С температурада 15 жылға дейін сақталады.

Блюмберг австралиялық антигендердің қанының сары суынан беткейлі вирусты В гепатитінің HB Agантигенін ашқан.

Гепатит В вирустарының 3 арнайы антигендері бар:

Беткейлі

-Ядролық

- Инфекциялық

Қазақстан Республикасында 2000 ж вирусты гепатит В сырқаттанушылық деңгейі 20,03 құрайды.Инфекция көзі жіті,созылмалы түріндегі ауру адам және вирус тасымалдаушы.Инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күн .

Берілу механизмі:парентеральдық қан құю,шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен жүретін манипуляциялар,шағын жарақаттар және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады.

1)Жасанды жолмен жұқтыру жолдары:

· Қан және қан препараттарын құю

· Емдеу-диагностикалық ем шара

· Инемен емдеу

· Татуировка,құлақ тесу

2)Табиғи жолмен жұқтыру жолдары

· Жыныстық қатынас

· Тұрмыстық заттар,тіс щеткасы,қырыну және маникюр заттары:тарақ,ысқыш

· Анадан балаға босану кезінде

· Кәсіптік қатынас-қан және қан препараттарымен жұмыс істегенде

Бұл ауру жиі қан құйдыратындар,донорлар,нашақорлар,гомосексуалистер,қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері.

Вирусты гепатит С

С вирусты гепатиттің қоздырғышы 50 нм диаметрлік флавирустар.Температура +60 С та 30мин,+100 С градуста 2 мин өледі.

Әлемде 500 миллионға жуық адамдар ВГС қоздырғыштары жұқтырған.

· Инфекция көздері:жіті және созылмалы түрдегі науқастар

· Жұқтыру жолдары ВГС ға ұқсас

· 90 %-да транзфузиядан кейінгі гепатиттер болып табылады.

· Инкубациялық кезең орташа 180-210 күн құрайды.

· ВГС жеңілдеу өтеді,сарғаюсыз,субклиникалық түрінде

· Сарғаю түрлері 10-20 %-да орын алады.

· Клиникалық нәтижелері :cауығу.

· Асқынуы:бауыр циррозы,гепатоцеллюлярлы карцинома

Вирусты гепатит Д

Д вирусты гепатиттің қоздырғышы РНҚ-лы,диаметрі 36 нм,дефектті ақауы бар вирус.

1)Ко-инфекция

2)суперинфекция

3)ВГД 15% жіті және 70-80% созылмалы түрде болады

4)Инкубациялық кезеңі 20-40 күн

5)Өте ауыр түрінде өтеді.

6)Асқынулар мен нәтижелері:көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және бауыр циррозы

Арнайы алдын алу.С вирусты гепатиттің өзіндік алдын алуы жоқ.В және Д вирусты гепатиттерінің өзіндік алдын алуы-вакцинациялау.ВГВ ға вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алу.

ВГВ ға моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде,тек ВГВ дан ғана қорғайтын бір мөлшерлі немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады,ВГВ-ға поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда шығарылады.

ВГВ-ға вакцинациялау кесіндісі

1)жаңа туылған нәрестелер үшін -0,2-4 айда

2)туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін

3)туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жастан асқан балалар мен ересектер үшін-бірінші мен екінші егулердің арасы 1 ай және екінші мен үшіншінің арасы 5 ай аралықпен

Вирусты гепатиттердің зертханалық диагностикасы

ü ИФА-серологиялық маркерлерін анықтау

ü ИТР әдісі

ü АЛТ және АСТ деңгейін анықтау

Бөртпе сүзегі

Қоздырғышы трансмиссивті механизммен берілетін,антропонозды инфекциялық ауру. ЭҚС-антрапонозды трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі болып тек, перифериялық қанында боррелий бар, қызбада жатқан адам табылады. Қызбалардың ортасындағы кезеңдер адамға қауіпті емес. Жасырын инфекция тасымалдаушылықта болуы ескеріледі. Арнайы боррелий тасымалдаушысы биттер болып табылады. Боррелие науқастың қанымен биттердің асқазанына түседі, онда бір тәуліктей ғана анықталады. Бір бөлігі сонда өледі, қалғандары, жәндіктің денесіне еніп, гемолимфада көбейеді. Инфекцирленгеннен кейін 5-6 күні боррелиллер гемолимфа мен лакунорлы қуыстарда толады. Ол жәндік денесінде өмір бойы сақталады. Адамға жұғу жолы: биттер шаққан жер қышу шақырады, ол жерді қасығанда терінің бүтіндігі бұзылады, жәндіктің аяқтары, кірпікшелері қалып қалу мүмкін. Жәндіктің зақымдалған жерінен гемолимфа шығады. Боррелер ұсақ жаралар арқылы еніп, жұғады. Аурудың максимальді эпидемия кезеңі қыс-көктем айларында. Әлеуметтік жағдай, нашар санитарлық жағдай, адамдардың топтасуы үлкен роль атқарады. Жекелеген ошақтары осы күнге дейін сақталған Азия, Африка және Америкада.

Патогенезі

Ағзаға енген боррелилер мононуклеарлы фагоциттер жүйесінде интенсивті көбейеді, бірнеше сағаттан соң қанға түсіп, боррелиемия тудырады. Бір бөлігі қанда эндотоксин бөлу арқылы өледі де, тамырлардың өткізгіштік қасиетін бұзады. Көкбауыр мен бауырда геморрагиялық инфарктар және некроздар көрінеді. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің токсикалық зақымдалуы неврологиялық және менингиальды симптомдармен көрінеді. Ұстамалар кезіндегі тахикардия симпатикалық жүйке жүйесінің қозуымен шақырылады. Бірінші ұстама кезінде қанда антидене-аглютининдер, тромбоцитобариндер анықталады. Антиденелердің әсерімен боррелилерден агрегаттар түзіледі, тромбоциттермен жүктелген, олар ішкі мүшелердің капиллярларында тоқталып, фагоцитоз ұшырайды. Осымен ұстаманың аяқталуымен кризис шақырылады. Боррелилердің қалған бөлігі ОНЖ-да және күйік миында сақталғандар апирексия кезеңінде көбейіп, жаңа антигенді қасиетімен қайталама ұстама береді. Жаңа тұқым қанға түсе отырып келесі ұстама шақырады. Жаңа ұстама сайын боррелийдің бірнеше тұқымына арналған арнайы антиденелер бөлінеді, иммунитеттің жоғарлауы байқалады. Қоздырғышта алғашқы тұқымдарына қайта оралғанда ғана сауығу гуморальді-клеткалы қорғаныс әсерінен болады. Ұстаманың кезеңділігін және апирексияны қайталама сүзекте боррелилердің дамуындағы циклдікпен байланыстырады. Патологиялық өзгерістер көкбауырда, бауырда, сүйек миында айқын көрінеді. Көкбауыр 5-6 есе үлкейеді, 1500г салмағы болады. Капсуласы тығыздалған, онда жарылған жерлері және фиброзды жабындылар байқалады. Көкбауырдың пульпасы қанға толған, онда көптеген милиарлы некроздар, кейде инфаркт байқалады. Некроздар аймағында кейде боррелий байқалады. Бауыр үлкейген, оның паренхимасында некротикалық ошақтар көрінеді. Ұсақ некроздар ошағы сүйек миында да байқалады. Бүйректе паренхиматозды нефрит көрінісі болады, иірілген түтікшелердің эпителиальді жасушаларының зақымдалуымен өтеді. Жүрек бұлшық етінде дистрофиялық өзгерістер табылады. Миокардтың паренхимасында, жүйке түйіндерінде және эндокардта ұсақ зақымдалған ошақтар, некрозға дейін. Бас миында қан құйылу байқалады, периваскулярлы инфильтраттар, жүйке жасушаларының ісінуі, протоплазманың вакуолизациясы байқалады. Ең көп өзгерістер мидың бағанында және ми қыртысында болады. Клиникалық көрінісі: инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін (орташа 7-8 күн). Клиникалық көрінісіне қызба ұстамасымен апирексия кезеңінің кезектесіп отыруы тән. Әдетте ауру жедел басталады, қысқа уақыт қалтырау 39-40С-қа дене қызуының көтерілуі қатты бас ауру және бұлшық еттердің ауруымен, ұйқысыздыққа әкеледі. Бұлшық еттердің ауруы, әсіресе балтыр аймағында айқын байқалады. Сондай-ақ, ауырсыну нервтер жолымен және буын аумағында болады. Тәбеті төмендейді. Лоқсу, құсу, іш өту болады. Тілі құрғақ, ақ немесе сарғыш жабындымен жабылған. Сол жақ қабырға астындағы тұйық ауырсыну, көкбауырдың үлкеюімен қатар бауыр да үлкейеді. Сарғаю дамиды. Бірінші ұстама, әдетте 5-8 күнге созылады. Кейін 7-14 күн қызбасыз кезең дамиды, содан кейін ұстамалар қызбасыз интервалмен алмасып отырады. Қызбалы ұстамалардың саны бесеуден аспайды. Әр келесі ұстама алдыңғысынан қысқа, ал апирексия кезеңі керісінше ұзақ. Ұстамаларды аяғына 4-6 сағатта дене температурасының критикалық төмендеуі көп мөлшерде тершеңдікпен өтеді. Қызбасыз кезеңде ауырсынулар бәсеңдейді, жалпы әлсіздік сақталады. Бірінші қызбалы ұстама кезінде температуралық қисық әрқашан тұрақты түрде, қайталама ұстамаларда ол тұрақты, ремиттеуші, дұрыс емес болуы мүмкін. Ұстама кезінде гиперемия бетте, коньюктивада байқалады, склера тамырларының иньекциясы ьолады. Қайталама сүзекке бөртпе тән емес, кейде розеола, петехиялар, үлкен дақты элементтер көрінеді. Ұстамалар соңына сарғаю склера мен терінің сарғаюы айқындалады. Салыстырмалы тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, артериальді қысымның төмендеуі анықталады. Пульстің жилігі 140-150 рет минутына. Тыныс алу жүйесі патологиялық процеске екіншілік инфекциялы асқынуда жиі ұшырайды. Бронхиттер, пневмониялар, құрғақ плевриттер байқалады. Жүйке жүйесінің бұзылуы боррелилердің жүйке тініне торпизімдігімен байланысты және борремелердің өздерімен қос олардың өмірлік өнімдерімен де шақырылады. Ұстаманың өршіген кезінде бастың тұрақты ауыруы, бас айналу, миалгия, невралгия, сирек артралгия байқалады. Аурудың барлық кезеңінде анық ес сақталады. ЭҚС-тің менингеальді формасын сипаттаған және оның комплексті симптомдары (бас ауру, желке бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы) көрінеді. Цереброспинальді сұйықтық жоғары қысыммен ағады, онда ақуыз бен жасушалардың мөлшері жоғарлайды. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, нейтрофильдердің солға ығысуы, анэозинофилия. Ұстамалар мен рецидивтердің созылуы нәтижесінде гипохромды анемия дамиды, ұстама кезінде тромбоциттер саны 1,5-109 /л төмендейді және апрексия кезінде жоғарлайды, ЭТЖ жоғарлаған. Зәрде ақуыздық, сілтіленген эритроциттер, лейкоциттер, гиалинді циндирлер жоғарлауы анықталады. Ұстама кезінде олигоурия салыстырмалы тығыздығының жоғарлауымен, ал кризистен соң-полиурия төмен салыстырмалы тығыздығымен болады. Клиникалық көрінісі бойынша өшірілген, жеңіл, орташа ауыр және ауыр, жеңіл түрлері болады.

Диагностика.

Бірінші ұстама кезінде клиникасына көңіл аудару керек. Қайталанған ұстамалар диагнозды жеңілдетеді. Жағындыларда және ұстама кезінде алған қанның үлкен тамшыларында боррелий анықталады, ол клиникалық диагнозды негіздейді. Боррелиді қанда анықтаудың бірнеше түрі бар;

1. қараңғы микроскоппен иілген тамшыны қарау

2. борридің негативті әдісі, зерттелетін қанның тушьпен араласқан тамшысы;

3. жағындылар мен мүшелерден алынған таңбаларда боррелидің күмістелінуі

Перифериялы қаннан боррелиді анықтау үшін, көктамырдан алынған қанды центрифугадан өткізіп, тұнбасынан үлкен тамшы препаратын жасайды, Романовский-Гимза бойынша бояп, микроскоппен қарайды. ЭҚС-тің диагностикасынгда комплемент байланыстыру реакциясы қолданылады. Боррелидер ошағында оларды спирохеталы қайталама сүзектен ажырату қажет. Осы кезде лабораторлы жануарларға биопробалар жүргізеді. Мысалы.: кенелі боррелиозбен теңіз шошқасы, ал спирохеталы қайталама сүзекпен ақ тышқандар және крысалар тез зақымдалады. ЭҚС безгектен, крупозды пневмониядан, лептоспироздан, бөртпелі сүзектен, кенелі боррелиозден ажыратады. Безгек кезінде апирексия кезеңі мен ұстама кезеңі заңды мінездеме береді, қанда плазмодиялар анықталады. ЭҚС-тің жедел басталуы крупозды пневмониямен жақындастырады, бірақ крупозды пневмонияда, өкпеде айқын өзгерістер, “тат түсті қақырық” рентгенологияда айқын зақымдалған ошақтар көрінеді. Лептоспироз көптеген симптомдармен ұқсас болған, тек қызба кезеңінің үзақтығы, бүйрек қызметінің өзгерістерімен, қанда лептоспирлер болуымен және арнайы иммунологиялық реакциялармен ерекшеленеді. Эпидемиялық бөртпе сүзекте 4-6 күні полиморфты розеолезді-петехиальді бөртпелер. Бульбарлы симптомдар, есінің бұлдырауы, қозу, сандырақ байцқалады. Типті сүзекті жағдай сирек кездеседі. Кенелі боррелиозбен салыстырудың нәтижелі лабораторлы көрсеткіш болып саналады.

Профилактика.

ЭҚС-пен ауырған науқастар немесе күдіктілер дереу госпитализацияға жатады. Эпидемия кезінде барлық науқастарды анықтау және қызбадағы науқастарды госпитализциялау. Науқастардың киімдеріне камералы дезинсекция жүргізіледі. Қатынаста болған адамдарды 25 күндей бақылауға алады. Қайталама сүзектің ошақтарындағы биттерге қарсы міндетті түрдегі санитарлы өңдеу жүргізіледі.

Оба- Iersiniapestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.

Эпидемиологиясы.

Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп айтуға болады.

Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін.

Табиғи ошақтарда спорадикалық обакездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар (қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады, тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді.

Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады:

1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;

2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде;

3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы;

4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы).

Эпидемиялық обакезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауыратын адам; берілу жолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады.

Патогенез сатылары:

1. Жұқтыру сатысы.

2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.

3. Бактериемия сатысы.

4. Септицемия сатысы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы (қалтырау, жоғары қызба), айқын улану (бас ауыруы, бас айналуы, миалгиялар, орталық жүйке жүйесінің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)

Алдын алу шаралары. Аурудың табиғи ошақтарында кеміргіштер мен бүргелерге қарсы бағыттылған комплексті шаралар (эпидемиологиялық бақылау, дератизациялық, дезинфекциялық, агрохимиялық, ветеринарлық шаралар). Спецификалық вакцина – тірі құрғақ обалық вакцина (EV) обадан сақтамайды, бірақ аурудың жеңіл түрінде өтеуіне әсер етеді. Карантинді шараларды тағайындау қажет.

Туляремия

Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Эпидемиологиясы. 1. Аурудыңкөзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтықауру. Аурудыңкөзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудыңнегізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Табиғи ошақтардың7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық,тоғайлық, далалық. Әр ошақөзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.

2. Берілу жолдары:

· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;

· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;

· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.

3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялықошақтар инфицирленген кеміргіштердіңмиграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялықпроцестіңағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтыңерекшелігіне, эпизоотиялықжағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмініңжәне белгілі бір клиникалықтүрініңбасым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалықтүрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Клиникасы. 1.Жасырынкезеңі - 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).

2.Бастапқы кезең

3. Өршу кезеңі

4. Айығу кезеңі

Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері

Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.

Жалпы симптомдары:

Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға, сирек 5-7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшықеттерініңауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастыңбеті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚтөмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.

Туляремияның клиникалықтүрлері жұғу жолдарына байланысты. Г.П.Руднев бойынша келесі түрлерін ажыратады.

Бубонды түрі. Жиілігі– 10-25%. Біріншеден ауру сезімі байқалады, сосын регионалді лимфаденит пайда болады. Бубондар жалғыз немесе көп, көлемі майда жанғактардан ірі жұмыртқаға дейін болады. Бубон ұлғайғаннан соңауру сезімі байқалмайды, шеттері анықболып, периаденит аздап дамиды. Бубондардыңнәтижесінде қайта сінірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану, склероздану процестері дамиды.

Жаралы-бубонды түрі. Бұл аурудың типті түрі. Жиілігі – 45-85%. Трансмиссивті жолмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір бірін алмастырып дақ, папула, көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараныңшеттері көтеріліп, түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфангоит, тағы 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады.

Көз-бубонды түрі. Жиілігі – 5%. Конъюнктивада сары түсті көпсанды ұсақ түйіншіктер пайда болады. Эрозивті-жаралы өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Көз аймағында және зақымдалған көзі жағындағы беттің жартысында ісік дамиды. Роговица зақымдалмайды. Регионалді лимфаденит дамиды. Интоксикация нышандары айқын көрінеді: қызба, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі.

Ангинозды-бубонды түрі. Тамағында айқын ауыр сезімі байқалып, көмекей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтуға қиыншылықтудырады. Бездердің үстінде қиын алынатын некрозды жабынды дамып, артынан тыртықтанады. Жаралы-некрозды тонзиллит, фарингит дамиды. Көбінесе процесс бір жағынан байқалады. Бубондар жақастылық, мойындық, қолтықастында пайда болада. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін. Интоксикация нышандары айқын емес, жергілікті көріністерге сәйкес келмейді. Осындай дисбаланс туляремияның ангинозды- бубонды түріне тән.

Абдоминалді түрі. Бұл аурудың ауыр түрі. Мезентериалді лимфа түйіндерініңзақымдануыныңәсерінен іштің оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі «хирургиялық іш» сияқты байқалады. Іш перденің тітіркену белгілері дамуы мүмкін. Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. Ұлғайған лимфа туйіндер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) арқылы анықталады. Интоксикация көріністері айқын болады: жоғары қызба, қалтырау, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетініңтөмендеуі. Науқастың іші өтуі мүмкін.

Өкпелік түрі.Жиілігі – 5%. Ауру жедел басталып, қызбамен, ұзақағымымен сипатталады. Бронхиалді, медиастиналді, паратрахеалді лимфа түйіндері ұлғаяды.Құрғақжөтел, кеуде аймағында ауру сезімі, құрғақсырылдар естіледі. Пневмонияны рентгенография арқылы дәлелдеу қажет, науқастардың 50% өкпеде ошақты инфильтраттар табылады. Әр түрлі асқынулар (бронхоэктаздар, абсцесстер, плеврит, каверналар, гангрена) дамуы мүмкін. Бұл аурудың ауыр түріне жатады. Интоксикация симптомдары айқын көрінеді. Пульс жиілігі температура денгейіне сәйкес келмейді – салыстырмалы брадикардия. Өмірге қауіпті асқынулар дамуы мүмкін: сепсис, менингит, перикардит, медиастинит.

Жайылмалы түрі. Ауру сепсис тәрізді өтеді. Айқын интоксикация, жоғары ремиттерлеуші қызба ұзақуақытқа созылыды. Науқастың есі бұзылуы мүмкін. Полиморфты экссудативті эритемаға ұқсас бөртпе пайда болады. Бөртпе симметриялықтүрінде аяқ-қолға, мойынға, кеудеге шығып, оны туляремиялық«қолғап», «шұлық», «жаға», «маска» деп атайды. Бөртпе әуелі қызғылт, сосын қоңырқызыл, соңында көкшіл түсті. Экзантема 8-12 күнге созылады. Кейде бөртпе кеткесін түлеу болады. Гепатолиеналді синдром алғашқы күндерден бастап пайда болады.

Алдын алу шаралары:

-табиғи ошақтарды бақылау;

- дератизациялық шаралар;

-вакцина енгізу, тірі туляремиялықвакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек;

-қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.

Наши рекомендации