ТӘжірибелік жҰмыс

I.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ТАҚЫРЫП. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.

Сабақтың мақсаты:

· Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

· Тәжірибе жасаудың, жануарлармен жұмыс жасауды, функциялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістерін үйрену

· Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

· Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулерді жүргізу этикасы туралы нормативті құжаттарды оқу.

Оқыту міндеттері:

· Оқу пәні ретінде патофизиологияның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімін қалыптастыру

· Нозологияның негізгі атаусөздерін (глоссарий) қолдана білу

· Топпен жұмыс жасауды үйрену (өз ойыңды жеткізу, лидерлік қаситетіңді көрсете білу)

· «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009д 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді құрудың негізгі принціптері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда тәжірибелік терапияның және дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудің мүмкіншіліктері мен маңызы. Медицинада үлгілеудің тәжірибелік және басқа да әдістерінің шектелулері және олардың ұсынымдарының жолдары.

3. Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасаудың өнегелік-әдептік аспектілері. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

4. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

7. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Организмді тірілтудің (реанимация) патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары

Оқыту мен үйретудің тәсілдері:

Сабақтың негізгі сұрақтарын талдау, оқытушының бақылауымен жұмыс жасау, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімімен жұмыс, кіші топтарда жұмыс жасау – блиц – ойындар, кейс-стади

Бақылау түрі: ауызша сұрау, блиц-ойын, кейс-стади, тестілеу

Сабақтың хронометражы

Сабақтың кезеңдері Уақыт
Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату 5 мин
Тақырыптың № 1-3 сұрақтары бойынша пікірталас 25 мин
  Блиц - ойын 20 мин
Үзіліс 10 мин
Тақырыптың № 4-7 сұрақтары бойынша пікірталас 20 мин
Кейс-стади 10 мин
Тестілеу 15 мин
Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау 10 мин

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

№ 1 тапсырма.
«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған блиц - ойын.

Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.

Тәжірибе сатылары Жеке ( өз бетінше) бағалау Жеке бағалауда кеткен қате Дұрыс жауап Топтасып,өзара келісіп бағалау Топтасып бағалауда кеткен қате
Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау          
Тәжірибе жоспарын құру          
Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу          
Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау          
Зерттеудің нәтижелер-ін талдау және тұжырым жасау          
Дерттік үрдісті зерттеу          
Дерттік үрдістің үлгісін алу          
Тәжірибелік емдеу          
Тәжірибенің тың ойын анықтау          
Зерттеушінің теория-лық дайындықтан өтуі          

Тапсырма. Кейс-стади

Есеп.

3 жастағы балада селқостық, ұйқышылдық, денесінің түршігуі пайда болып, жіті ауру дамыды. Дене қызымы 38,50С, бала бір рет құсқанына, іші мен басының ауыратынына шағымданды. 12 сағаттан кейін жұтынғанда тамағында ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұрттарында, терісінің қатпарларында, денесінің бүйір жақ бетінде, ішінің төменгі бөлігінде ашық алқызыл майда нүктелі бөртпелерді анықтады. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, тілі ақ өңезделген, бадамшасы қызарған, үлкейген, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырып жүрген адаммен байланыста болды. Балаға жәншау әйгіленімі қойылды. Пенициллин қатарына жататын антибиотикпен емдеу тағайындалды. Бір аптадан кейін бөртпелер кетті, саусақтарының ұштарында, алақанында, аяқ басының терісінде ірі жалпақтанған қабыршықтану байқалды.

1. Осы жұқпалы арудың даму сатысын көрсетіңіз, әрбір сатысын сипаттаңыз, жауапты негіздеңіз.

2. Берілген ауру кезінде қандай дерттік үрдістерді бөліп көрсетуге болады?

3. Аурудың арнайы белгілерін көрсетіңіз. Жіті кезең жауабына сәйкес симптомдарды көрсетіңіз, олардың патогенезін көрсетіңіз

4. Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеу

№ 2 есеп.

Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.

1. Берілген есепте ауруды табыңыз. Ауруға анықтама беріңіз Ауру нышандарын көрсетіңіз

2. Берілген есепте дерттік серпілісті тауып, анықтама беріңіз

3. Берілген есепте дерттік үрдісті тауып, анықтама беріңіз

4. Берілген есепте дерттік жағдайды тауып, анықтама беріңіз

№ 3 есеп

Музыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

1. Дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдайға анықтама беріңіз

2. Аурудың нышандарын атаңыз

Есеп.

Науқастың тісін жұлды. Онда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

Есеп.

С. есімді науқас 18 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Орманда шаңғы теуіп жүріп адасып, ағаштың түбінде ұйықтап қалған. Бір тәуліктен кейін табылған. Қарап тексергенде: есінен танған, тік ішегінің қызымы 250С, терісі және көрінетін шырышты қабығы бозарған, көкшіл тартқан, көз қарашығы кеңейген, систолалық АҚ 40 мм.сын.бағ. (диастолалық анықталмайды). Тамыр соғуы минутына 30 рет, тынысы сирек, терең емес, рефлекстері төмендеген, ауыру сезімталдығы жоқ.

  1. Өлім сатыларын атаңыз, оларды сипаттаңыз.
  2. Көрсетілген симптомдар кешені өлімнің қандай сатысына жатады? Өз қорытындыңызды тұжырымдаңыз.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

Құқықтық дағды бойынша тест тапсырмалары: «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009д 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

1- нұсқа

1. Медико-биологиялық эксперимент –бұл

A) әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігін тексеру және өңдеу

B) нақты ғылыми зерттеулерді тексеру

C) зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

E) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

2. Үлгіге қойылатын талаптар:

A) дерт дамытуға және оны үлгілеуге қолданылатын себептің және жағдайдың сәйкестігі

B) дерттің функционалдық және морфологиялық айырмашылығы

C) сәйкес асықынулар дамуынан айырмашылығы жануарды бір түрін қолдану

3. Жануарларда медико-биологиялық эксперимент және клиникаға дейінгі зерттеулер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартына сәйкесжүргізіледі:

А) «Тиісті зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалар»

В) «Вивариийлерді құру, жабдықтау және күту санитарлық ережелері»

4.Кәмелеттік жасқа толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жазбаша түрде келісуі қажет

А) медициналық –әлеуметтік сарапшы комиссия тұжырымы

В) асырау және қамқорлық көрсету комиссиясы

С) ата-анасының келісу қажет емес

Д) олардың заңды ұстаушысы

5. Калибровка - бұл

A) прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы

B) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

C) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зертеу

D) әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

6. Ғылыми-техникалық зерттеуханалардың меңгерушілері қадағаламайды:

А) зерттеулердің жүргізіліуін

В) құжаттарды жүйелі түрде толтырылуын,

С) жинақталған мәліметтердің дәлелімділігі мен сапасын, алынған нәтижелердің өңделуін

Д) зерттеушілердің жеке басты қызығушылықтарын

7. «Қазақстар Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелері» 2007 жылғы 25 шілдедегі бұйрықтың номері

А. №523

В. №506

С. № 697

D. № 582

Е. № 124

8. Клиникалық зерттеуде басты маңыздысы

А) ғылыми қызығушылық

В) қоғамдық қызығушылық

С) зерттеушінің қызығушылығы

Д) зерттелушінің құқығы, қауіпсіздігі және денсаулығы

9. Зерттеудің немесе жеке бөліктерінің аяқасты тоқтатылатындығын зерттеу жетекшісі мәлімдеу қажет

А) денсаулық саласындағы меңгеру мекемесін және әдептілік сұрақтары бойынша комиссияны

В) адам құқығы бойынша комиссияны

С) медициналық-әлеуметтік комиссияны

Д) тергеу комитетін

10. Ақпараттық келісім –бұл

A) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

D) әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

2 - нұсқа

1. Клиникаға дейінгі зерттеулер –

A) Клиникалық тәжірибеге енгізу алдында жүргізілетін биологиялық, токсикологиялық, химиялық, физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

2. Медико-биологиялық эксперимент келесі негізгі міндеттерді атқармайды:

A) жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет

B) ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады

C) клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстармалы гарант болып табылады

D) клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады

3. Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді:

A) ресурстар

B) сәйкес басқару

C) зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау

D) құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі

E) виварийде жануарларды сәйкессіз ұстау

4. Клиникалық зерттеулер өткізуге тыйым салынбайды

А) әскери қызметкерлерге;

В) бостандықтан бас кешкендерге, тергеу айықтырғышта қамауда отырғандарға;

С) сот арқылы қабілетсіз деп анықталғандар

Д) зерттелетін адам жазбаша түрінде өз еркімен келісім немесе денсаулық сақтау ұжымымен келісім шарты бойынша

5. Валидация - бұл

A) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технолгиялар, аурулардың алдын алу, дагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

6. Зерттелетін нәтижелері бойынша жауапты орындаушы құрастырады:

A) есеп

B) құжат

C) келісім шарт

D) кәсіптік хат

7. Есепте көрсетілмейді:

А) тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі

В) тәжірибе барысында өткізілген аудиттер туралы мәлімет

С) өлшемдік құқықтық құжаттарға және әдебиет көздеріне сүйенген қолданылған әдістердің сипаттамалары

Д) қызметкерлердің жеке мәліметтері

8. Сынақтан өткізілетін жеке тұлғаны анықтайтын мәліметтер лауазымды

А) ҚР заңы талаптарына сәйкес жеке бастың құпиясын сақтап қорғалады

В) БАҚ беттерінде жарияланады

С) интернет жүйесінде жарияланады

Д) халыққа жолдама ретінде жарияланады

Е) факс арқылы жіберіледі

9. Клиникалық зерттеулер мақұлданған сәйкестік хаттамаларымен жүргізіледі:

А) әдептілік сұрақтар комиссиясымен

В) адам құқығы бойынша комиссиясымен

С) сапа және тәжірибені тиімді өткізу сарапшы комиссиясымен

Д) медицина –әлеуметтік сарапшы комиссиясымен

10.Сынақтан өткізілетін – бұл:

А) зерттелетін заттардың клиникалық сынақтан өтетін науқас

В) қызығушылық танытқан студенттер

С) ғылыми қызметкер

Д) ауырған жануар

Глоссарий

Патофизиология (от греч. Pathos - болезнь, physis – природа, функция, logos - учение) – наука о функциях больного организма.

Патофизиология изучает общие закономерности возникновения, развития и исходов болезней.

Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Pathophysiology (from Greek words): pathos - illness, suffering; physis - nature, function; logos - study
Pathophysiology is the science about the functions of a sick organism.

Pathophysiology is scientific study of disease - its nature, cause, mechanisms and effects. It is the science about general laws of pathological processes and diseases. It studies "why" and "how" disease occurs and develops.

Задачи патофизиологии

· Изучение вопросов общей этиологии

· Изучение вопросов патогенеза

· Разработка методов экспериментальной терапии

· Формирование врачебного мышления

Патофизиологияның міндеттері

· Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

· Патогенез сұрақтарын зерттеу

· Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу

· Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру

Purposes of pathophysiology

· Study the questions of general etiology

· Study the questions of pathogenesis

· Investigation methods of experimental therapy

· Formation of medical mode of thinking

Основной метод патофизиологии – патофизиологический эксперимент.

Особенность патофизиологического эксперимента: моделирование болезней человека у животных.

Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

The main method of pathophysiology – is pathophysiological experiment.

The main feature of pathophysiological experiment is modelling of human illness at animals.

Нозология – учение о болезни (от греч. nosus-болезнь)

Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).

Nosology – is the study of disease in general (from Greek word nosus – disease):

«Здоровье – это состояние полного физического, духовного и социального благополучия, а не только отсутствие болезней или физических дефектов» ВОЗ.

«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.

“Health is a state of complete physical, psychological and social well-being, and is not just the absence of illnesses or physical defects” (WHO).

«Болезнь – нарушение нормальной жизни организма под влиянием различных повреждающих факторов, характеризующееся ограничением приспособления к окружающей среде и снижением трудоспособности» И.Петров.

Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

“Disease is normal life disturbances under the influence of pathogenic factors, it is characterized by restriction in adaptation to the environment and reduction in work capacity” (I.Petrov)

Предболезнь – состояние между здоровьем и болезнью.

Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

Predisease is a condition between health and illness.

Патологическая реакция –(re - против, action - действие) – кратковременная, необычная (неадекватная) реакция организма на какое-либо воздействие

Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –

Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы

Pathological reaction – (re-against) – is short-term, unusual, inadequate organism’s responce to different factors

Патологический процесс – сочетание патологических и защитно-приспособительных реакций при повреждении.

Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы

Pathological process – is a combination of pathological and protective - adaptive reactions to damage.

Типовые патологические процессы:

· протекают однотипно у разных видов животных и человека (монопатогенез)

· характерна многопричинность (полиэтиологичность),

· развиваются в разных органах и тканях,

· имеют более или менее выраженное защитно-приспособительное значение,

· выработаны в ходе эволюции.

Біртектес дерттік үрдістер:

· Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

· Көп себепті (полиэтиологиялы),

· әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

· айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

· эволюцияда барысында түзілген

Typical (general) pathological processes

• have the same pathogenesis in different kinds of animals and men (monopathogenesis)

• Have many causes (multicausality)

• develop in different organs and tissues

• have more or less expressed protective - adaptive value

• are formed during evolution

Патологическое состояние – стойкое отклонение от нормы, не имеющее приспособительного значения для организма.

Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

Pathological state is firm departure from the norm, which doesn’t have adaptive value for an organism.

Реанимация – оживление организма. Возможна на обратимых этапах умирания.

Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.

Reanimation is resuscitation of an organism. It is possible at reversible stages of dying.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 3-8.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-19.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 3-11.

6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

7. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009ж 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

Қосымша

9. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.

10. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

11. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37

12. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

13. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

СОӨЖ

Наши рекомендации