Тақырып №4. Гипертониялық криздер.

Науқас С. 65 жаста, бас ауруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, периодты түрде бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. Қарау кезінде: бойы 176 см, дене салмағы 107 кг, тері жабындылары ылғалды, бозғылт. Жүрек түрткісінің шекарасы солға 2,5 см жылжыған, рентгенографияда қолқа доғасының салбырауы. АҚҚ 180/85 мм.с.б. ЭКГ –сол қарыншаның гипертрофиясы, ЖЭО солға жылжыған. Көрсетілген белгілер қандай жағдайға байланысты?

1. Қолқа атеросклерозы

2. Тиреотоксикоз

3. Қолқа жетіспеушілігі

4. Бүйрек артериясының стенозы

5. Гипотиреоз

Науқас 56 жаста, гипертониялық кризге байланысты екінші күннен бастап төс артында ауырсыну, ЭКГ-да V1-V4 шықпаларында ST сегментінің көтерілуі.Спецификалық асқынудың пайда болуының себептері:

1. Тәж артериясының атеросклероздық түйіннің интимасының жарылуы

2. Өткізгіштіктің бұзылуы

3. Миокард гипертрофиясы

4. ренин-ангиотензин жүйесінің белсенденуі

5. Сол қарыншаның дилатациясы

Науқас М.62 жаста, басының қатты ауырсынуына, бас айналуына, АҚҚ 220/130 мм.с.б. байланысты шағымдарымен жедел жәрдеммен келген. Көз түбінің тамырларының зерттеуі: көру нервісінің дискісінің ісігі. Зәр анализі өзгеріссіз. ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясы. Гипотензивті препараттарды ретсіз қабылдауына байланысты АҚҚ бұрыннан жоғары болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. Артериальды гипертония 3 дәрежесі, қауіп 3. Асқынған гипертониялық криз

2. Артериальды гипертония 1 дәрежесі, қауіп 2. Асқынған гипертониялық криз

3. Артериальды гипертония 2 дәрежесі, қауіп 1. Асқынған гипертониялық криз

4. Артериальды гипертония 2 дәрежесі, қауіп 3. Асқынған гипертониялық криз

5. Артериальды гипертония 3 дәрежесі, қауіп 2.

Гипертониялық кризі бар науқаста өкпе ісінуін алдын алу үшін қандай препарат тағайындайсыз?

1. Изокет

2. Магнезия сульфат

3. Клофелин

4. Дибазол

5. Коринфар

Науқас 65 жаста, эссенциальнды гипертониямен ауырады, монотерапия фонында, бірнеше сағат бұрын АҚҚ 225/115 мм с.б. дейін жоғарылаған, бас ауыру, бас айналу, құсу пайда болған. Жағдайының төмендеу себептері:

1. Ем жеткіліксіз болуына байланысты (диуретик тағайындалмаған) - натрий реабсорбция пайда болды.

2. Гипертониялық криз

3. инсульт

4. Бас-миының венозды жетіспеушілігі

5. Жедел миокард инфаркты

34 жастағы артериялық гипертониясы бар науқас, қорқыныш сезімімен бірге жүретін басының қатты ауруына, тершеңдікке, аяқ және қол саусақтарының шаншуына, жүрек аймағындағы ауырсынуларына шағымданады. Ұстама кезіндегі АҚҚ 200/115 мм.с.б.Төсектен тұрған кезде есінен танулар байқалады. Болжам диагноз:

1.АГ-ң қатерлі формасы.

2.Феохромоцитома.

3.Гипертаниялық криз, Ị тип.

4.Юкстогломелулярлы аппаратының ісігі.

5.Гипертаниялық криз, ỊỊ тип

Қауіп дәрежесін аңықтаңыз науқас 60 жаста, АҚҚ 160 және 100 мм сын бағ, науқас 10 дана темекі тартады күніне және ЭКГ мен ЭхоКГ – да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы?

1. қауіп 1

2. қауіп 2

3. қауіп 3

4. қауіп 4

5.қауіп жоқ

науқас О., 74 жаста, артериальды гипертонямен сырқат, жедел жәрдем дәрігеріне бас ауруына, басының айналуына, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Науқас қозуда. АҚҚ 210/115 мм сын бағ. гипертензивті кризде төмендегі көрсетілген қай препарат тиімді?

1. папаверин

2.Верапамил

3.нитропруссид натрий

4.Нифедипин

5. но-шпа

Науқас У., 34 жас, феохромоцитомамен ауырады, жедел жәрдем дәрігеріне бас ауруына, басының айналуына, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Науқас қозуда. АҚҚ 220/125 мм сын бағ. Гипертензивті кризді болдырмауға көмек:

1. β-адреноблокатор

2. -адреноблокатор

3.Гидрокортизон

4.диуретиктер

5.ганглиоблокатор

Каптоприлдің негізгі әсер ету механизмі:

1.Тамыр тонусына әсер етеді.

2. Антиренинді эффект.

3. Ангиотензин-конвертирлеуші фермент белсенділігін төмендетуге.

4. Альдостерон синтезін төмендетуге.

5. Брадикинин синтезін төмендетуге

Көрсетілген дәрілік заттарының қайсысында тоқтату синдромы айқын білінеді:

1. резерпин

2. допегит

3.клофелин

4.гипотиазид

5. коринфар

Гипертоникалық криз феохромоцитомамен емдеуде көктамырға нені енгізуге ең тиімдісі:

1. Фентоламин

2. Пентамин

3. Клофелин

4. Дибазол

5.Анаприлин

Наши рекомендации