Азақстан Республикасы ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі
Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі жұқпалы аурулар бойынша елдегі эпидемиялық тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтаудағы аса маңызды құжат.
Осы себепті бұл құжат жан-жақты талқыланғаннан кейін ҚР-сы Премьер –Министрінің арнайы қаулысымен бекітілді. Атап өту қажет - ҚР- сының ұлттық егу күнтізбесінде ТМД елдері көлемінде алғашқылардың бірі болып балаларды гемофильдік б-типті инфекциясына қарсы Hib вакцинасымен егу енгізілген.
«Профилактикалық егулер жасалатын аурулар тізбесін, оларды жүргізу Ережелерін және жоспарлы егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы»№2245- 30 желтоқсан 2009 ж Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (29.06.2010 ж өзгерістер мен толықтырулар да кірген)
Қазақстан Республикасының 18.09.2009 ж «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулы етеді
1. Мына қосымшалар бекітілсін
1) профилактикалық егулер жасалатын аурулар тізбесі;
2) профилактикалық егулерді жүргізу ережелері;
3) жоспарлы егулерге жататын халық топтары;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі , облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері қамтамасыз етсін:
1) егулерді жүргізу ережелері мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егулерді алуын;
2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатымен сол мекендерге шығатын егу бригадаларының жұмыс істеуін ;
3.Күші жойылсын деп саналсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.05.2003ж. № 488 « Жұқпалы ауруларға қарсы халықты вакциналауды жақсарту шаралары туралы» (Қазақстан Респибликасы ПҮАЖ [САПП], 2003ж. №46, 515 бап) қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.12.2003ж №488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Респибликасы ПҮАЖ 2008ж. №1, 19 бап) қаулысы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.01.2008 ж №40 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.05.2003ж №488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Респибликасы (ПҮАЖ )2008ж. №1, 19 бап) қаулысы;
4.Осы қаулы бірінші рет ресми жариялануынан 10 күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер Министрі К.Масимов
Профилактикалық егулер жасалатын аурулар тізбесі
1. Республикалық бюджет есебінен жасалатын профилактикалы егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) келесі жұқпалы және паразитарлық ауруларға қарсы жүргізіледі:
Құтыру
Іш сүзегі
Көктем-жаздық кенелік энцефалит
Вирустық гепатит «В»
Гемофильдік инфекция б типті
Дифтерия
Көкжөтел
Қызылша
Қызамық
Полиомиелит
Сіреспе
Туберкулез
Оба
Эпидемиялық паротит
Дизентерия
Сальмонеллез
Пнемококтық инфекция
2. Жергілікті бюджет есебінен жасалатын профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) келесі жұқпалы ауруларға қарсы жүргізіледі:
Вирустық гепатит «А»
Грипп
Сібір жарасы
Туляремия
Жоспарлы егулерге жататын халық топтары
Жұқпалы және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы егулерге келесі халық топтары жатады:
1) Профилактикалық егулерді жүргізуге тағайындалған мерзімдеріне сәйкес келетін жастағы адамдар;
2) Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында (көктем-жаздық кенелік энцефалит, сібір жарасы, туляремия, оба) тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;
3) Өзінің кәсіби қызметіне байланысты қауіп-қатер топтарына кіретін адамдар: медициналық қызметкерлер (вирустық гепатит «В», грипп);
4) Өзінің денсаулық жағдайына байланысты қауіп-қатер топтарына кіретін адамдар: қан құйдырғандар (вирустық гепатит «В»), медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (грипп);
5) Бала бақшалары, балалар үйі балалары, қариялар үйлері контингенттері (грипп).
6) Кез-келген жануар тістелуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар (құтыру).
7) Терісінің және сілемейлі қабықтарының бүтіндігі бұзылып жарақаттанған, зақымданған (травма) алған адамдар (сіреспе).
8) Жұқпалы аурулармен сырқаттылық деңгейі жоғары өңірлер тұрғындары, оларға вакцинация эпидемиялық көрсеткіштерге сай жүргізіледі (вирустық гепатит «А», грипп, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит).