Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест. 11 страница
626. АИВ-инфицирленген анасынан баласының зақымдануы қай жағдайда болады:
1. Жасанды тамақтандырғанда (ыдыс-аяқ арқылы);
2.Құрсақ ішілік кезеңде, босану кезінде, емшекпен тамақтандырғанда;
3. Балаға қарау мен тұрмыстық қатынасты жүргізген кезде;
4. ЖРВА, гриппен анасының ауырған кезінде;
5. Анасының антибиотиктер, сульфаниламидтер препараттарын қабылдаған кезде.
627. АИВ-инфекцияға күдіктенген кезде қандай зерттеуді нақтамды қорытындылау үшін қолданады:
1. Аллергиялық;
2. Гистологиялық;
3. Биохимиялық;
4.Серологиялық;
5. Цитологиялық.
628. Балалардың ЖҚТБ зақымдалу жолы:
1. Тамшылы;
2. Ауалы-тамшылы;
3. Жанаспалы, тамшылы;
4. Тұрмыстық;
5.Жатырішілік
629. Ауыз қуысының АИВ-инфекциясы кезінде жиі байқалады:
1.Кандидоз;
2. Көп түрлі жалқықты қызарма;
3. Дәрілік стоматит;
4. Стивенс-Джонсон синдромы;
5. Жарақаттық стоматит.
630. АИВ-инфицирленген науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы медициналық қызметкерлердің көзінің шырышты қабатына тиіп кетсе жуып-шаю үшін нені қолдану керек:
1. Дистилденген су;
2.1% бор қышқылының ерітіндісі;
3. 70% спирт;
4. 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі;
5. 1% проторгол ерітіндісі.
631. Қанның немесе басқа биологиялық сұйықтықтың мед қызметкерлердің ауыз қуысының шырышты қабатына тиіп кеткенде шайқау үшін нені қолданады:
1.1% проторгал ерітіндісі.
2. 1% бор қышқылының ерітіндісі;
3. Трипсин;
4. Дистилленген су;
5. 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі.
632. АИВ-инфицирленген науқасқа алғашқы медициналық көрсету кезінде дәрілер қорапшасында медицина қызметкерлерінің жұмысында не қолданылады:
1. Метилен көгі;
2.5% йод спиртінің ерітіндісі;
3. 1% раствор серной кислоты;
4. Химотрипсин;
5. Резорцин.
633. Ауыз қуысының шырышты қабытындағы қатты шанкрдың көрінісі:
1. Негізінде жұмсақ инфильтраты бар, табаны дәнді,саңылау тәрізді пішінді ойық жара;
2.Негізінде тығыз инфильтраты бар, табаны таза, дұрыс домалақ пішінді ойық жара немесе эрозия;
3. Дұрыс пішінді, беті алынбайтын, өліеттенген қақпен жабылған эрозия;
4. Табаны дәнді, жиектері тығыз беткей ойық жара;
5. Табаны өліеттенген, пішіні дұрыс эрозия немесе ойық жара.
634. Екіншілік мерездің клиникалық белгілері:
1. Ауыз қуысындағы көпіршіктер, терідегі бөртпелер, аймақтық лимфаденит;
2. Көпіршіктер, ауыз қуысында жаралар, аймақтық лимфаденит, терідегі бөртпелер;
3.Ауыз қуысының және аңқаның шырышты қабатында шектелген жаралы және ақ папулалар, терідегі бөртпелер, аймақтық лимфаденит;
4. Өзгермеген ауыз қуысының шырышты қабатында ақшыл-көктүсті, топталып орналасқан папулалар;
5. Іріп кеткен сүтке ұқсас эрозиялар мен папулалар.
635. Үшіншілік мерездің клиникалық белгілері:
1.Одиночные плотные инфильтраты с изъязвлением;
2. Түйінге ұқсас көптеген ұсақ инфильтраттар;
3. Түйінге ұқсас тығыз жеке инфильтраттар;
4. Гиперкератоз ошақтарымен көптеген тығыз инфильтрат;
5. Көптеген тығыз инфильтраттар, лимфаденит;
636. Мерездің зертханалық нақтамалау әдістерін көрсетіңіз:
1. Манту реакциясы;
2. Тікелей агглютинация реакциясы;
3. Тікелей емес агглютинация реакциясы;
4. Иммуноблотинг;
5.Вассерман реакциясы.
637. Сіздің мерезге күдіктенген кезіңіздегі дәрігерлік әрекетіңіз:
1. Саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындау;
2. Кератопластиктерді тағайындау;
3.Микрореакцияға қан анализі, дерматологтың кеңесі;
4. Зақымдалу ошағының астына 1% никотин қышқылының ерітіндісімен екпе жасау;
5. УКС-мен зақымдалу ошағын сәулелендіру.
638. Науқастан туберкулездің белсенді түрін анықтаған кездегі сіздің дәрігерлік әрекетіңіз:
1.Арнайы мекеменің жағдайында емделу, ауыз қуысын сауықтыру, жергілікті тітіркендіретін факторларды жою;
2. Емдеу шараларының кешені тек қана стоматологиялық емхана жағдайында жасалады;
3. Арнайы емді қажет етпейді;
4. Үй жағдайында емделу;
5. Жансыздандыратын, препараттар, антисептиктер, кератопластиктер.
639. Папула диаметром 1 см, белесоватого цвета, безболезненная, возвышающаяся над поверхностью слизистой оболочки с плотным инфильтратом в основании характерна для:
1. Многоформной экссудативной эритемы;
2.Сифилиса;
3. Рецидивирующих афт полости рта;
4. Кандидомикозе;
5. Лейкоплакии
640. Балалардағы АИВ-инфекциясының клиникалық көрінісі орташа алғанда қай жаста пайда болады:
1. Босанғаннан кейін 1 айдан соң;
2. Босанғаннан кейін 2 айдан соң;
3. Босанғаннан кейін 3 айдан соң;
4. Босанғаннан кейін 4 айдан соң;
5.Босанғаннан кейін 5 айдан соң.
641. АИВ-кандидозының гиперпластикалық түрін салыстыру керек:
1.Веррукозды лейкоплакиямен;
2. Қайталамалы герпетикалық стоматитпен;
3. Опоясывающим герпеспен;
4. Созылмалы атрофиялық кандидозбен
5. Созылмалы герпеспен.
642. Балалардың перинатальды АИВ-инфекциясы кезіндегі инкубациялық кезеңі созылады:
1. 8 ай;
2. 10 ай;
3.12 ай;
4. 14 ай;
5. 16 ай.
643. Гемотрансфузия кезінде жұқтырылған балалардың инкубациялық кезеңі қанша уақытқа созылады:
1. 30 ай;
2. 35 ай;
3.41 ай;
4. 45 ай;
5. 50 ай.
644. АИВ-инфекциясы нақтамасы қандай мәліметтерге негізделіп қойылады:
1.Эпидемиологиялық, клиникалық;
2. Микроскопиялық, қарап тексеру;
3. Цитологиялық, сипап тексеру;
4. Копрологиялық, анамнез;
5. Биохимиялық, сұрап тексеру.
Жансыздандыру
645. Балаларда стоматологиялық араласуларда жоғарғы жақсүйекке инелі жансыздандырудың қандай түрлері НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылады?
1. Таңдай;
2. Күрек тістік;
3. Туберальды;
4. Инфраорбитальды;
5.Инфильтрациялық.
646. Балаларда аппликациялық жансыздандыруды қолдану көрсеткішін атаңыз:
1. Флегмонаны ашу;
2. Уақытша тістерді жұлу;
3. Тұрақты тістерді жұлу;
4. Сүйек қабы астылық абсцестерді ашу;
5.Түбірлері толық сорылған уақытшатістерді жұлу.
647. Торусальды жансыздандыруда қай нервті блокадалайды?
1. Тіл және ұрт;
2. Ұрт және иек;
3. Тіл ж»әне иек;
4. Тіл және төменгі ұяшықтық;
5.Тіл, ұрт және төменгі ұяшықтық.
648. Үшкіл нертің І бұтағы бассүйектің қай тесігінен шығады?
1. Қылқанды;
2. Сопақ;
3. Шүйде;
4. Иек;
5.Жоғарғы көз саңылауынан.
649. Үшкіл нертің ІІ бұтағы бассүйектің қай тесігінен шығады?
1.Дөңгелек;
2. Сопақ;
3. Шүйде;
4. Иек;
5. Жоғарғы көз саңылауынан.
650. Үшкіл нервтің ІІІ бұтағы бассүйектің қай тесігінен шығады?
1. Дөңгелек;
2.Сопақ;
3. Шүйде;
4. Иек;
5. Жоғарғы көз саңылауынан.
651. Үшкіл нервтің ортаңғы бұтағының сезімтал талшықтарының шығу орны теріде келесі аймақта анықталады:
1. Күрек тіс өзегі;
2. Буын өсіндісі;
3. Көзүсті тіліктері;
4. Көзасты тесігі;
5. Иек тесігі.
652. Үшкіл нервтің төменгі бұтағының сезімтал талшықтарының шығу орны теріде келесі аймақта анықталады:
1. Күрек тіс өзегі;
2. Буын өсіндісі;
3. Көзүсті тіліктері;
4. Көзасты тесігі;
5.Иек тесігі.
653. Жергілікті жансыздандыру және тіс жұлу операциясын жүргізгенде болатын НЕҒҰРЛЫМ ауыр жалпы асқынуды атаңыз:
1. Энурез;
2. Синусит;
3. Альвеолит;
4. Остеомиелит;
5.Анафилактикалық шок.
654. 5 жасар балаға 7.5 тістің жедел іріңді периоститі нақтамасы қойылды. Қандау жансыздандыру жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Инфильтрациялық жансыздандыру;
2.Мандибулярлы жансыздандыру;
3. Иектік жансыздандыру;
4. Орталық жансыздандыру;
5. Туберальды жансыздандыру.
655. Емхана жағдайында балаларда стоматологиялық араласулар кезінде жалпы жансыздандырудың қандай әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.Бұлшықеттік;
2. Комбинирленген;
3. Эндотрахеальды;
4. Эндоназальды
5. Көктамырға.
656. Жоғарғы жақсүйектің уақытша тістерін жұлуда инелі жансыздандырудың қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылады?
1. Таңдай және инфильтрациялық;
2. Күрек тістік және инфильтрациялық;
3. Туберальды және инфильтрациялық;
4.Екі жағынан да инфильтрациялық;
5. Инфраорбитальды және инфильтрациялық.
657. Балаларда аппликациялық жансыздандыру келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:
1. Тұрақты тістерді жұлуда;
2. Сүйек қабы астылық абсцессті ашуда;
3.Беткей іріңді ошақты кеңейтуде;
4. Түбірлері сақталған уақытша тістерді жұлуда;
5. Ауыз қуысы шырышты қабатындағы қатерсіз ісіктерді алуда.
658.7 жасар баланы қарап тексергенде 5.2 тістің І дәрежелі қозғалғыштығы анықталды.
Осы тісті жұлуға инелі жансыздандырудың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.Инфильтрациялық;
2. Мандибулярлы;
3. Торусальды;
4. Күрек тістік;
5. таңдай.
659. 7 жасар баланы қарап тексергенде 8.2 тістің ІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталды.
Осы тісті жұлуға инелі жансыздандырудың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Инфильтрациялық;
2.Аппликациялық;
3. Иектік;
4. Мандибулярлы;
5. Күрек тістік.
660. 8 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 4.5 тістің вестибулярлы жарып шығуы және тұрақты 8.5 тіс анықталды. Дәрігер уақытша тісті жұлуға шешім қабылдады. Бұл жағдайда қандай жансыздандыру көрсеткіш?
1. Торусальды
5. Вестибулярлы
3. Иектік;
2.Мандибулярлы;
4. Инфильтрациялық.
661. Дәрігер 7 жастағы баланың, сауыты толық бұзылған 7.4 тісін ұлпа қабынуы бойынша емдеуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, мандибулярлы жансыздандыруды қолдану жоспарлануда. Балаға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда иненің енетін жерін көрсетіңіз:
1. Жоғарғы азу тістердің шайнау беті деңгейінде қанатша-жақ қатпарының шырышты қабатына;
2. Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды;
3. Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды;
4. Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды, төменгі азу тістердің шайнау беті деңгейінде;
5. Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды, жоғарғы және төменгі азу тістердің ортасынан.
662. Туберальды жансыздандыру жүргізгенде балаларда иненің бағыты мен ену тереңдігін анықтағыз:
1. Жоғары, артқа, сыртқа 1,5 см тереңдікке дейін;
2. Жоғары, артқа, ішке 1,5 см тереңдікке дейін;
3. Жоғары, артқа, ішке 2,5 см тереңдікке дейін;
4. Жоғары, сыртқа 1,5 см тереңдікке дейін;
5. Артқа, ішке 2,0 см тереңдікке дейін.
663. Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында церебральды параличі бар 9 жасар баланы әкелді. Белсенді қарсылық көрсетеді. Қарап тексергенде тісжегінің декомпенсирленген түрі анықталды: емделетін және жұлынатын жалпы 11 тіс бар. Баланың тістерін емдеуге жансыздандырудың қандай түрі көрсеткіш?
1. Инфильтрациялық жансыздандыру;
2. Аппликациялық жансыздандыру;
3. Өткізгіштік жансыздандыру;
4.Жалпы жансыздандыру;
5. Аудиоанестезия.
664. Балаларда жоғарғы тістерін жұлуға жергілікті жансыздандырудың қандай әдістерін біріктіреді?
1. Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру;
2. Вестибулярлы және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру;
3. Вестибулярлы және таңдай жақтан өткізгіштік жансыздандыру;
4. Вестибулярлы жақтан инфильтрациялық жансыздандыру және таңдай жақтан аппликациялық жансыздандыру;
5. Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан
өткізгіштік жансыздандыру.
665. Балалар стоматологиялық емханасында баланың тісін жұлу мақсатында лидокаинмен жергілікті жансыздандыру жүргізілді. Осыдан кейін науқастың түрі бірден бозарып кетті, жалпы әлсіздікті сезінді, аяқ-қолдары суып, есінен танды, тамыр соғысы әлсіз, жиілеген.
Науқаста қандай асқыну дамыды?
1.Анафилактикалық шок;
2. Квинке ісінуі;
3. Асфиксия;
4. Естен тану;
5. Коллапс.
666. Балаларда НЕҒҰРЛЫМ қандай көрсеткіш кезінде стоматологиялық араласуларды жалпы жансыздандырумен жүргізген дұрыс?
1. Инфекциоялық аурулардың болуында;
2. Тіс емдетуге негативті қатынаста;
3. Дәрігерлік араласудың көп болуында;
4.Орталық жүйке жүйесінің ауруларында;
5. Қосымша созылмалы аурулардың болуында;
667. 9 жасар балаға, 5.5 тістен болған одонтогенді қабыну кистасы бойынша амбулаторлы жағдайда цистотомия операциясы жүргізілген. Кешке қарай балада диплопия көріністері байқалды. Балаға қандай жансыздандыру жүргізілген және асқынудың пайда болу себебі қандай?
1. Инені терең енгізіп күрек тістік жансыздандыру жүргізілген;
2. Инені терең енгізіп туберальды жансыздандыру жүргізілген;
3. Анестетикті көп мөлшерде енгізіп сүйек ішілік жансыздандыру жүргізілген;
4. Анестетикті шатастырып аппликациялық жансыздандыру жүргізілген;
5. Анестетикті көп мөлшерде енгізіп инфраорбитальды жансыздандыру жүргізілген.
668. Емханаға 7 жасар бала төменгі бірнеше тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Қарап тексергенде 7.1, 8.1 тістердің ІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталды. Физиологиялық алмасуға сәйкес осы тістерді жұлуға қандай жансыдандыру көрсетілген?
1. Торусальды;
2. Иектік;
3. Мандибулярлы;
4.Аппликациялық;
5. Инфильтрациялық.
669. Стоматологиялық емханаға 7.5 бұзылған тісті жұлуға 8 жасар баланы әкелді. Бала
церебральды параличпен ауырады, өздігінен қозғала алмайды, ойлау-физикалық даму жағынан артта қалған, болып жатқан әрекеттерге ынтасы жоқ. Баланың емге байланысты жағдайын анықтаңыз.
1. Айқындалған, көнетін негативті;
2. Негативтінің бастапқы көрінісі;
3. Көнбейтін негативті;
4.Индифферентті
5. Позитивті.
670. 6 жасар бала анасымен бірге емханаға төменгі сол жақ аймағының ауыруы мен ісінуі шағымдарымен жеткізілді. Кешегі күннен бастап баланың жаопы жағдайы нашарлады, дене қызуы көтерілді. Тексеруден кейін нақтама қойылды: 7.4 тістен болған сол жақ төменгі жақсүйегінің жедел іріңді периоститі.
Емдеу шараларын жүргізгенде қандай жансыздандыру әдісі көрсетілген және оның методикасы қандай?
1. Вестибулярлы және тіл жақтан 8.4 тіс ұшының аймағында аппликациялық жансыздандыру;
2. Жалпы жансыздандыру, эндотрахеальды әдіс;
3. Торусальды жансыздандыру, инені жоғарғы және төменгі азу тістердің шайнау беттерінің ортасынан енгізеді;
4. Инфильтрациялық жансыздандыру, инені 8.4 тіс және екі көрші тестердің аймағында өтпелі қатпарға енгізеді;
5.Мандибулярлы жансыздандыру, инені төменгі азу тістердің шайнау беті аймағында қанатша-жақ қатпарының латеральды жиегінен енгізеді және 8.4 тіс аймағында инфильтрациялық жансыздандыру.
671. Ауыз қуысының санациясы мақсатында емханаға 4 жасар баланы әкелді, дәрігердің айтқанын тыңдамайды, белсенді қарсыласады, жылайды. Қарап тексергенде тісжегінің ІІІ дәрежелі белсенділігі (декомпенсирленген): 5 тісін консервативті емдеу керек, баладан сонымен қатар қысқа тіл үзеңгісі анықталды.
Ауыз қуысының санациясы бойынша қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тістің емін кейінге қалдырып, уақытша тістердің физиологиялық алмасуына дейін пассивті бақылау қажет;
2. Педиатрға тексерілуді тағайындау, зертханалық зерттеу жүргізу, кейін жергілікті жансыздандырумен тістерді емдеу.
3.Клиникалық және зертханалық тексеру әдістерін жүргізгеннен соң, жалпы жансыздандырумен ауыз қуысын санациялау және тіл үзеңгісін коррекциялау;
4. Тістерін жергілікті жансыздандырумен емдеуді тағайындау;
5. Зертханалық тексеру және невропатолог кеңесі жүргізілгеннен соң, ауыз қуысының санациясын тағайындау.
672. 10 жасар бала ұзтазымен бірге емханаға тісінің ауыруына шағымданып келді. Тексеру кезінде тісін емдетуге негативті қатынасын анықтады. Тісті жұлу мақсатында лидокаинмен жергілікті жансыздандырғаннан соң, науқастың терісі бозарып, тынысы жиілеп, есінен танды.
Баланың кенеттен есінен тануының мүмкін болатын себебі қандай? Сіздің әрекетіңіздің жоспары:
1. Негативті қатынаста, транквилизаторлар тағайындау;
2. Анафилактикалық шок, баланы госпитализациялау;
3.Есінен тану, баланың басын еңкейтіп, мүсәтір спиртімен есін жидыру;
4. Коллапс, жүрек глюкозидтерін тағайындау;
5. Крапивница, аллергологтың кеңесі.
673. 5 жастағы баладан периодонттың созылмалы қабынуының өршуі мен 8.4 тіс сауытының толық бұзылуы анықталды. Дәрігер сол тісті жұлуға шешім қабылдады.
Осы әрекетті жүргізуге жансыздандырудың қандай әдісі көрсеткіш:
1.Мандибулярлы және инфильтрациялық;
2. Инфильтрациялық және торусальды;
3. Туберальды және инфильтрациялық;
4. Иектік және таңдайлық;
5. Торусальды және күрек тістік.
674. Емханаға анасымен бірге 8 жасар бала келді. Қарап тексергенде 8.1 тісі ІІ дәрежеде қозғалады. Осы тісті жұлуға жансыздандырудың қандай әдісін қолданған дұрыс?
1. Мандибулярлы жансыздандырудың саусақсыз әдісі;
2. Мандибулярлы жансыздандырудың торусальды әдісі;
3. Жергілікті жансыздандырудың инфильтрациялық әдісі;
4. Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі;
5. Жергілікті жансыздандырудың аппликациялық әдісі.
675. Балалар стоматологиялық емханасында 11 жастағы баланың 8.4 тісін жұлуға 2% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру жасалды. Бірнеше минуттан соң науқастың беті бозарып, жалпы әлсіздігі байқалды, кейін есінен танды. Науқаста қандай асқыну дамыды?
1. Анафилактикалық шок;
2. Квинке ісінуі;
3. Асфиксия;
4.Есінен тану;
5. Коллапс.
676. Емханаға ата-анасымен бірге 9 жасар бала ауыз қуысының санациясы мақсатында келді. Бала Даун ауруымен ауырады, дәрігер әрекетіне қарсыласады, байланысқа қиын түседі. Қарап тексергенде тісжегінің декомпенсирленген түрі: 9 тісін емдеу қажет. Баланы наркозбен ауыз қуысын толық санациялауға шешім қабылданды.
Осы балаға жалпы жансыздандырудың қандай әдіс көрсетілген?
1. Бұлшықеттік;
2.Назетрахеальды;
3. Эндотрахеальды
4. Герцтрахеостома;
5. Көктамырға.
677. Балалар стоматологиялық емхананың дәрігері баланы тексергеннен кейін емге келетін 8 тісжегіге ұшыраған тістерді анықтады. Бірақ науқастың тіс емдетуге негативті қатынасы байқалады.
Дәрігер-стоматологтың қандай тактикасы дұрыс?
1. Нейтролептиктерді, кейін тістерін емдеу;
2. Баланы психологиялық және фармакологиялық дайындау, кейін тістерін емдеу;
3. Физиологиялық көңіл аулау, кейін тістерін емдеу;
4.Тексеру және алпы жансыздандырумен көрсетілген тістердің барлығын емдеу;
5. Тістерін емдеуді кейінге қалдыру, тыныштандырушызаттарды тағайындап, кейін емдеу.
678. Төменде аталған нұсқалардың қайсысы стоматологиялық әрекетті балаға жалпы жансыздандырумен жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды?
1. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қосымша ауруларының болуы;
2. Баланың тістерін емдетуге көнбейтін негативті қатынасы;
3. Жасалатын әрекет көлемінің көп болуы;
4.Баланың жергілікті жансыздандырумен емделуіне көнбеуі;
5. Жергілікті жансыздандыруға аллергия.
679. Балаларда стоматологиялық әрекет кезінде жансыздандырудың негізгі мәселесі болып табылады?
1.Қажетті уақытқа толық жансыздандыруды қамтамасыз ету;
2. Баладағы психоэмоциональды қысымды жою;
3. Көп мөлшерде сілекей бөлінуін басу;
4. Гемодинамика көрсеткіштерін тұрақтандыру;
5. Тынысалу көрсеткіштерін тұрақтандыру.
680. Балаларда стоматологиялық әрекеттерде аппликациялық жансыздандыруға жиі көрсеткіштер болып табылады:
1.Ине енгізетін жерді жансыздандыру және ІІ-ІІІ дәрежеде қозғалатын уақытша тістерді жұлу;
2. Бет әлпеті аймағының абсцесстері мен флегмоналарын дренаждау;
3. Жедел одонтогенді қабыну ауруларында уақытша азу тістерді жұлу;
4. Жоғарғы жақсүйектегі тұрақты тістерді жұлу;
5. Төменгі жақсүйектегі тұрақты тістерді жұлу.
681. Балалардың бет әлпеті аймағындағы операцияларда жалпы жансыздандыруды жүргізу қиындығы негізделген:
1. Анестезиологиялық қауіп операциялық қауіптен көп;
2. ОЖЖ қызметін бақылаудың мүмкіндігінің болмауы;
3. АІЖ қызметін бақылау қиындығы;
4. ЖҚЖ қызметін бақылау қиындығы;
5.Тыныс жолдарын бос болуын сақтау қиындығы және «көз» симптомдарын бақылау.
682. Хирургиялық кабинетке анасымен бірге 9 жасар бала келді, балалар церебральды параличімен ауырады, өздігінен қозғала алмайды, нерв-психикалық жағынан қалуда. Бұзылған 7.5 тісін жұлуға шешім қабылданды. Емге баланың қатынасы немқұрай. Осы науқасты емдеуде қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тіс жұлуды кейінге қалдыру;
2. Тісті жансыздандырусыз жұлу;
3.Тісті жалпы жансыздандырумен жұлу;
4. Тісті инфильтрациялық жансыздандырумен жұлу;
5. Тісті премедикациямен және тығыз жансыздандырумен жұлу.
683. Дәрігерге 11 жасар бала тісін жұлу мәселесімен келді. Анестетикті енгізгеннен кейін терісі бозарып, тынысы беткей, тамыр соғысы жиілеп, кейін есінен танды. Науқасқа жедел медициналық көмек көрсетіңіз: