C. бронхиолалық-альвеолалық рак
D. өкпенің инфильтрациялық туберкулезі
E. идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
19. Қорытынды жасаңыз: 56 жастағы ер кісіні жөтел, кезеңдерімен қан қақыру, салмақ жоғалту мазалайды. 1,5 ай дертті, 5 кг салмақ тастаған. Об-ті: сол жоғары бөлігінде везикулалық тыныс әлсіреген. Рентгендік тексеруде: сол өкпесінің жоғарғы бөлігі кішірейген, әркелкі тығыздалған, суреті қоюланған. Жоғарғы бөліктік бронх сүйірлене тарылған, қабырғалары біркелкі емес. Бөлікаралық плевра жоғарыға ығысқан. Түбір аймағы мен аорта доғасынығ астында ұлғайған л/түйіндер.
A. жедел пневмония
B. oрталық рак
C. инфильтрациялық туберкулез
D. өкпе артериясының тромбоэмболиясы
E. өкпе абсцесі
20. Диагнозын болжаңыз: 63 жастағы ер кісінің жөтелге, әлсіздікке, шаршағыштық пен кеудесінің ауырсынуы, ентігуге шағымдары бар. 2 ай дертті. Об-ті: өкпесінде тынысы везикулалық, сырылдар жоқ, ТЖ 26 мин. АҚ 125/80 мм сын. бағ. ЖЖС 92 мин. Жалпы шолу рентгенограммасында орталық көлеңкенің бір жақты кеңеюі. Томограммада паратрахеалық, трахея-бронхтық лимфалық түйіндер топтамасының ретсіз ұйысуы (бір конгломератқа) бар. Сыртқы контурлары адыр-бұдыр. Іргелес өкпе тінінің қоюлануы, пішінінің өзгеруі анықталды.Бронхоскопияда кеңірдектің оң қабырғасы мен оң басты бронх қабырғалары ебедейсіз, кілегей қабаттары қызарған, қанағыш.
A. лимфогранулематоз
B. кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
C. өкпе рагінің медиастинумдік түрі
D. саркоидоз
E. тимома
21. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: 32 жастағы әйелді жөтел, субфебриль дене қызуы, әлсіздік, тершеңдік (негізінен түнде) мазалайды. 2 ай өзін дертті санайды. Об-ті: өкпесінде везикулалық тыныс, ТЖ 16 мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. ЖЖС 76 мин. Рентгендік зерттеуде оң өкпенің ұштық және артқы сегменттерінде күшейген өкпе суреті негізінде әртүрлі өлшемді, контурлары анық емес ошақтар анықталды. Басқа патология жоқ.
A. өкпе рагі
B. aуруханадан тыс пневмония
C. қатерлі ісіктің метастаздары
D. саркоидоз
E. ошақты туберкулез
22. Шешім қабылдаңыз: 36 жастағы ер кісіні іріңді қақырық бөлінетін жөтел, дене қызуының 39,50С жоғарылауы, кеуде сарайының ауыруы, ентігу әлсіздік мазалайды. Жіті ауырған, қалтырау,кеудесінің ауыруы, құрғақ жөтелден басталған, емделмеген, 1 аптадан соң аузын толтырып іріңді қақырықпен жөтелге ауысқан, соңғы тәулікте қан араласа бастаған.
A. каверналық туберкулез, тубдиспансердің торакальді хирургия бөліміне шұғыл госпитализация
B. өкпе абсцесі, торакальді хирургия бөліміне шұғыл госпитализация
C. перифериялық рактің қуыстық түрі, порталмен онкологияға жолдау
D. өкпе эхинококкозі,торакальді хирургия бөліміне шұғыл госпитализация
E. өкпе абсцесі, пульмонология бөліміне шұғыл госпитализация
23. Нозобірлікке сәйкестікті синдромдарды табыңыз:
1. Бронхтық астмаа. бронх өткізгіштігінің бұзылысы –
үдемелі, тұрақты 2. Созылмалы обструкция- б. бронх өткізгіштігінің бұзылысы –
лық бронхит жөтел және тұншығу ұстамаларымен
24. Нозобірліктерге сәйкес ерекшеліктерді белгілеңіз:
Ауруханадан тыс пневмония а. үй жағдайында дамыған
2. Нозокомиальді пневмония б. емдеу мекемесінде (48 сағ. соң) дамыған
25. Сәйкестікті табыңыз:
1. Аурухананың бөлімшесіне а. АҚ 90/60 кем, ТЖ 30 көп (сепсис, ИТШ)
2. Реанимация бөлімшесіне б. АҚ 90/60 жоғары, ТЖ 30 кем
26. Топтарға сәйкес дәрмектерді белгілеңіз:
1. Қорғалған аминопенициллиндер а. уназин, амоксиклав
2. Макролидтер б. вильпрафен, азитромицин
27. Нозобірліктерге сәйкес ерекшеліктерді белгілеңіз:
Кпе артериясының ТЭ а. ентігу ұстамасы, қорқыныш, ТШ, 2-ші тәулікте инфильтраттың об-ті, рентгендік белгілері
2. Пневмоторакс б ентігу ұстамасы, плевраға ауаның бірден
жиналу синдромының клиникасы, ТШ
28. Сәйкестікті табыңыз:
1. Бронхтық астманың емінде қолданылатын б. ипратропиум бромиді,
Бета-адреномиметиктер атровент, иправент
2. Бронхтық астманың емінде а. сальбутамол, сальметерол,
қолданылатын м-холиноблокаторлар фенотерол
29.Сәйкестікті табыңыз
Бронхтық астманың емінде қолданылатын
Осақталған бета-миметиктер а. беродуал, ипратерол-натив
2. Бронхтық астманың емінде қолданылатын
ингаляциялық ГКС б. будесонид, пульмикорт
30. Қосақталған дәрмектерді сәйкестендіріңіз: