Стол N 3. Атониялық іш қату кезінде.

Науқастарда қолданылатын диета түрлері

  • Диета №1, №1а, №1б – асқазан жарасы және 12-елі ішек ауруы
  • Диета №2 — жедел гастрит, созылмалы гастрит, энтерит және колит, созылмалы энтероколит
  • Диета №3 – іш қату
  • Диета №4, №4а, №4б, №4в – асқазан – ішек аурулары, іш өтумен қоса
  • Диета №5, №5а – бауыр және өт қабының аурулары
  • Диета № 6 — подагра, бүйрек — тас ауруы
  • Диета №7, №7а, №7б – жедел және созылмалы нефрит (пиелонефрит, гломерулонефрит)
  • Диета №8 – семіздік
  • Диета №9 – қант диабеті
  • Диета №10 – қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін жүрек – қан тамыр аурулары
  • Диета №11 — туберкулез
  • Диета №12 – нерв жүйесінің функционалды аурулары
  • Диета №13 – жедел инфекциялық аурулар
  • Диета №14 – оксалаттан тұратын бүйрек — тас ауруы тастың шығуымен
  • Диета №15 – арнайы диета қажет етпейтін аурулар тобы

Стол №1

Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде, асқынулардан соң 6-12 ай, сонымен қоса жоғарғы қышқылдықты гастрит кезінде

Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді — дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; сүт, май қосылған жұмсақ ботқа; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға пысқан ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа; қатырылған ақ нан, кептірілген нан; тәтті жеміс — жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао — әлсіз. Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет;

Стол N 1а. Асқазан жара ауруының асқынулары кезінде, жоғары қышқылдықты созылмалы гастрит асқынулары кезінде

Құрамы: сүт (4-5 стакан), дәнді – дақылды сорпа, мысалы манка ботқасы, сүтті немесе май қосылған бидай кебегінен сорпа; сұйық жұмсартылған ботқа; бітеудей пысқан жұмыртқа (2-3 рет күніне) немесе булы омлет түрінде; майлы емес ет және балықтан жасалған буға пысқан суфле; тұздалмаған сары май (70-80 г күніне) немесе зәйтүн майы (тағамға қосу), қаймақ; кисель, жеміс – жидекті, сүтті сұйықтықтар, итмұрын қайнатпасы, сүт қосылған аса қара емес шай (қант 50 г дейін күніне). Тұзды 5-8 г дейін азайту ( 3-5 г тұз тағамдарда болады, 5-8 г – нан тағамдарында), бос сұйықтық 1,5 л дейін. Қосымша витаминдер А, С, В (В1, В2, РР) тобындағы витаминдер. Тағамдарды әрбір 2-3 сағатта сұйық және жартылай сұйық түрінде және жылы түрінде қабылдау. Сүтті қабылдау нашар болса оны аз көлемде пайдалану қажет.

Стол N 1б. Асқазан жара ауруының және қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит асқынуы басылған кезде

Құрамы: жоғарыда айтылған тағамдардан басқа, буға пысқан ет, балық рұқсат етіледі, дәнді — дақылдардан сорпа, күріш және т.б, сүтке пысқан көже; кептірілген нан 100 г дейін. Тұз 8 г дейін, қосымша витаминдер A, C, B тобы. Тамақтану алты реттік, жартылай сұйық және пюре тәрізді түрде.

Стол №2

Стол N 2. Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит, созылмалы колит (асқынусыз)

Құрамы: дәнді – дақылды көже, етті, балықты ұсатылған сорпа; майлы емес ет (ұсақталған, қуырылған), суға қайнатылған немесе буға пысқан тауық еті, қуырылған котлет сыртқы қатты қабатынсыз, майлы емес ветчина, суға пысқан майлы емес балық, қара икра; сүт (егер іш өтуді шақырмаса), сары май, айран, қаймақ, қышқыл емес ірімшік, сыр ұсақталған; бітеудей пысқан жұмыртқа, қуырылған омлет; жақсы қайнатылған жұмсартылған ботқа (күріш, манка, қарақұмық); ұннан жасалған тағамдар, қатқан ақ нан, жеміс-жидектер, көкөністер қайнатылған, пыспаған үгітілген түрінде, әртүрлі шырындар, шай, кофе, сүтпен какао, мармелад, қант.Тұз 12-15 г дейін. С, В1, B2, РР витаминдерін пайдалану. Тамақтану бес реттік, жиі пюре ретінде.

Стол №3

Стол N 3. Атониялық іш қату кезінде.

Құрамы: өсімдік тектес клетчаткаға бай тағамдар, мысалы пысқан және пыспаған көкөністер мен жеміс – жидектер, компот алмадан және т.б, қара өрік (чернослив), инжир, шырындар, сәбіз және қызылшадан жасалған пюре, кептірілген жеміс жидектің қайнатпасынан жасалған пюре (қара өрік, өрік), қара нан, айран, сүт, қаймақ, бір күндік айран, бал, қарақұмық және арпа жармасынан ботқа (перловая каша), ет, қуырылған балық, сары май және өсімдік тектес май, қант. Әртүрлі суындарды пайдалану,соның ішінде газдалған минералды сулар.

Тиым салынатын тағамдар: қара шай, какао, кисель.

Жоғары қозғалысты қозулы спастикалық іш қатуда, өсімдік тектес клечаткаға бай тағамдарды шектеу қажет (қайнатылған және шикі үгітілген түрінде, аздаған мөлшерде көкөністер пайдалануға болады)

Стол №4

Наши рекомендации