Экзантемді инфекция. Балалардағы ерекшеліктері.

1!Қызылша кезінде инфекцияның берілу механизмі:

А. сумен

В. вертикальді

С. парентеральді

Д. фекальді-оральді

Е. ауалы-тамшылы

#2*!Қызылша кезінде бөртпелер шығады:

А. қатпарларда

В. бір уақытта

С. буын айналасында

Д. этаппен беттен, кейін денесі мен қол-аяғында

Е. бастың шашты бөлігінде, бетте, аяқ-қолдарында, денесінде

#3*!Қызамықпен ауыратын науқас жанындағы адамдарға жұқпалы болады:

А. бөртпе жоғалуынан кейін

В. жанындағы адамдарға қауіпсіз

С. бөртпенің пайда болуына дейін 7күн бұрын

Д. бөртпенің пайда болуына дейін 17 күн бұрын

Е. бөрпенің пайда болғаннан кейін 14 күн өткенде

#4*!Желшешек клиникасы:

А. спазматикалық жөтел, ентігу

В. мойынның артқы лимфатүйіндерінің ұлғаюы

С. дақты-папулезді бөртпе, интоксикация

Д. ұсақ нүктелі қызғылт бөртпе, ангина

Е. полиморфты везикулярлы бөртпе, интоксикация

#5*!Көкжөтелге тән белгі:

А. спазматикалық жөтел

В. лимфатүйіндерінің ұлғаюы

С. Филатов-Коплик дақтары

Д. Керниг сипмтомы оң

Е. мұрын-еріндік үшбұрышы бозарған

#6

*!Жанұяда бір уақытта әйел мен күйеу ауырды. Шағымдары: дене қызуы көтерілуі, іштің төменгі бөлігінің ауыруы, шырышпен араласқан сұйық нәжіс. Сигма тәрізді ішектің түйілуі. 2 күн бұрын туыстарының үйінде қонақта болған, сол үйде бала іш өтумен ауырып жатқан.

Осы жағдайда қандай эпидемиялық процесстер пайда болады?

А. эпидемия

В. пандемия

С. эпизоотия

Д. эпидемиялық таралу

Е. спорадикалық аурушаңдық

#7*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38,9°С дейін жоғарылауы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Аурудың 2 күні дене температурасы 40°С, жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу, бастың ауруы қосылды. Объективті: терісі таза, қабақ конъюктивасы гиперемияланған, склера тамырларының айқын инъекцияланған, аңқасында жайылған гиперемия, таңдайында энантема, ұрт шырышты қабығында көптеген тығыз қызыл жиегі бар ақ нүктелі түзілістер. Өкпесінде қатаң тыныс.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?

А. қызылша

В. қызамық

С. иерсиниоз

Д. жаншәу

Е. желшешек

#8*!Р, 9 жаста. Жөтелге, мұрын бітелуіне, бас ауруы, дене температурасының 40,5°С дейін көтерілуіне, жарықтан қорқуға шағымданады. 4 күн ауырып жатыр. Объективті: есі анық, енжар, беті ісінген, склерит. Құлақ артында және бет терісінде орташа дақты бөртпе, кей жерлерде бөртпелер біріккен. Аңқасында жайылған гиперемия, жұмсақ таңдайында энантема. Ұртының шырышты қабатында мөлшері көкнар түйініндей ақ дақтар. 15 күн бұрын бөртпелер бірінші күн шығарда қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған. 1,5 жаста қызылшаға қарсы вакцина алған, ревакцинация болмаған.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?

А. қызылша

В. қызамық

С. иерсиниоз

Д. жаншәу

Е. желшешек

#9*!Бала 5 жаста, 6-шы тәулік ауырып жатыр. Жалпы жағдайының нашарлауы, дене температурасының 37,2°С дейін жоғарылауы, қышитын бөртпелер мазалайды. Объективті бастың шашты бөлігінде, бетте, денесінде, аяқ-қолдарында розеола түрінде полиморфты бөртпелер,папула, везикула, бірнеше пустулалар,қабыршақтар, беткей жаралар бар. Алақаны мен табаны бөртпесіз.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?

А. қызылша

В. қызамық

С. иерсиниоз

Д. жаншәу

Е.желшешек

#10*!Бала В, 12 жаста, дене температурасының 38°С дейін көтерілуімен, жұтыну кезіндегі тамақ ауруымен,бас ауруымен және екі реттік құсумен жедел басталды. Аурудың екінші күнінде ұсақ нүктелі бөртпелер бүкіл денеге жайылған.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?

А. қызылша

В. ангина

С. қызамық

Д. жаншәу

Е. желшешек

#11*!Қыз 4 жаста дене қызуының қатты жоғарылауымен жедел ауырған, қайталамалы құсу, екінші күні склера тамырларының инъекциясы пайда болуымен, аңқасында шамалы гиперемия, бадамшаларында герпестік бөртпелер, нәжісі тәулігіне 3 рет, сұйық.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?

А.ЖІИ

В.ЖРВИ

С.менингит

Д.герпестік инфекция

Е.энтеровирусты инфекция

#12*!Жанұяда 2 бала ұзақ мерзім жөтелген,бірақ өзін-өзі сезінуі зардап шекпеген,дене қызуы қалыпты,мектептен қалмаған.1 жастағы АКДС екпесін алған інісі ауырған.Бұл науқаста субфебрилді Т,шамалы мұрнының бітелуі,бетінің қызаруымен әсіресе түнде болатын құрғақ жөтел мазалаған.Аңқасы әлсіз қызарған.Өкпесінде тұрақты емес құрғақ сырылдар.

Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималы?

А. қызылша

В. қызамық

С. көкжөтел

Д. жәншау

Е. желшешек

#13*!ҚЫЗАМЫҚТЫҢ КЛИНИКАСЫНА ТӘН

А. сұйық дәрет

В. геморрагия

С.гипертермия

Д. везикулезды бөртпе

Е. спазматикалық жөтел

F. майда дақты бөртпе

#14*!КҮЛ АУРУЫНАН КЕЙІН БОЛУЫ МҮМКІН АСҚЫНУ

А.эксикоз

В.миокардит

С.салдану

Д.спленомегалия

Е.бауыр дистрофиясы

F.токсикалық нефрит

#15*! ВИРУСТЫ ГЕПАТИТКЕ ТӘН СИМПТОМДАР

А. цианоз

В. жөтел

С.сарғаю

Д.бауырдың ұлғаюы

Е. дақты-папулезды бөртпе

F. үлкен дәретінің «жасыл балшық» тәрізді болуы

Жауап эталондары

 
Е   Д С Е А Д А А Е Д Е С С,F В.F С,Д

Наши рекомендации