Созылмалы гранулематозды периодонтит 7 страница

Федорова-Володкина//

+РМА//

КПУ//

Грин-Вермильон//

ВОЗ

***

8 жасар науқас 6. 4-ші тісте жедел ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Қатты ауру сезімі бүгін түнде басталған, тіс жанасу бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде: қуыс табаны бір нүктеде қатты ауырады. Суыққа узақ уақыт ауырады. Тақылдатып тексергенде тіс ауырмайды. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

терең тісжегі//

созылмалы пульпиттің асқынуы//

жедел периодонтит//

созылмалы пульпит//

+жедел ошақты пульпит

***

17 жасар науқас тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Анамнез: науқастың айтуынша – эмальдың өзгеруі бала кезінен басталған. Эмальдың өзгеруі ауылдағы туысқандары мен таныстарында байқалады. Қарап тексергенде: барлық тістерінің түстері бозғылт, сары түсті, көптеген пигменттелген дақтар бар. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

гипоплазия//

сына тәрізді ақау//

дақ тәрізді тісжегі//

+флюороз//

эмальдің некрозы

***

5 мл 2% лидокаин ерітіндісінің жергілікті жансыздандыруынан кейін науқаста басының айналуы, құсқысы келіп, құлағы шуылдап, қышыну және шаншу қадалды. Бір минуттан кейін А/Қ 90 мм. с. б. , ал 3 минуттан кейін құса бастады. Науқас кеудесінің артында ауырсыну және тұншығу басталды. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

истерия//

коллапс//

+анафилактикалық шок//

естен тану//

жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

***

Дәрігер-стоматологқа 15 жасар науқас тістерінің қышқыл тағамға сезімталдығына шағымданады. Қарап тексергенде: беті симметриялы, аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. 4. 7 тісте майда дақтар бар, жылтырсыз, эмальге жетпеген. Зондпен шұқығанда эмальдің тегіс емес екені байқалады. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

+дақ тәрізді тісжегі//

орта тісжегі//

гипоплазия//

беткейлік тісжегі//

терең тісжегі

***

Науқас 17 жаста қызылиектің қанауына және ауырсынуына шағымданады. Бұл шағымдар 14 жастан бері анда-санда мазалайды. Дәрігер-стоматологта бармаған. Кейінгі уақытта қызылиектің қанауы күшейген. Жалпы аурулары: созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: бет пішіні өзгермеген. Жақасты лимфатүйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысының шырышты қабағы ақшыл-қызыл түсті. 1. 6, 1. 3, 2. 3, 2. 7, 3. 5, 4. 3 доғаның сыртында. Тістері емделген, 1. 5, 2. 4, 3. 4, 4. 5 тістердің жанасу бетіндегі пломбалары тіс арасын жауып тұр. Қызылиек емізікшелерінің өсуі байқалады. Қызылиек емізікшелері мен жиегі қызарған, домбыққан, шұқып тексергенде қанайды. Тістер бетінде жұмсақ тіс қағы көп. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

жедел катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

жедел гипертрофиялық гингивит//

+созылмалы гипертрофиялық гингивит//

жедел жайылған пародонтит жеңіл түрі

***

Науқас қызыл иегінің өздігінен ауыратынына және қанайтындығына шағымданады. Объективті: Қызыл иек шамалы қызарған, ісінген, көлемі ұлғайған, тиіп кетсе қанайды және тіс шөгінділері байқалады. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

+жеңіл пародонтит//

пародонтоз//

созылмалы пародонтит орташа ағымды түрі//

гингивит//

Периостит

***

Науқас қызыл иегінің қанауы жиі байқалатындығына, әсіресе тістерді тазалағанда қанайтындығына, ауызда жағымсыз иістің болуына, тіс тасының тез дамитындығына шағымданады. Тіс аралық және альвеолярлы қызыл иек бөлігі шоғырлана қызарған. 3, 5 мм-ге дейінгі тереңдіктегі қызыл иек қалтасы және тіс шөгінділері байқалады. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .//

созылмалы пародонтит орташа ағымды түрі//

+созылмалы пародонтит, жеңіл ағымды түрі//

гингивит//

периодонтит//

Пародонтоз

***

12 жастағы бала стоматологқа қызылиектің қанауына шағымданып келеді. Тексерген кезде: барлық тіс аумағындағы қызылиектің шырышты қабаты қара-қызыл түсті, ісінген, тиген кезде қанайды, тіске тығыз орналаспаған. Қызылиек асты қақтар бар. Төмендегі көрсетілген тексеріс әдісінің қайсысын қабынудың ауырлық дәрежесін анықтау үшін қолданған АНАҒҰРЛЫМ тиімді?//

Шиллер– Писарев сынамасын;//

жағынды-таңбалы әдісі//

гигиеналық индекс;//

рентгенологиялық;//

+РМА индексі.

***

1, 5 жастағы баланы стационарға: температурасы - 39°, әлсіздік, лоқсу, құсу күйінде әкеледі. Ауыз аумағындағы терісінде, ерін қатпарындағы қызыл жиек қанмен қоңыр түске боялған. Ауыз қуысының шырышты қабатында үлкен жолақ жаралар, қызылиек шеті жараланған, астындағы алдыңғы жақ тістер аумағындағы қызылиектік бүртіктер өлі еттенген. Жақсүйек астындағы және мойын түйіндеріндегі лимфаденит. Төмендегі көрсетілгендерден аурудың дамуындағы қандай кезең АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?//

инкубациялық;//

продромальді;//

катаралды;//

+бөртпе шығу;//

өршу кезеңі.

***

Науқас, 12 жаста. Шағымы; үстіңгі жақтың сол жақта ауыру сезімі байқалады. Объективті: жұмсақ тіндердің коллатеральді ісінуіне байланысты беті ассиместриялы. өтпелі қатпар 1. 4, 1. 5 тістер тұсында тегістелген, қызарған, ісінген. 1. 4 тіс аймағында флюктуация байқалады. Ең тиімді . . . жансыздандыру болып табылады.//

инфильтрациялық//

өткізгіштік//

беткейлік//

+тубералдық анестезия//

жалпы интубациялық наркоз

***

Науқас, 14 жаста. Шағымы: дене қызуының көтерілуі 38, 5Со. Аузын ашуы, жұтынуы, сөйлегені, тамақтануы қиындағын. Сілекейдің қатты бөлінуі байқалады. Объективті: жақ асты және тіл асты аймағы ісінген. Сол жақ тіл асты қатпары инфильтрациялық, тегістелген, сипап қарағанда қатты ауырады. Шырышты қабығы қызарған, ісінген. 3. 6 тісте терең тісжегі бар. Тістің түсі өзгерген. Медициналық көмекті қай мекемеде көрсету керек.//

үйде//

+бет-жақ-хирургиясы бөлімінде//

хирургиялық кабинетте//

оторинологиялық бөлімде//

травматологиялық пункте

***

Науқас, 14 жаста. Жоғарғы жақта тістің солқылдап ауыруына шағымданады. Объективті: 26 тістің түсі өзгерген, сауыт бөлігі толық бұзылған. Түбір өзегін шұқып тексергенде ауырмайды, ұрып тексергенде қатты ауырады. Қосымша зерттеу әдісінің қайсысы тиімді.//

+ауызішілік рентгенограмма//

отопантомограмма//

апекс-локация//

сиалограмма//

СRТ тест

***

12 жастағы қыз 2. 1 тістің жоқтығына шағымданады. Орталық күрек тіс 7 жаста жұлынған. Тұрақты тісі шықпаған. Объективті: тіс қатарының ақауы 21 тістің жоқтығында. Альвеолдық деформациясы 21 тіс аймағында байқалады. Қосымша зерттеу әдісінің қайсысы тиімді.//

+ауызішілік тентгенограмма//

УЗИ, компьютерлік томография//

шолушы рентгенограмма//

ортопантомография//

компьютерлік томография, термография

***

Науқас П. , 15 жаста, 4. 5 тісте тісжегі барына шағымданады. Объективті: 45 тіс қуыс қырлары тегіс, тығыз, түбі және қырлары шұқыған кезде ауырмайды, пигменттелген. Суыққа ауырмайды. Қосымша зерттеу әдісінің қайсысы тиімді.//

рентгендиагностика//

полярография//

биомикроскопия//

+ЭОМ//

гигиеналық индекстер

***

Науқас, 14 жаста, шағымданды. Жоғарғы жақтың оң жағында дақ пайда болған. Объективті: 23 тістегі дақ кішкентай, сұр түсті. Шұқып тексергенде кедір-бұдыр білінеді. Қай дәрігерге емделу керек.//

+терапевт стоматолог//

хирург стоматолог//

пародонтолог//

ортопед стоматолог//

Ортодонт

***

Бала, 11 жаста. Тістің тұқылына шағымданады. Объективті: ауыз қуысында қызыл иегінде 15 тістің аймағында 65 тіс тұқылы бар. Шырышты қабаты 65 тістің аймағында қызарған. Қандай дәрі-дәрмектермен емдеу тиімді.//

барбитураттармен//

+қабынуға қарсы препараттармен//

бактерияға қарсы препараттармен//

жансыздандырғышпен//

антигистаминді препараттармен

***

Науқас, 17 жаста. Тамақ жегенде қызыл иегінің қанауына шағымданады. Объективті: тіс аралық және альвеолярлы қызыл иек бөлігі шоғырлана қызарған, тиіп кетсе қанайды және тіс шөгінділері, тіс тастары байқалады. Қандай препаратпен емдеген тиімді.//

+ферменттермен//

фтор препаратымен//

жансыздандырғышпен//

аллергияға қарсы//

гормоналдық препараттармен

***

Науқас 13 жаста. Профилактикалық тексеру. объективті: бет пішіні өзгермеген. Вестибулярлық бетінде және мойын бөлігінде 1. 2, 1. 1, 2. 1, 2. 2 тістерінде ақ дақтар пайда болған. Көлемі 3х3мм. Қосымша зерттеу әдісінің қайсысы тиімді.//

Люголь ерітіндісімен бояу//

йодинолдың ерітіндісімен бояу//

+метилен көгімен бояу//

А. С. Япеева, Е. В. Боровскийдің ерітіндісімен бояу//

Соlgate Plax ерітіндісімен бояу

***

СЕМЕЙ

Глоссит - бұл://

Еріннің қабынуы//

Қызылиектің қабынуы//

+Тілдің қабынуы//

Сілекей безінің қабынуы//

Ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы

***

Тілінде ауырсыну және күйдіру сезімі, тамақтанғаннан соң басылады. Бұл неге тән://

Глосситке//

Үшкіл нервтің невралгиясы//

+Глоссалгияда//

Десквамативті глосситте//

Ромботәрізді глосситте

***

Жабық кюретаж жүргізіледі//

+Пародонтальды қалталар тереңдігі 3-4 мм//

Пародонтальды қалталар тереңдігі 5 мм көп//

Паронтальды киста көлемі 1,2 см//

Пародонтальды қалта тереңдігі 10 мм//

Пародонтальды қалта тереңдігі 6 мм

***

Түбір өзегіне гуттаперча штифтын латеральді конденсациялау үшін қолданылатын эндодонтиялық инструментті таңдаңыз. Екі түрі бар, бір бірінен жұмыс бөлімінің ұзындығы бойынша ажыратылды.//

Конденсер//

Плагер//

Лентуло//

+Спредер//

Ларго

***

Әйел 33 жаста, жоғарғы еріннің ұлғаюына шағымданады. Анамнезінде оң жақтағы бет жүйкесінің парезі. Бірінші рет бір жыл бұрын ауырған, тез жоғалатын жоғарғы еріннің ісігі пайда болған, бірақ еріннің біршама ұлғаюы қалды. Үш күн бұрын суық тиюден кейін қайтадан тез ұлғайды. Объективті: жоғарғы еріннің оң жағы көп өлшемде ұлғайған, пальпация кезінде жұмсақ, эластикалы ауырсынусыз, қысқанда саусақтың ізі қалмайды. Тіл ісінген, тіл арқасында – қатпарлар, тіл беткейі бұдырлы. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

+Мелькерсон-Розенталь синдром//

Квинке ісігі//

Ашер синдромы//

Мейж трофедемасы//

Ерін элефантиаз (слоновость)

***

Науқас 55 жаста, жұмсақ таңдайда көпіршіктің болуына шағымданып келді. Бұрын таңдайынан көпіршіктердің пайда болуын байқаған, 1-2 күннен кейін апта аралығында жазылған. Анамнезінен ІІ дәрежелі гипертоникалық ауру. Объективті: сол жақ жұмсақ таңдай шырышты қабат фонында диаметрі 1 см дейін қан құйылған көпіршік анықталды. Болжамды диагноз қандай?//

Дюрингтің герпетиформды дерматит//

Қатерсіз акантолитикалық емес көпіршік//

+Көпіршікті-тамырлы синдром//

Левердың буллезді пемфигоид//

Қызыл жалпақ теміреткінің буллезді формасы

***

Науқас И., 57 жаста, төменгі еріннің ауырсынуына және қанауына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінге 1 ай бұрын жара қайтадан пайда болды. Осындай көрініс суық мезгілде жиі пайда болып тұрады. Жағымсыз әдеттер: шылым шегу, ерінді жалайды және тістейді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сыртқы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттың түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа­ түйіндері пальпацияланбайды. Еріннің қызылжиегі құрғақ және бұдырлы. Төменгі еріннің қызылжиегінде орта сызық бойында көлденең сызықты, қанды қабықпен жабылған тіндер ақауы бар. Пальпация кезінде ақау негізінде қабыну инфильтраты анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//

Көпформалы жалқықты эритема//

Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі//

+Еріннің созылмалы жырығы//

Эксфолиативный хейлит, жалқықты түрі//

Мелькерссон-Розенталь макрохейлиті

***

Науқас Ж., 43 жаста, жағымсыз сезімге, ауыз қуысында әртүрлі аймақтағы – тіл ұшында, қатты таңдайда парестезия ауырсынуы (құрғау, күйдіру, керілу, шаншылу). Нақты аурудың дамуы: 1ай бұрын кешке күшейетін күйдіру сезімі пайда болған, жедел сезіледі. Әрі қарай науқас тағам қабылдау уақытында ауырсыну жоғалуын байқайды. Объективті: Сыртқы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттың түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа­ түйіндері пальпацияланбайды. Ауыз қуысы патологиялық өзгеріссіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз://

Глоссит//

+Глоссалгия//

Хейлит//

Неврит//

Невралгия

***

Әйел 51 жаста тілдің арқасында және бүйір беткейінде тағам қабылдау уақытында жоғалатын, бірақ кешке күшейетін күйдіру және сұққылау сезіміне, ауыз қуысында құрғақтыққа, дәм сезудің бұрмалауы. Бірінші рет осындай сезім бір жыл бұрын психикалық жарақаттан кейін пайда болды, уақыт аралығында осы сезім күшейеді.Анацидті гастритпен, қант диабетпен ауырады, нашар ұйықтайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

+Глоссодиния//

Тіласты ганглийдің ганглиониті//

Гюнтер-Миллер глосситі//

Десквамативті глоссит//

Кандидозды глоссит

***

Науқас С., 40 жаста, санация мақсатында қаралды. Қарау кезінде тілде көптеген жүлгелер анықталды, терең орталық “жүлгеден” ажыратады. Тілдің ісінуі, тіл біркелкі емес ұлғайғаны анықталды. Тіл аз қозғалмалы, науқастың тілін толық кіргізу қиын. Науқастың осы жағдайы балалық шақтан анықталады. Осы жағдай қандай синдромның симптомы болуы мүмкін?//

+Мелькерсон- Розенталь синдромы//

Гриншпан синдромы//

Шегрен синдромы//

Бехчет синдромы//

Стивенс- Джонсон синдромы

***

Әйел 52 жаста, тілдің ұшында және бүйір беткейіндегі тұрақты күйдіру сезіміне шағымданады. Күйдіру таңертең пайда болады және кешке таман күшейеді, тағам қабылдау кезінде басылады. Өзін бір жылдай сырқатпын деп санайды. Аурудың болуын алмалы – салмалы протезді орнатуымен байланыстырады. Анамнезінде: анацидті гастрит, жатыр фибромиомасы бойынша операция, гипертоникалық аурудың II дәрежесі, нашар ұйқы, қорқыныш сезім. Объективті: тіл сәл ісінген, тіл арқасында –аз мөлшерде ақ қақ, жіптәрізді емізікше атрофиясы. Қалған шырышты қабат патологиялық өзгеріссіз. Жұтыну-тор рефлекс төмендеген. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

Кандидозды глоссит//

Пластмассаға аллергиялық реакция//

Гюнтер-Миллер глоссит//

+Глоссодиния//

Тіл жүйкесінің невриті

***

Ер адам 45 жаста төменгі еріннің қызыл жиегінде ауырсынбайтын ақшыл түсті ошақтың болуына шағымданады. Объективті: төменгі ерін қызыл жиегінің оң жағында ортасына жақын шектелген ошақ полигональды түрі 0,5-1,0 см өлшемінде анықталады. Зақымдалу ошағының беткейі ақ-сұрғылт түсті және тығыз жататын ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ошақ сәл түскен, қоршаған тіндер өзгеріссіз. Өзгерген ошақтың пальпациясы ауырсынбайды, негізінде қалыңдауы анықталмайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

Қызыл жегі//

Кандидозды хейлит//

Лейкоплакия, жалпақ формасы//

+Шектелген обыралды гиперкератоз//

Қызыл жалпақ теміреткі

***

Науқас С, 63 жаста, тілдің ерекше түріне, ашы және ыстық тағам қабылау мүмкін еместігіне шағымданады. Бірінші рет қатты, ыстық тағам қабылдау кезіндегі тіл күюіне назар аударғаннан бастап, бір ай бойы өзін сырқатпын деп санайды. Объективті: ауыз қуысында жоғарғы жақта альвеолярлы өсіндінің біркелкі, айқындылығы орташа дәрежедегі атрофия. Тілдің бүйір беткейіндегі шырышты қабатында гиперемия және ісіну фонында өлшемі 2-3 мм табақшалар немесе қосылған түйіншектер анықталады, ошақтар ақ-сұр түсті, папоротник жапырақтарының суретіндей қосылған. Қыру кезінде қақ алынбайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

+Қызыл жалпақ теміреткі//

Қызылжегі//

Аллергиялық стоматит//

Ауыз қуысының шырышты қабатының кандидозы//

Жалпақ лейкоплакия

***

Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген зақымдану ошақ, көлемі 2 x 1,5 см, бархатты беткейлі қою қызыл түсті анықталады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта– тікенек жасушаларының полиморфизм. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

+Боуэн ауруы//

Қызылжегі, эрозивті түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі//

Лейкоплакия, эрозивті түрі//

Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр

***

Ер адам 62 жаста бірнеше ай бұрын тілде пайда болған ауырсынбайтын түзіліске шағымданады. Объективті: тісжегі және толық бұзылған тістер саны көп, тілдің бүйір беткейінде - 10Ч5 мм өлшемде ақшыл түсті тегіс емес беткейімен сүйел түрінде ауырсынбайтын түзіліс байқалады. Гистологиялық: эпителийдің мүйізді қабатының қалыңдауы мүйізделудің белгілері. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

Кандидоздың гиперпластикалық түрі//

Сүйелді обыралды//

+Лейкоплакияның веррукозды түрі//

Қызыл жалпақ теміреткінің гиперкератотикалық түрі//

Кератоакантома

***

Науқасқа пародонт ауруын емдеу үшін жергілікті жансыздандыру жасалынды. Ілмек, экскаватор көмегімен қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс тастары алынды. Қыру арқылы инфицирленген цемент, өскен эпителий грануляциясын алынды. Операциялық алан медикаментозды өңделді. Бұл қай әдіс//

Гингивоэктомия//

Гингивотомия//

Криохирургиялық операция//

Радикальды гингивэктомия//

+Жабық кюретаж

***

Науқас 37 жаста, 1.7 тістің жедел ауырсынуына әсіресе түнгі уақытта ауырсыну сезімінің үдеуіне шағымданады. Ауырсыну сезімінің болуына 3 күн уақыттай болды. ЭОД 20 мкА. Аллергоанамнез теріс. Емдеу әдісін таңданыз://

витальді ампутация //

девитальді ампутация//

+витальді экстирпация//

девитальді экстирпация//

биологиялық әдіс

***

Науқас А., 21 жаста эстетикалық ақауға шағымданады, бір апта бұрын байқаған. 2.1 тістің вестибулярлы бетінің мойын аймағында бор түстес дақ, зондтау кезіңде кедір -бұдырлы. Термореакция мен перкуссия ауырсынусыз . Зақымдалған ошақты 2% метиленді ерітіндімен өңдеген кезде көк түске боялады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//

+Ақ дақ сатысындағы бастапқы тісжегі//

Пигменттілген дақ сатысындағы бастапқы тісжегі//

Наши рекомендации