Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 12 страница

Қандай диагноз болуы БАРЫНША ықтимал?

* бруцеллезды артрит

* екіншілік синовиті бар остеоартроз

*+ревматоидты артрит

* ревматикалық полимиалгия

* паранеопластикалық синдром

! Ревматоидты артриті бар 27 жасар әйелді бір ай көлемінде айқын әлсіздік, дене қызуының39,3ºС көтерілуі мазалайды. Қарағанда: аяқ терісінің айқын гиперпигментациясы, сирағында трофикалық жаралар. Лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Қан анализі: лейкоциттер-1,5 мың., СОЭ-60 мм/сағ, РФ-1:80.

Бірінші кезекте науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША ықтимал?

* миокардит

* полисерозит

* токсикалық гепатит

*+жұқпалы асқынулар

* жедел бүйрек жетіспеушілігі

! 30 жастағы әйел адам қол басы буындарының ісінуіне және ауру сезіміне, таңертенгілік құрысуға шағымданады. Об-ті: екі қол басының II-IV саусағының проксимальды фаланга аралық симметриялық дефигурациясы. Экссудативті құбылыстар және ауру сезімінің әсерінен қимылы шектелген. Қанда: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың., СОЭ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Қандай лабораторлы зерттеу әдісі диагнозды БАРЫНША дұрыс анықтайды?

* ревматоидты фактор

* антицитруллинді антиденелер

*+антинуклеарлы антиденелер

* С-реактивті белок

* рибонуклеопротеиндерге антиденелер

! 40 жастағы әйел ұзақ жылдар бойы ревматоидты артритпен ауырады. Бір ай бұрын қақырығы бар жөтел, қол басы буындарында ауру сезімі, тәулік ішінде құрысу пайда болды. Об-ті: лимфаденопатия, қол басының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түіндер. Өкпеде қатаң тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Қанда Hв-96 г/л, эритроциттер - 3 млн, лейкоциттер - 12,3 мың, СОЭ - 56 мм/сағ. Рентгенограммада: фиброзды компонент әсерінен көбіне төменгі бөлімінің өкпе суретінің күшеюі, өкпенің КТ – өкпенің төменгі бөлімінің түйіндерін көрсетті.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?

* кризанол

* диклофенак

* метотрексат

*+преднизолон

* сульфасалазин

! 34 жасағы әйел ЖРВИ кейін ауырды: алақан-фалангалық және білек-фалангалық,шынтақ, білек буындары ауырып, кейіннен ісініп, қызарды, таңғы 12 сағатқа дейін құрысу сезімдері; кешке - субфебрилитет. Жоғарыда аталған симптомдар 3 айда пайда болып келеді. Ауру сезімі әсерінен кетонал ішкен, енді кетонал инъекциясына көшкен – эффект жартылай. Объективті: зақымдалған буындардың ісінуі, жергілікті температурасы бар, қол ұшының бүгілу симптомы оң, белсенді және белсенді емес қозғалыстың шектелуі. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 11,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, СОЭ 55 мм/сағ. РФ- 52 МЕ\мл, АЦЦП – оң.

Берілген науқаста қол ұшының Р-графиясында БАРЫНША қандай нәтиже болуы мүмкін?

* Буын саңылауының тарылуы, субхондральды склероз

* Буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы

* Буын саңылауының кеңеюі, буын маңы остеопорозы

* Буын саңылауының кеңеюі, бірен сараң жиекті эрозиялар

*+Буын саңылауының тарылуы, остеопороз, көптік эрозиялар

! Ревматоидты артриті бар 37 жасар науқаста дәрігерге бірінші қаралу кезінде қол ұшының Р-суреттерінде буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы, алақан-фалангалық және білек буындарының бірен сараң жиекті эрозиялары анықталды. ИФА РФ 62 МЕ/мл.

6 айдан кейін қайталмалы Р-суретте проксимальды фалангааралық буындардың көптік эрозиялары және остеопороз, алақан-фалангалық және білек буындарының жалған кисталары және көптік эрозиялары, білек сүйектері арасындағы саңылаудың жоғалуы анықталды. Осы кезеңде лимфаденопатия, Рейно синдромы, леведо анықталды.

Науқаста қандай генотип болуы ықтимал?

* HLA DR1

*+HLA DR4

* HLA DR7

* HLA B3

* HLA B5

! 42 жастағы ер адам тамағындағы ауру сезімге, дене қызуының тәуліктің екінші жартысында қалтыраумен 40,5º дейін көтерілуіне, қызба 3 сағатқа созылып, аспиринді қабылдағаннан соң қатты тершеңдікпен төмендейді; қызбаның жоғары шегінде іште және санда ашық-қызыл эритематозды бөртпе, айқын әлсіздік (төсектен тұра алмайды) пайда болады. 2-3 рет аспиринді қабылдамай көрген – температура өздігіннен төмендеген. Шетелде командировкада ауырып қалды. Антибиотиктер қабылдады – цефтриаксон, азитромицин - эффектсіз, жағдайы нашарлады – білек, аяқ басы, тізе буындарының ісінуі және ауру сезімі пайда болды. ЛОР қарауы – патология анықталмады. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 20*109/л, п/я – 24%, с\я – 55%, СОЭ- 48 мм/сағ. РФ – теріс, ферритин – айқын жоғарылаған, фиброноген – 7 г/л, АНА – әлсіз оң.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* Криоглобулинемиялық васкулит

* Сепсис

* Малярия

* Жүйелі қызыл жегі

*+ересектердегі Стилл синдромы

! 38 жастағы әйел учаскелік дәрігерге 4 апта ішінде алақан-фалангалық, білек-фалангалық, білек буындарындағы ауру сезімге және ісінуіне шағымданып келді, 30 минутқа дейін таңертенгілік құрысуы бар. Білекті бүгу тесті– оң. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 9*109/л, п/я – 4%, с\я – 75%, СОЭ- 28 мм/сағ. РФ – оң, СРБ +++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Берілген науқасты жүргізудегі ең оңтайлы жолы?

* 1 айдан соң ревматоидты факторға қайтадан зерттеу жүргізу

* Антицитруллинді антиденеге зерттеу жүргізу

*+Қол басы және аяқтың Р-графиясын тағайындап, ревматологқа жіберу

* В және С гепатит маркерлерін тағайындау

* Білек буынының пункциясын тағайындау

! 36 жастағы әйел учаскелік дәрігерге бір апта көлемінде білек, шынтақ және тізе буындарының ауру сезіміне және ісінуіне, 30 минут ішінде таңертенгілік құрысуға шағымданып келді. Білекті бүгу тесті– оң. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 7*109/л, п/я – 4%, с\я – 65%, СОЭ- 28 мм/сағ. РФ – оң, СРБ ++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Берілген науқасты жүргізудегі ең оңтайлы жолы?

*+парвовирусты жұқпаға тексеру

* Антицитруллинді антиденеге зерттеу жүргізу

* Қол басы және аяқтың Р-графиясын тағайындап, ревматологқа жіберу

* Білек буындарының Р-графиясын тағайындап инфекционистке жолдама беру

* Білек буынының пункциясын тағайындау

! 40 жастағы әйел мойын омыртқасының ауру сезіміне, табан-фалангалық, проксимальды фалангааралық, білек буындарының ауру сезіміне және құрысу сезімдеріне, субфебриальды температураға, әлсіздікке, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, салмағының 4 кг төмендеуі шағымдарымен дәрігерге шағымданып келді, барлық симптомдар 2 айда өршіп келеді. Аурудың басталуын ештеңемен байланыстырмайды. Р-графия: буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы,табан сүйектерінің бірен сараң эрозиялары. РФ 64 МЕ\мл.

Берілген науқастар категориясында қосалқы ретінде қандай патология дамуы мүмкін?

*+Атеросклероз

* Қант диабеті 2 тип

* Аутоиммунды тиреоидит

* Созылмалы бүйрек аурулары

* Бейспецификалы жаралы колит

! 32 жастағы ер адам 2-3 ай бойы мазалайтыниық, білезік, тізе, балтыртобық буындарындағы ауыру сезіміне, таңертелік қырысулардың бір сағатқа созылуына, 6 кг азуына, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Өздігімен нимесулид қабылдаған нәтижесі жартылай. Объективті: юуындарының жергілікті температурасы, қозғалыс және пальпация кезінде ауыру сезімі, полилимфаденит анықталды. ЖҚА: Эр. – 3,8, Нб – 134 г/л, Л – 9*109/л, п/я – 4%, с\я – 70%, ЭТЖ - 30 мм/с. РФ – оң, СРБ +++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Базисті терапия ретінде қандай дәріні тағайындау қажет?

*+Метотрексат

* Лефлюнамид

* Сульфасалазин

* Преднизолон

* Диклофенак

! 33 жастағы әйел ЖРВИ кейін ауыра бастады: алақан және білезік фалангалық, табан фалангалық буындарының қызаруы, ісінуі және ауыру сезімі пайда болды, таңертелік қырысулар сағат 12 дейін; кешке қарай – субфебрилитет мазалайды. Жоғарыда аталған симптомдар 6 ай бойы мазалайды. Ауыру сезімін басуға кетонал қабылдаған, енді кетонал инъекциясына көшкен – нәтижесі жартылай. Объективті: зақымдалған буындардың ісінуі, дергілікті температура, қол саусақтарын бүгу симптомы оң, активті және пасивті қозғалыстар шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 11,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, ЭТЖ 55 мм/с. РФ- 52 МЕ\мл, АЦЦП – оң. Метотрексат және преднизолон тағайындалу туралы шешім қабылданды.

Метотрексаттың алғашқы қандай мөлшері БАРЫНША науқасқа тағайындалуы мүмкін?

* 2 мг тәулігіне

* 7,5 мг тәулігіне

* 7,5 мг аптасына

* 15 мг аптасына

*+25 мг аптасына

! 28 жастағы әйел тамағының ауыруына, дене қызуының 39,6º дейін көтерілуіне, тустен кейін керемет қалтырау және профузды терлеуден кейін дене қызуының төмендеуіне шағымданады; қызба шыңында сұр қызыл эритематозды бөртпе және білезік және тізе буындарында ауыру сезімі және ісінулер пайда болады. 2 апта бойы кең спектрлі антибиотиктер қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қызбамен науқасты жоспарлы тексеруде ештене анықталмады. Аурудың 3 аптасында ЭхоКГда – лақтырыс фракциясының төмендеуі, митральді қақпақшалардың регургитациясы анықталды. РФ – теріс, ферритин – кенет жоғарлаған.

Бірінші кезекте қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Инфликсимаб

* Лефлюнамид

* Сульфасалазин

*+Преднизолон

* Диклофенак

! Ревматоидты артриті бар әйелде метотрексат мөлшерін өз бетінше төмендеткеннен дене қызуы көтеріліп, ЭТЖ жылдамдаған, оң білезік буыны ісініп, қызарған және кенет ауыру сезімді. Орындалған буын пункциясы нейтрофилдерден тұратын 3 ммге 20 мың цитозбен сұйықтық анықталды, бак себінді – теріс. Антибиотиктер тағайындалды.

Артритті басу үшін көрсетілген тәсілдердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Ремикейд тағайындау

* метотрексат 25 мг/аптасына тағайындау

* қосарланған терапия метотрексат+лефлюнамид

*+преднизолон 40 мг/тәу per os

* дипроспан 1 мл буын ішіне

! 28 жастағы әйел бір сағат көлемінде таңертелік буындарының қырысуларына, әлсіздікке, субфебрильді дене қызуына шағымданады. 6 жылдай ауырады, ем қабылдаған. Жүктілік мерзімі 18 апта. Жүктілікке дейін аурудың салыстырмалы ремиссиясы байқалған. Об-ті: екі қолдарының II-IV саусақтарының проксимальді фаланг аралық симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі анықталды. ЖҚА: ЭТЖ 35 мм/с.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* кризанол

* диклофенак

* метотрексат

*+преднизолон

* сульфасалазин

СКВ -13

! Жүйелі қызыл жегіде метилпреднизолонмен пульс терапияны тағайындау көрсетілген, БАРЫНША мынада:

* полиартритте

* дискоидты бөртпеде

* гепатоспленомегалияда

* оқшауланған зәрлік синдромында

*+ауыр тромбоцитопениялы цитопенияда

! 19 жастағы темір дәнекерлеуші әйел, 39оС дейінгі қызба, тамағындағы ауыру сезімі, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады, бұны өзі дәнекрлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Лимфоаденопатия. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Жүрегі ұлғайған, үндері тұйықталған. АҚҚ - 150\90 мм. с.б.б., ЖЖЖ мин – 110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн, гемоглобин - 100г/л, лейкоциттер - 3 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. ЖЗА: белок - 0,9 г/л, эритроциттер 1-8 көру алаңында.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* иерсиниоздың

* агранулоцитоздың

* дәрілік аурудың

* аллергиялық дерматиттің

*+жүйелі қызыл жегінің

! Нефриттің гистологиялық суреті мен «сымтемірлік ілмек», фибриноид, гиалинді тромб, ядролық дерт симптомдары бар дәнекер тіннің диффузды зақымдалуымен байланысты қызба, мынаған БАРЫНША тән:

* ревматоидты артритке

* жүйелі склеродермияға

* түйінді периартериитке

*+жүйелі қызыл жегіге

* созылмалы гломерулонефритке

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 18 жастағы пациентке метилпреднизолонмен пульс терапия көрсетілген.

Төмендегі дозалардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

* 60 мг

* 100 мг

* 150 мг

* 300 мг

*+1000 мг

! Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындау төмендегілерің қасйсысында БАРЫНША тиімді:

* цитопенияда

* полисерозитте

* люпус-кардитте

* люпус-артритте

*+люпус-нефритте

! Белсенді жегілік нефритке БАРЫНША тән:

* лейкоцитоз

* лейкоцитурия

* гипоальбуминемия

*+қос спиральды ДНК-ға антиденелер титрінің жоғарылауы

* комплементтің жалпы гемолитикалық белсенділігінің жоғарлауы

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.

Препараттың қандай мөлшері БАРЫНША тиімді:

* 60 мг

* 120 мг

* 250 мг

*+1000 мг

* 5000 мг

! Циклофосфан қабылдайтын жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді.

Емдеу тәсілін қалай өзгерткен БАРЫНША тиімді:

* циклофосфанды тоқтату

* циклофосфанды азатиопринмен алмастыру

* циклофосфан мөлшерін төмендетіп, плазмрферез курсын бастау

*+циклофосфанды тоқтатып, 1,5-2 мг/кг мөлшерде преднизолонды тағайындау

* циклофосфан мөлшерін өзгертпей, оған қосып, преднизолон тағайындау

! Рецидивті артериальды және венозды тромбоз, жүктілікті көтере алмау және тромбоцитопениямен сипатталатын симптомдық кешен, мынаған БАРЫНША тән:

* дерматомиозитке

* жүйелі васкулитке

*+антифосфолипидтік синдромға

* рецидивтеуші полихондритке

* идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

! Антифосфолипидті синдромның диагностикасын нақтылауда анықтаған,

БАРЫНША мәліметті:

* Кумбс реакциясын

* Хагеман факторын

* қан ұю уақытын

* протромбин уақытын

*+жегілік антикоагулянтты

! 45 жастағы ер адамда, соңғы 3 жыл бойы аяқтың веналарының тромбозы, ӨАТЭ қайталанады. Науқастың әкесінде де қайтамалы тромбоздар байқалған. Науқасты зерттегенде кардиолипинге антиденелер титрі 2 есе жоғарылаған.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* тромбофлебиттің

* Бюргер ауруының

* кезеңдік аурудың

*+біріншілік антифосфолипидтік синдромның

* екіншілік антифосфолипидтік синдромның

! 38 жастағы әйелде АҚҚ мезгіл - мезгіл 200/120 мм. с.б.б. көтеріледі. Анамнезінде: жүктілік кезінде мезгілінен бұрын босану және өлі туумен аяқталған ауыр нефропатия дамыған. 30 жасында ишемиялық инсульт алған. Қарап тексергенде: «торлы ливедо», АҚҚ 180/110 мм.с.б.б. Зерттегенде: протеинурия - 0,23 г/л мен аздаған несептік тұнба, креатинин – 1300 мг/л; антикардиолипиндік антиденелер 34,1 МЕ (қалыпты 23 МЕ дейін).

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* түйінді полиартерииттің

* созылмалы гломерулонефриттің

* креоглобулинемиялық васкулиттің

*+біріншілік антифосфолипидтік синдромның

* екіншілік антифосфолипидтік синдромның

! Қайталамалы тромбозды антифосфолипидтік синдромда тағайындау БАРЫНША тиімді:

* лефлюнамидті

*+варфаринді

* преднизолонды

* фраксипаринді

* триамцинолонды

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде сол жақ балтырының бұлшық етінің ауыруы мен ісінуі пайда болды. Троксевазин тағайындағаннан кейін келесі күні ентігу, жөтел, қан қақыру пайда болды. Зерттегенде кардиолипинге антидене титрінің жоғарылауы анықталынды.

Қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді:

*+гепаринді

* варфаринді

* преднизолонды

* дексаметазонды

* циклоспоринді

! 30 жасқа дейінгі аралықта қызбамен жүретін ауыр ағымды паротит, конъ­юнктивит, артралгия, анемия, лейкопения, гипергаммаглобулинемия,РФ, АНА, жоғары мөлшерде ЦИК, өмірінің алғашқы жылдарында экзокринді бездердің бұзылысы қай ауруға тән?

* Шегрен ауруы, созылмалы ағымы

*+ЖҚЖ кезіндегі Шегрен синдромы

* Шегрен ауруы , жеделдеу ағымы

* Активті РА кезіндегі Шегрен синдромы

* Шарп синдромы

! 50 жастан жоғары экзокринді без бұзылыстары кезіндегі біртіндеп пайда болған симптомдар (жас пен сілекей бездері), минимальды жүйелі көріністер, қандағы жедел фазалық көрсеткіштердің кезеңдік көтерілуі қай ауруға тән?

*+Шегрен ауруы, созылмалы ағымы

* ЖҚЖ кезіндегі Шегрен синдромы

* Шегрен ауруы , жеделдеу ағымы

* Активті РА кезіндегі Шегрен синдромы

* Шарп синдромы

! Қандай жүйелі ауруларда жоғарғы эозинофилия кездеседі?

* ревматоидты артрит

*+эозинофильді фасциит

* CREST-синдромы

* жүйелі склеродермия

* қабынулық фибромиалгия

! 50 ж әйел соңғы 2 ай бойы күше»ген әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Жоғары сөрелерге заттарын қою, шашын тарау және баспалдақпен көтерілу қиындаған. Бұлшықеттегі немесе буындағы жайсыздық сезімге пациент шағымданбайды.Физикальды тексеру кезінде симметриялы проксимальды бұлшықет әлсіздігі байқалады. Дистальды бұлшықет күші қалыпты. Бұлшықеттегі ауру сезімі жоқ. Рефлекстері бар, симетриялы.Теріде қолдың фалангааралық аймақтарында күлгін тусті көтерілген бөртпе және тырнақ маңында эритема анықталды. Антинуклеарлы антидене оң, СОЭ 25 мм/сағ. Науқаста КФК және альдолоза деңгейін анықтады.Электромиография жүргізілді.Науқасқа бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу қажет?

* РФ анықтау

* Криоглобулиннің анықтау

* СРБ

* Онкомаркерге тексеру

* Эндокринологтың консультациясы

! Әйел 32 жаста. Қолын суық суға салғаннан кейін қол саусақтарының ауру сезімі және тері түсінің өзгеруіне шағымданумен келді. Бастапқыда саусақ түсі ақ ,содан кейін көк, кейде қызыл және ауру сезімі пайда болады. Бұл жағдай 2 жылдан бері байқалады. Бетінде бірнеше телеангиоэктазия және тырнақ маңында кеңейген капиллярлар бар. Қандай патология деп ойллайсыз?

*+Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы

* Рейно ауруы

* Жүйелі склеродермия, жеделдеу ағымы

* Криоглобулинемиялық васкулит

* Жүйелі склеродермия, жедел ағымы

! Науқас 5 жыл бұрын бірінші рет көзінде құм тұрғандай және аузында құрғау сезімінің үдемелі күшеюін сезінген .Сонымен қатар, тісінде көптеген кариес бар. 3 ай бұрын оң жақ бетінде ауру сезімді ісік жіне диффузды артралгия пайда болды.Тексеру кезінде көзінде және ауыздың шырышты қабатында құрғақтық, тістерінің нашар болуы, ісінген және ауру сезімінсіз оң жақ құлақ маңы сілекей безі анықталды. Ширмер тесті және бенгальдық алқызыл тесті оң..Науқаста қандай қауіпті асқыну болуы мүмкін?

* жедел бүйрек жеткіліксіздігі

* панкреонекроз

* кандидозды вульвовагинит

*+нұрлы қабаттың перфорациясы

* герпетикалық кератит

! Қай патологияға АНА антиденелер, РФ және антиРНК оң кезінде полиартрит, Рейно синдромы, қолдарының ісінуі немесе склеродактилия, пневмосклероз, өңеш тарылуы, миалгия мен бұлшықет әлсіздігі, алопеция, бетіндегі бөртпелер, серозит, жүрек және бүйрек зақымдалуы тән.

* Жүйелі склеродермия мен дерматомиозиттің қосарлауы

* Жүйелі қызыл жегі мен ревматоидты артриттің қосарлауы

* Жүйелі қызыл жегі мен Педжет синдромы

*+Дәнекер тіннің жүйелі ауруы

* Жүйелі қызыл жегі

! Ер адам 45 жаста білезік, тобық буындарының ауру сезіміне, жаурап, жансыздануына, буындағы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде “жұлдызша» типті қантамырлық тор бар. Білезік буыны бүгілу контрактура қалпында, шеткі фалангтардың қысқаруы, аяқ және қолбасы саусақтарында жаралар бар. Қан анализінде: ЭТЖ-25 мм/сағ, АНА оң. Төмендегі диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* Жүйелі қызыл жегі

*+Жүйелі склеродермияда

* Түйінді периартрит

* Ревматоидты артрит

* Дермпатомиозит

! Әйел 38 жаста кеуде тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге, жұтынудың қиындауына, артралгия, бет және білезік терісінің тығыздануына шағымданады. Қарап тексергенде: беті мимикасыз, ауыз аймағында радиальды қатпарлар, телеангиэктазияға шағымданады. Фалангтары деформацияланған, терісі тығыздалган, бұлшықеті гипотофияланған, шашы түскен (алопеция). Рентгенограммада: пневмосклероздың белгілері.

Диагноз верификациялау үшін келесі анализді анықтау тиімдірек?

* АНФ

* РФ

* Антистрептолизин-О

*+Антицентромерлі антидене

* Антицитруллинді антидене

! 38 жастағы әйелде бірнеше айлар бойы жүрісі өзгерген-ақсақтық пайда болды; ауыз аймағындағы терінің тартылуы және жансыздануы,ұстама тәрізді көгерулер,суықта ерін және тілдің жансыздануы мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ,алақан және табанның гиперкератозы мен теріде телеангиоэктазиялар бар. Келесі дианоздың қайсысы болуы мүмкін?

* Диффузды эозинофильді фасцит

* Қайталамалы полихондрит

* Ревматикалық полимиалгия

*+Жүйелі склеродермия

* Дерматомиозит

! 34 жастағы әйел бет терісінің қатаюын,суық пен эмоциональды стресстен пайда болатын аяқ-қол саусақтарының жансыздануын байқады.Қарап тексергенде:ауыз аймағында радиальды қатпар бар. Ішкі ағзада өзгеріс жоқ.

Диагноз верификация үшін мынаны анықтау тиімдірек?

* Антинейтрофильді антидене

* Антистрептолизин – О

* РФ

* Кардиолипинге антидене

*+антицентромерлі антидене

! Әйел 56 жаста көзінде «құм» тұрғандай сезім және ауызда құрғақтық барына шағымданады.Объективті қарағанда тістерінің кариесі, көздің және шырышты қабаттың айқын құрғақтығы, оң жақта құлақ маңында және сілекей безінің ұлғайғаны байқалады. Ширмер тесті және қызғылт бенгаль тесті оң. Гематокрит - 35 %, лейкоцит саны 3,2 тыс, ЭТЖ 47 мм/ч. IgG и IgM концентрациясының жоғарлауы. Ревматоидты фактор 1:640 және антинуклеарлы антидене титрі 1:256 .

Мына диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* Рейно синдромы

* Такаясу ауруы

*+Шегрен ауруы

* жүйелі склеродермия

* Жүйелі қызыл жегі

! 27 жасар әйелде 2 жыл бұрын суықтап қалғаннан кейін әлсіздік, есеңгіреу, тізе буындарының ісінуі, Рейно феномені байқалады. Содан кейін бетінде қызару және мұрын қырында «көбелек қанаты» пайда болды. Жүйелі қызыл жегі деген диагноз қойылды. Бірақ біраз уақыттан кейін тізе буындарының ісіну, қызаруы, ауру сезімі мазалайды. Сонымен қатар 2 сағ дейінгі таңертеңгілік құрысу, интенсивті емес бұлшықеттің ауруы бар. Соңғы уақытта бетінде, аяғында таңертеңгілік ісінуі, бас ауруы ,басында пульсация сезімі қосылды. Тексергенде: АНА,РФ-1:640; буын маңының остопарозы мен біркелкі эрозиялар бар.Төменде берілгеннің ішінде қандай диагноз болуы мүмкін?

Наши рекомендации