Иммуннобиологиялық препараттарға сипаттама

Тірі вакциналар - вируленттілігі жойылған немесе әлсіздендірілген, макроорганизмде көбеюі және белсенді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі штамдары болып табылады. Полиомиелитке, эпидемиялық паротитке, қызылшаға,туберкулезге, гриппке, бруцеллезге,туляремияға, обаға, күйдіргіге, бөртпе сүзегіне, сары қызбаға, Ку қызбасына, кене энцефалитіне, қызамыққа қарсы вакциналар тірі вакциналарға жатады.

Инактивтендірілген вакциналарды химиялық (фенол, формалин, мертиолит, спиртпен өңдеу) немесе физикалық(жоғары температура, ультракүлгін, гамма сәулелер) әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою, яғни өлтіру жолымен алады. Микроорганизмдер инактивацияланғаннан кейін дайындалған препараттар химиялық агенттерден тазартылады. Тірі вакциналарға қарағанда инактивтендірілген вакциналардың иммуногенділігі төмен болады, сондықтан мұндай вакциналарды организмге бірнеше рет қайтара енгізу қажет (әдетте 2-3 қайтара). Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі мен парасүзекке, құтыруға, лептоспирозға, гриппке, герпеске қарсы қолданылатын вакциналар жатады.

Анатоксиндер- улы қасиетінен айрылған, бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған бактериалардың залалсыздандырылған экзотоксиндері. Қазіргі кезде күл, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, тырысқақ, стафилококты инфекцияларға қарсы анатоксиндер пайдаланылады.

Химиялық вакциналар – қоздырғыштың антигендерін ультрадыбыспен, хроматографиямен, химиялық заттармен өңдеу арқылы тазарту. Менингококты инфекция, іш сүзегі, бруцеллез, тырысқақ,бөртпе сүзегі, грипп, обаға қарсы.

Жаңа типті вакциналар: гендік –инженерлік (гепатит В-ге қарсы), рибосомды дизентерия, сальмонеллездерге қарсы) , сплит – вакциналар (тұмауға қарсы «Инфлювак», «Ваксигрипп).

Құрамында бір микробтың антигені бар препараттарды моновакцина деп атайды, егер бірнеше микробтардың антигендері болса, оны поливакцина деп атайды.

Тәжірибеде қолданылатын комбинирленген препараттарға жатады: адсорбцияланған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы (АКДС), адсорбцияланған күл-сіреспе анатоксині (АДС), іш сүзек және парасүзектің А және В түрлеріне қарсы үшвакцина (тривакцина), құрамында сіреспеге қарсы анатоксині бар, сүзекке және парасүзектің А және В түрлеріне қарсы төртвакцина (тетравакцина), ботулизмге қарсы үш анатоксин (трианатоксин). Кейбір зоонозды жұқпалы ауруларға қарсы (бруцеллез, түйнеме, туляремия, оба) және балаларда болатын жұқпалы ауруларға қарсы ҚҚП (қызылша + қызамық + паротит) комбинирленген вакциналар бар.

Вакцина енгізгеннен кейін иммунитет біраз уақыт өткеннен кейін пайда болады, сондықтан қандай да болмасын, жұқпалы аурудан жылдам қорғану қажеттілігі болған жағдайда жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы үшін жасанды енжар иммунитет қолданылады.

Жасанды енжар (пассивті) иммунитет микроорганизмге жұқпалы аурудың қоздырғышына немесе оның уына қарсы дайын антиденелер бар препараттар , яғни сарысулар мен иммунноглобулиндер енгізу жолымен атқарылады . Олар қысқа уақытқа жасанды пассивті иммунитет қалыптастырады.

Ондай қасиет тиісті жұқпалы аурумен ауырып тұрған немесе сол ауруға қарсы жасанды әдіспен иммунизацияланған адамдар мен хайуанаттардың қан сарысуларында болады.

Бұрын тиісті жұқпалы аурулармен науқастанған, кеселден айыққан, иммунитеті бар адамнан алынған сарысулар– гомологиялық деп аталады. Олардың барлық мөлшерін бірден тері астына, бұлшық етке немесе тамырға енгізуге болады.

Сарысулардың басқа түрін гипериммунизацияланған хайуанаттардың, көбіне жылқылардың қанынан дайындайды, ондай препараттарды - гетерологиялық деп атайды. Гомологиялық препараттар донорлардың қанынан, әйелдер босанғандағы плацента сығындысынан (экстрактысынан) және жасанды түсік жасағанда кететін қаннан дайындалады. Олардың сарысулары алынып, мұздатылады, сонан соң гамма-глобулиндік фракциясы бөлініп алынады.

Сарысуларды тамырға енгізгенде иммунитет бірден, ал тері астына және бұлшық етке енгізгенде – 12-24 сағаттан кейін пайда болады. Гомологиялық препараттар адам организмі үшін бөтен емес, реактогенді емес, толыө дозада бірден енгізуге болады, қолданғанда иммунитеттің ұзақтығы – 4-6 аптаға дейін созылады, ал гетерологиялық препараттар адам организмі үшін бөтен болғандықтан, парентеральді енгізу кезінде сақтықпен Безредко әдісімен жүзеге асады, қорғаушылық қасиеті 1-2 апта мерзіміне ғана жетеді.

Антивирусты Антибактериалды Антитоксикалық
гомологиялық иммуноглобулиндер   қалыпты гипериммунды қызылшаға қарсы шешекке қарсы гриппке қарсы кене энцефалитіне қарсы антирабикалық гетерологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды антирабикалық кене энцефалитіне қарсы   гомологиялық иммуноглобулиндер   қалыпты гипериммунды көкжөтелге қарсы менингококты инфекцияға лептоспирозға қарсы     гетерологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды күйдіргіге қарсы гомологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды сіреспеге қарсы стафилоккокты инфекцияға     гетерологиялық қансарысулар   гипериммунды газды гагренаға ботулизмге қарсы күлге қарсы

Жұқпалы аурудың алдын алу үшін қосымша биологиялық препараттар қолданылады.

Организмде қоздырғыштың көбейіп, дамуынинтерферон, бактериофаг тоқтатады.

Бактериофаг – күл, іш сүзегі , сальмонеллез және т.б. ошақтарда инфекция көзімен қатынаста болғандарға профилактикалық мақсатпен қолданылады. Бактериофаг 5-7 күн бойы тиімді.

Интерферон-вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданады. Интерферон клеткадағы вирустың репродукциясын тежейді, яғни микроб жұққан организмдегі қоздырғыштың өсіп –өнуін тоқтатады.

Наши рекомендации