Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру

15. Қыздарды алдын алу медициналық тексерулерін мынадай жас кезеңдерінде жүргізу қажет: 1 жас - бейтарап кезең, 6-7 жас - жасөспірім алды кезең; 11-12 жас - жасөспірім кезеңнің басы; 15 жас - жасөспірімдік кезеңнің жоғарлауы; 17-18 жас - қайталанған
жыныстық белгілердің дамуын дұрыс тексеру мен бағалауды қамтитын
жасөспірімдік кезеңнің аяқталуы.

16. Дәрігер акушер-гинеколог қыздарға 15 жастан бастап ата-аналарының (қорғаншыларының) рұқсаты болған жағдайда гинекологиялық тексеру жүргізеді. Олай болмаған жағдайда тексеруді міндетті түрде амбулаториялық картада немесе өзге медициналық құжатта көрсетілген адамдардың қатысу фактісін белгілей отырып, екінші медицина қызметкерінің қатысуымен екі қолдық ректо-абдоминальды зерттеу жүргізеді.

17. Балалар мен жасөспірімдерді алдын алу тексеру кезінде былайша бөлу қажет:
І-топ - туған кезінен бастап 18 жасқа дейінгі дені сау қыздар. Бірінші топтағы қыздарды дисансерлеудің негізгі міндеттері: дене және жыныстық дамуын бағалау; ұрпақты болу жүйесі қалыптасуының бұзылуының клиникаға дейінгі нысандарын ерте диагностикалау және уақытында олардың алдын алу.
ІІ-топ - ұрпақты болу жүйесі қалыптасуының бұзылуына себепкер болатын созылмалы аурулармен ауыру қауіпіне анықталған жасөспірім қыздар; созылмалы аурулардың компенсацияланған ағымы, жіті күшейген аурулары, жыныстық дамуындағы ауытқуы, еттекір функциясының әртүрлі бұзылулары бар қыздар. Осы топты диспансерлеудің негізгі міндеті - ұрпақты болу функциясы (етеккір функциясы) дамуының бұзылуын және аурулардың күшеюін болдырмау.
ІІІ-топ - созылмалы аурулары ағымының жиі асқынулары бар қыздар. Стационар жағдайында жүргізілетін ауруларды емдеу, ұзақ кезеңдік оңалту бұл топты диспансерлеудің негізгі міндеті болып табылады.
ІІІа-топ - жыныстық дамуында кемшіліктері бар қыздар, гормональды емес терапиямен емделетін етеккір функциясының әртүрлі бұзылу нысандары бар жасөспірім қыздар.
ІІІб-топ - гормональды терапиямен дұрысталатын етеккір функциясының әртүрлі бұзылу нысандарымен жыныстық дамуында кемшіліктері бар қыздар.
ІІІв-топ - эндокриндік және генетикалық патологиясы бар, тұрақты гормональды және хирургиялық түзетулерді қажет ететін ұрпақты болу жүйесінің даму ауытқулары бар қыздар.

18. Қыздарды диспансерлеу педиатрдың (жасөспірімдер кабинеті терапевінің) және ауруларға қарай басқа да мамандардың қатысуымен кешенді жүзеге асырылуы тиіс.

19. Науқас қызда экстрагенитальды және гинекологиялық аурулары болған жағдайда балалар гинекологын (акушер-гинекологын) қоса алғанда мамандардың консилиумімен негізгі ауруы анықталады. Балалар гинекологы (акушер-гинекологы) айқындалған гинекологиялық патология бойынша науқасты кешенді сауықтыруға қатысады.

20. Бірінші, екінші, үшінші топтағы қыздар диспансерлік бақылаудың барлық кезеңінде диспансерлік есептен алынбайды.

21. 15 жасқа толған науқас және ауырып қалу қаупі бар қыздар жасөспірімдер кабинетіне диспансерлік бақылауға беріледі.

22. Екінші және үшінші топтағы 18 жасқа толған науқас жасөспірім қыздар әйелдер консультациясының (кабинетінің) акушер-гинеколог дәрігерінің диспансерлік бақылауына беріледі.

Қазіргі уақытта қоғамда жасөспірімдерге жыныстық білім беру көп қажет етілген. Бұл олардың жыныстық тәртібінің заманауи ерекшеліктеріне байланысты: жыныс аралық қарым-қатынас сұрақтарының актуалдылығын, контрацепция, жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциядан қорғаныс және т.б. негіздейтін бірінші жыныстық қатынасқа түсетін жасы төмендеген.

ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ

Ø Жеке бас гигиенасы ең бірінші дене шынықтырудан, дұрыс тамақтану, қалыпты ұйқыдан басталады.Сонымен қоса киім, іш киім,аяқ киім және қоршаған ортаңдағы заттардың да тазалығы кіреді.

Ø Әсіресе етеккір кезінде. Себебі инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Жиі 3-4 сағат сайын төсемелерді ауыстырып, кем дегенде 2 рет дәрет алып тұру керек;

СЫРТҚЫ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ КҮТІМІ

Ø Күніне кем дегенде 2 рет азанда және кешке дәрет алу;

Ø Дәрет алар алдында қолды сабындап жуу керек;

Ø Үлкен және кіші еріндерді жуу;

Ø Шап аймағын жуу;

Ø Жамбастың төменгі жақтары;

ЕТЕККІР КЕЗІНДЕГІ ГИГИЕНА

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru Қалыпты етеккір 3-7 күн;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru бұл күндері күнделікті жұмыстарды атқара береді;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru Бірақ қатты физикалық жұмыстарды атқаруға болмайды;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru Қалыпты температурада болу керек;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru Ащы тағамдарды жеуге болмайды. Алкоголь ішуге болмайды. Қанның көп келу қаупі бар;

ü Етеккір еркін ағу керек және сіңіру үшін арнайы мақтадан жасалған төсемдер қолдану;

ü Жыныс мүшелерін 2-3 рет жылы сумен жуу;

ü 3-6 сағат сайын төсемдерді ауыстыру;

ü Жыныстық қатынасқа түспеу:

ü Душ қабылдау;

ü Ванна, баня қолдануға болмайды.

ИНТИМДІ ГИГИЕНА

¢ Қазіргі кезде қыз-келіншектер арасында қабыну аурулары, жатыр, қосалқыларының аурулары көбейіп жатыр.Бұл қынап микрофлорасының бұзылуы.

¢ Бұл гинекологиялық аурулардың 60-75% құрайды. Гигиеналық процедураларды сақтамаған жағдайда әйелдердің бедеулігіне алып келеді.

v Жуу ретімен күніне 2-3 рет жылы сумен жуу.Инфекция кірмес үшін;

v Губка, мачалканың қажеті жоқ. Тері нәзік болғандықтан жырып жіберуі мүмкін;

v Жуғаннан кейін сүлгімен сүртуге болмайды. Тек ылғалдандыру керек;

v Сүлгі таза, жұмсақ болуы қажет. Онымен тек жалғыз өзі қолдану керек;

v Сыртқы жыныс мүшелері сабынға сезімталдығы жоғары болған жағдайда арнайы қабынуға қарсы, гипоаллергиялық гелдер ұсынады. Олар құрғатпайды, ылғалдандырып, жағымсыз иістердің шығуына кедергі жасайды

Жыныстық өмір гигиенасы

v Некеге тұруға 18 жастан рұқсат беріледі. Бұл кез жыныстық мүшелердің дамып, ұрпақ өрбітіп, әртүрлі ауруларға бейім шағы.

v Некеге тұрмас бұрын қыз бен жігіт дәрігердің тексерілуіне бару керек.Бұл аурулардың, бедеуліктің алдын-алу болып табылады. Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перденің жыртылуы болады. Аналық бездің функциясы өзгеріп, зат алмасу процесі болады. Гигиенаны сақтау өте қажет.

Жыныстық қатынасқа түспеу уақыттары:

v 1.Етеккір кезінде

v 2.Венерологиялық аурулардан емделу кезінде

v 3.Аяғы ауыр кездің алғашқы және соңғы 2ай ішінде

v 4. Аборттан сон 4-6 айға дейін

Біріншілік жасанды түсіктің, жоспарланбаған біріншілік босанудың және жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу жасөспірімдер контрацепциясының негізгі мақсаттары болып табылады. Жасөспірімдер контрацепциясының талаптары:

1. Жоғары нәтижелілік

2. денсаулыққа зиян болмау

3. қолдануға оңай

4. қолжетімді

Контрацепция әдістерін бөлеміз:

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru физиологиялық;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru тосқауылдық (механикалық);

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru спермицидтік (химиялық);

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru гормональды;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru жатырішілік;

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru шұғыл контрацепция.

Жоғарыда аталғандардан жасөспірім қыздарға келесі контрацепция әдістері ұсынылады:

Ø тосқауылдық (механикалық);

Ø спермицидтік (химиялық);

Ø гормональды;

Ø шұғыл контрацепция.

Контрацепцияның тосқауылдық әдістеріне кіреді: мүше қаптар, қынаптық диафрагмалар, мойындық қалпақшалар, контрацептивтік губкалар.

Мүшеқаптарды қолдану қажет емес жүктіліктен сақтап қана қоймай, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекцияның соның ішінде АИД инфекциясынан сақтайды. Мүшеқаптың жыртылуы (150-300 жыныстық қатынасқа 1 жағдай) бұл әдістің негізгі кемшілігі болып табылады. Сондықтан контрацептивтік тиімділігі салыстырмалы төмен, Перл индексі- 12,5-20,0.

Сперматазоидтардың каналға кіруіне механикалық кедергі келтіретіндей етіп, жатыр мойнын жауып, диафрагманы қынапқа енгізеді. Жиі диафрагмамен бірге спермицидтік гельмен немесе креммен қолданады. Ол оның контрацептивтік тиімділігін арттырады. Перл индексі 12,0-14,0. Қынаптық диафрагмаларды және мойындық қалпақшаларды қолдану қиын және контрацептивтік тиімділігі төмен болғандықтан жасөспірімдерге тиімділігі аз.

Контрацептивтік губка өзіне механикалық және химиялық әдістердің әсерін біріктірген. Ол жатыр мойны каналына сперматозоидтардың енуіне кедергі келтіреді және спермицидтік зат бөледі. Бұл әдіс өолдануға ыңғайлы және жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан қорғайды, бірақ контрацептивтік тиімділігі 13,9-24,5. Тиімділігі төмен болғандықтан жасөспірімдерге ұсынылмайды.

Контрацепцияның спермицидтік әдісі сперматозоидтардың жасушаларының мембранасын бұзатын заттарды қолдануға негізделген. Бұл препараттарды дұрыс қолану өте маңызды: спермицидтер жыныстық қатынасқа 0,5-1 сағат бұрын қынапқа терең енгізіледі. Олар жатыр мойнымен тиіп тұру керек. Перл индексі– 0,68.

Спермицидтермен тосқауылдық әдістерді біріктіріп қолданғанда контрацептивтік тиімділігі артады. Мысалы: мүшеқап немесе диафрагмамен спермицидтерді біріктіріп қолдану жүктіліктің болу қаупін азайтады, жынстық жол арқылы берілетін көптеген аурулардан, белгілі бір қорғаныс қамтамасыз етеді, қабыну ауруларының даму қаупін бірнеше есе төмендетеді. Бұл мәселелер жасөспірімдер үшін актуальды. Тұрақты емес, эпизодты жыныстық өмірде қолану мүмкіншілігі бұл әдістердің артықшылығы болып табылады.

Гормональды контрацептивтердің әсер механизмі:

ü гонадтропты гормондардың секрециясын және аналық бездің овуляторлы функциясын төмендету;

ü сперматозоидтардың жатыр қуысына енуіне кедергі келтіретін цервикальды шырыштың тұтқырлығын жоғарылату;

ü эндометрийдің өзгеруіне байланысты жұмыртқа жасушасының имплантациясының алдын алу.

Гормональды құрамына байланысты гормональды контрацептивтер бөлінеді:

Ø комбинирленген оральды контрацептивтер (КОК);

Ø құрамында прогестерон бар контрацептивтер (мини-пили).

комбинирленген оральды контрацептивтер құрамында эстроген (этинил эстрадиол ЭЭ) және прогестаген бар. Эстрогендер санына байланысты бөлінеді:

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru жоғары дозалы КОК — 35 мг көп ЭЭ (Овидон, Антеовин);

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru төмен дозалы КОК — 30 мг ЭЭ (Марвелон, Фемоден);

Балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру - student2.ru микродозалы КОК — 20 мг ЭЭ (Логест, Линдинет 20, Новинет, Мерсилон).

Енгізу жолына байланысты бөлінеді:

v оральды (таблеткаланған);

v инъекциялық (Депо-Провера);

v имплантанттар (Норплант);

v трансдермальды (Евра);

v қынаптық (НоваРинг).

Таблеткаланған КОК монофазалық, екі- және үшфазалы болып бөлінеді. Монофазалық КОК- әр таблеткасында бірдей мөлшердегі эстроген және гестагендік компоненттер бар. Екі- және үш фазалық КОК- науқастың қабылдайтын циклдың фазасына байланысты әр таблеткасындағы эстрогендік және гестагендік компоненттері әртүрлі.

ДДҰ мәліметтеріне сәйкес жасөспірімдерге жүктіліктің алдын алу үшін монофазалық препараттар ұсынылады. Артықшылықтары:

v контрацепцияның инвазивті емес заттарының ішіндегі тиімділігі жоғары;

v әдістің өайтымдылығы оңай;

v Қауіпсіз әдіс және ұзақ қолдану мүмкіндігі.

Заманауи КОК жоғары тиімді, жас қыздың етеккір циклының реттелуіне септеседі, дене салмағының арттырмай альгодисменореяны жояды, зат алмасу үрдісін бұзбайды, гормональды дефициттің орнын толтырады, қосымша емдік қасиеттері бар. Жанама әсерлері қабылдаудың алғашқы 3 айында көрінуі мүмкін, кейін олар жойылады.

Құрамында прогестаген бар таблеткалар (мини-пили). Тиімділігі төмен, бірақ құрамында гестагендердің минимальды дозасының болуына және эстрогендердің болмауына байланысты жасөспірім ағзасы үшін зиянсыз. Бұл топқа Экслютон и Чарозетта препараттары жатады. КОК қабылдауға қарсы көрсеткіштері (қан ұю бұзылысы бар, бауыр аурулары, қантты диабет, АГ, лактация) бар адамдарға осы препараттарды қабылдауға болады.

Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан қорғамауы бұл әдістің айтарлықтай кемшілігі болып табылады.

Г.Гритсес көзқарасы бойынша жасөспірімдерге жүктіліктің алдын алу үшін «екілік» әдісі қолдану керек. Ол төмен дозалы оральды контрацептивтерді және мүшеқаптарды қолдану.

Жатырішілік контрацепция (ЖІК). Жатыр қуысының көлемі кіші болғандықтан, жасөспірімдер үшін бұл әдіс тиімсіз. Себебі ол серіппенің түсуіне және тіпті жатыр перфорациясына әкелуі мүмкін

Шұғыл контрацепция әдісі жоспарланбаған жүктіліктің пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Контрацепцияның бұл түрі посткоитальды, экстремальды, тез, лездік деп те аталады.

ШК қолданылатын жағдайлар:

v Егер қорғалмаған жыныстық қатынас болса (яғни, ешқандай контрацептивтік әдістерсіз);

v Егер жыныстық қатынас барсында мүшеқап жыртылса немесе шығып кетсе;

v Егер әйел қынаптан диафрагманы немесе қақпақшаны ерте алса;

v Егер ЖІС экспульсиясы анықталса (өзіндік түсуі);

v Егер әйел жүктіліктің алдын алатын таблеткаларын қолдануды ұмытса немесе кеш қабылдаган жағдайда;

v Егер әйел жыныстық қатынасқа күштеп итермеленсе.

Шұғыл контрацепция әдістері:

v Гормональды препараттарды қолдану (Юзпе, Даназол әдістері);

v Шұғыл контрацепция үшін арнайы дайындалған таблеткалар (гормональды, гормональды емес);

v ЖІ контрацепция.

Ұсыныстар

Ø Тұрақты емес жыныстық өмірі бар көптеген жасөспірімдер үшін, мүшеқап контрацепция әдісі ретінде ұсынылады. Ол жүктіліктен ғана емес, сонымен қатар ЖЖБИ және белгілі бір жағдайларда ЖИТС қорғайды.

Ø Жасы үлкен қыздар химиялық заттармен қосарланған қынаптық диафрагмаларды қолдана алады. Шарты- диафрагманы үнемі қолданбау және тұрақты серіктес.

Ø Физиологиялық әдісті тұрақты етеккір циклы бар, дисциплинамен ерекшеленетін және тұрақты бір серіктесі бар қыздарға ұсынуға болады.

Ø ЖІ контрацептивтік заттарды жүктілігі болып қойған жасөспірімдерге ұсынуға болады. Шарты- инфекцияның болмауы, тұрақты бір серіктес.

Ø Төмен дозалы оральды контрацептивтер тұрақты жыныстық өмірмен өмір сүретін қыздар үшін тиімді. Шарты- экстрагенитальды аурулардың болмауы.

Ø Барлық жасөспірімдерде шұғыл контрацепция әдістер туралы білуі керек. Осы арқылы олар жоспарланбаған жүктіліктен және жасанды түсіктен сақталады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта келе, контрацепция әдістерінің және заттарының алуан түрі бар екенін білдік. Жасөспірімдерге ішінен ең жақсысы спермицидтермен біріккен тосқауылдық әдіс, гормональды препараттар келеді.ал ЖІ заттар және физиологиялық әдіс сәйкес келмейді. Контрацепция әдісін жасөспірімнің жауапкершілік дәрежесіне, жыныстық өмірінің қарқынына, экстрагенитальдық ауруларының болу- болмауына, жыныстық серіктесінің тұрақтылығына, жүктілікке байланысты жоспарларына негізделіп, индивидуалды таңдалынылады. Себебі дұрыс және уақытылы жүргізілген контрацепция жасөспірім қыздың және болашақ ананың репродуктивтік денсаулығын сақтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Под редакцией. В. Н. Прилепской Руководство по контрацепции

2. С. Тор-Видеманн Контрацепция. Естественный метод

3. Б. Денисов, В. Сакевич Применение контрацепции в России (по материалам выборочного обследования). "Доказательная медицина и клиническая эпидемиология". М.: Ньюдиамед, 2009, вып. 1. Проверено 1 декабря 2009.

4. Пересада О.А., Колодко Т.В. Методы контрацепции: современные подходы и новые возможности. Минск: БелМАПО, 2006.

5. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V050003502_

6. http://atyrau-zozh.kz/attachments/article/110/%D0%BC%D1%86%D0%B7%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7%20%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82.pdf

Наши рекомендации