Эхокардиографиялық зерттеу картасы

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай:«Сол атриовентрикулярлы тесіктің стенозын диагностикалау»

Ситуациялық жағдай:Сіз – кезекші дәрігер.Қабылдау бөліміне 22 жастағы ер адам келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы қорытынды (outcomes):

1. Жүрек дерті бар науқастарды сұрастыруды және физикальді қарауды жүргізу: жүрек пальпациясы және аускультациясы

2. Жүрек ақауларының клиникалық диагностикасын білу

3. Жүре пайда болған ақаулардың салыстырмалы диагностикасын білу

4. Диагностиканың ақпараттық әдістерін, ЭхоКГ, ЭКГ, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясын интерпретациялауды білу

5. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бар науқастарды жүргізу тәсілі, функциональдді жағдайының мониторингі

«Сол атриовентрикулярлы тесіктің стенозын диагностикалау»

клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні______________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

Қадамдары бағалау критерийлері Баллдық бағасы
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындамады
Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Физикальді зерттеу –тыныс алу жүйесін 1,0 0,5
Жүрек түрткісін пальпациялау – оның өзгерістері анықталды ма. АҚ және ЖСЖ 1,0 0,5
Жүрек аускультациясы 1,0 0,5
Жүрек ақауының болуын негіздеу 1,0 0,5
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
Салыстырмалы диагнозды, мүмкін болатын асқыннуларды негіздеу 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
ЖҚА, СРБ, АСЛ-О интерпретациялау 1,0 0,5
Р-грамманы интерпретациялау 2,0 1,0
ЭКГ интерпретациялау 2,0 1,0
ЭхоКГ интерпретациялау. Кардиохирург кеңесінің қажеттілігін негіздеу 2,0 1,0
Қорытынды диагнозды негіздеу 2,0 1,0
Асқынуларды алдын алу 1,0 0,5
Науқасты операцияға дайындау шараларын жоспарлау 1,0 0,5
Науқаспен оптимальді қатынасты орнатып, қобалжуды басу 1,0 0,5
Барлығы  

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағу, ентігу, құрғақ жөтел, бір реттік қан түкіру болды. Төсекке жатқан кезде – қатты ентігу пайда болады, сондықтан жоғары орналасқан жастық қойып, жартылай отырып ұйықтауға мәжбүрлі.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Ентігу сипатын анықтау Ентігу қандай – тыныс алу әлде тыныс шығару қиын ба? Тыныс алу қиын
Ентігудің физикалық жүктемемен байланысы Қандай жүктеме кезінде ентігу мазалайды? Ентігу шамалы ғана физикалық жүктемеде, бөлмелер арасында қозғалғанда, қарқынды құрғақ жөтелмен мазалайды
Жүрек соғуы   Жүрегім кеудеден шығып кететін сияқты, тыныс алуым қиындап, көз алдым қарайып, басым айналады.
Қан қақыру   Бір рет қатты жөтелгенде шамалы ғана қан ұйындысы шықты

Анамнезінде: Өзін қалыпты жүктемені көтере алмағаннан бастап шамамен жарты жылдай аурумын деп санайды. Жағдайының нашарлауын суық тиюмен байланыстырады. Шамалы ғана физикалық жүктемеде қатты жүрек соғуы және ентігу мазалайды. Бала кезінен жиі суық тиюмен байланысты аурулармен, баспамен ауырған. Буындары ауырған.

Объективті: бойы 162 см және салмағы 58 кг. Дене бітімі қалыпты. Тері жабындылары боз, шамалы акроцианоз. Беттері нәзік қызарған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде крепитация естіледі. ТАЖ 22 рет минутына. Жүрек ұшы түрткісі ығыспаған, әлсіреген. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында қолтық асты аймағына берілетін диастоликалық шуыл естіледі. Сол жақ II қабырғааралықта 2 үннің акценті естіледі. Бауыры қабырға доғасы бойымен.

АД 112/78 мм.сб.б., ЖСЖ 60 рет мин

Ескерту: K plus – А-2-3


ЖҚА: эритроциттер 4,3х1012 гемоглобин 134 г/л, ТК 0,94, лейкоциттер 5,6х109/л, с/я 62%, т/я – 6%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 27 мм/с. ЖЗА: мөлшері 100,0 мл, салыстырмалы салмағы – 1022, түсі – сары, лейкоциттер – 2-3 к/а.
СРБ ++, АСЛ-О 1:250.  

ЭКГ

Эхокардиографиялық зерттеу картасы - student2.ru

Эхокардиографиялық зерттеу картасы

Аты-жөні___Н____________________________________________________________

Жасы 22 ______________________________________________________________

Митральді қақпа____митральді тесік аумағы-1,6 см2____________

Жармаларының және фиброзды сақина кальцинозы, алдыңғы митральді жарманың ерте диастолалық жабылу жылдамдығының айқын төмендеуі _

Аорта (негізінің қуысы) 2,6_см______________________________________________

Трикуспидальді қақпа_______________________________________________________

Өкпе артериясы 2,0______қысымы=35 мм.сб.б.______________________________

Өкпе артериясының қақпасы________________________________________________________

Сол жүрекше. Диастолада өлшемі_5,2__см_____________________________________

Систолада өлшемі_______________________________________________________________

Оң қарынша. Диастолада қуыстың өлшемі 4,5см__________________________

Сол қарынша. Соңғы диастолалық өлшем 4,0_____________________________________________

Соңғы систолалық өлшем 2,1

Диастолалық көлем 76_____________________________________________________

Систолалық көлем 23______________________________________________________

Айдау фракциясы 62%______________________________________________________

Диастолаға артқы қабырғасының қалыңдығы 1,0-1,2_______________________________________

Қарынша аралық перде 0,8-0,9_________________________________________

Орытындысы: сол жүрекшенің өлшемдері ұлғайған, митральді тесіктің аумағы азайған; қарынша аралық пердеге қарай митральді қақпақша жармаларының топтас қозғалуы; қақпақшалар құрылымының және фиброзды сақинаның кальцинозы. Өкпе гипертензиясының белгілері.

Эхокардиографиялық зерттеу картасы - student2.ru

Эхокардиографиялық зерттеу картасы - student2.ru

Эхокардиографиялық зерттеу картасы - student2.ru

«Сол атриовентрикулярлы тесіктің тарылуының диагностикасы»

Наши рекомендации