Торакоскопия немесе плевроскопия.
Дәрістің тақырыбы:Тыныс ағзалары ауруларын зертханалық және аспаптық зерттеутексерулер.
Дәрістің жоспары:
1.Тыныс ағзалары аурулары бар науқастарда алынатын зертханалық зерттеулер.
2.Рентгенологиялық зерттеулер.
3.Эндоскопиялық зерттеу.
4. Спирография, пневмотахография, пневмотахометрия.
Зертханалық зерттеу.
- Қанды жалпы клиникалық зертгеу.
- Қанды биохимиялық зерттеуге алу: жалпы белок, холестерин, глюкоза, билирубин мөлшерін анықтау.
- Несепті жалпы клиникалық зерттеу.
- Қақырықты зерттеу.
- Плевра қуысын пункция жасау.
Аспаптық зерттеулер.
- Қан қысымын өлшеу.
- Тыныс ағзаларын рентгенологиялық зерттеу: флюорография, рентгеноскопия, рентгенография, бронхография.
- Эндоскопиялық зерттеу: бронхоскопия (диагностикалық және емдік)
- Аспаптық функциональдық зерттеу: спирография, пневмотахография, пневмотахометрия, плетизмография.
- Тыныс ағзаларын радионуклидті зерттеу (сцинтиграфия).
Тыныс жүйесі ағзаларын рентгенологиялық зерттеу.
Тыныс ағзаларын рентгенмен тексеруде рентгеноскопия және рентгенография қолданады.
Өкпені рентгенографияға түсіргенде науқас вертикаль қалыпта рентген трубасынан 1,5 м қашықтықта тұруы керек, егер науқастың жағдайы ауыр болса тесекте жатқан қалпында түсіреді. Кеуде торын рентгенографияда тексерудің мақсаты өкпе мен плеврадағы, көкірек қуысындагы, көкеттегі, жүрек және ірі қан тамырлардағы патология ошақтарын анықтау.
Тыныс ағзаларын зерттеуде рентгенографияның төмендегі түрлері қолданылады.
А). Томография. Рентгенографияның бұл түрлі тереңдікте орналасқан өкпе ұлпасындағы патологиялық процесстің (туберкулема, каверна, метастаздар, өкпе түбірінің кеңеюі, артерио-венозды деформациялар) бар екендігін растау мақсатында жасалады.
Б). Кимография; жүрек және ірі қан тамырлар экскурсиясын тіркеуәдісі.
В).Электрокимография; рентгенологиялық зерттеу негізінде жүректің жылжымалылығын график түрінде электронды тіркеу әдісі.
Г). Бронхография дегеніміз - тыныс жолдарын жансыздандырғаннансоң, бронх тарамдарын контрасты затпен толтырып суретке алу, кейінтомограммада қайта тексеріп көру.
Д). Өкпе ангиографиясы артериальды катетер арқылы шеткі немесеорталық көк тамырға контрасты зат жіберіп зерттеу әдісі.
Е). Пневмомедиастинум- бұл көкірек қуысына ауа жіберіп өкпетүбіндегі және көкірек қуысындағы лимфаденопатияларды анықтауәдісі.
Жүрек қан тамырлар жүйесін рентгенологиялық зерттеу. Кардиологиялық науқастарда рентгеноскопия, рентгенография (кардиография) көмегімен жүрек және оның бөліктері, ірі қан тамырлардың көлемі, перикард қабатындағы сұйықтық деңгейі, өкпедегі қан айналу жағдайы, кеуденің деформациясы мен қабырғалардағы өзгерістер анықталады. Жүрек камераларындағы өзгерістерді рентгенмен тексеру үшін, өңеш контрасты затпен (барий сульфатпен) толтырылады.
Емдік бронхоскопия.
Емдік бронхоскопия жасауға көрсетілімдер:
1. Іріңді бронхитге бронх тарамдарын санация жасау.
Астматикалық статус кезінде ұсақ бронхылардың саңлауын шырыштан тазалау.
Эндобронхиальды катетер көмегімен абсцесс қуысын тазалап, антибактериялық препарат жіберу.
4. Тыныс жолдарына түскен бөгде затты алу.
Бронхтарды лаваж жасауда наркоз беріледі, соң эндобронхиальды катетер арқылы бронхофиброскоппен жасалады. Емдік бронхоскопияға қарсы көрсетілімдер:
Стенокардиямен ауыратын науқас .
Геморрагиялық диатезбен ауыратын науқас.
Жуырда миокард инфарктымен ауырған науқас .
Торакоскопия немесе плевроскопия.
Торакоскопия -бұл плевра қуысын эндоскоп көмегімен тексеру. Эндоскоп плевра қуысына пункция ету немесе кеуде торын кесу арқылы енгізіледі. Торакоскопия екі мақсатта жасалады.
диагноз қою мақсатында.
емдеу мақсатында.
Диагноз қою мақсатында мына төмендегі патологиялық жағдайларда жасалады: спонтанды пневмоторакс, пиопневмоторакс, плевра ісігі,плевра қабаттары дамуының кемістіктері, өкпедегі және көкірекқуысындағы қабыну процесстері мен ісіктер.
Емдеу мақсатында:
- 1. Бронхоплевральды жыланкөздерді емдеу ( күйдіру ).
- 2.Плевра қуысындағы бөгде затты алу үшін жүргізіледі.
Медиастиноскопия.
Медиастиноскопия - бұл көкірек қуысының алдыңғы бөлігін медиастиноскоппен тексеру.
- Медиастиноскопия етуге көрсетілімдер:
- Көкірек қуысындағы лимфа түйіндердің ұлғаю себебін анықтау.
- Өкпе обырында операция жасау мәселесін шешу.
- Лимфа түйіндердің ұлғаюымен сипатталатын өкпенің диффуздыпатологиялары.
Медиастиноскопия етуге қарсы көрсетілімдер:
- Қалқанша бездің өте қатты ұлғаюы.
- Қанның ұюының бұзылуы.
- Мойын тұсы мен көкірек қуысындағы қабыну процесстері.
- Өткір инфекциялық аурулар.
- Қолқа коарктациясы мен жоғарғы қуысты вена синдромы