Диарея симптомы ... жиі кездеседі.

Ер адам 24 жаста, 2 жылдан бері оң мықын аймағының әлсіз ауыруына шағымданды. Соңғы уақытта ауыру сезімі күшейген, тәулігіне көп мөлшерлі сұйық, көпіршікті 5-6 реттік нәжіс, бөртпелер, дене салмағының төмендеуі, буындарының ауыруы, бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Оң мықын аймағын пальпациялағанда инфильтратты ауыру сезімі байқалды. ҚЖА: анемия. Қандай зерттеу әдісі жетекші синдромды нақтылайды?

/

Кұрсақ қуысының КТ

/

Құрсақ қуысының шұғыл рентгенограммасы

/

Ректороманоскопия

/

Ирригоскопия

/

Тік ішек биопсиясы мен колоноскопия

!

Науқас 55 жаста, жүрек айнуына, қыжылға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, әлсіздікке, бас ауыруына, аптасына 1-2 рет болатын геморройлық түйіндерден қан ағуға шағымданды. Об-ті: тәбеті жоғарылаған, іші кебіңкі, құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары кеңейген. Бауыр УДЗ: оң бөлігі 15см, сол бөлігі 9см, эхотығыздығы жоғарылаған, v.portae диаметрі 14мм. Эластография – 18 кПа. Науқаста портальді гипертензия синдромын нақтылайтын порталды жүйенің қысым градиентін көрсетіңіз:

/

5-7мм сын.бағ.

/

8-10мм сын.бағ.

/

12мм сын.бағ.жоғары

/

11-12мм сын.бағ.

/

2-4мм сын.бағ.

!

Науқас 40 жаста, тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданды. Аталған симптомдар жиынтығы келесі ауруға тән:

/

Кардий ахалазиясына

/

Диафрагманың өңештік тесігінің жарығына

/

Өңештің дивертикуліне

/

Өңештің пептикалық жарасына

/

Өңештің қатерлі ісігіне

!

Асқазандық диспепсия синдромының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом:

/

Жүрек айну

/

Тез тою сезімі

/

Аш қарынға және түнгі ауырсыну

/

Қыжылдау

/

Тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында керу сезімі

!

Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданды. Об-ті: эпигастрий аймағында ауырсыну. ҚЖА: Нв 90 г/л, эр. 3,8 х 1012/л, жалпы белогі 56 г/л. Рентгендік зерттеуде: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында қалтқыға шығып тұрған алып қыртыстар. Жетекші синдромдар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

/

ішектік диспепсия, анемиялық. Ирригоскопия

/

асқазандық диспепсия, эпигастрий аймағының ауырсыну, анемиялық. Асқазанішілік манометрия

/

асқазандық диспепсия, эпигастрий аймағының ауырсыну, анемиялық. ФЭГДС нысаналы биопсиямен

/

ішектік диспепсия, анемиялық. Ирригоскопия, ректороманоскопия

/

ішектік диспепсия, анемиялық. Ирригоскопия Колоноскопия биопсиямен

!

Жіңішке ішектің қызметінің төмендеуі нәтижесінде гиповитаминоз, ісіну, гипоальбуминемия, дене салмағын жоғалту және диареямен көрінетін кешенді бұзылыстар дамыды. Жоғарыда көрсетілген белгілер мына синдромға тән:

/

Мальабсорбция синдромына

/

Іштің тітіркену синдромына

/

Темірмен жүктелу синдромына

/

Демпинг-синдромына

/

Мальдигестия синдромына

!

50 жасар ер адам шылым шегеді, тұншығу ұстамасына, кеуденің төменгі үштен бір бөлігінің күйдіріп ауырсынуына, қышқылмен кекіруге шағымданды. Теофиллин препаратын қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеген. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы қалыптыдан 91%. Жетекші синдромды белгілеңіз. Тиімді зерттеу әдісі:

/

асқазан-өңештік рефлюкс, бронхтық обструкция. ФЭГДС

/

ангинальді синдром. ЭхоКС

/

асқазан-өңештік рефлюкс, бронхтық обструкция. Асқазан рентгеноскопия

/

бронхтық обструкция. Кеуде клеткасының рентгенографиясы

/

бронхтық обструкция. Спирография

!

22 жастағы науқас, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдері, ентігу, жиі кекіру дамиды. Об-ті: перкуссияда IV қабырға аралыққа дейін тимпанды дыбыс. Рентгендік зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) анықталды. Бұл симптомдар жиынтығы мына патологияға нұсқайды:

/

Созылмалы гастритке

/

Ойық жара ауруына

/

Диафрагманың өңештік саңылауы жарығына

/

Эмфиземаға

/

пневмоторакске

!

Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

/

Созылмалы панкреатиттің латентті формасына

/

Созылмалы панкреатиттің псевдоісіктік формасына

/

Созылмалы панкреатиттің склероздаушы формасына

/

Созылмалы панкреатиттің рецидивті формасына

/

Созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасына

!

Диарея, креаторея, стеаторея және нәжіс реакциясы сілтілі болатын диспепсиялық синдром асқазан қышқылдығының келесі бұзылысында дамиды:

/

декомпенсацияланған гиперхлоргидрияда

/

компенсацияланған гиперхлоргидрияда

/

қалыпты қышқылдықта

/

ахлоргидрияда

/

гипохлоргидрияда

!

Ер бала 19 жаста, студент. Әдеттегідей көлемді тағам қабылдағаннан кейінгі эпигастрий аумағындағы толу, тез тою сезіміне шағымданып қаралды. Сонымен қатар кекіру, іштің кебуі аптасына бірнеше рет көрініс берген. Қазіргі шағымдары жарты жылдан астам уақыттан бері мазалайды. Об-ті: тілі ылғалды, тілдің түбі ақ жабынмен қапталған. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасында, көкбауыр пальпацияланбайды. Жоғарыда көрсетілген симптомдар жиынымен жүретін болжам диагноз:

/

Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

/

Созылмалы гастрит

/

Функциялық ойық жаралы емес диспепсия

/

Өт шығару жолдарының дискинезиясы

/

Ойық жара

!

53 жастағы ер адам, есірткі қолданады, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, арықтау, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжіс түсінің ағаруына шағымданды. Гепатомегалия, сарғаю синдромы бар бұл науқасты зерттеудің тиімді әдісі:

/

цитолиз маркерларын анықтау

/

Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

/

Бауыр биопсиясы

/

Бауырды УДЗ

/

Радионуклидті сканнерлеу

!

Функциялық диспепсияның негізгі диагноздық критерийлері:

/

Органикалық аурулардың клиникалық белгілерінің болуы

/

Биохимиялық ауытқулардың болмауы

/

Асқазан шырышты қабатында морфологиялық өзгерістердің болмауы

/

Тән шағымдарының болуы

/

Органикалық аурулардың биохимиялық, эндоскопиялық ультрадыбыстық және морфологиялық белгілерінің болмауы

!

Жас әйелді қатты уайымдағанда ішінде шұрылдау және «құйылу» сезімі, жиі тұрақсыз үлкен дәрет, ішектердегі түйіліп ауыру сезімі және тенезмдер мазалайды. Зерттеу кезінде органикалық патология анықталмады. Осы диспепсиялық синдромды емдеу мақсатында көрсетілген топ дәрмектерін тағайындау тиімді:

/

Н2-гистамин блокаторлары

/

Седативті

/

Спазмолитиктерді

/

Антацидтерді

/

Ферменттерді

!

Жіңішке ішек патологиясындағы іштің ауырсыну синдромының күшеюі байқалады:

/

Таңертең ерте

/

Күннің екінші жартысында

/

Түскі тағам уақытына таман

/

Күннің бірінші жартысында

/

Түске таман

!

42 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, салмағының азаюына, ішінің көлемді ұлғаюына шағымданды. Об-ті: сарғаю, портальді гипертензия, гепатомегалия, холестаз синдромдары. Диагнозды нақтылау үшін ақпаратты зерттеу әдісін көрсетіңіз:

/

Ретроградты холецистография

/

Дуоденальді зондылау

/

Панкреатохолангиография

/

Бауырдың пункциялық биопсиясы

/

Дуоденоскопия

!

36 жастағы әйел іштің төменгі квадрантындағы ауыру сезіміне, патологиялық өзгеріссіз, тәулігіне 2-3 рет болатын сұйық, ботқа тәрізді үлкен дәретке шағымданды. Об-ті: науқас жүдеген, ауыз қуысында көптеген афталар, пальпацияда ішек бойымен ауырсыну сезімі анықталды. Ректороманоскопияда анальді сызаттар. Ирригоскопияда көлемі әр түрлі ойық жаралар, ішек стриктуралары анықталды, шырышты қабаттары «тас көпір» тәрізді. Болжам диагнозын көрсетіңіз:

/

Крон ауруы

/

Созылмалы колит

/

Ішек туберкулезі

/

Ішек амилоидозы

/

бейспецификалық жаралы колит

!

53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю синдромы пайда болған. Ішімдікпен әуестенеді. Об-ті: сарғаю синдромы, телеангиоэктазиялар. Іші кебіңкі. Гепатоспленомегалия. Қан анализінде: анемиялық синдром, ЭТЖ 36мм/сағ., гипербилирубинемия 56мкмоль/л, тікелей фракциясы есебінен. Аталған синдромдар негізінде болжам диагнозды таңдаңыз:

/

Алкогольді этиологиялы бауыр циррозы

/

Созылмалы алкогольді гепатит

/

Созылмалы криптогенді гепатит

/

Созылмалы дәрілік гепатит

/

Криптогенді бауыр циррозы

!

Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну-асциттік синдромы дамыды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін шектеу ісінуді азайтпады. Тиімді дәрмекті таңдаңыз:

/

Урегит

/

Триампур

/

Гипотиазид

/

Верошпирон

/

Лазикс

!

Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен ерекшелігі:

/

Портокавальді және кава-кавальді анастомоздардың болуы

/

Цитолиздік синдромның болуы

/

Холестаздық синдромның болуы

/

Холемия синдромының болуы

/

Паренхималық сарғаюдың болуы

!

Жасар ер кісі, бойы 180см, салмағы 70кг, көкірек тұсының күйдіріп ауырсынуына шағымданды, ауырсыну тізерлегенде, горизонталь қалыпта, тамақтан кейін күшейеді, сода ерітіндісін қабылдағаннан кейін, кекірген кезде ауырсыну басылады. Науқаста ... болуы мүмкін.

/

Гастрит

/

рефлюкс-эзофагит

/

стенокардия

/

асқазан шыға беріс бөлігінің рагі

/

миокард инфаркті

!

Созылмалы панкретитке тән ауырсыну сезімі симптомының ерекшелігі:

/

тамақ қабылдаумен байланысты емес, эпигастрий аймағының арқаға жатқанда күшейетін ауыру сезімі;

/

іштің жоғарғы бөлігінде интенсивті, белді бойлайтын, Шофар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, тамақпен басылмайды, күннің екінші жартысында, түнде пайда болады;

/

15 минуттан 5 сағ дейін созылатын, оң жақ қабырға астында орналасатын, жиірек кешке, түнде пайда болатын ауыру сезімі, Мерфи, Мюсси- Георговский симптомдары оң;

/

Оң жақ қабырға астындағы қарқынды емес сыздап ауыру сезімі, көп мөлшерде майлы тағамды қабылдаумен шақырылатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі;

/

эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін, антацидтерді қабылдағаннан кейін басылатын ауыру сезімі, Мендель симптомы оң.

!

Гипергастринемия, гиперацидті жағдай, 12 елі ішектегі және асқазандағы көптеген жаралар анықталуы тән:

/

Дабин-Джонсон синдромына

/

Золлингер – Эллисон синдромына

/

Жедел панкретитке

/

Крон ауруына

/

Бауыр циррозына

!

Диарея симптомы ... жиі кездеседі.

/

созылмалы панкреатитте

/

12 елі ішек ойық жарасында

/

созылмалы энтеритте

/

өт тасы ауруында

/

тоқ ішек қатерлі ісігінде

!

Өт шығару жолдары дискинезиясының гипотониялық түріндегі ауырсыну синдромының сипаттамасы:

/

Спазмолитиктермен басылады

/

Ауырсыну тағам қабылдаумен байланысты

/

Интенсивтігі шамалы, тұйық

/

Эмоциялармен байланысты

/

Ұстама тәрізді

!

Бейспецификалық жаралы колит диагностикасындағы басты симптомға жатады:

/

іштің толғақ тәрізді ауырсынуы

/

нәжісте қан және кілегейдің болуы

/

іш қату

/

метеоризм

/

іш өту

!

Крон ауруының дифференциялық диагнозы мына аурулармен жүргізіледі:

1. аппендицит;

2. тік ішектің қатерлі ісігі;

3. туберкулезді мезоаденит;

4. тітіркенген тоқ ішек синдромы.

Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:

/

– 1,2,3;

/

– 2,4;

/

– 4;

/

– 1,3;

/

– 1,2,3,4.

Наши рекомендации