Йелдің жыныс мүшелерін УДЗ-ге дайындау.

Мақсаты-студентке әйелдің жыныс мүшелеріне УДЗ-ді жүргізуге дайындықты үйрету.

Көрсетулері-кіші жамбас мүшелерін тексеру.

Қарсы көрсетулері-жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.

Ресурстары-тақтай төсек,УДЗ-аппарат,1-1,5 литр сұйықтық, жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, күйектер (мүшеқаптар), сабын, орамал, гель.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Өзіңізді таныстырыңыз,әйелге қазіргі емшараның орындалу қажеттілігін, зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2.Зерттеуден 2-3 күн бұрын рационнан газ шығаратын (сүт,қырыққабат, қара нан, бұршақ тұқымдастар және басқалары) азық-түлікті алып тастауды ескертіңіз.

3.Газ шығарудың жоғарылауы кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша белсендірілген көмірді беріңіз.

4.Зерттеуді асқазанға жүргізілетінін ауруға ескертіңіз.

5.УДЗ-ге 2-3 сағат қалғанда (зерттеу күні) ауруға 1-1,5 литр сұйықтықты (шай, су, компот, шырын, газы жоқ минералды су) ішуге беріңіз.

6.Әйелге зерттеуге дейін кіші дәретке бармауын ескертіңіз.

7.Ауруды зерттеу орнына дейін жеке орамалымен және ауру тарихымен бірге апарыңыз.

8.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

9.Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

10.Ауруды тақтай төсекке жатқызыңыз.

11.Емшараны орындау кезінде дәрігерге көмек көрсетіңіз, оған УДЗ аппаратының детекторын (қабылдауыш) (датчик), күйектерді және басқаларын бере отырыңыз.

12.Зерттеуден кейін әйелді жатқан орнына апарыңыз.

13.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ- ға салыңыз.

14.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15.Ауру тарихына зерттеу мәліметтерін желімдеңіз.

Ескерту. Ультрадыбысты зерттеу ең ыңғайлы және қауіпсіз болып есептеледі. Рентгенологиялық зерттеудің қиынға түсетін құрылымның бейнелерін ультрадыбыстың көмегімен алуға болады. Қазіргі ультрадыбысты аппаратура кіші жамбас мүшелерін құрсақтық, қынаптық,ректалдық қабылдауыштың (датчиктердің)көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді.

Гинекологияда УДЗ үшін көрсетулері өте кең берілген.

Ұстаным бойынша ,гинекологке келген әр әйелге ультрадыбыстың көмегімен кіші жамбасты көзбен шолып шыққан дұрыс.Әдістің қарсы көрсетулері жоқ болғандықтан ,кейбірде аурудың жағдайы өте ауыр болғанда және зерттеудің басқа қосымша әдістерін қолдануға мүмкіндік болмаған кезде,бұл таптырмайтын әдіс болып есептеледі.

Операцияға дәрігер акушер-гинекологты киіндіру.

Мақсаты-студентке операция алдында дәрігер акушер-гинекологті киіндіруді үйрету.

Көрсетулері-акушериялық және гинекологиялық операциялар.

Қарсы көрсетулері-жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ

Ресурстары-ақ жаймалары бар стерилді бикс, 96% этил спирт,стерилді корнцанг, стерилді пинцет, стерилді шариктер, стерилді бір рет киетін резеңке қолғаптар,стерилді вазелин майы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

2.Санитарбикенің пинцетпен бикстен алып берген құрғақ сүлгісімен, қолдарыңызды құрғатыңыз.

3.Хирургке спиртке малынған шарикті корнцангпен алып беріңіз, осымен дәрігер акушер-гинеколог қолдың саусақбілезігін тазалайды.

4.Бикстен халатты алыңыз.

5.Оны көтеріп тұрып айналдырып жазыңыз, дәрігердің екі қолыда бірден жеңдеріне лезде киюіне мүмкіндік жасаңыз.

6.Санитарбике жоғарғы бауларды тарта отырып ,оларды артқы жағынан байлайды.

7.Баулардың ұштарынан ұстап ауыз мұрынжапқышпен бірге стерилді үшкіл орамалды беріңіз.

8.Хирург ештеңеге қолдарын тигізбей, ауызмұрынжапқыштың бұрышынан ұстап алып,бауларын артқа қарай лақтырып тастайды.

9.Санитарбике бауларды артқы жағынан байлайды.

10.Хирургке бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды кезегімен беріңіз.

11.Қолғаптың манжеттін саусақтардың ұштарымен алыңыз,оны көтеріп ашыңыз,өзіңіздің саусақтарыңызды манжетпен жабыңыз.

12.Қолғапты алақан жағымен хирургке қарай аударыңыз.

13.Хирург қолын қолғапқа кіргізеді (кию кезінде қиындық болса,онда қолдарды вазелин майымен майлауға болады).

14.Манжетті түзетіп жазыңыз ,ол халаттың манжетін тартып тұруы қажет.

15.Хирургке спиртке малынған шарикті беріңіз,ол онымен қолғаптар киген қолдарын тазалайды.

Наши рекомендации