Гастроэнтерология 169 тест бар Қайталанбасын тестер 180 жету керек

~ 9 жастағы ұл бала іштің ұстамалы ауыруына, тәулігіне 3-5 рет шырыш пен қан араласқан іштің өтуіне шағымданады. Бірнеше рет инфекциялық ауруханада емделген, бірақ бір де бір рет энтеропатогенді қоздырғыштар анықталмаған. Антибиотиктерден жағдайы жақсармаған. Объективті қарау: баланың тамақтануы төмен, бозғылт, іштің кебуі, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Анусы жабық. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| арнайы емес ойық жаралы колит

| 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| сальмонеллез

| дизентерия

| эшерихиоз

~ 14 жастағы қыз бала тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруына, кекіруге, лоқсуға, эпигастр аймағының қыжылдауына, іштің қатуына шағымданады. Осы шағымдар бірнеше жыл бойы байқалады, тексерілмеген.

Сіздің болжам диагнозыңың:

| созылмалы гастродуоденит

| асқазанның ойық жара ауруы

| 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| созылмалы холецистит

| созылмалы панкреатит

~ 8 жастағы қыз бала діңкәстікке, әлсіздікке, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің ұстамалы түрде күшеюіне шағымданады; сыздаған, шаншыған ауру сезімі майлы тағамды ішкеннен кейін 1-1,5 сағаттан кейін немесе физикалық күштемеден кейін пайда болады. Бала 1,5 жыл бойы ауырады. Пальпация: оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы. Қаптық симптомдары оң; бауыры үлкейген, ауырсынулы. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| өт шығару жолдарының дискинезиясы

| созылмалы холецистит

| созылмалы панкреатит

| 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| созылмалы гепатит

~ 1,5 жастағы ұл балада ЖІИ кейін сұйық, сулы, қышқыл, көпіршікті дәрет, метеоризм, іштің ауыруы байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| екіншілік лактазалы жетіспеушілік

| муковисцидоз

| жедел ішек инфекциясы

| экссудативті энтеропатия

| целиакия

~ 9 жастағы ұл бала қыжылдауға, тамақ аралас кекіруге, эпигастр аймағының ауру сезіміне шағымданады. Бұл шағымдар соңғы 2 ай бойы мазалайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы

| 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| мальабсорбция синдромы

| жедел панкреатит

| жедел холецистит

~ 10 жастағы бала 3 жыл бойы ревматизммен ауырады. Соңғы 2 ай эпигастр аймағында тамақ ішкенде және тамақтан кейін ауру сезімі, лоқсу, қыжылдау пайда болды. Фиброгастродуоденоскопияда асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабығының гипертрофиясы, гастроэзофагеалды рефлюкс анықталды. Сіздің қосымша зерттеу әдістерінің ең біріншісі:

| морфологиялық зерттеу

| асқазанды сүңгілеу

| дуоденумды сүңгілеу

| копрограмма

| ультрадыбыстық зерттеу

~ Созылмалы холециститпен ауыратын 7 жастағы ұл баланы тексергенде, өтте лямблиялардың вегетативті түрлері анықталған. Сіздің осы жағдайда болжамды диагнозыңыз;

| лямблиозды холецистит

| созылмалы холецистит

| ішектік лямблиоз

| созылмалы холецистопанкреатит

| өт шығару жолдарының дискинезиясы

~ 12 жастағы ұл бала түнгі уақыттағы, жиі аш ауру сезімге, әлсіздікке және ашушаңдыққа шағымданады. Шамамен 3 жыл бойы ауырады, соңғы кезде ауру сезімі жиілеп, қышқылмен кекіру, құсу, іш қатуы байқалады. Объективті қарау: бозғылт, тамақтануы төмен, қызыл дермографизм. Тілі қалың ақ қақпен басылған. Іші жұмсақ, эпигастр аймағының ошақты ауырсынуы байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| функционалды диспепсия

| созылмалы гастродуоденит

| өт жолдарының дискинезиясы

| созылмалы холецистит

~ Қыз бала, 11 жаста. Қарап тексергенде тремор, бұлшық еттің ригидтілігі, координацияның бұзылысы, сөйлеудің және жұтынудың бұзылыстары, гепатомегалия, спленомегалия, сарғыштық байқалады. Саңылау шаммен қарап тексергенде қасаң қабықтың шетінде жасыл-қоңыр сақиналар анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Вильсон-Коновалов ауруы

| туа біткен гемохроматоз

| аутоиммунды гепатит

| альфа1-трипсиннің жетіспеушілігі

| вирусты этиологиялы созылмалы гепатит

~ 2 жастағы ұл бала муковисцидоздың ішектік түрімен байланысты қаралады. Орынбасушы ферментотерапияны қабылдайды. Қазіргі кезде дәреті қалыпты. Сіздің емдеу жолдарының ең тиімдісі:

| ферментотерапияны сол мөлшерде қабылдау

| ферменттердің мөлшерін жоғарлату

| ферменттердің мөлшерін төмендету

| ферментотерапияның қолдануын тоқтату

| ферменттердің мөлшерін 1 айдан кейін төмендету

~ Қыз бала, 15 жаста, эпигастр аймағының ауру сезіміне, тамақтан кейінгі қыжылдауға шағымданады. Осы жағдайда дәрілердің қолданудың ең тиімдісі:

| альмагель

| атpопин

| цеpукал

| но-шпа

| циметидин

~ Қыз бала, 12 жаста, тамақтан кейін ауызда қышқыл сезімінің пайда болуына шағымданады. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде холестаз белгілері анықталды. Осы жағдайда дәрілердің қолданудың ең тиімдісі:

| аллохол

| ксилит

| но-шпа

| мезим-форте

| магний сульфаты

~ Назым 9 жаста. Созылмалы холецистит бойынша диспансерік бақылауда тұрады. Холецистография мақсатында билигност препаратын қабылдаған (пероральді холецистография). 15 минуттан соң әлсіздік. қорқыныш, мазассыздық, тершендік, терісінің бозаруы, уртикальді бөртпе, ангионевротикалық ісіну, қышыну пайда болды. Есінен тана бастады..

Сіздің болжам диагнозыңыз:

| анафилаксиялық шок

| пирогеннді реакция

| аллергиялық дерматит

| жедел қантамыр жетіспеушілігі

| дәрілерді қабылдай алмау

~ Назым 9 жаста. Созылмалы холецистит бойынша диспансерік бақылауда тұрады. Холецистография мақсатында билигност препаратын қабылдаған (пероральді холецистография). 15 минуттан соң әлсіздік. қорқыныш, мазассыздық, тершендік, терісінің бозаруы, уртикальді бөртпе, ангионевротикалық ісіну, қышыну пайда болды. Есінен тана бастады. Билигност препаратына анафилактикалық шок диагнозы қойылды. Емдеу басында ең тиімді дәрілік препараты таңдаңыз::

| адреналин

| эуфиллин

| преднизолон

| димедрол

| строфантин

~ Созылмалы холецистит диагнозында аталған белгілері тән емес:

| бүйрек ауырсынуы

| оң жақ қабырға астының ауырсынуы

| қанның қабынулық реакциясы

| УДЗ кезінде өт қабырғасының қалыңдауы

| интоксикация белгілері

~ Көрсетілген белгілердің арнайы емес жаралы колитке күдіктендіретін ең тиімді белгі:

| нәжісте қанның болуы

| жалпы жағдайдың бұзылуы

| дене қызуының көтерілуі

| іштегі ауырсынулар

| нәжістің жиілеуі

~ Ауруханаға 6 жасар қыз бала келіп түсті. Шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, яқтарының ауруы, ішінің үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: ішінің үрленуі мен бала мазасыздануы 6айынан байқалады (қосымша тамақ –геркулес ботқасы енгізілген). 1,5жасынан ішінде ауырсыну, көлемінің ұлғайып, үрленуі, жиі көп мөлшерлі дәрет, құсу пайда болды. Нәжісті копрологиялық зерттегенде стеаторея анықталды. ЭГДС жүргізгенде субатрофиялық дуоденит көріністері сипатталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| целиакия

| тағамдық аллергия

| панкреатит

| тітіркенген ішек синдромы

| муковисцидоз

~ 10 жасар қыз балада майлы тамақтан кейін анда-санда жүрек айнуы, тұйық, сыздаған ауыру сезімі, оң қабырға доғасы астын ауырсыну анықталды. Ерте жасынан іш қатумен зардап шегеді. ЖҚС – патология жоқ, УДТ – өт қабы көлемі ұлғайған, өт іркілісі белгілері бар. Басқа құрылымдық өзгерістер анықталмады. Болжамды диагнозыңыз:

| ӨЖД, гиперкинетикалық формасы

| ӨЖД, гипотониялық формасы

| жедел холецистит

| вирустық гепатит

| дисбактериоз

~ 14 жасар қыз балада оң қабырға доғасы астында ұзақ мерзімді ауыру мен кернеу сезімі. Тексергенде: сарғаю жоқ, Кер симптомы оң (+), дене қызуы субфебрилді, ЭТЖ — 30 мм/сағ. Болжамды диагнозыңыз:
| созылмалы холецистит, өршу кезеңі

| асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі
| созылмалы гепатит

| жедел гепатит

| жедел холецистит

~ 12 жастағы бала ішінің жоғары бөлігінің айқын ауырсынуына, ауырсыну бел тұсына берілуіне, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Жиі және суйықталған нәжіс байқалады. Майлы тағам жегеннен соң ауырсыну жедел басталған. Жалпы қарауда: бозғылт, терісі таза, араны қалыпты, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, Шоффара-Риве аймағында және эпигастрий бөлігінде ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған. Қанның биохимиялық зерттеуінде: АЛТ 0,11 мгкат/л, ACT 0, 12 мгкат/л, тимолды сынама 3,1 ЕД, қан амилазасы 50 мгкат/л. Болжам диагнозы (жергілікті процесс):

| панкреатит

| гепатит

| гастродуоденит

| колит

| энтерит

~ 10-жасар ұл бала. Сол жаурын және белге берілетін (белді айнала ауыратын) төсасты аймағы ауруына, жүрек айну, құсу, шөлдеу, іш кебуге шағымданады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2-і жыл. Ауру тарихынан – 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 градус. Сипағанда эпигастрия, сол қабырғаастындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,8 ммоль/л.

Сіздің диагнозыңыз:

| созылмалы панкреатит

| созылмалы энтероколит

| созылмалы холецистит

| созылмалы гастродуоденит

| жедел аппендицит

~ 10 жасар ұл бала. Сол жаурын және белге берілетін (белді айнала ауыратын) төсасты аймағы ауруына, жүрек айну, құсу, шөлдеу, іш кебуге шағымданады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2-і жыл. Ауру тарихынан – 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 градус. Сипағанда эпигастрия, сол қабырға-астындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,8 ммоль/л.

Емделуі:

| антибиотиктер

| сульфаниламидтер

| гормондар

| ферменттер

| өт айдау препараттары

~ Баланы аса шаршағыштық, майлы тамақтан кейін ұстама-тәрізді, өткір қысқа мерзімді іштегі ауырсыну мазалайды. Қарағанда тері жамылғысы қызғылт, таза. Ішті сипағанда Мерфи, Кера симптомдары - оң. Қан зерттеуінде: Нв-126г/л, эр-3,96*1012 /л, л-5,0*10 9/л, ЭТЖ-2 мм/сағ, э/4, с/67, л/29. Дуоденалдық зондтау кезінде: өт порциясының бөліну уақыты – 10 минут, Одди сфинктерінің жабылу уақыты – 9 мин, қайтадан тітіркендіргеннен кейін қаралтым өт бөлінді. Сіздің диагнозыңыз:

| өт шығару жолдары дискинезиясының гипермоторлық түрі +

| жедел дуоденопанкреатит

| өт шығару жолдары дискинезиясының гипомоторлық түрі

| жедел гастродуоденит

| жедел гастрит

~ 12 жасар қыз, бірнеше сағат бұрын омыртқа және белді айнала ауыратын, ішінің көбінесе эпигастрия аймағының қатты ауруы пайда болды. 2-і рет жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Қарағанда: бозғылт, тілі ақ жабынмен жабылған, дене қызуы 37,8 градус, іші кепкен, эпигастрия аздап кернелген. Ортнер симпомы күманды. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну бар. Лейкоцитоз – 12,8 *10 9/л. Үлкен дәреті тазарту клизмасынан кейін, үлкен дәреті тығыз майлы. Сіздің болжамдыды диагнозыңыз:

| жедел панкреатит

| жедел гастродуоденит

| жедел гастрит

| жедел дуоденит

| жедел холецистит

~ Бала 11 жаста, ішінің тұйық, сыздап ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті қарағанда: тері жабындылары бозғылт түсті, көз астының көлеңкеленуі байқалады, тілі сары жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң мәнді. Бауыры +2см, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, Эр.-4,5х1012/л, Л-12х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ., э-3%, б-1%, м-7%, т/я-26%, с/я-63%.

Алдын ала болжам диагноздың ең ықтималы:

| жедел холецистит

| жедел панкреатит

| жедел дуоденопанкреатит

| спецификалық емес жаралы колит

| асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруы

~ Балаларда жаралы ақау жиі орналасады:

| 12 елі ішектің пиязшығында

| асқазанның қіші иірімінде

| асқазанның антральді бөлімінде

| асқазанның лкен иірімінде

| постбульбарлы бөлімінде

~ 10 жастағы ер бала оң жақ қабырға астында орналасқан, оң жақ жауырын мен бел аймағына тарайтын ішінің өткір ауруына, жүрек айну мен қабылдаған тамағын көп қайтара құсуына шағымданады. Іш қуысындағы ауырсыну таңертеңгі нан мен май, жұмыртқа, кофеден тұратын астан кейін 15минуттан кейін басталған. Осыған ұқсас ұстама 7 ай бұрын көрінген. Нәжісі ретті түссізденген. Сіздің диагнозыңыз:

| өт тас ауруы

| он екі елі ішектің жара ауруы

| панкреатит

| гепатит

| созылмалы гастрит

~ Науқас 13 жаста.эпигастрий аймағының ауырсуына, жүрек айнуына, түнгі уақыта аштық ауырсынуына шағымданды. Тәбетті төмендеген. Тамактан кейін ауырсыну күшейеді. Анамнезінен: 1,5 жыл бұрын жоғары сөл бөліну функциясының созылмалы гастриттің өршу кезеңімен емделген. Жалпы клиникалық зерттеулерден басқа диагнозын растау үшін қосымша жүргізу қажет:

| фиброгастродуоденоскопия

| асқазан рентгенография

| жалпы рентгеноскопия

| қарының УДЗ

| дуоденальді зондтау

~ 14-жасар қыз тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигастрияның тұрақты қатты, сыздап ауруына шағымданады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойымен эпигастрияда ауру байқалады. Диспансерлік бақылауда асқазан-ішек жолдары ауруларымен 2,5 жыл бақылауда тұрады. Асқазан құрамын зерттегенде базалдық секреция деңгейі жоғарлаған: ЖҚА: Нв-110г/л, эр-2,8х1012/л, λ-7,5х109/л. СОЭ-7мм/ч, фиброскопия-асқазаның қабырғалары ұлғайған, бүрілері жазылған. Диагноз қойыңыз:

| жоғары секрециялы созылмалы гастрит

| төмендеген секрециялық созылмалы гастрит

| жайылмалы гастрит

| асқазан жаралы ауруы

| ұлтабар жаралы ауруы

~ Науқас 3 жаста. Шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, яқтарының ауруы, ішінің үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: ішінің үрленуі мен бала мазасыздануы 6айынан байқалады (қосымша тамақ –геркулес ботқасы енгізілген). 1,5жасынан ішінде ауырсыну, көлемінің ұлғайып, үрленуі, жиі көп мөлшерлі дәрет, құсу пайда болды. Нәжісті копрологиялық зерттегенде стеаторея анықталды. ЭГДС жүргізгенде субатрофиялық дуоденит көріністері сипатталды. Қандай болжамды диагноз қоясыз:

| целиакия

| тағамдық аллергия

| панкреатит

| тітіркенген ішек синдромы

| муковисцидоз

~ Жедел және созылмалы панкреатиттің диагностикасында ең тиімді ақпарраттық зертханалық көрсеткіштер:

| қанның сарысуында амилаздар

| қанның сарысуында липаздар

| қанның сарысуында трипсин

| несепте диастаздар

| қанның сарысуында диастаздар

~ Асқазанның ойық жарасына ең тиімді симптом тән:

| Мойнигановский ырғақты ауырсыну

| жайылмалы іш ауырсынуы

| эпигастрий аймағында ұстама тәрізді ауырсыну

| қанжар тәрізді ауырсыну

| фонтан тәрізді құсу

~ 12 жасар бала, бірден әлсіздік пен жүрек айнуына шағымданып ауруханаға түсті. Кеше кешке және бүгін таңертең балада қою қара май тәрізді нәжіс болды. Жалпы қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылттанған, мұздай тер бөлінеді, пульсі минутына 120 рет, АҚ 80/40 мм сын.бағ. Гемоглобині - 40 г/л.

Сәйкес болатын диагнозды атаңыз.

| асқазан ішектен қан кету

| анус жырығы

| жаралы колит

| холестаз синдромы

| мальабсорбция синдромы

~ Бала 14 жаста, стационарға сарғаюға, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Кішкентай кезінен бері ауырады. Ауру толқын тәрізді өтеді. Жалпы қарау кезінде: көздің ақ қабығының сарғаюы, тері жамылғысының біркелкі сарғаюы, вегетативті лабильділік анықталады. Бауыры + 2,0см-ге ұлғайған. Тікелей емес билирубиннің мөлшері 68 мкмоль/л; АЛТ - 0,10, АСТ - 0,12 ЕД.

Науқастың болжамды синдромы:

| Жильбер синдромы

| Дрискол синдромы

| Ротор синдромы

| Криглер Найяр синдромы

| Дабин Джонсон синдромы

~ Науқас Б.,12 жаста. Құсу, тәбетінің төмендеуі, ішінің ауырсынуы шағым-дарымен түскен. Жедел ауырған. Жалпы жағдайы орта дәрежеде, тері жабындылары бозғылт түсті, тілі ақ жабындымен жабылған, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

| жедел гастрит

| жедел аппендицит

| жедел холецистит

| жедел панкреатит

| асқазанның ойық жара ауруы

~ Науқас Б.,12 жаста. Құсу, тәбетінің төмендеуі, ішінің ауырсынуы шағымдарымен түскен. Анамнезі: жартыжылдан бері ауырады. Негізгі ауырсыну тамақты қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан соң байқалады. Жалпы жағдайы орта дәрежеде, тері жабындылары бозғылт түсті, тілі ақ жабындымен жабылған, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады.

Сіздің ең тиімді тексеру жоспарыңыз:

| асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, билирубин деңгейлерін анықтау

| ЭФГДС, уреазды тест

| асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, амилазаны анықтау

| дуоденалды зондтау, асқазанды фракционды зондтау

| асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, дуоденалды зондтау

~ Бала 14 жаста, оң жақ қабырға асты аймағында тұйық, сыздап ауырсынуына, майлы тағам қабылдағаннан соң ауырсыну күшеюіне шағымданады. Объективті: науқаста дене қызуы 37,2-37,5 С, әлсіздік, шаршау, ауызда ащи сезім байқалады. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң мәнді. Қан анализінде: нейтрофилезбен лейкоцитоз, ЭТЖ-ускоренное

Осы патология кезінде тағайындалатын ең тиімді емдік шаралар:

| ампициллин + но-шпа + гепабене

| урсосан + мезим-форте + фитотерапия

| ампициллин + метронидазол +омез

| креон + контрикал + квамател

| фурозолидон + мезим-форте + фитоем

~ Бала 14 жаста, стационарға сарғаюға, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келіп түсті. Кішкентай кезінен бері ауырады. Ауру толқын тәрізді өтеді. Жалпы қарау кезінде: көздің ақ қабығының сарғаюы, тері жамылғысының біркелкі сарғаюы, вегетативті лабильділік анықталады. Бауыры + 2,0см-ге ұлғайған. Тікелей емес билирубиннің мөлшері 68 мкмоль/л; трансаминаза қалыпты дәрежеде.

Осы патологияға ең тиімді тағайындау препараты:

| фенобарбитал

| гепабене

| адсорбенттер

| преднизолон

| трихопол

~ Науқас Л., 3 жаста. Стационарға салмақ қоспауына, өсуінің төмендеуіне, бас ауруына, аяқтарының ауырсынуына, ішінің кебуіне, нәжісінің жиі, көп болуына, құсуына шағымданып түседі. Анамнезінде: 6-7 айлығынан бастап қосымша манная ботқа енгізілгеннен кейін ішінің кебуі және мазасыздық ішінің ауырсынуы, көлемінің ұлғаюы, нәжісі жиі көп мөлшерде болуы байқалған. Копрологиялық нәжіс анализінде - II типті стеаторея. ЭФГДС кезінде субатрофиялық дуоденит анықталған.

Осы науқасқа ең тиімді диета:

| глютенді шектеу диетасы

| стол № 4

| лактозаны шектеу диетасы

| стол № 5

| стол № 1

~ 10 жасар бала қыжылдау, кекіру, эпигастрий аймағының және төс артының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну диетаны сақтамағанда күшейеді.

Осы балаға ең тиімді зерттеу әдістері:

| ЭФГДС , өңеш ішілік pH - метрия

| ЭФГДС, асқазанның секреторлық функциясын анықтау

| асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, дуоденалды зондтау

| дуоденалды зондтау, асқазанды фракционды зондтау

| асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, ЭФГДС ЭФГДС

~ 12 жасар науқасты мына шағымдар мазалайды: іштің ауырсынуы, ауырсыну арқасына беріледі, жиі құсу, көңіл күйінің бұзылысы. Биохимиялық анализінде: амилаза 120 Ед/л, копрограммада нәжісте эластаза 87 мкг/мл. Асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ – де ұйқы безінің өлшемдерінің ұлғаюы, тығыздалуы анықталады.

Осы патологияға ең тиімді емдеу жоспары.

| аштық, контрикал, квамател

| стол № 5, но-шпа, ампициллин

| стол № 1, амоксициллин, метронидазол

| стол № 4, мезим-форте, хилак-форте

| стол № 5, гепабене, но-шпа

~ 12 жасар бала, тәбеті жақсы, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастрий аймағында ауру сезіміне, қыжылға, кекіруге, кейде жеңілдік әкелетін қышқыл дәмді құсыққы шағымммданады. Пальпация кезінде іштің пилородуоденальді аймағы ауру сезіммен. 1 жыл бойы ауырады. Мүмкін диагноз: Хеликобактерлік этиологиядағы жаралық ауруы. Хеликобактерді диагностикалауда стандартты « алтын» әдісі:

| гистологиялық

| бактериологиялық

| бактериоскопиялық

| биохимиялық

| серологиялық

~ 14 жасар қыз бала педиатрға бас ауру, тез шаршағыштық, бұлшықеттің тартылып ауруына, іші өтіп, қатып ауысып отыруына, дефекациядан кейін толық ішегінң тазармау сезіміне, үлкен дәреттен кейін ішінің ауруына, таңертеңгілік ешқандай сезілмейтін, бірақ, күннің аяғында ішінің желденуіне шағымданып келген. Копрограмма еш өзгеріссіз, нәжістің бак. себуі – теріс. Сіздің осы науқасқа қойылатын ең тиімді болжам диагнозыңыз:

| ішектің тітіркену синдромы

| дуоденит

| энтерит

| іштің жара ауруы

| колит

~ Балалардағы Крон ауруының арнайы емес жаралы колиттің дифферен-циальды диагностикасының негізгі белгісі:

| нәжісте кенеттен қанның пайда болуы

| іштің жайылмалы ауруы

| қан кетудің жасырын белгілері

| анальдық сызаттар

| парапроктит

~ Бала 11жаста, субфебрильді температура, оң жақ іш аймағында толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуы, жарты сағаттан бері созылған, оң жақ қырына жатқанда күшейеді, құсу, жүрек айну шағымдарымен келді. Тексеріп қарағанда интоксикация белгілері орташа, терісінің түсі және шырышты қабаттары сәл ғана сарғыштау, құрғақ, тілі ақ жамылғымен қапталған, іші кепкен, дем алғанда іштің жоғарғы бұлшық еттері қалып отырады. Ортнер, Кэр симптомдары оң. ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Бұл патологияға тағы да тән клиникалық симптом:

| Мендель

| Опенховский

| Мейо- Робсен

| Боас

| Воскресенский

~ Бала 2 жаста, дисбактериоз бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Емхана жағдайында алдын алу мен емдеу шаралары:

| жылына 1 рет лактобактериямен 3 апталық курс

| жылына 2 рет өт айдағыш терапия

| жылына 2 рет 2 апталық бификол курсы

| санаториялық-курортты ем

| емдік денешынықтыру және массаж

~ Бала 13 жаста, қуырылған саңырауқұлақты жеуіне байланысты ішінің ауыру сезіміне, быжыған көп мөлшерде үлкен дәреттің болуына байланысты шағымдарымен қаралды. Гастроэнтерологта 2 жыл тіркеуде тұр, диетаны бұзуына байланысты (майлы тағамдар жеумен) ішінің ауыру сезімі болып тұрады, спазмолитиктерді қолданғанда қояды. Ауыру уақыты 2-3 күнге созылады, содан соң жоғалып кетеді. Жанұяда әкесінде созылмалы панкреатит. Қарап тексергенде: баланың тамақтануы төмен, Де Жарден және Мейо – Робсен симптомдары оң. Науқаста ең тиімді диагноз :

| созылмалы панкреатит

| гастрит

| асқазанның жара ауруы

| дуоденит

| холецистит

~ Ферменттің ауытқу синдромы келесі ауруға тән:

| жедел панкреатит

| ішектің қозу синдромы

| майлы гепатоз

| гастродуоденит

| Рея синдромы

~ Қыз 14 жаста экзогенді конституциональды семіздіктің ІІ дәрежесі мен ауырады, жүгіргеннен кейін, секіргеннен кейін, балмұздақ жегеннен кейін іштің оң жақ қабырға астында ауыру сезімінің пайда болуына шағымданады, жыл бойы ауырған. Ауыру субфебрилитетпен, жүрек айнумен, құсумен жүреді. Қарап тексергенде: көзінің склерасы сарғайған, Шоффар аймағында Кэр, Греков-Ортнер, Мендель симптомдары оң. УДЗ: өт қапшығының үлкеюі, фокальдық түзіліспен, қабырғасының деформациясы. Осы клиникалық-аспаптық мәліметтер сәйкес келеді:

| өт тас ауруына

| созылмалы холангитке

| бауыр циррозына

| созылмалы холециститке

| өт шығарғыш жолдарының дискинезиясына

~ Өттің түзілу қызметін ынталандыратын, өт айдағыш препараттарға жататын дәрілер:

| фурозолидон, никодин

| магний сульфаты, атропин

| аллохол, холензим

| хенофальк, урсофальк

| сорбит, ксилит

~ Гастродуоденитпен ауыратын науқастардың еміне қолданылатын … дәрілік препаратті ағын насостың ингибиторы болып табылады.

| омепразол

| денол

| Метранидозол

| фамотидин

| алмагель

~ Эрадикационды терапия жүйесіне кірмейтін прерарат:

| алмагель

| макмирор

| фуразолидон

| кларитромицин

| омепразол

~ Науқас, 12 жас, фиброгастродуоденоскопия өткізген кезде келесі белгілер анықталған: шамалы айқындалған эритема және өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабаты болбыр,өңеш шырышты қабаты 1,5-2,0 см-ге субтотальды аз уақытты пролабирленген,өңештің төменгі сфинктерінің тонусы төмендеген. Берілген эндоскопия белгілері сипатталады:

| гастроэзофагеальды рефлюксте

| Барретта өңешінде

| дуоденогастральды рефлюксте

| диафрагманың өңеш бөлігіндегі жарығында

| өңеш стриктурасында

~ Науқас 9 жаста, жүрегінің айнуына, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабырға астында ауырсынуға шағымданады. Анасының айтуы бойынша айтылған шағымдар ақырғы жыл ішінде мазалап жур, жалпы жағдайы қуырылған тағам жегеннен кейін күрт нашарлаған. Баланы қараған кезде әлсіз,тері жабындылары бозғылт түсте,тілі сарғыш жабынмен жабылған, іші жұмсақ пальпацияда ауырсынады,максимальды ауырсыну оң жақ қабырға астында, Ортнер, Кер симптомы оң. Берілген жағдайға параклиникалық нәтижелі әдіс болып табылады:

| ультрадыбысты зерттеу

| ирригография

| колоноскопия

| фиброгастродуоденоскопия

| сцинтиграфия.

~ Балаға 13 жас, созылмалы панкреатитпен ауырады. Куйзеліс жағдайдан кейін ішінің жоғарғы жағында жедел ауырған айналмалыбел ауырсыну сипатта, жеңілдік әкелмейтін құсу болған. Кер, Мейо-Робсон, Шоффар нүктесі- оң. Протеолитикалық ферменттің қанда жоғарылау себебі:

| деструкция ацинарлы клеткалардың деструкциясы

| катехоламиндердің босауы

| протеиназ нейтрофилдердің ингибирленуі

| альфа-1-антитрипсин бөлінуі

| плазминоген активациясы

~ Арнайы емес жаралы колит және Крон аурының көптеген белгілері ұқсас. Крон ауруынан арнайы емес жаралы колитті ажырату үшін негізгі белгі эндоскопиялық зерттеу болып табылады:

| зақымданған аймақ қатаң шектелуі

| ішек қабырғасында жараның болуы

| ішек шырышты қабатының гиперемиясы

| тамырларының суретінің жоғалуы

| псевдополиптардың болуы

~ Қыз бала 14 жаста эпигастрии аймағына берілетін іштің ауырсынуы, тәбетінің жоғарлауына, қыжылдауға шағымданады. Ауырғанына бір жыл болған, бұрын зерттелмеген. Әкесі жара ауруымен ауырады.

Фиброгастродуоденоскопия өткізген кезде келесі өзгерісті анықтаған: асқазан шырышты қабаты ісінген, қызарған, антрумда көптеген эрозия бар. Биоптатпен уреазды тест-оң. Емдеу тактикасын көрсетіңіз:

| хеликобактериоздің эрадикациясы

| спазмолитиктер (но-шпа, баралгин)

| антацидтер (фосфалюгель, алмагель)

| гемостатикалық терапия (дицинон, адроксон)

| протеаз ингибиторлары (гордокс, контрикал)

~ Мойнинган ырғақ ауырсыну сипаты тән:

| жара ауруына

| созылмалы панкреатит өршу кезеңіне

| созылмалы холецистит өршу кезеңіне

| гастроэзофагеальды рефлюкске

| арнайы емес жаралы колитке

~ Бала гастроэнтерология бөліміне нәжісінің сұрғылт түсті болуы шағымдарымен түскен.Объективті қарағанда Шоффар зонасында, Дежардена нүктесінде ауырсыну байқалады. Копрологиялық зерттеу өткізілген, стеаторея 1 типі болуы анықталған (нейтральді май +++). Копрограммадағы өзгеріс нәтижесі бұл:

| ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігі

| ұйқы безінің эндокринді жетіспеушілігі

| Одди сфинктерінің дискинезиясы

| Люткенс сфинктерінің дискинезиясы

| эластаза-1 жетіспеушілігі

~ Науқас, 9 жаста, жүрегінің айнуына, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабырға астында ауырсынуға шағымданады. Анасының айтуы бойынша айтылған шағымдар ақырғы жыл ішінде мазалап жур, жалпы жағдайы қуырылған тағам жегеннен кейін күрт нашарлаған.Баланы қараған кезде әлсіз,тері жабындылары бозғылт, тілінде сарғыш жабын байқалады, іші жұмсақ пальпацияда ауырсынады ,максимальды ауырсыну оң жақ қабырға астында, Ортнера, Кер белгісі - оң. Берілген жағдайға параклиникалық нәтижелі әдіс болып табылады: УД-зерттеу кезінде өт қабында анықталды- өт қабы пішіні деформирленген, қабырғасы қалыңдаған 4,0 мм. Диагноз қойыңыз:

| созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу кезеңі

| созылмалы калькулезді холецистит, ремиссия кезеңі

| жедел калькулезді холецистит, ремиссия кезеңі

| жедел калькулезді емес холецистит

| гипертоникалық түрі бойынша өт қабы жолының дискинезиясы.

~ Балаға 13 жас, созылмалы панкреатитпен ауырады, куйзеліс жағдайдан кейін ішінің жоғарғы жағында жедел ауырған айналмалы бел ауырсыну сипатталады, жеңілдік әкелмейтін құсу болған. Кер, Мейо-Робсон, Шоффара белгісі- оң.Осы баланың емдеу тактикасына қажетті:

| протеолитикалық фермент ингибиторларын жүргізу

| холеретиктер жүргізу

| фермент препараттарын жүргізу (мезим-форте, креон)

| прокинетиктер жүргізу

| эрадикационды терапия тағайындау

~ Арнайы емес жаралы колит пен Крон ауруының ортақ көрінісі:

| ішек қабырғасында жаралардың болуы

| зақымданған аймақтың шектелуі

| қабыну ішектің барлық қабаттарын закымдайды

| ішектің барлық қабаттарының лимфоидты гиперплазиясы

| жиі криптогенді абсцесстер кездеседі

~ Қыз бала 14 жаста іштегі эпигастрий аймағына берілетін ауырсыну, тәбетінің жоғарлауына, қыжылдауға шағымданады. Ауырғанына бір жыл болған,бұрын зерттелмеген.Әкесі жара ауруымен ауырады.

Фиброгастродуоденоскопия өткізген кезде келесі өзгерісті анықтаған: асқазан шырышты қабаты ісінген,қызарған, антрумда көптеген эрозия бар. Биоптатпен уреазды тест-оң. Диагноз қойыңыз:

| созылмалы эрозивті антральды гастрит, Нр+, өршу кезеңі

| созылмалы эрозивті гастродуоденит, Нр+, өршу кезеңі

| созылмалы эрозивті гастродуоденит, өршу кезеңі

| асқазан жара ауруы, Нр+, өршу кезеңі

| созылмалы эрозивті антральды гастрит, орташа дәрежелі ауырлықта, Нр+, өршу кезеңі

~ Helicobacter pylori қауымдастырылған гастрит:

| бактериалды

| аутоиммунды

| аралас

| реактивті

| лимфоцитарлы

~ Асқазан-дуоденалды қан кетуді диагностикалайтын әдіс:

| эзофагогастродуоденоскопия

| құрсақ қуысын жалпы рентген түсірімі

| құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

| асқазан-ішек жолдарын бариймен рентгеноскопиялау

| ректороманоскопия

~ Бала, 12 жаста майлы, қуырылған тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағының ауырсынуына шағымданады, ауырсынулар 1-1.5 сағаттан соң басылады, кейде ауамен кекіру, жүрек айну, жеңілдік әкелетін құсу болады. қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлықта Тәбеті төмендеген. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий, пилородуо-деналды, Шоффар аймақтарында, Мейо-Робсон және Дежарден нүктелерінде ауырсыну анықталады, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Іші қатуға бейімді..

Болжам диагнозыңыз:

| созылмалы гастродуоденит

| созылмалы холецистит

| жедел гастрит

| созылмалы панкреатит

| асқазанның ойық жара ауруы

~ Бала, 13 жаста ауруханаға түнде пайда болған, құсу мен алмагель қабылдағанда жеңілдік бермеген іш ауруының ұстамасымен түсті. Ішінің ауырсыну ұстамасы 6 жастан бері. Әкесінде – 12-елі ішек ойық жара ауруы, ал 15 жасар ағасында – созылмалы гастриті бар. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозғылт, көздерінің асты көлеңкеленген. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, Шоффар, эпигастрий аймақтары қатты ауырсынады, Мейо-Робсон, Дежарден нүктелеріндегі ауырсынулар оң

Болжам диагнозыңыз:

| асқазанның ойық жара ауруы

| созылмалы холецистит

| жедел гастрит

| созылмалы панкреатит

| тағамдық токсикоинфекция

~ Науқас, 15 жаста әлсіздікке, шаршағыштыққа, дене қызуының 37-37,5 С жоғарылауын, ауызда ащы сезім мен кекіруге, іштің сыздап қысып ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну мұздай, майлы, өткір тағамдарды қабылдағаннан 20-30 минуттан соң күшейеді. Кейде ауырсыну физикалық жүктемеден соң, ұстама тәрізді 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін ұзарады. Оң жақ қабырға астына орналасады. Кера, Ортнер, Мерфи симптомдары оң.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

| жедел холецистит

| жедел гастрит

| асқазанның ойық жарасы

| аппендицит

| панкреатит

~ Қыз бала, 10 жаста ішінің, жиі кіндік аймағында ұстамалы ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну қуырылған, майлы тамақтан соң пайда болған. Кейде лоқсу болған. Соңғы айда ауырсыну жиілеген, үдемелі, қатты ауырсынуда кезеңді құсу байқалған, жеңілдік әкелмеген. Вирусты гепатиттің А түрімен 8 жасында ауырған. Тағайындалған емдәмді сақтамаған. Жалпы қарауда: терісі бозғылт, склерасы сарғыштау. Іші жұмсақ, пальпацияда оң қабырға асты, өт қапшығы нүктелерінде ауырсынады. Нәжісі кезеңді түрде біркелкі түсті емес.

Сіздің ең иқтимал болжам диагнозының:

| өт қабының гипермоторлы дискинезиясы

| Жильбер синдромы

| созылмалы холецистит

| Криглер - Найяра синдромы

| созылмалы панкреатит

~ Қыз бала, 12 жаста. Асқазан аймағының ұстама тәрізді, қадамалы белге, арқаға, оң иыққа берілетін ауырсынуға шағымданады. Жалпы қарағанда терісі бозғылт, тілі - географиялы, сұр-ақ ұлпамен қапталған. Іштің терең пальпациясында аздаған бұлшықетті дефанс, эпигастрий, пилородуоденальді аймақта, Дежарден және Мейо-Робсон нүктелерінде ауырсынулар. Мендель симптомы оң. Нәжісі өзгермеген. Биопсия алынған. HP-инфекцияға биопсиялық тест: оң (++).

Ең нәтижелі препараттар бірігуі:

| омепразол+галлат висмута+ амоксициллин+ метронидазол

| алмагель+трихопол+кларитромицин+но-шпа

| алмагель+маалокс+де-Нол+трихопол

| фосфалюгель+де-нол+фуразолидон+тетрациклин

| де-нол+ метронидазол + смекта+вентер

~ Қыз бала, 10 жаста іштің, көбіне кіндік маңының майлы, қуырылған тамақтан кейін ұстамалы ауырсынуына шағымданады. Кейде лоқсу болған. Соңғы айда ауырсыну жиілеген, үдемелі, қатты ауырсынуда кезеңді құсу байқалған, жеңілдік әкелмеген. Вирусты гепатиттің А түрімен 8 жасында ауырған. Тағайындалған емдәмді сақтамаған. Жалпы қарауда: терісі бозғылт, склерасы сарғыштау. Іші жұмсақ, пальпацияда оң қабырға асты, өт қапшығы нүктелерінде ауырсынады. Нәжісі кезеңді түрде біркелкі түсті емес. Өт қабының гипермоторлы дискинезиясы диагнозы қойылды.

Емдеуге препарат тағайындаңыз:

| оксафенамид

| магний сульфаты

| сорбит

| холецистокинин

| метацин

~ Қыз бала, 14 жаста сарғаюға, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғалуы шағымдарымен ауруханаға түскен. Кішкентайынан ауырады. Ауру толқын тәрізді өткен. Жалпы қарағанда көз склерасы мен терісі сарғыштау, вегетативті лабильділік байқалады. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығыңқы. Қан талдауында: тікелей емес билирубин деңгейі-68мкмоль/л; АЛТ-0,10, АСТ-0,12ЕД. Жильбер синдромы диагнозы қойылды.

Сіздің ең бағытталған еміңіз:

| фенобарбитал

| преднизолон

| аллахол

| алмагель

| холензим

~ Қыз бала, 10 жаста салмақ қоспау, іштің кебуіне шағымданады. Бұл симптомдар өмірінің 6-айлығынан басталған (дақылды қосымша тағамды енгізгеннен соң - геркулес ботқасы). Іштің ауырсынуы, кебуі, жиі көп мөлшерлі нәжіс, құсу 1,5 жасынан бастап күшейген. Копрологиялық талдауда - стеаторея. Эндоскопияда субатрофиялық дуоденит анықталған. Целиакия диагнозы қойылды.

Сіздің ең тиімді емдәм:

| глютенсіз емдәм

| емдік емдәм №1

| зондтық тамақтандыру

| емдік емдәм №5

| Дженердано-Джиованетти емдәмі

~ Қыз бала, 7 жаста төс артының хореография сабағында физикалық жүктемеден соң кезеңдік ауырсынуына шағымданады. Басқа шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, қалыпты түсте, қызыл дермографизм, алақандарының гипергидрозы. Ауыз қуысы таза, тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Ішін пальпациялағанда барлық бөлімдерде ауырсыну байқалады. Бауыры қабырға доғасынан I см шығады, қапшықты симптомдар күмәнді. Гастроэзофагальді рефлюксті ауру диагнозы қойылды.

Осы патологияда қарсы ұсыныстар:

| ұйықтар алдында газдалған минеральді су ішу

| кептірілген балық пен жеміс-жидектерді қолдану

| бөліп, аз мөлшерде тамақтану

| асықпай тамақтану және толық шайнау

| қуырылған және майлы тағамдарды шектеу

~ Қыз бала, 10 жаста іштің, көбіне кіндік маңының майлы, қуырылған тамақтан кейін ұстамалы ауырсынуына шағымданады. Кейде лоқсу болған. Соңғы айда ауырсыну жиілеген, үдемелі, қатты ауырсынуда кезеңді құсу байқалған, жеңілдік әкелмеген. Вирусты гепатиттің А түрімен 8 жасында ауырған. Тағайындалған емдәмді сақтамаған. Жалпы қарауда: терісі бозғылт, склерасы сарғыштау. Іші жұмсақ, пальпацияда оң қабырға асты, өт қапшығы нүктелерінде ауырсынады. Нәжісі кезеңді түрде біркелкі түсті емес. Өт қабының гипермоторлы дискинезиясы диагнозы қойылды.

Абайлап қолданылатын ем шара:

| тюбаждар

| спазмолитиктер

| жылу процедуралар

| минералды сулар

| седативті препараттар

~ Науқасты майлы тағам жегеннен соң, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну иыққа берілуімен мазалайды. Шоффар және Мейо-Робсон аймақтарында сипалау кезінде ауырсыну байқалады, қан қоспасыз. іш өту, әлсіздік, нетрофилді лейкоцитоз солға қарай аздап ығыспаған, тұрақсыз амилазурия.

Сіздің ең тиіміді диагнозыңыз:

| созылмалы панкреатиттің өршуі

| жедел некроздаушы панкреатит

| жедел инфильтративті панкреатит

| жедел холецистит

| өршу кезеңіндегі ойық жара

~ 15 ұл бала, 12-елі ішек ойық жарасымен ауыратын, кофе тәрізді құсуы, іштің ауырсынуы, қышқылды кекіру шағымдарымен ауруханаға түсті. әлсіздік, құлақ шыңылдауы, бас айналуы, бозғылтық анықталды. ЖСЖ- минутына 100рет, А/Қ 80/40 мм рт ст HB- 80г/л. Осы патологиядағы негізгі асқынулар:

| перфорация

| пенентрация

| қан кету

| малигнизация

| 12-елі ішектің шығу бөлімінің тарылуы

~ 13 жасар ұл балада көзінің сарғаюы байқалады, науқастың інісі 2 рет осыған ұқсас сарғаю байқалған. Физикальді зерттеуде патология табылмады. Бауыр сынамасы – жалпы билирубин – 38,8 мкмоль/л, тікелей- 3,5 мкмоль/л, АСТ, сілтілі фосфатаза – қалыпты, сканирлеу – қалыпты. Сізідң ең тиімді тағайындайтын препаратыңыз:

| фенобарбитал

| хофитол

| но-шпа

| холосас

| преднизолон

~ 15 ұл бала, 12-елі ішек ойық жарасымен ауыратын, кофе тәрізді құсуы, іштің ауырсынуы, қышқылды кекіру шағымдарымен ауруханаға түсті. әлсіздік, құлақ шыңылдауы, бас айналуы, бозғылтық анықталды. ЖСЖ- минутына 100рет, А/Қ 80/40 мм рт ст HB- 80г/л. Бастапқы кезеңдегі науқасты жүргізу түрі:

| анамнез жинау

| физикальді зертееулер

| АІЖ жоғарғы бөлімінің рентгенографиясы

| жалпы қан анализі

| хирург қарауы

~ Ахалазияның шығарылуы

| запран аралас құсу

| құсу

| тамақтан сон 1 сағаттан кейін лоқсу

| толық піспеген тамақтан құсу

| қыжыл

~ Қыз балаға 13 жас. Созылмалы гастритпен ауырғанына 2 жылдын шамасы болды. Тамақтан кейін эпигастрия ауырлығы және тұйық аурулар мазалайды, кекіру, жүрегі айну, ауыздағы жағымсыз иіс. Метеоризм, диарея. Өні кету, аққабықтың субиктерикалығы, «жылтырақ» тіл. Кейде тілдің ашуы, ұштарындағы «дененің тітіркенуін»сезу, ОАК-дағы гиперхромдық, макроцитарлық анемия. Созылмалы гастриттің эндоскопиялық суреттінде тән клиникалық сипаттамасы:

| атрофикалық түр

| эрозиялық түр

| гипертрофикалық түр

| үстінгі беті

| аралас түр

~ Бала 13 жасар, эпигастрий аймағының ауыруына 3 жыл бойы шағым-дануда, тамақтан кейін 30-40 минуттан сон, кейде таңертен аш қарында және кешқұрым кеш. Объективті: пилородуоденальды шекарасында іштің ауыруы, кіндіктен жоғары он жағында белсенді бұлшықеттің қорғануы. ФЭГДС: артқы буылтық қабырғасында 12 елі ішектің нәзік тыртық жұлдызшасы пішінді. Асқазан және дуоденум шырышты қабаты гипермирленген, ісінген. Сіздің ең тиімді диагнозығыз:

| өткір гастрит

| функционалдық диспепсия

| өткір панкреатит

| созылмалы панкреатит

| 12 елілік шектің язвалық ауруы

~ 10 жастағы бала, 2 жыл бойы ауырады, эпигастральды аймағындағы ауырсынуына шағымдануы, қақсау, тамақтан кейін, кейде жүрегі айнуы, жеңілдік әкелетін жиі тағамды құсу. Анамнездегі тамақтану тәртібінің бұзылуы. Объективті: тамақтанудың төмендеуі, пилородуоденальдық шекара және ішектің, эпигастральдық аймақ ауырсынады, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Нәжісті даярлау, реттелуі. Созылмалы гастродуодениттің диагностикасында ең тиімді:

| биопсиямен эзофагогастродуоденоскопиясы

| рентгенологилық зерттеу

| асқазанның УЗИ-і және 12 елілік ішек

| дуоденальдық сүңгі салу

| копрограмма

~ Бала 13 жасар 3 жыл бойы эпигастрий аймағының ауыруына шағымдануда, тамақтан кейін 30-40 минуттан сон, кейде таңертен аш қарынға және кешқұрым кеш. Объективті: пилородуоденит шекарасындағы іштің ауыруы, кіндіктен жоғары он жағында белсенді бұлшықеттің қорғануы. ФЭГДС: артқы буылтық қабырғасында 12 елі ішектің нәзік тыртық жұлдызшасы пішінді. Асқазан және дуоденум гиперемирленген, ісінген. Фармокотерапияда тиімді:

| де-нол

| антибиотиктер

| антисекторлық препараттар

| фурандық препараттар

| солкосерил

~ 8-жасар Саша сол жаурын және белге берілетін (белді айнала ауыратын) төсасты аймағы ауруына, жүрек айну, құсу, шөлдеу, іш кебуге шағым-данады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2-і жыл. Ауру тарихынан – 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 градус. Сипағанда эпигастрия, сол қабырға-астындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,8 ммоль/л. Диетасы:

| № 1

| № 5

| № 9

| № 11

| № 15

~ 10-жасар қыз бала жедел жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне келіп түсті. Шағымдары ішінің жоғарғы бөлігінде ұстама-тәрізді ауру, жүрек айну, құсу. Жағдайы ауыр, беті бозарған жер түсіне ұқсаған, зардап шеккен кейіпте, дене қызуы 38 градус. Пульсі жиі, әлсіз – 120 минутына. Сипағанда ішіндегі ауырсыну жайылмалы, кіндік үстіндегі көлденең бұлшықет резистентілігі (Керте симптомы), Воскресенский, Мейо-Робсон симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-12,0*10 9/л, ЭТЖ-18мм/сағ, э/4, б/2, с/66, м/8, л/20 Зәрдегі диастаза – 124 бірлік, зәрдегі диастаза – 64 бірлік. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:

| жедел панкреатит

| жедел аппендицит

| жедел холецистит

| асқазан және ұлтабар жаралы ауруы

| инфекциялық энтероколит

~ Созылмалы гастриттің гастрит тәрізді вариантына көбенесе ... ауырсыну тән.

| 1-1,5 сағаттан кейін өздігінен кететін, сыздап

| түнгі

| аш қарындық

| Іштің барлық жеріндегі жайылмалы

| ұстамалы

~ Созылмалы гастродуоденит пен асқазан және 12-елі ішектің ойық жара аурулары дамуының себебі болып табылатын қоздырғышты атаңыз:

| хеликобактер пилори

| стафиллококк

| стрептококктар

| гарднереллалар

| ішек таяқшасы

~ Қыз бала 10 жаста. Бойы 130см., дене салмағы 25 кг. Стационарға салмақ қоспауына, өсуінің төмендеуіне, бас ауруына, аяқтарының ауырсынуына, ішінің кебуіне, нәжісінің жиі, көп болуына, құсуына шағымданып түседі. Анамнезінде: 6 айлығынан бастап ішінің кебуі және мазасыздық болған (қосымша дәнді тамақ - геркулесті ботқа енгізілгеннен кейін). 1,5 жасынан бері ішінің ауырсынуы, көлемінің ұлғаюы, кебуі, нәжісінің көп мөлшерде жиі болуы, құсу байқалған. Копрологиялық нәжіс анализінде - II типті стеаторея. ЭФГДС кезінде субатрофиялық дуоденит анықталған.

Алдын ала болжам диагноздың ең ықтималы:

| целиакия

| панкреатит

| тағамдық аллергия

| ішек тітіркену синдромы

| муковисцидоз

~ 7 айлық сәби, аралас тамақтанады. Адаптацияланған тамақ қабылдайды, бірақ, 2 күн бұрын анасы сәбиіне сиыр сүтін берген, одан кейін тәулігіне 10 ретке дейін үлкен дәрет және 1-2 реттік қайталамалы құсық пайда болған. Қарау кезінде сәби мазасыз, тері серпімділігі төмендеген, көзі кіртиген, жылау кезінде жас жоқ, үлкен еңбегі кіріңкі, кілегейқабаты құрғақ, ерні қызыл түсті, жүрек үндері тұйықталған. Дегидратация ауырлығын бағалаңыз:

| орташа ауырлықта

| жеңіл

| ауыр

| дегидратация жоқ

| өте ауыр

~ Бала, 10 күндік, 3400 салмақпен туылған, перзентханадан 4- ші күні шығарылды. Емшек сүтімен тамақтанғаннан кейін бірінші күннен көп реттік құсу, іш өту анықталды, дене қызуы мен улану белгілері жоқ. Копрограммада нәжіс Ph-5,5-ке дейін төмендеген, майлы қышқыл ++. Клинико- лабораториялық белгілер … ауруға сәйкес.

| лактозды жетіспеушілік

| дисбактериоз

| сахароза жеткіліксіздігі

| Целиакия

| Муковисцидоздың ішектік түрі

~ 8 айлық балада гипотрофия ауруы анықталады. 4 айға шейін емшекпен тамақтанган, содаң соң биологиялық қоспамен. 5,5 айдан кейін манный кашыға көшті, ал 6,5 айдан соң жеміс пюремен тамақтанды. 5 айға шейін өз жасына байланысты дамыды. Содан кейін дене салмағына 80-100 гр қосты, ал 7 айдан соң дене салмағын жоғалтты. Нәжісі 2-3 рет, күніне 5 ретке шейін кетеді. Емдік тамақтану тағайындаңыз:

| күріш жармасы, жүгері ұны

| нан, макарон өнімдері

| жүгері, перловка жармасы

| шұжық, котлет

| соуспен котлет

~ Анасы 11 айлық бала 8 айлығында емшектен айырғаннан кейін дене салмағын нашар қосатынына шағымданады, ал тәбеті жоғарылаған, нәжісі жиілеген, көп мөлшерде, сасық иісті. Ең бірінші кезекте диагнозды жоққа шығару керек:

| целиакия

| муковисцидоз

| біріншілік лактазалық жетіспеушілік

| екіншілік лактазалық жетіспеушілік

| сиыр сүті ақуызын көтере алмаушылық

~ 5 жасар ұл балада ішінде анда-санда ұстама тәрізді ауыру сезімі, аздаған улану белгілері бар. Ішін пальпациялағанда ауыру сезімінсіз. Қан сынағында – эозинофилия 7%. Диагнозы:

| глисттік инвазия

| ішек тітіркену синдромы

| функционалдық диспепсия

| өт жолдарының дискинезиясы

| ішек дисбактериозы

~ 3айлық бала,емуі жақсы.Анасының сүті жеткілікті,бірақ әр емізген сайын балада кекіру болады.

Жаңа туылған нәрестелерде кекіру мен құсу болатын себеп:

| кардиальды сфинктердің әлсіз дамуы

| асқазанға кіретін жол жақын орналасқан

| асқазанның көлемінің кіші болуы

| асқазанның шырышы қабаты қалың

| асқазанның қысқалығы

~ 10 жастағы балада 1,5-2сағаттан кейін өздігінен жоғалатын қысып ауыратын ауру сезіміне шағымданды.

Қабыну ошағының локализациясы орналасқан:

| гастродуоденит

Наши рекомендации