Аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар. 3 страница

* гепатит белсенділігінің төмендеуі

* панкреатит симптодарын емдеу

* науқас салмағын қалпына келтіру

* неврологиялық көріністерін емдеу

*+6 айдан кем емес уақыт алкогольден толық бас тарту

! Әйел 47 жаста, 2 жыл бойы мазалайтын тері қышуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, сарғыштануға шағымданады. Қарап тексеруде – терісі құрғақ, қалыңдаған, гиперпигментация ошақтары, ксантелазмалар. Билирубин – 158 мкмоль/л. Науқаста және оның әпкесінде антимитохондриальды антиденелердің жоғары титрлары анықталды. Вирусты және токсикалық гепатит табылған жоқ. Қандай диагноз болуы мүмкін?

* бауыр гемохроматозы

* аутоиммунды гепатит

* склерозирдеуші холангит

* альфа1-антитрипсин жетіспеушілігі

*+біріншілік билиарлы цирроз

! Қандай ауруға аталған гистологиялық көрініс КӨБІНЕСЕ тән: қабынулық инфильтрация, бөлік аралық (портальды) және септальды өт жолдарының деструкциясы; перипортальды гепатоциттердің баспалдақ түрде некрозы және перипортальды кеңістіктерде өт тромбтары бар холестаз; өт каналдарының жаңа түзілімдері және кейінгі деструкциясы; бауыр паренхимасының өт каналдарымен кедейлену фонындағы холестаз?

* бауырдың майлы дистрофиясы

* созылмалы токсикалық гепатит

* некроздан кейінгі бауыр циррозы

* созылмалы аутоиммунды гепатит

*+бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

! Қалыпты деңгейде нейтрофилдер протеазасын тежейтін патологиялық белоктың жиналуымен байланысты бауыр циррозының дамуы қандай ауруға тән?

* бауыр гемохроматоз

* Вилсон-Коновалов ауруы

* склерозирдеуші холангит

*+альфа1-антитрипсин жетіспеушілігі

* біріншілік билиарлы цирроз

! Жүктілік 30 апта, аз ғана ілсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне шағымданады. ЖҚА: Эр. 4,2х1012/л, Гем – 118 г/л, Л- 8,3х109/л, СОЭ – 50 мм/сағ. Биохимия: АЛТ – 14 МЕ/л, АСТ – 12 МЕ/л, Билирубин – 15,5 мкмоль/л, тура – 7,5 мкмоль/л, ЩФ – 320 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 28 ед/л (норма<32 ед/л), альфафетопротеин – 140 ед/мл (норма 0-10). Науқасты жүргізудің қай тактикасы дұрыс?

*+диспансерлі бақылау

* амбулаторлы, эссенциале тағайындау

* амбулаторнлы, урсодезоксихоль қышқылын тағайынтдау

* жүктілер патологиясы бөлімшесіне госпитализация

* терапия бөлімшесіне госпитализация

! Жүктілік 34-35 апта, соңғы 4 апта көлемінде ісіну күшейген, АҚ – 150-160/90-95 мм рт.ст. ЖҚА: Эр. 4,0х1012/л, Гем – 98 г/л, Л- 9,3х109/л, Тромбоциты – 74х109/л, СОЭ – 50 мм/сағ. Биохимия: АЛТ – 124 МЕ/л, АСТ – 112 МЕ/л, Билирубин – 25,5 мкмоль/л, тура – 7,5 мкмоль/л, ЩФ – 340 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 30 ед/л (норма<32 ед/л), зәр қышқылы – 243 мкмоль/л, креатинин – 89 мкмоль/л, альфафетопротеин – 132 ед/мл (норма 0-10). Тәуліктік протеинурия – 1,8 г/л. Жүктілікті жүргізу бойынша қай тактика дұрыс?

* MARS-терапия жүргізу, кейін босануды ынталандыруды бастау

*+ұрықтың пайдасына шұғыл түрде оперативті босандыруды бастау

* мүмкіндігінше жүктілік мерзімін созу

* табиғи босандыру күшенусіз

* босануды табиғи жолмен ынталандыру

! Жүктілік 26-27 апта, екінші жүктілік, бірінші жүктілікте үшінші триместрде тері қышуы мазалаған. Осы жүктілігінде тері қышуы 22 аптасында басталған. ЖҚА: Эр. 4,3х1012/л, Гем – 121г/л, Л- 7,3х109/л, Тромбоциты – 179х109/л, СОЭ – 42 мм/сағ. ПТИ – 96%, Биохимия: АЛТ – 74 МЕ/л, АСТ – 58 МЕ/л, Билирубин – 30,5 мкмоль/л, тура – 9,5 мкмоль/л, ЩФ – 1740 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 35 ед/л (норма<32 ед/л), зәр қышқылы – 262 мкмоль/л, креатинин – 67 мкмоль/л, альфафетопротеин – 122 ед/мл (норма 0-10). Қандай диагноз болуы мүмкін?

* вирусты гепатит

*+жүктілер холестазы

* Вилсон-Коновалов ауруы

* альфа1-антитрипсин жетіспеушілігі

* біріншілік билиарлы цирроз

! Әйел 44 жаста, 2 жыл бойы спецификалық емес жаралы колит бойынша сульфосалазинмен ем қабылдайды. Тексеру кезінде гепатомегалия, трансаминазалар және билирубин жоғарылауы, полиартрит анықталған. Антинуклеарлы антиденелер, АНЦА, LKM-1 жоғары титрлары анықталған. Спецификалық емес жаралы колитке қандай патология қосылу мүмкіндігі жоғары?

* созылмалы вирусты гепатит С

* жүйелі қызыл жегі

*+аутоиммунды гепатит

* склерозирдеуші холангит

* біріншілік билиарлы цирроз

! Бауырдың қандай созылмалы үдемелі ауруына ANA және/немесе SMA (тегіс салалы бұлшықеттерінің) немесе LKM-1 (бауыр-бүйрек микросомальды антиденелер 1 тип) антиденелердің және гамма-глобулиндердің жоғары деңгейінің болуы тән.

*+аутоиммунды гепатит

* аутоиммунды холангит

* склерозирдеуші холангит

* біріншілік билиарлы цирроз

* созылмалы вирусты гепатит С

! Төменгі өңеш сфинктерінде асқазандық метаплазияның болуы БАРЫНША сипаттайды:

* Гастритті

* Эзофагитті

*+Баррет өңешін

* Өңеш ахалазиясын

* Диафрагманың өңештік тесігінің жылжымалы жарығын

! 37 жастағы әйел адам, (ДСИ) ИМТ=39, қыжылға, аштымен кекіруге, қатты тамақты жұтынуың қиындығына, төс артындағы «түйнеу» сезіміне, кейде арқаға берілетін төс артындағы күйдіру сезіміне шағымданады. Осы шағымдар көбінесе тамақтан кейін, шоколад, кофе, газдалған сусынды қабылдағаннан кейін және жатқанда пайда болатынын айтады. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісінжүргізу БАРЫНША ықтимал?

* Ирригоскопияны

* ЭКГ мониторирлеуді

* Дуоденальды зондтауды

*+Эзофагофиброгастроскопияны

* Асқазанды фракционды зондтауды

! Анамнезінде ұзақ уақыт жатар алдында көлденең жатқанда және түнгі ас қабылдаулардан кейін пайда болатын төс артындағы күйдіру мен ауру сезімі, қышқылмен кекіру бар науқаста, ЭФГДС да өңештің төменгі үштен бір бөлігінде кілегей қабатының ісінуі мен қызаруы, бірен саран эрозиялар анықталған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

* Диафрагманың өңештік тесігінің жылжымалы жарығын

*+Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

* Өңештің диффузды тарылуы

* Асқазанның ойық жара ауруы

* Өңеш ахалазиясы

! Тамақтың «тіреліп» қалуы сезіміне, сасық иіспен кекіруге, жүрек айнуына шағымданатын 38 жастағы әйел адамда, өңеш рентгенографиясында өңештің дистальді бөлігінің тарылуы, жоғары жатқан бөліктерінің кеңеюі, барий сұйықтығының горизонтальды деңгейі, сондай-ақ өңештің ұзаруы мен S-тәрізді деформациясы анықталған.

Қандай диагноз болуы БАРЫНША ықтимал?

* Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

* Функциональды ойық жарасыз диспепсия

* Өңештің диффузды тарылуы

*+Өңеш ахалазиясы

* Өңеш қатерлі ісігі

! Диафраганың өңештік тесігінің жарығы бар 52 жастағы ер адамда, айқын физикалық күштемеден кейін төс артындағы және асқазан тұсындағы кенет күшті ауру сезімі; қан аралас құсу; жүрек айну мен ішек кебуі пайда болған. Құрсақ қуысы мүшелерінің ретгенографиясында асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы; диафрагманың өңештік тесігі деңгейінде асқазан контурының деформациясы; кеуде қуысында «Клойбер табақшалары» анықталған.

БАРЫНША ықтимал диагноз?

* Өңеш қатерлі ісігі

* ЖИА. Миокард инфаркты

* Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

*+Диафрагманың өңештік тесігі жарығының қысылуы

* Қан кетумен асқынған, асқазанның ойық жарасы

! Қатты күйзелістен кейін пайда болатын, айқын дисфагиясы бар 32 жастағы әйел адамға, асқазан-ішек жолы рентгенографиясын жасағанда өңештің «штопор» тәрізді деформациясы анықталған.

БАРЫНША ықтимал диагноз?

* Эзофагит

* Өңеш қатерлі ісігі

*+Эзофагоспазм

* Өңеш ахалазиясы

* Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

! Кардияның ахалазиясы бар әйел адам бірнеше ай бойы нитраттар мен кальций каналдарының блокаторларын қабылдаған, әсері болмаған. Ұсынылған хирургиялық емнен және баллонды дилятациядан бас тартуда. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?

* Мозаприд

* Сандостатин

* Ботулотоксин

* Метоклопрамид

*+Силденафил (Виагра)

! 42 жастағы ер адамды бірнеше жыл бойы диета ұстауды бұзған сайын төс артындағы ауру сезімі мен күйдіру сезімі, кекіру мен дисфагия мазалайды. ЭФГДС жасағанда келесі (суреттегі) көрініс анықталған. Қандай диагноз болуы БАРЫНША ықтимал?

Аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар. 3 страница - student2.ru

* Өңеш қатерлі ісігі

* Кардия ахалазиясы

*+Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

* Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

* Он екі елі ішек ойық жара ауруы

! Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруымен ауыратын 35 жастағы ер адам бір ай көлеміндегі түнде, әсіресе жатар алдында тойып тамақтанғаннан кейінгі пайда болатын, тұншығу ұстамалары мен қатты жөтелдерге шағымданады. Күндіз ұстамалар жоқ. Сондай ақ қыжыл, ащымен кекіру мен төс артындағы жайсыздық сезімдері мазалайды. Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзал?

* Алмагель

* Эуфиллин

*+Рабепразол

* Папаверин гидрохлдридін

* Дротаверин гидрохлдридін

! Асқазан кілегейлі қабатында H.рylory – инфекциясының персистенциясы БАРЫНША келесінің дамуына алып келеді:

* Асқазанның гастроэзофагеальді рефлюкс ауруына

*+Асөазанның MALT-ассоцирленген лимфомасына

* Гепатоцеллюлярлы карциномаға

* Фатеров ұшының аденокарциномасына

* Өңеш аденокарциномасына

! Миокард инфарктымен ауыратын 70 жастағы ер адамды, бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейінгі эпигастрии аймағындағы ауру сезімі мен қышқылмен кекіру; айқын әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы мазалайды. ЭФГДС жасаудан науқас бас тартқан. ЖҚА: 2 күннің ішінде гемоглобин деңгейі 144 тен 90 г/л ге дейін төмендеп кеткен. Науқаста қандай асқыну түрі БАРЫНША дамуы мүмкін?

*+Асқазан-ішек жолынан қан кетуі

* Миокард инфарктының қайталануы

* Асқазан ойық жарасы пенетрациясы

* Дресслер синдромы

* Ойық жара перфорациясы

! Анамнезінде асқазан ойық жарасы бар 60 жастағы ер адамды жарты жыл көлемінде шіріген иіспен кекіру, аз көлемдегі тамақ ішкеннен кейін пайда болатын асқазан тұсындағы керілу сезімі; жеңілдік алып келетін алдындағы қабылдаған тамақпен құсу мазалайды. Құрсақ қуысы мүшелері рентгенографиясын жасағанда асқазанның эвакуаторлық қызметі бұзылуы анықталған: асқазандағы контрастты зат 6 сағаттан аса тұрған. Қандай асқыну туралы БАРЫНША сөз болып отыр?

* Перивисцерит

* Асқазан ойық жарасы перфорациясы

* Асқазан ойық жарасы пенетрациясы

* Асқазан ойық жарасы малигнизациясы

*+Асқазанның шыға беріс бөлігінің стенозы

! Асқазан ойық жарасы бар 53 жастағы ер адамда алкогольдік эксцесстен кейін кенет асқазан тұсы аймағында «қанжар сұққандай» ауырсыну сезімі пайда болды; антисекреторлы және спазмолитикалық дәрілерді қолдану ауырсыну синдромын баспады. Диагнозды қоюда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

* Асқазан сөлін фракционды зондтау

*+Құрсақ қуысы мүшелері рентгенографиясы

* Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ

* Дуоденальды зондтау

* Өңештік рН-метрия

! 28 жастағы ер адам сүт қабылдағанда басылатын, асқазан тұсындағы түнде және аш қарында пайда болатын ауру сезіміне; қыжылға, жеңілдік әкелетін, ауырсынудың шыңындағы қышқыл асқазандағы тамақтармен құсуға шағымданады. Пальпация кезінде асқазан аймағындағы ауырсыну сезімі анықталады. Науқасқа төменде келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзал?

* Платифиллин

* Алюминий фосфатын

*+Пантопразолды

* Дротаверин гидрохлоридін

* Урсодезоксихоль қышқылын

! 63 жастағы ер адам 4- ай бұрын миокард инфарктын алған, стент қойылған; тромбоасс қабылдайды. 2- аптадай, әсіресе тамақтан кейінгі асқазан аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданады. ЭФГДС жасаудан мүлде бас тартуда. Тыныстық уреазды сынама – теріс. Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША абзал?

*+Антисекреторлы дәрілерді тағайындау

* Тромбоассты кардиомагнилге ауыстыру

* Антацидтты дәрілерді тағайындау

* Прокинетиктерді тағайындау

* Тромбоассты алып тастау

! Науқастың тамақ және өмір сүру қалпын өзгерткенде де оң нәтиже бермеген кезде гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеуде қандай топ препарат комбинациясы оңтайлы?

* Маалокс, фамотидин

* Омепразол, метронидазол

*+Фамотидин, итоприд

* Омепразол, амоксициллин

* Лансопразол, висмута субцитрат

! 45 жастағы ер адам қышқылмен кекіруге, тұншығу ұстамаларына, төстің үштен бір бөлігінде күйдірген тәрізді ауру сезімге шағымданады. ЭКГ: синусты ырғақ. Пикфлоуметрия кезінде тынс шығарудың пиктік жылдамдығының айқын емес төмендеуі анықталды. Қандай диагноз болуы ықтимал?

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

*+Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруы

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* Созылмалы гастрит

* Бронхиальді астма

! 20 жасар әйел адам тамақтан кейін іш кебуіне, жүрек қағуға, ырғақ бұзылу сезімдерге, ауа жетпеуге, ентігуге, ауамен кекіргеннен кейін азаятын тамақтан соң пайда болатын жүрек маңында күйдіру сезіміне, жиі ықылықтауға шағымданады. Объективті: сол қабырғаастының перкуссиясы кезінде IV қабырғааралыққа дейін тимпаникалық дыбыс анықталады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде диафрагманың жоғары тұруы, асқазанның үлкен газ тәрізді қабы анықталады. Ұзақ уақытқа созылған жоғарыда аталған симптоматика қандай жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін?

*+Диафрагманың өңеш саңылауының жарығына

* Диафрагма жыртылуына

* Жара ауруына

* Өкпе эмфиземасына

! 52 жастағы ер адам кезеңді түрде сұйық және қатты тамақ жұтынуының қиындауына кекіруге; физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде артындағы ауыру сезімдерге шағымданады. Бұл жағдай эмоциональды күш түскенде және түнгі уақытта пайда болады. Айтылған шағымдар 20 жыл көлемінде мазалайды. Жалпы жағадайы қанағаттарлық, салмағы-70 кг, бойы 164 см.

Аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

*+Кардия ахалазиясы

* Өңеш дискинезиясы

* өңеш дивертикулы

* Өңештің жарасы

* Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

! 37 жастағы әйел горизонтальды қалыпта күшейетін, тамақтан кейін пайда болатын кеуде артындағы ауру сезімге; қыжылға, жеген тамақпен қыщқылды кекіруге, өңештің үштен бір бөлігіде «бөгде зат» тұру тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция анықталды. Рентгенологиялық: өңеш өтімді, кардияның артқы аралыққа шығуы және асқазаннан өңешке контрастты заттың кері қайтуы анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

* Өңеш ісігі

* Кардия ахалазиясы

* Өңеш дивертикулы

* Өңеш жарасы

*+Диафрагманың өңеш саңылауының жарығы

! 47 жастағы ер адам ішімдік және цитрус, кофе қабылдағанда пайда болатын кеуде артындағы ауру сезімге және қыжылға шағымданады.

Төменде аталған препараттырдың қайсысын ұзақ қабылдауға БАРЫНША болады?

* висмут препараттары

* домперидон

* метоклопрамид

*+итоприд

* цизаприд

! 45 жасар әйелде 10 жыл көлемінде кезеңді түрде байқалады: көбіне сұйық тамақты жұтынудың қиындауы, оны жеңілдету үшін тамақты ішкен кезде денесін артқа бүгеді, лоқсу, физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде артындағы ауыру сезіміне шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттарылық.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?

* Бисопролол

* Лактулозаны

* Фозиноприл

*+Нифедипин

* Кандесартан

! 38 жасар ер адам жатқан кезде, денесін алға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін кеуде артындағы күйдірген тәрізді ауыру сезімге шағымданады.

БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін көрсетіңіз:

*+Эзофагоскопия

* Эзофагоманометрия

* Кеуду торының рентгенографиясы

* Күштемелі сынамалармен электрокардиография

* Құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу

! 50 жастағы ер адам, көп темекі шегуші, қышқылмен кекіруге, кеуденің төменгі үштен бір бөлігінде күйдіру сезіміне, тұншығу ұстамаларына шағымданады. Теофиллин тобындаға препараттарды қабылдағанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық белгілер анықталмайды. Төменде аталғандардың қайсысы зерттеудің келесі қадамы болып табылады?

* ЭхоКС

*+ЭФГДС

* Спирография

* Асқазан рентгенографиясы

* Кеуде торының рентгенографиясы

! Созылмалы гастриттердің ерекше формаларына қайсысы жатуы ЫҚТИМАЛ:

* Атрофилық емес

*+Эозинофильді

* Атрофилық аутоиммунды

* Атрофиялық мультифокальды

* Helicobacter pylori ассоциирленген

! Созылмалы аутоиммунды гастрит үшін асқазанның қай бөлімі зақымдалуы БАРЫНША тән?

* Антральды

*+Фундальды

* Кардиальды

* Препилорикалық

* Пилорикалық канал

! Тамақ ішуімен байланысты ауыру сезімінің пайда болуы бар асқазан ойық жарасы бар ер адамда антацидтер және тамақ ішумен байланысы жоғалды, ауыру сезімі сипаты өзгерді, ол қарқынды, тұрақты, кейде жіті бола бастады. Науқаста төменде аталған қандай асқыну пайда болды?

* Перфорация

* Қан кету

*+Перивисцерит

* Қақпа стенозы

* Реактивті панкреатит

! 32 жастағы әйел адамды тамақ қабылдаудан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, қыжылдау мазалайды. ЭФГДС кезінде асқазанның антральді бөлімінде шырышты қабаты гиперемияланған, бірен-саран эрозиялар.

Төменде аталған қай топ препараттарын тағайындау БАРЫНША ЫҚТИМАЛ?

* дротаверин

* домперидон

* метронидазол

*+рабепразол

* висмут субцитраты

! Ұзақ уақыт диклдофенакты пайдаланатын 45 жастағы әйелді соңғы 2 айда тамақтан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы қатты ауыру сезімі, қыжылдау, қышқылмен, ауамен кекіру мазалайды. Төменде аталған қай топ препараттарын тағайындау БАРЫНША ЫҚТИМАЛ?

* алюминий фосфаты

* метоклопрамид

*+итоприд

* Папаверин

* Рабепразол

! 56 жастағы әйел адам эпигастрий аймағында және пилородуаденальды зонада ауыру сезімге шағымданады; өт қосындысы бар құсуға, таңертеңгі уақытта ащы тәрізхді сезімге шағымданады. Гастроскопия кезінде - эрозивті гастрит суреті.

Төменде аталған препарат топтарының қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

* лактулоза

* Мизопростол

*+урсодезоксихол қышқылы

* Амоксицилин

* Папаверин

! 82 жастағы әйел адам эпигастрийде керілген тәрізді, тұйық ауыру сезімге, тамақ ішкеннен кейін эпигастрийде толу сезімдерге, қорытылмаған тамақпен кекіру; метеоризм, іш қатумен жүретін іш өтулерге шағымданады. Қарағанда салмағы аз; тері жамылғылары боз, ауыз бұрышында жарылулар, тері құрғақ, тырнағы сынғыш.

Қандай емдік жоспар БАРЫНША ықтимал?

* Темір сульфаты

* Фамотидин

* Цизаприд

* бифидумбактерин

*+Табиғи асқазандық сөл

! 34 жастағы ер адам тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін, түнде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезімге; іш қатуға шағымданады. Бір жыл бұрын асқазан ойық жарасы перфорациямен асқынған.

Төменде аталған жара орналасуының қайсысы БАРЫНША:

* Асқазанның кіші иінінде

*+Асқазанның антральді бөлімінде

* Асқазанның үлкен иінінде

* 12 - елі ішекте

* Асқазанның пилорикалық бөлімінде

! 21 жастағы әйел адам психоэмоциональды зорығу кезінде ауамен кекіруге; тамақтан кейін эпигастрий аймағында толу және керілу сезіміне; жүрек қағуға, кекіруден кейін ауа жетпеу сезіміне шағымданады. Объективті: Іші керілген. Рентгенологиялық диафрагманың жоғары тұруы, асқазанның үлкен газдық толуы, тоқ ішектің сол иірімінде газдың көп көлемі анықталады. ЭКГ, ЭФГДС, құрсақ қуысы УДЗ патология жоқ.

Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы ЫҚТИМАЛ?

*+Аэрофагия

* Пилороспазм

* Тітірген ішек синдромы

* Созылмалы беткей гастрит

* Функциональды жаралық емес диспепсия

! 32 жастағы әйел тамақтан кейін эпигастрий аймағында ауырлыққа, тез тою сезімге, ауамен кекіруге, метеоризм, тітіргендігіштікке шағымданады. Жағдайының нашарлауы эмоциональды күйзеліспен, тамақты тойып жеумен байланыстырады. Физикальды зерттеу кезінде патология анықталмады. ЭФГДС: қатпары анық, аш қарынға аз мөлшерде мөлдір сұйықтық анықталады. Уреазды тыныс алу сынамасы теріс.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?

* Алюминий фосфаты

* Омепразол

* Ранитидин

*+Домперидон

* Метронидазол

! 27 жастағы ер адам эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін, түнгі уақытта пайда болатын ауыру сезімге; қышқылмен кекіруге, жүрек айнуға шағымданады. Объективті: салмағы аз, тілі ылғалды, түбінде ақ жабындымен жабылған, пальпацияда - эпигастрииде ауыру сезімі.

БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін атаңыз:

*+Гастроскопия

* Ирригоскопия

* Эзофагоманометрия

* Асқазан рентгенографиясы

* Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерртеуі

! 47 жастағы ер адам эпигастрийде ауырлық және керілу, үнемі мазалайтын ауыру сезіміне, соңғы жарты жылда 15 кг салмақ тасатауына шағымданады. Объективті: арық, тері жабындылары боз, аяқта ісіну, пальпацияда эпигастрийде ауыру сезімі. Қанда – эритроциттер 3,2 млн., Нв 95 г/л,ЭТЖ 10 мм/сағ; жалпы белок 45 г/л. ЭФГДС – асқазанның шырышты қабаты қатпарлары «ми жолдары» сияқты қалыңдаған, ұсақ нүктелі эрозиялар бар.

Қандай тактика БАРЫНША ықтимал?

* Санаторлы – курортты ем

* Симптоматикалық ем

* Алмастырушы терапия

*+Хирургиялық ем

* Диетотерапия

! Остеоартрозбен ұзақ уақыт зардап шегетін 65 жастағы әйел ұзақ уақыт селективті емес стероидты емес қабынуға қарсы заттарды қабылдайды. Қай топ препараттары СЕҚҚЗ (НПВС) жанама әсерлерін алдын алады?

Наши рекомендации