Эпидемияға қарсы шаралардың бағыты, көлемі

Ауа тамшы инфекциялары

Жалпы сипаттама

Тыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жіктелуі

І. Этиологиясы вирустар

1. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар:

Тұмау, парагрипп, аденовирустар, РС вирустар, риновирустар, реовирустар

2. Ұшықты инфекциялар:

Жұқпалы мононуклеозі, цитомегаловирусты инфекция, желшешек, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық - антропоноздар, (маймыл шешегі, сиыр шешегі-зоонозды инфекциялар).

ІІ. Этиологиясы бактериялар:

Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз - антропоноздар, туберкулез-антропозооноз, орнитоз-зооноз.

Күл

Күл – аэрогенді механизммен берілетін, организмнің айқын улануымен және мұрын-жұтқыншақтың, кеңірдектің, көмекейдің фиброзды-қабынуымен сипатталатын, жүрек-қантамыр, нерв жүйесінің зақымдалуымен өтетін антропонозды жедел респираторлы жұқпалы ауру.

Күл – орта ғасырдан белгілі ауру, бірақ ауруды толық зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдан басталған. Француз ғалымдары Бретонно және Труссо аурудың сипаттамаларын беріп, күлдің жұқпалы ауру екендігін дәлелдеген және «дифтерия» атауын ұсынған.

ХІХ ғасырдың ортасында және екінші жартысында түрлі елдерде күл ауруы өте ауыр эпидемия түрінде таралған.

Күл ауруының қоздырғышын 1884 жылы Клебс және Леффлер ашқан, сондықтан «Леффлер таяқшалары» деп аталады. Бұл жетістіктің нәтижесінде күлге қарсы сарысу алынған, оны қолдану өлім жітімді төмендетуге ықпал еткен.

ХХ ғасырдың 20 жылдары Рамон белсенді иммунизация ретінде күлге қарсы анатоксин егуді ұсынған.

1990 жылдары күл ауруымен сырқаттану деңгейі өте жоғары болған, Ресей және Украина елдерінен басталып 1995 жылға дейін бүкіл ТМД Республикаларына таралған. Қазақстанда 1992-1995 жылдар аралығында күлмен ауырғандар саны 24 % өскен, 1995 жылы 1105 ауру тіркелген, 100 000 халыққа шаққанда сырқаттану деңгейі 6,0% жеткен, өлім жиілігі 6,8% болған. Өршудің себебі вакциналардың жетіспеушілігінен және егу алмаған адамдардың көбеюінен болған.

1995-1996 жылдары жаппай «Халықтық вакцина Егу Күндерін» ұйымдастыру нәтижесінде 100 млн. балаға күлге қарсы егулер жасалып, сырқаттану жағдайы төмендей бастаған. 1999 жылы -17, 2002 жылы – 5 ауру тіркелген.

Этиологиясы. Қоздырғышы Corynеbacterium dipthеriae - грам оң, жылжымайтын, спора түзбейтін, аэробты таяқша. Екі шетінде түйрегіш секілді томпақшалары бар, онда волютин гранулалары орналасады.

Күл таяқшалары қоршаған ортада төзімді: сүтте 1 айдан астам; суда 12 күнге дейін; құрғақ заттардың бетінде, ойыншықтарда – 1-2 аптаға дейін сақталады. Дезинфекциялық заттардың, жоғары температураның әсерінен тез өледі, кептіруге төзімді.

Морфологиялық, антигендік, вируленттік қасиеттеріне сәйкес 3 варианттары бар:

– gravis

- mitis

- intermedius

Күл таяқшалары көбею барысында өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Экзотоксин бөліп шығаруына байланысты күл таяқшалары токсигенді және токсигенді емес болып бөлінеді. Тек экзотоксин бөліп шығаратын, токсигенді штаммдары ғана ауру немесе бактерия тасымалдаушылық тудырады. Токсигенді емес штаммдары ауру тудырмайды.

Күл таяқшаларының токсигенділігін арнайы преципитация реакциясы арқылы анықтайды: алдымен Петри табақшасының ортасына анатоксині бар сарысуға батырылған қағазды қояды, тексерілетін дақылды қағаздың жанына агар қоректі ортасына егеді. Егер, қоздырғыш токсин бөліп шығаратын болса, қағаздың шетінде антиген және қарсыдене байланысы - арнайы преципитация реакциясы пайда болады. Қоздырғыш токсин бөліп шығармайтын болса ешқандай өзгеріс болмайды.

Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Эпидемиологиялық тұрғыдан көмей, көмекей, мұрын күлі қауіпті болып табылады. Өйткені, қоздырғыш тыныс шығару кезінде көп мөлшерде ауаға таралады. Көз, тері, жарақат, жыныстық мүшелер күлі таратушы ретінде қауіптілігі төмен. Сау тасымалдаушылар және жеңіл не симптомсыз формадағы науқас адамдар тек жаппай тексеру барысында, зертханалық тексеру кезінде кеш анықталады, дер кезінде ауруханаға жатқызылмайды, емделмейді, ауруды белсенді түрде таратып отырады.

Күл ауруының 90% сау тасымалдаушылармен байланысты екені анықталған. Бактерия тасымалдаушылықтың түрлері:

– транзиторлы ( 1 рет лабораторлық тексеру кезінде анықталған)

- жедел 15 күнге дейін

- орташа уақыт ( 3 айға дейін)

- созылмалы ( 6 айдан астам)

- сау тасымалдаушы ( аурудың белгілері жоқ)

Ұзақ уақыт тасымалдаушылық тонзиллит, ринит науқастарында кездеседі.

Инфекция көзі ретінде сауыққан адам да болуы мүмкін, реконвалесцент қоздырғышты 2 аптаға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт бөліп шығаруы мүмкін.

Берілу механизмі – негізгі берілу механизмі аэрогенді, аспирациялы.

Берілу жолдары :

1) ауа-тамшы, ауа-шаң

2) тұрмыстық–қатынас: ыдыстар, бет орамал, сүлгі, төсек жабдықтары, ойыншықтар.

3) алиментарлы - сүт және кремдік тағамдар арқылы

Инкубациялық кезеңі: 3 - 7 – 10 күн.

Патогенезі және клиникасы. Қоздырғыштар жоғары тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттары арқылы денеге түседі. Түскен жерінде фибринозды қабыну процесі, қоңыр қара түсті қатты жабын пайда болады. Экзотоксиннің жергілікті әсерінен лимфа бездері ісініп тыныс тарылуы, бума болуы мүмкін, орталық нерв жүйесі, жүрек, қан тамырлары зақымдалады. Күл қарсы вакцина егілген балаларда ауру жеңіл түрінде өтеді.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Күлауруы қазіргі кезде жаппай вакцина егулердің әсерінен кездейсоқ сырқаттанушылық түрінде кездеседі. Балалар арасында вакцина егу, қайта егу арқылы сырқаттанушылық азайған. Бірақ, үлкендер арасында жиі кездеседі. Оның себебі вакцина егілмеген адамдарда қабылдағыштық өте жоғары болады. Барлық жерде бірдей таралған, маусымдылығы – күз-қыс айлары.

Диагностикасы:

Эпидемияға қарсы шаралардың бағыты, көлемі - student2.ru Эпидемияға қарсы шаралардың бағыты, көлемі - student2.ru

1-сурет 2-сурет

1. Бактериологиялық әдіспен тексеру қажет:

а) тонзиллит, баспа назофарингит, ларингитпен ауыратындарды – 1 рет.

б) аурумен қатынаста болған адамдарды – 1 рет 24 сағат ішінде.

в) бала бақша, балалар үйі, психоневрологиялық стационарға алғашқы

қабылдау алдында – 1 рет тексеру (1,2 сурет).

2. ГАТЕР, ИФА ( иммунды-ферментті анализ).

Алдын алу шаралары ДСМ «Күл ауруымен күресу шараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар:

Ауру адам және күдіктілер міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып емделеді. Науқас бокстарға немесе арнайы бөлімшелерге жатқызылады, жатқызған күні мұрнынан, жұтқыншағынан бактериологиялық тексеруге сынама алынады, күлге қарсы антитоксикалық сарысу, антибиотик беріледі. Клиникалық түрде жазылғаннан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғанда ауруханадан шығарылады. Бактерия тасымалдаушылар ауруханада антибиотиктермен емделеді, ұжымнан аластатылады.

2. Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Тиімді вентиляция орнату, ауаны жиі желдету, тағамдарды ластанудан қорғау, дезинфекциялық шаралар жүргізу.Ағымды дезинфекция және қорытынды дезинфекция (ойыншықтар, ыдыстар, науқастармен қатынаста болған барлық заттар) жүргізіледі.

3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар:

Ең тиімді алдын алу шаралары – бұл жоспарлы түрде вакцина егу ДСМ «ҚР халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнінде шаралар» бұйрығына, егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде вакцина егіледі:

АКДС – 2, 3, 4 айда, қайта егу 18 айда.

АДС – 6-7 жаста;

АД-М – 11-12 жаста

АДС-М – 16 жаста және әр 10 жылда.

АКДС вакцинасының құрамында тазартылған сіреспе мен күл анатоксин (алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған) және көкжөтелдің мұқият шайылған микробтары бар. Вакцина сұйық және құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін қалыпты реакция 2 тәулік мерзімді қамтиды, дене қызуы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Енгізгендердің 1%-да температура 38,50С-тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақ тіндерінде диаметрі 5 см-дей ісік, 2 см-дей инфильтрат пайда болатын жергілікті күшті реакция 4%-тен аспауы керек. Егер де АКДС бірінші инъекциясына патологиялық реакция байқалса, кейінгі егулер АДС-М анатоксин енгізу арқылы жасалады

Вакцина егу туралы мәліметтер егу құжаттарына тіркеледі. Егумен қамту 95% кем болмау керек. Егулердің уақтылы жасалғанын картотека бойынша, №63 үлгідегі егу карталарын талдау арқылы анықтайды.

Ата-аналармен санитарлық-ағату жұмыстары жүргізіледі.Көрнекті насихаттау материалдарын (плакаттар, санитарлық бюллетендер) қолдану.Олар аурудың қауіпті екендігі және егудің пайдасы жөнінде ақпарат алуға тиіс.

Ошақтағы эпидемияға қарсы шаралар.Ошақта эпидемиологиялық тексеру төтенше хабарлау(Ф.058 у.) алғаннан кейін қалада 12 сағат,ал ауылдық жерде 24 сағат ішінде жүргізілуі қажет.Емдеу-профилактикалық мекемеде жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60 у.).Хабарлама қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.

Ошақта тексеру барысында науқас адамның соңғы 7 күн ішінде кімдермен жақын қатынаста болғанын анықтап, оларды 7 күнге медициналық бақылауға алу қажет, оның ішінде: жанұя мүшелері, достары, туыстары, мектепте, бала бақшада, т.б. оқу мекемелерінде қатынаста болғандар, мекемеде бір бөлмеде жұмыс істейтіндер, медицина қызметкерлері. 7 күн медицианылқ бақылау барысында күнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншағын тексеру, бактериологиялық тексеруге 1 рет сынама алу қажет.

Науқаспен қатынаста болған адамдардың егу карталарын (Ф.63) тексеріп, иммунизациялау:

- алғашқы комплексті толық алмағандарға (3 рет егу және қайта егу);

- егу құжаттары болмаса;

- соңғы қайта егуден кейін 5 жыл өтіп кетсе;

Науқас адамға сауыққанннан кейін, ауруханадан шықпай тұрып вакцина егіледі, егер:

- бұрын вакцина алмаған болса - алғашқы мөлшері және ревакцинация

жасалады.

- толық егілген болса, бірақ соңғы егуден 5 жыл өтіп кетсе – бүстерлі

қосымша доза егіледі.

- егер соңғы егуден 5 жылдан аз уақыт өтсе – вакцина егілмейді.

Бала-бақшаға толық сауыққаннан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін баруға рұқсат беріледі.

Балалар мекемелерінде карантин 7 күнге беріледі. Карантин кезінде топтан топқа ауыстыруға және жаңадан балаларды қабылдауға тиым салынады.

Ошақта күнделікті дезинфекция жүргізіледі: ыдыстар 15 минут қайнату немесе 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат батыру арқылы залалсызданады. Төсек жабдықтары, ойыншықтар қайнату немесе 2% хлорамин ерітіндісіне 2 сағат батыру арқылы залалсызданады. Көрпе, матрас, төсектер камералық әдіспен залалсызданады.( №1кесінді )

Күл ошағында эпидемияға қарсы шаралар:

№1 кесінді

Эпидемияға қарсы шаралардың бағыты, көлемі

І.Инфекция көзі

Ауру адам - міндетті түрде ауруханаға жатқызу

Токсигенді коринобактерия тасымалдаушылары міндетті

түрде ауруханаға жатқызу

Ұзақ тасымалдаушы болса егілген ұжымда қалдыру

ІІ. Берілу механизмі

Дезинфекция

- Қорытынды - дезстанция қызметкерлері жасайды

- Күнделікті - халықтың өзі жасайды

Наши рекомендации