Іріңді лактациялық мастит

Лактациялық (босанудан кейінгі) мастит – әйелде босанғаннан кейінгі кезеңде лактация фонында пайда болатын сүт безінің қабынуы. Лактациялық мастит босанғаннан кейінгі кезеңнің кез келген мерзімінде дамуы мүмкін, дегенмен босанғаннан кейін 2-3 аптада жиі кездеседі.

Клиникасы және диагностикасы. Іріңді маститтің бастапқы симптомдары: сүт безі аймағында ауырсыну, тығыздалған бөлік анықталуы, нәрестені емізгенде ауырсыну. Температураның жоғарылауы, қалтырау, бас ауруы, ұйқысыздық пайда болады. Қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, пальпацияда ауырсынуы. Тығыздалған бөлік ортасында флюктуация анықталуы мүмкін. Маститтің серозды түрінен инфильтративті және іріңді түріне ауысуы – 4-5күн. Маститтің флегмонозды фазасы науқастың жалпы жағдайының кенет нашарлауымен, температураның 39,5-40ºС дейін жоғарылауы, қалтыраумен сипатталады. Тілі құрғақ, тері жамылғысы бозарған, бездің диффузды ұлғаюы, без терісі гиперемияланған, жылтыр, тері асты веналарының кеңеюі. Пальпацияда – флюктуация бірнеше жерде анықталады. Лейкоцитоз. Лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы. Несепте белок, лейкоциттер, эритроциттер. Гангренозды түрінде науқас жағдайы өте ауыр. Пульс 100-120 рет мин. Температура 40-40,5ºС. Сүт безі көлемі ұлғайған, ісінген, пастозды, ауырсынады, терісі көгерген, кей жерлерде терісі некроздалған. Сүт безі емізігі ішке тартылған, сүт шықпайды. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады. Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы.

Инфильтратты саңылауы кең инемен пункциялау және УДЗ-дің бағалы диагностикалық маңызы бар.

Емі. Маститтің іріңді түрлерінде хирургиялық ем көрсетілген.

Асқынулары және ақыры. Жіті іріңді лактациялық мастит сепсис және іріңді процестің кеуде клеткасына таралуымен асқынуы мүмкін. Іріңді маститтің ақыры – жыланкөздер түзілуі, сүт безі деформациясы және оның көлемінің кішіреюі, лактацияның азаюы және тоқтауы.

Сұрақ.

Клиникалық хаттамаға сәйкес атерома , липома ауруларының диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар.

Атерома – шығу өзегінің бітелу салдарынан дамитын терідегі май безінің ісік тәрізді түзілісі.

Клиникалық көрінісі: тері астында дөңгелек формалы түзіліс, беткейі тегіс, қозғалмалы, айқын шектері бар, түзіліс тығыз және сипағанда ауырсынусыз, орталығында шығарушы тармағы ұлғайған және ісінген, ішіндегісі ақ, ботқа тәрізді, эпителий мен без сөлінен тұрады.

Атероманың ұзақ уақыт болуы оның қабынуына және іріңдеуіне әкеледі, сол кезде атерома қуысында абсцесс пайда болады. Мына белгілермен көрінеді: атерома аймағында ауырсыну, терінің қызаруы, ісіну, температураның жоғарылауы.

Негізгі диагностика – атерома аймағын және іргелес теріні визуальды қарау.

ЖТД – дің тактикасы: консервативті , оперативті

Асқынуы болмаса: радиотолқынды алып тастау, сәулелі алып тастау, хирургиялық ем.

Атерома асқынуы: іріңдеу, флегмона

Липома – май тініндегі қатерсіз жаңа түзіліс.

Липоманың симптомдары:өсуі баяу,консистенциясы эластикалық, мойында орналасса, тыныс алу жолдарын қысып, тыныс алу қиындайды

Диагностика: УДЗ, рентген зерттеуі, электрорентгенография, КТ, МРТ, гистологиялық зерттеу.

ЖТД – дің тактикасы: хирургиялық, липосакция

Асқынуы:кейде инфекциялық ошақ болуы мүмкін малигнизация беру

№10 сұрақ

Клиникалық хаттамаға сәйкес тырнақтың ене өсуі, гигрома ауруларының диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар

Онихокриптоз (ене өскен тырнақ) – бұл тырнақ пластинасының тырнақтың бүйір бөлігіне немесе айналасына өсіп шығуы. Айқын қабынумен,кейде іріңдеумен сипатталады

Клиникалық белгілері – қатты ауырсынумен, ісінумен, экссудациямен және грануляциялық тіннің жайылып өсуімен білінеді, көбіне аяқтың үлкен бармағына шығады, клиникалық белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.

Емі:

• Емі науқастың жасы мен ауырлық дәрежесіне қарай жүргізіледі

• Аздаған ауырсыну мен айқын емес эритема кезінде консервативті ем көрсетіледі: жылы ваннада 20 минуттан күніне 3 рет ұстау.

• Консервативті емге көнбесе – хирургиялық ем( ауырсыну, айқын эритема, іріңдеу) көрсетіледі. Тырнақ пластинкасын толық немесе бір бөлігін алып тастайды.

Асқынуы:Қант диабеті, атеросклероз,лимфангит,остеомиелит, өкше гангренасы

Гигрома– пайда болған синавиальды қалада немесе буын маңындағы қуыста орналасатын ісік тәрізді түзіліс. Көбіне созылмалы бурситтің нәтижесінде буын жаны қалтасында сарысулы-кілегейлі немесе кілегейлі-фибринозды сұйықтықтың жиналуы

Клиникалық көрінісі гигроманың көлеміне байланысты.Үлкен емес гигромалар кезінде науқастар шағым айтпайды.Көлемі өскен сайын сәйкес синовиальды қалтада ауырсыну пайда болады.Ауырсыну физикалық күш түскенде байқалады.Ауырсынуға гиперестезия мен парастезия қосылады.

Диагностика :диагнозы анамнезінен және клиникалық көріністер арқылы қойылады.Күманды жағдайларда: УЗИ, МРТ және пункция жасалады.

Емі: Консервативті емі: Физикалық күш түсірмеу керек, парафинмен,ультракүлгін сәулемен, батпақпен емдеу арқылы жүргізіледі.Көбіне консервативті ем нәтижиесіз болады. Ең эффективті емі – бурсэктомия болып табылады

Асқынуы: өздігінен немесе травманың әсерінен капсуланың жарылып, құрамындағы сұйықтықтың айналадағы тіндерге жайылып қабындыру немесе іріңдеуі.

Сұрақ.

Терінің факультативті және облигатты рак алды ауруланына қандай аурулар және потологиялық жағдайлар жатады? Терінің рагіне әкеліп соқтыратын факторлар.

Ісік алды немесе рак алды аурулар деп қатерлі түзілістірге алып келетін тіндердің туа немесе жүре пайда болған өзгерістерін айтады. Рак алды ауруларға көптеген ағздағы жағдайлар жатады: қабынулық, дисгормоналды, дистрофиялық себепті тіндердің арнамалы емес өзгерістері, қатерсіз, ісіктер, даму ақаулары, жастық өзгерістер. Жасушаның барлық өзгерістері және солардан пайда болатын құрылымдар ізашар клеткалардың дифференцировкасының бұзылуымен байланысты.

Облигатты рак алды ауру, негізінен генетикалық немесе туа біткен факторлар әсерінен пайда болып, ерте немесе кеш рак ауруына айналады.

Факультативті рак алды ауру, қатерлі түзіліске салыстырмалы түрде сирек айналады. Факультативті рак алды ауру жиі тұқымқуалаушылық және туа пайда болған тіндердің өзгерістерімен байланысты емес. Факультативті рак алды жағдай ұзақ болғанына байланысты, қатерлі ісік даму ықтималдығы жоғары болады.

Наши рекомендации