Киім және аяқ киім гигиенасы.

2.1. Киім гигиенасы.Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.

Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына, саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған, тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады, ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа өткізгіштігі төмен болады.

Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.

Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де, сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы, керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 1/4/- 1/3 бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді - құрғақ массасының 1/7-1/8 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді, сіңіретін мөлшері мата массасының тек 1/20-1/200 бөлігін құрайды.

Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді. Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді, жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде - 13%, фланельде - 66% құрайды.

Маталардың жылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.

Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен майды сіңіру қабілетін айтады. Жоғарғы май сіңіргіштік қолайсыз, себебі, май матаның саңылауларын бітеп қалады да, ауа- және су өткізгіштігін нашарлатады, кір бөлшектерін өзіне сіңіреді, микроағзалардың әсерінен ыдырап, жағымсыз иістердің пайда болуына әкеледі. Синтетикалық маталардың көбіне жоғарғы май сіңіргіштік қасиет тән.

Маталардың күн энергиясына қатынасы, олардың күн радиациясының интегралды ағынын, сол сияқты оның жекелеген биологиялық белсенді бөліктері – инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру, сіңіру және өткізу қабілетімен сипатталады. Ақ және боялмаған маталардың, күңгірт маталарға қарағанда, шағылыстыру қасиеті жоғары және сіңіру қабілеті төмен болады. Ақ маталар күн сәулесінің 17-18 % ұстап қалса, ал күңгірт маталар - 50% дейін ұстайды. Сондай-ақ, атлас маталарының (сәтен, жібек-атлас) шағылыстыру қабілеті жоғары болып келеді, олар күн сәулесін 35-40 % дейін шағылыстырады.

Ультракүлгін сәулелерінің жеткіліксіздігінің алдын алу, сол сияқты артық сәулелердің зиянды әсеріне байланысты, маталардың ультракүлгін сәулелерді өткізгіштігі маңызды болып табылады.. Капрон мен нейлон маталары, ақ және ашық түсті жібек пен шыт, бәтес ультракүлгін сәулелерін жақсы (50-70% дейін) өткізеді. Тығыз және қалың, сонымен бірге күңгірт түсті боялған маталардың өткізгіштігі төмен болып келеді.

Сонымен, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерінің айырмашылықтары бар, бұл айырмашылықтары киімнің белгілі бір түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер, сыртқы киімдерді дайындау барысында, оларды саралап қолдануын анықтайды. Іш киім тер мен теріден бөлінетін басқа да заттарды сіңіріп, тері мен киімнің бірінші қабатының арасында жақсы желдетілуді қамтамасыз етуі, теріні тітіркендірмей, оны ластанудан қорғауы тиіс. Мұндай талаптарға, гигроскопиялылығы, гидрофильділігі жоғары, ауа- және су буларын жақсы өткізетін, мақта мен зығыр маталары сай келеді. Олардың жұмсақтығы мен серпімділігі матаның құрылымы трикотажды (тоқылған) болғанда жоғарылайды.

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен, ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда, гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және электрленеді.

Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды, жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.

Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін, қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі жеткілікті.

Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. Ылғалданған жүннің бетінен ылғалдың баяу шығуы нәтижесінде, жылуды жоғалтуы едәуір аз болады. Осы қасиеттерінің бәрі жүннен жасалған маталардың жылу өткізгіштігінің төмен және жылу сақтайтын қасиетінің жоғары болуына ықпал етеді. Борпылдақтығы, көлемді массасы аз болуы (0,07 г/см куб), жеңілдігі және суықтан жақсы қорғайтындығы жүннен тоқылған трикотажды айырқша көңіл тартарлық етеді.

Киім пакетінің 2- қабатын дайындау үшін, таза жүннен жасалған маталарымен қатар, аралас талшықтардан жасалған, табиғи және синтетикалық маталардың артышылықтары үйлестірілген, маталар да кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, химиялық талшықтардан жасалған маталар (орлон, нитрон, полихлорвинил, лавсан) жоғары жылу сақтайтын қасиетімен және аз мыжылатындығымен ерекшеленеді. Синетикалық талшықтарды табиғи талшықтармен араластырып қолдану, мысалы, лавсанды жүнмен, синтетикалық маталардың электрленуі, төмен гигроскопиялылығы және бу өткізгіштігі сияқты, теріс қасиеттерін азайтады, олардың жылу сақтайтын, ұзақ пайдалануға болатын қасиеттерін және матаның сырт көрінісін жақсартады.

Киім пакетінің үшінші қабаты - сыртқы киім (плащтар, пальто, күртелер, тондар) - суықтан, ылғал мен желден қорғауы керек. Әсіресе, солтүстік аудандарда ең жақсы жылу сақтайтын және желден қорғайтын қасиеттері бар киімдерге, табиғи аң терілерінен жасалған киемдер жатады. Оның жалғыз кемшілігі, салмағының едәуір ауыр болуы, кимылдар мен жұмыс істеу кезінде тудыратын кейбір ыңғайсыздықтары, тазарту қиындығы. Күртелер мен пальто тігу кезінде, киімді, әр түрлі маталарды қолданып, 3 қабатты етіп жасау ұтымды.

Сыртқы – жауып тұратын - қабаты, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, гигроскопиялық және ылғал сыйымдылық көрсеткіштері төмен маталардан жасалуы тиіс, бұл атмосфералық ауаның киім астылық кеңістікке енуіне және киімнің су болуына кедергі жасайды Бұл үшін көбінесе, шұға, су сіңірмейтін табиғи талшықтардан жасалған тоқылған маталар, немесе синтетикалық маталар қолданылады. Екінші қабаты жылу сақтайтын қызмет атқарады, ол үшін табиғи жүні бар тері мен табиғи талшықтардан жасалған материалдар (мақта, ватин, жүн) да, жүні бар жасанды тері мен жасанды және синтетикалық талшықтардан (пенополиуретн, синдепон) жасалған материалдар да қолданылады.

Сырт киімнің ішкі қабаты, яғни, астары қолайлы киім астылық микроклиматты қамтамасыз етуі тиіс, соған байланысты олар дайындалатын маталардың ауа- бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сыйымдылығы жеткіліткті болуы қажет.

Балалардың жылу реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында, күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т.б. арқылы көп тұйық кеңістіктер жасайды.

Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.

Кәсіби, спорт, әскери және басқа да киімдердің арнайы түрлерін дайындау кезінде, қызмет сипаты мен олар орындалатын жағдайлар ескеріледі. Мысалы, спорттық киім созылғыш, гигроскопиялылығы мен ауа өткізгіштігі жоғары болуы тиіс және адамның денесіне ауа ағынының үйкелуін азайтатын болуы керек. Кәсіби киімдер жасауға арналған маталардың қасиеті мен киімнің құрылымы өндірістің қолайсыз әсерлеріне қарсы тұра алатындай, сол сияқты қызудан немесе қатты салқындаудан қорғайтындай болуы керек.

Аурухана киімі жеңіл, киім астылық кеңістікте қолайлы микроклимат жағдайларын қамтамасыз ететін, жақсы тазартылатын, дезинфекцияланатын болуы керек. Аурухана киімдерінің құрамына кіретін іш киім, пижама мен халат, негізінен қолайлы гигиеналық қасиеттері бар мақта-маталарынан тігілуі керек, бұл олардың гигиеналық қасиеттерінің жақсыболуымен түсіндіріледі. Ауруханаларда, химиялық талшықтардан тұратын маталардан тігілген миокробқа қарсы киімдер де қолданылады. Поливинилхлорид пен хлоринді штапельден жасалған маталар, ревматизммен, радикулитпен ауыратын науқастардың жағдайларын жақсартатын емдік трикотаждық іш киімдерді дайындау үшін қолданылады. Олар аурудың жағдайын материалдың бетінде жиналған электростатикалық заряд есебінен жақсартады

2.2. Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшееді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе(проф. У.И. Кенесариев., аударған – доцент М.Е.Жоламанов)
1. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы.
2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі.
I Тарау. Гигиенаның даму тарихы(проф. У.И.Кенесариев, аударған – доцент М.Е. Жоламанов, М.Т.Адилова.)
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д. VI­XIVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.)дамуы.
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы.
5. Гигиенаның және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы дамуы.
5.1. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы.
5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы
5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет.
5.4. 1946-1991 жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы.
5.5. Қазақстан Республикасында гигиенаның 1991 жылдан кейін дамуы.
ІІ Тарау. Қоршаған орта факторларынын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері(проф. У.И. Кенесариев., аударған – доцент М.Е.Жоламанов)
1. Жалпы жағдайлар.
2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi .
3. Нормалау қағидалары.
4. Жануарларға жүргізілетін эксперимент
5. Жеделдетiлген нормалау .
6. Гигиеналық болжау.
III Тарау. Ауа ортасының гигиенасы( доцент Р.М. Балмахаева, аударған – доцент М.Е.Жоламанов, доцент Р.М.Балмахаева, М.Т.Адилова)
1. Ауа ортасының гигиеналық маңызы.
2. Жер атмосферасының құрылымы.
3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.
3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.
3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы.
3.3. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.
4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
4.1. Күн сәулесінің сипатттамасы. Жарық климаты.
4.2. Күн радиациясының адам ағзасына әсері.
5. Ауаның табиғи химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
6. Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық маңызы.
7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар
8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері.
IV Тарау. Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы (проф. Ж.Д. Бекмагамбетова, аударған – доцент М.Е Жоламанов, б.ғ.к. У.Б.Аскарова)
1. Су көздерінің жалпы сипаттамасы.
2. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі
3. Адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы
4. Судың сапасының адам денсаулығына әсері
5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
V.Тарау. Топырақ гигиенасы және елді мекендерді тазарту (доцент Р.М Балмахаева, аударған – доцент М.Е Жоламанов, б.ғ.к. А.Ж Молдакарызова, доцент Р.М Балмахаева)
1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.
2. Топырақтың гигиеналық маңызы
2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы
2.2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағытопырақтың рөлі.
2.3. Топырақтың табиғи химиялық құрамының гигиеналық маңызы
2.4. Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы.
2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі
3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.
4. Топырақты санитарлық қорғау
4.1. Топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар
4.2. Елді мекендерді тазартудың гигиеналық негіздері
VI Тарау. Елді мекендерді абаттандыру мен жоспарлаудың гигиеналық негіздері (проф. Н.Ж.Жакашов, аударған–доцент М.ЕЖоламанов, М.Т Адилова)
1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы.
2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.
3. Қалалар мен ауылды елді мекендерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
3.1. Қаланы жоспарлау және салу.
3.2. Ауылдық елді мекендердің жоспарлануы және құрылыс салынуы ерекшеліктері.
4. Қалалық шу. Шудың тұрғындарға қолайсыз әсер етуінің алдын алу
VII Тарау. Тұрғын үй гигиенасы (проф. Н.Ж.Жакашов, аударған–доцент М.ЕЖоламанов, М.Т Адилова)
1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері.
2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы
3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру
3.1. Микроклимат жағдайлары.
3.2. Ауа ортасының сапасы
3.3. Желдету
3.4. Жарықтандыру
VIII Тарау. Тамақтану гигиенасы (доцент Р.М Балмахаева, доцент М.Е.Жоламанов,аударған – доцент М.Е.Жоламанов)
1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалар.
2. Халықтың әртүрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.
3. Тағамның құрам бөліктері. Тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігі
4. Тамақтық заттардың биологиялық ролі. Қабылдау нормалары. Тамақтық заттардың көздері - азықтар.
4.1. Ақуыздар
4.2. Майлар.
4.3. Көмірсулар.
4.4. Минералды заттар.
4.5. Дәрумендер.
5. Тамақтану режимі. Тоқтық сезімі және тағамның сіңімділігі.
6. Алиментарлық аурулар.
7. Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы. Адамда ауру дамуындағы ролі
7.1.Ет және ет өнімдері.
7.2. Балық және балық өнімдері.
7.3. Сүт және сүт өнімдері
7.4. Жұмыртқа.
7.5. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар.
7.6. Көкөністер, жемістер, жидектер.
7.7. Тағамдарды консервілеу әдістері. Банкідегі консервілер.
8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
9. Тамақтан уланулар
9.1. Микроб текті тамақтан уланулар
9.2. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар
9.3. Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар
10. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылау.
10.1. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылаудың негізгі бағыттары.
10.2. Емдік және емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану
10.3. Ауруханалардың ас блоктарын орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
10.4. Азықтарды аспаздық өңдеуге қойылатын талаптар
10.5. Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау
10.6. Қызметкерлердің денсаулығы мен жеке басының гигиенасы.
IX Тарау. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (доцент Р.М Балмахаева, аударған – доцент М.Е. Жоламанов, Р.М Балмахаева, Г.Т Рузуддинова)
1. Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі өсуі мен даму ерекшеліктері.
2. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы және оған себепші факторлар.
3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері
5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары.
6. Күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
6.1 Күн тәртібінің физиологиялық негіздері.
6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы
6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу – тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі
7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары.
7.2 Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру..
8. Балалар мекемелерінің орналастырылуына, жоспарлануына, жабдықталуына және балалардың күнделікті қолданатынзаттарына қойылатын гигиеналық талаптар.
8.1. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін балалар мекемелерін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
8.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (ЖББМ) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
8.5. Балалар мекемелерінің жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар
8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарыны және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.
9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
9.1. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету
9.2. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
Χ Тарау. Емдеу – алдын алу мекемелерінің гигиенасы.(проф. Н.Ж.. Жакашов доцент Р.М.Балмахаева., аударған - доцент М.Е.Жоламанов, С.Ш. Сламкулова)
1. Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы
3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі
3.1.Қабылдау бөлімі.
3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.
3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында).
5. Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
5.1 Хирургиялық бөлім.
5.2. Акушерлік бөлім
5.3. Балалар бөлімі.
5.4.Емхана бөлімі.
6. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
ХІ - Тарау. Еңбек гигиенасы(проф. К.К.Тогузбаева, доцент Р.М.Балмахаева, аударған – доцент М.Е.Жоламанов, м.ғ.к. М.К.Желдербаева )
1. Өндірістік факторлар туралы түсінік. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы. Еңбек жағдайының жіктелуі.
2. Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.
3. Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы
4. Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу.
5. Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.
6. Өндіріс жағдайындағы шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс.
7. Зиянды және қауіпті өндірістік фактор ретіндегі діріл.
8. Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер, олардың адам ағзасына әсері.
8.1 Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ
8.2 Тұрақты магниттік өрістер.
8.3 Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулер
8.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрмагниттік өрістер (ӨЖ ЭМӨ).
8.5. Лазерлі сәулелену.
8.6. Иондаушы емес сәулеленулердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу.
9. Өндірістік канцерогенді факторлар.
10. Өнеркәсіптік улар
10.1 Жалпы түсініктер.
10.2 Өнеркәсіптік уларды токсикологиялық бағалаудың негізгі қағидалары.
10.3 Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу.
Қорғасын.
Сынап және оның бейорганикалық қосылыстары. Метал сынап
Хром және оның қосылыстары
Марганец және оның қосылыстары
Бериллий және оның бейорганикалық қосылыстары
Кадмий және оның қосылыстары
Органикалық еріткіштер.
Көміртегі тотығы
Тітіркендіргіш әсерлі газдар.
11. Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.
13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
14. Өндірістік жарақаттану және оның алды алу.
XII- Тарау. Радиациялық гигиена(проф.Ж.Д.Бекмагамбетова, доцент М.Е.Жоламанов, аударған –доцент М.Е.Жоламанов, Г.М. Гиниятова)
1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы
2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері
3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер
4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.
4.1. Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік
4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері
4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері
4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері
5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер
5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері.
6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар.
6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау.
XIII -Тарау. Жеке бас гигиенасы (доцент Р.М. Балмахаева., аударған – доцент М.Е.Жоламанов, доцент Р.М. Балмахаева.)
1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы.
1.1. Тері гигиенасы
1.2. Ауыз қуысы гигиенасы
2. Киім және аяқ киім гигиенасы.
2.1. Киім гигиенасы.
2.2. Аяқ киім гигиенасы
Мазмұны

Наши рекомендации