Психиатрия и наркология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні
Ішкі аурулар_ қаз
$$$001
Опиоидтарды артық мөлшерде бергенде қолданылатын опиоидтық рецепторлардың антогонисті:
A) Налоксон
B) Метадон
C) Трамадол
D) Пентазоцин
E) Ноцицептин
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$002
Науқас 29 жаста, инженер, басынан өткізген шизофрения талмасынан кейін үнімді психикалық симптомдарсыз ауруханадан шығарылған. Бірақ та, жұмысына қайтып оралмаған, себебі өзін жұмыс істеуге мәжбүрлей алмаған. Бұрын жақсы көрген жұмысына және адамдармен араласуға деген қызығышылығы жоғалған. Баласына және отбасына аз көңіл бөлген. Уақыт өте өзіне-өзі қарамай кеткен, біреу айтқанда ғана жуынып, таранатын болған. Күннің көп уақытын төсекте өткізген. Науқастың ауыратын синдромын ... деп анықтауға болады:
A) Апатико-абулиялық
B) Депрессивті параноидты
C) Психоорганикалық
D) Фантом синдромы
E) Астено-депрессивті
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$003
Науқас М – 42 жаста. Аурулы жағдайы 18 жыл бұрын басталған. Галлюцинаторлы – сандырақ синдромы клиникасымен бірнеше рет психиатриялық ауруханада емдеуде жатқан. Ауруханадан шыққан кездерінде жұмыс істемеген, ата-анасының қамқорлығында болған. Соңғы рет психиатриялық ауруханада 2 жыл бұрын жатқан. Бастапқы кезде тұйық, қабырғаға қарап күбірлеп сөйлейді. Ал соңғы кездері мінезі біркелкі, басын төмен түсіріп, халатпен бүркеліп палатаның бұрышында отырады. Сұрақтарға сыбырлап жауап береді, жауабы жиі сұрақтың аясында ғана, кейде дәрігердің соңғы сөздерін қайталайды. Мәжбүрлеп тамақтандырғанда ғана ас ішеді. Мүмкін болатын диагноз:
A) Шизофрения. Кататониялық түрі.
B) Шизофрения. Қарапайым түрі.
C) Шизофрения. Гебефрендік түрі.
D) Маниакалды-депрессивтік психоз. Депрессивтік фазасы.
E) Пик ауруы.
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$004
Жасөспірім Ч – 15 жаста. Әкесінің айтуынша кішкентай кезінен бері қатал тәртіпте тәрбиелеген. Тек «Темір» тәрбие ғана жақсы нәтиже береді деп санайды әкесі. Балаға аулада жүгіріп ойнауға болмайды, өткір құралдармен жұмыс істеуге рұқсат жоқ, ата-анасы сөзсіз бағындыруға тырысқан. Мектепке алғаш барғаннан тек жақсы оқуын талап еткен, «төрттік» баға алып келгенде жазалаған. Мектеп дәрігері баланың мінез құлқының ұялшақ, қорқақ, тек қана сыныптастары емес, төменгі сынып оқушылары да жиі ренжітетін. Сіздің диагнозыңыз, оңалту әдісіңіз:
A) Тұлғаның психоастениялық бұзылуы. Отбасылық психотерапия.
B) Астениялық невроз. Психостимуляторлар, транквилизаторлар, психотерапия.
C) Обссивті – фобиялық невроз. Антидепрессанттар, психотерапия.
D) Жеңіл дәрежелі ақыл кемдігі. Психостимуляторлар.
E) Тұлғаның истериялық бұзылуы. Психотерапия.
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$005
Науқас – 43 жаста, маскүнемдікпен 13 жыл бойы ауырады. Ауруханаға жатар алдында қозғалыс қозулары болған. Ауыздық автоматизмі симптомы байқалады: тұмсықтық рефлекс, кенеттен еріндерін алға қарай созу. Сонымен қатар, көздік симптомдар байқалады: нистагм, птоз, диплопия. Гудден симптомы расталған: миоз, анизокария, жарыққа реакциясы әлсіз. Өз өзімен күбірлеп сөйлейді. Жүдеу, жас шамасынан үлкен көрінеді. Дене қызуы Цельсий бойынша 40 гр. көрсетеді. Қанның жалпы анализінде- лейкоцитоз. Үлкен дәреті жиі әрі сұйық. Туыстарының айтуынша, жағдайы біртіндеп төмендей бастаған. Ұйқысыздық, есте сақтау қабілеті бұзылған, тәбеті жоғалған. Мүмкін болатын диагноз:
A) Энцефалопатия Гайе-Вернике
B) Корсаков психозы
C) Алкогольдік делирий
D) Алкогольдік псевдопаралич
E) Алкогольдік галлюциноз
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$006
Науқас Ж. 22 жаста, токсикология бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Есірткілік препараттарды инъекция жасау арқала қолданғаннан кейін жағдайы нашарлаған.. сананың тұнжырауы, науқастың көңіл күйітөмендеген., тері қабаты бозарған. Миоз, көз қарашығы жарыққа реакциясыз. Шайнау бұлшық еттерінің тризмі, сонымен қатар жағы қарысып қалу байқалады. Уланудың түрі, бұл науқасты емдейтін дәрігер:
A) Опийлік улану. Нарколог
B) Каннабиноидтық улану. Нарколог
C) Первитинмен улану. Реаниматолог
D) Өте ауыр дәрежелі алкогольдік улану. Реаниматолог.
E) Ұйықтататын препараттармен улану. Психиатр
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Общая психопатология. Снежневский А.В - М.: Медицина, 2001
(Курс) = 7
(Семестр) = 14